Ауылшаруашылық | Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы

 Ауылшаруашылық | Қазақстан Республикасындағы  ауыл  шаруашылық  жағдайы

Мазмұны
Кіріспе.
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі
2.4. Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.
Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.
Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын, оған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайлы, әрине субсидия мен несиелендіру жүйесі жайлы ой қозғаймын. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының алдында тұрған үлкен бір белестер жайлы, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуды да тыс қалдырмаймын. Осы аталған мәселелердің бетін ашып, талдап, бірқатар проблемалардың басын қайырамын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.
Келесі бөлімдерде осы мәселелерге тереңдей үңіліп қарастыратын боламын.
I Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері
Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен , оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді.
Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам сүре де алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі осы жерде орналасқан.
Біріншіден , ол табиғаттың , ауа-райының жағдайына толық байланысты , бір жыл екінші жылға ұқсамауы мүмкін.
Екіншіден, шаруашылықты жүргізу маусымды және бір келкі емес, ал тұтыну болса жыл бойы жүреді.
Үшіншіден, оның басқалардың өніміне қарағанда бір жермен бір орында емес, шашыранды , оларды бір жерге жинау мүмкін емес , тиімді болмайды.
Төртіншіден, ауыл шаруашылық өндірісі, онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің өмір сүріп, жұмыс істеуіне өз белгісін қалдырып отырады. Жұмыскердің жұмыс уақытымен санаспай істеуін талап етеді.
Бесіншіден , бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда сұраным оралымдылығы мен икемділігі төмен, ол экономикаға екі жақты зардап алып келуі мүмкін: бірінші ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі , оның оның тұтынуын азайтпай, керісінше көбейтіп, сонымен бірге шығындардағы инерцияның күшеюіне , ал , өнеркәсіп өнімдері, алдымен ауыл шаруашылығы өзі пайдаланып отырған өрімдердің қымбаттауына (трактор , машина, комбайн, жанар-жағар май, қосалқыбөлшектер т.б. ) әкеліп соқтырады: екіншіден , бағаны төмендету, өнімдерді өткізу көлемін және фермерлердің табысын молайту да өз әсерін тигізе алмайды, себебі, табыстан артылып қалған қаржыны фермер өнеркәсіп орындарының өнімдерін сатып алуға жұмсайды.
Міне, осының барлығы агроөнеркәсіп шаруашылығының жалпы экономикалық прогресте арнайы орын алатынын, әлеуметтік шиеленушіліктің пайда болатынын көрсетеді.
Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей техниканың қандай болғанымен агроөнеркәсіп шаруашылығында өнімді көбейту- бұл жанұялық шаруа қожалығы болып отыр.
Шаруа қожалығы дегеніміз бір жағынан , ауыл шаруашылық өндірісінің жаңа түрі, екінші жағынан , бұл кеңшар мен ұжымшарлардан ескі формалардың бірі болып саналады. Агроөнеркәсіп шаруашылық экономикасында шаруа қожалықтары, кооперативтер т.б.формалары арға ғасырдан екле жатыр. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен “Ұлы сталиндік өзгеріске ” дейін жұмыс атқарып халыққа өз өнімін беріп келген. Орыстың ұлы ғалымы , ауыл шаруашылық экономисі Александр Васильевич Чаянов атағандай кеңшар мердігерлік әдістер, соның ішінде жеке және отбасылық мердігерлік, кооперативті, шаруа қожалығы т.б. түрлері өмір сүріп , халыққа қызмет көрсете алады. Ғалымның бұл пікірінің дұрыстығын, қазіргі кезде әлемдік ауыл шаруашылық тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Мысалы, ҚХР-дағы тұрғындардың 80 пайызына дейін ауылдарда тұрады. Бір ерекшілігі –ауыл шаруашылық мекемелерінде емес, ауыл шаруашылығына жатпайтын ұйымдарында (ұжымшарлар мен кеңшарлар емес) барлық айдалатын жердің 90 пайызы отбасылық , жалгерлік, кооперативтік әдіспен жұмыс істейді екен. Жерді 50 жылға дейін жалға келісім шартпен алып жұмыс істеп, әр алуан өнімдер өндіреді. Осы өндірген өнімнен жалгерлер мемлекетке жылдық ақы есебіне 3 пайыз, кооператив ұйымдарына 7 пайыз беріп , қалған 40 пайызын мемлекетке жоғары бағамен сатып отырады. Енді қалған өнімнің 50 пайызы жалгерлік ұйым мүшелері өздері бөледі ,не мемлекетке , немесе басқаларға нарықты еркін бағамен сатады.
Ал, АҚШ ауыл шаруашылығында істейтін фермерлік шаруашылықтар барлық штаттар бойынша өндірілген өнімнің 60 % береді. Әрі жеке меншікті жанұялы фермерлер 1 мың доллардан 20 мың долларға дейін өнім өндіріп, сатады. Бұған қосымша ауыл шаруашылық өнімдерін тағы да 16 % бірігіп жұмыс атқаратын туысқан адамдардан құралған серіктестік фермалар береді екен.
Дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибелері көрсеткендей экономикалық мүддесінен қол үзгені, жерінен айырылған шаруа елді тойдыра алмайды және ауыл шаруашылығына жұмсалған қаржы қандай көлемде болса да, құмға сінген су сияқты еш жердем тигізе алмайды және саланы ілгері дамыта алмайды.
Нарықты қатынастарға көшкен мемлекеттерде агроөнеркәсіпті шаруашылығы саласында фермерлер , шаруа қожалықтары, кооперативтер , жалгерлер, акционерлік қоғамдар т.б. жұмыс істейді. Осылардың әрқайсына қысқаша түсінік берелік .
Шаруа қожалықтары- бұл фермерлерге ұқсас сияқты. Фермер ауыл шаруашылығының еркін тауар өндірушісі есебінде көрінсе, шаруа қожалығы бұрыннан-ақ бізде болған , өнім өндіріп келген кішігірім құрылымдар. Сонымен, шаруа қожалығы- өз еңбегімен жұмыс атқарып ,өнім өндіріп,
өзін-өзі қаржыландыратын ,заңды, дербес шаруашылық.
Шаруа қожалықтардың ерекшеліктері:
• Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы жүргізеді;
• Жер мемлекеттік актімен бекітіліп берілгеннен кейін ,оның заңды иесі бола алады және жұмыс істейді;
• Барлық жағынан заңды түрде мәртебе алып, өзінің атынан жергілікті органдарда өз шешімдерімен бекітіп, шарт жасасып отырады, өзінің мөрі , банкде шоты, кіріс, шығыс баланстары болады. Шаруа қожалығы басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын өндіріс орны да болып табылады;
• Өндірген өніміне және құрал жабдықтарына, тапқан табысына заңды түрде ие болып қожалық жасайды, сөйтіп алған дүние мүлкі аткімен бекітіледі;
Өз жағдайларына , мамандандырылынғанына қарай не өндіретіндерін, қалай өндіретіндерін, қандай технологияны пайдаланатынын, алған өнімдерін қайда, кімге сататынын өздері дербес шешеді. Ол өз кірісін ,табысын өзі біліп , өзі билейді, өзі бөледі. Әкімшілік түрде ол еш кімге бағынышты емес. Сондықтан оның ішкі жұмысына ешкім араласа алмайды. Олар мемлекеттік , кооперативтік , өздері сияқты шаруа қожалығымен қолма-қол ақшалай, ақша немесе аудару арқылы қарым-қатынас жасайды;
Өз өндіріс орнында дербес жұмыс істегендіктен кеңшар, ұжымшылардың істеріне араласпайды;
Өндірілгген өнімнің 70-80 пайыз тауарлығы, яғни сатылатындығы болғандықтан, аның тауарлығының жоғары екендігін көрсетеді;
Шаруа қожалығының негізгі мақсаты – шаруалардың жанұя мүшелерін азық -түлкпен қамтамасыз ету , сонымен бірге , өндірген өнімдерді сату арқылы пайда табу.
1998 жылғы наурыздың 31-де “ Шаруа қожалығы туралы ” Қазақстан Республикасының заңы өмірге келді. Бұл заң Қазақстан Республикасында шаруа қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс істеуінің құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді.
Енді ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын айтпай кетуге болмайды және оны келесідей қарастыратын боламыз.
1.2 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы.
Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою , оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау , нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу.
Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қуатты тұтқасы болып келген директивалық мемлекеттік тапсырыс индикативті жоспарлауға орын беруі тиіс. Бұл орайда тапсырыс –ұсынысқа және шартқа айналдырылуы тиіс.
Мемлекет нарыққа шыққанда басқа да сатып алушылармен құқықтық болуы керек. Ол тауар өндірушілерге сатып алатын өнім көлемі мен түр-түрі, сапасы, бағасы, жеңілдіктері, көтермелеу шаралары мен басқа да шарттары жайында алдын –ала хабарлайды.
Нарыққа көшкенде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің аса маңызды өзіндік ерекшеліктері болды. Олар мыналар:
-Еліміз бойынша әсіресе пайдаланылатын жер көлемі жөнінен орташа кәсіпорындар басым болып отырғанда негізінен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының болуы. Бұл, өз кезегінде , жер реформасын жүзеге асыру және өндіріс құрал –жабдықтарына меншікті иелікке беру формаларына әсер етеді;
- Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің шикізтқа бағытталуы негізінен алғанда өндіру , ұқсату, сақтау, өткізу кезеңдерін қамтитын , оның салалары арасындағы сақталып келе жатқан тепе-теңсіздікке байланысты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі бөлегі ұқсатылмаған күйінде басқа аймақтарға жіберіліп , республикада құралған таза табыстың дені соларда қалып қояды;
- ауыл шарушылығының дәстүрлі түрлері бар, әлеуметтік экономикалық дамуы жағынан артта қалған көптеген аудандардың болуы.
Ауыл шаруашылығы экономикасындағы күрделі проблемалардың тағы бір түрі- сататын және сатып алатын тауарларға бағанын тепе-теңдігін жасау.
Бағаның тепе-теңдігі- бұл қаламен ауыл аралықтарындағы екі жақты айырбас кезіндегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өнімдері құндарының ара қатынасы.
Тең бағаны жасау қиындықтары барлық елдерде жиі кезесіп отырады. Ол ең алдымен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктер. Біріншіден, ауыл шаруашылық өндірісінде өндіретін өнімдер маусымдық сипатта болады, сондықтан өнім бағалары өзгеру уақыты бойынша жалпы баға өзгерістерінен қалып отырады. Екіншіден, фермерлер өздеріне керекті өнімдерді ірі жеке өнеркәсіп монополистерінен сатып алып отырады, ал олар болса жоғары бағаларды ұсынады. Мысалы, астық жинайтын комбаиндар Ресейде екі жерде ғана жасалады. Комбайндардың бағалары болса өте қымбат. Ал фермер, шаруа өз өнімдерін көпшілікке сатады, сондықтан жоғары баға сұрау қиынға түседі. Үшіншіден, ауыл шаруашылық өнімдерінің дүние жүзілік нарығындағы бәсекелік фермерлерге тең бағалы өнімдерді ұстауға үлкен кедергі жасайды.
Осының салдарынан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне әр уақытта “бағаның қайшысы ” пайда болады.
Баға қайшысы- бағаның тепе-теңдігі бұзылу дәрежесі, яғни ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп өнімдерінің бағаларының өсу қарқынының айырмашылығы.
Бағалар тепе-теңдік проблемаларын нарықты механизмдер арқылы шешу өте қиын, сондықтан көп елдердің үкіметтері бұл тепе-теңдіктерді шешу үшін фермерлердің өндірген өнімдеріне кеткен шығындардың біразын өз мойындарына алады.
Мысалы, Еуропалық экономикалық бірлестік дүние жүзілік нарықта өз фермерлерінің астығын нақтылы бағасынан 15 пайыз төмен бағаға сатады. Ал, Америка үкіметі ферлердің өндірген астығын 50 пайыз бағамен сатады, қалған 50 пайызын үкімет өз қалтасынан төлейді, ол төлем фермерлерге жәрдем ақша есебінде болып, ауыртпалығы салық төлеушілерге түседі.
Жәрдем ақша- тауар өндірушілерге, олардың тауарларына бағаны тұрақтандыру, немесе оларды жұтатын кететін жағдайдан аман сақтау үшін берілетін мемлекеттік қайтарылмайтын жәрдем.
Адамзаттың тарихи тәжірибесі ауыл шаруашылығын өз дәрежесінде ұстау үшін ерекше әдіс ойлап шығаруға мәжбүр болды- бұл таза нарықты тетіктер. Оларға алдымен биржалық сауда жатады.
Бірақ биржалық тетіктердің саудасы көпестер мен тауарлар келісімдеріне де бейімделген. Тауарлар биржасында тек үлкен көлемде және кқп уақыт сақталатын талапқа сай сапасы бар тауар сатылады. Бұл талаптарға шикізат жатады, ал ол шикізаттар ауыл шаруашылығында өндіріледі. Мысалы: астық, ет, мақта, табиғи кауччук.
Қазіргі дамыған елдерде 50-ден артық ірі тауар биржалары бар. Оларда тауарлардың 160 түрі сатылады. Бұл көтерме сауда арқылы жылына 100 трлн. доллардың саудасы жүреді, яғни бұл елдердің өндірген өнімдерінің төрттен бірі.
Көтерме сауда- тауарларды үлкен партияларымен сатудағы келісім , мұнда сатып алушы көтерме сауда фирмасы болып табылады, ол бөлшек сауда бағасымен дүкендерді немесе өндірістік фирмаларды тауарлармен қамтамасыз етеді.
Тауарлы биржалардың өркендеуі ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларымен саудалық қарым-қатынастарды нығайтудың ең қолайлы формасы болып табылады. Ауыл шаруашылық өндірісінің маусымды түрі күзде , әсіресе, өнімдерді мол жинағанда , ұсыным сұранымнан көп жоғары болғанды, мұның өзі бағаның , оны- мен бірге табыстың төмендеуіне алып келеді. Бірақ өмір қажетімен тұтыну жыл бойы. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне күз айларынан кейін ұсыным күрт төмен түседі, ал сұрамын болса айма-ай ұсынымнан жоғарылай береді. Жаз айларының аяғында екеуінің алшақтығы сонша өткен жылдың өнімдеріне деген баға тез жоғарылайды.
Міне, сұраным ұсыным тетіктерін жөнге салмаған жағдайда бағалардың тұрақсыздануы шыға келеді. Бұл жағдай фермерлерге де, тұтынушыларға да пайдасыз, күзде бұлардың алғашқылары өз тауарлары өте төмен баға алатын болса, кейінгілері ауыл шаруашылық өнімдері үшін көктемде және жазда өз қалтасынан өте көп төлейді.
Бұл жерде орынды сұрақ туады: не себепті фермерлер өз өнімін күзде сатады? Келесі көктемде сату пайдалы емес пе?
Бұл кеңес орындалу үшін қожалықтары ең алдымен көп айлар бойы жинаған өнімін сақтайтын қойма салуы керек, сонымен бірге сақтауға шығындар жұмсау керек. Мұнымен бірге көктемде мол табыс ала қоймайды , ал күзде де болса атқаратын жұмыстар көп, оларға кететін шығындар да мол. Бұл шығындарды жабу үшін қаржыны қайдан алады?
Ол үшін банктен несие алуға болады. Бұл жолдың өз кемшіліктері бар. Біріншіден, болашақ өнімге банк онша көп қарыз бере қоймайды. Себебі, бұл тауар тұрақсыз бағасымен банктен алатын несие мен оның пайыздарын өтей ала ма? Екіншіден, банктік несие үшін үлкен өнім пайыздарын төлеу керек, ол табысты тағы азайтады. Үшіншіден, егер де банкке алған қарызын уақыттылы қайтармаса, онда шаруашылығы тұралатып, уысынан шығарып алуы мүмкін.
Міне, осындай жағжайжа биржевик пайда болып келе кояды. Оның бар мақсаты : бағаның күзде болатынын пайдаланып, көбірек табыс табу. Күзде ауыл шаруашылығы өнімдері арзан болғандықтан көбірек сатып алып, көктем мен жаз айларында бағаның өсуін күтіп қолындағыны сату арқылы баға айырмасынан пайда табу.
Биржевиктің нарықта пайда болуының өзі болып жатқан жағдайға ерекше әсерін тигізеді. Біріншіден, өндірген қнімді күзде сатып алу, сұраным мен ұсынымның жалпы көлемін көбейтіп, олардың араларындағы үйлеспеушілікті жояды . Теңгермелік баға жоғарлайды. Екіншіден, биржевик сатып алған тауарын көктем мен жазда базарға шығарып ұсынымды көбейтеді, ал ол биржевиктің еркінен тысқары, бағаны төмендетеді.
Маусымдық бағаның тұрақсыздануы қоғамда жоғары бағаланады: фермер күзде өз еңбегі үшін көбірек ақша алады, тұтынушы да көктем мен жазда былтырғы өнімнен сатып алып аз төлейді.
Басқа сөзбен айтқанда, биржалық сауда қоғамға пайдалы. Ол әкімшілік-әміршілік үстемдік ел экономикасындағы саудагерліктен мүлде бөлек. Мұндай елдерде ресурстарды тапшы тауарларға қолдары жететіндер саудагерлік жасап байитын. Олар жазасыз, қорқпай саудагерлік жасайды.
Биржалардағы бағаның тұрақты түрде құбылып тұруы дәлелді, заңды себептерден болады. Сондықтан тауар биржалары дүниежүзінде болып жатқан өзгерістерді сезімтал экономикалық тетігі. Міне , бұл сезімталдығы қор биржасын тауарлы биржалармен жақындастырады.
Әлем сатушылары мен алушыларын байланыстырып тауарлы биржалар нарықты өмірге әкеледі, бұл нарықта тауарларды әр уақытта белгіленген көлемде керекті түрін сатуға және сатып алуға болады. Свауда келісімі есебіне әлі өсірілмеген, жиналмаған өнімдер де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды келешекте уақыттылы жеткізіп тұруға келісім –шарт жасасады, бұл келісімді- фьючерлік келісім дейді.
Фьючер – тауарды уақытысында және келісім-шарт жасаған уақыттағы бағамен жеткізуге және төлеуге жасалған келісім.
Фьючерлік сауда өткен ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-та пайда болды, қазір биржалық келісімнің ол негізгі түріне айналды, қол бар тауарлар саудасын ығыстырып, орнын басып алды.
Бұл келіісім бойынша фермер өзінің келешекте алар өнімін көктемде сатуы мүмкін, Бұл келісім фермер үшін пайдалы.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?