Экономика | Агроөнеркәсіптік кешені

 Экономика | Агроөнеркәсіптік кешені

Мазмұны

І КІРІСПЕ................................................................................................3

ІІ 2.1. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені : мәні, құрылымы...5

2.2. Агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру......................9

2.3. Ауыл шаруашылығын қаржыландыру және сақтандыру жүйесі ………………………………………………………………..13

2.4. Елбасының жолдауы негізінде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау……………………………………………………..16

2.5. ҚР ауыл шаруашылығын кадрлық қамтамасыз ету……24


ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………26

2.1. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені: мәні, құрылымы

"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп секторын дамытып, ауылдарды жақсартуда үлкен мүмкіндіктер туғызды. Соның нәтижесінде ауылшаруашылық саласына бюджеттен 21 млрд. теңге бөлініп, жұмсалды. Саланың дамуына несиелеудің баламалы жүйесі - ауылдық несиелік серіктестіктер айтарлықтай ықпал ете бастады. Осы серіктестіктер арқылы соңғы төрт жылдың ішінде ауылшаруашылық құрылымдарына 1 млрд. теңгеге жуық несие берілді. Ол өз кезегінде ауылда кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыруға және тұрмысы төмен отбасыларының тұрмысын көтеруге оң ықпал етуде. Саладағы жалпы өнім өндіру көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 47 пайызға өсіп, 46 млрд. теңгеге жетті.
Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану тиімділігін арттыру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, суармалы жерлерге сату бағасы арзан бидай өсіргеннен гөрі дәндік жүгері, көкөніс, жеміс, майлы және мал азықтық дақылдарға басымдық берілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарына және бірегей жеміс көшелеріне деген сұраныстар толық қамтамасыз етілуде. Егістік жерлердің алтын қоры саналатын суармалы жерлерге үлкен көңіл бөлінуде.
Соңғы 3-4 жылдың көлемінде мемлекетаралық су нысандарын, 6 магистралдық канал мен бір коллекторлық-дренаж жүйесін және "Теріс-Ащыбұлақ", "Тасөткел" су қоймаларын қайта жаңғырту мен жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді. Осы орайда, біздің облыста орналасқан Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу иниститутының ауылшаруашылық дақылдарын ылғал сақтау технологияларын пайдалана отырып, жалдап егу жаңа тәсілі үлкен қолдау табуда. Институт осы тәсіл бойынша тұқым себетін жаңа ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарды. Ол ағын суды нормадағыдан 27-30%-ға үнемдеуге, ал гектар өнімділігін 1,6-1,9 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бүкіл әлемдік Даму банкі арқылы қаржыландырылатын ПУИД-1,2 жобасы бойынша су алу және дренаж жүйелерінің тозығы жетуіне, жердің сорлануына байланысты істен шыққан 1144 гектар суармалы жер игерілсе, екінші кезекте 25 мың гектар жер қалыпты жағдайға келтірілетін болады.
Республикамызда мал шаруашылығы саласын тиімді дамыту үшін мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін орта және ірі тауарлы мамандандырылған шаруашылықтар қалыптастыру жөнінде нақты шаралар қабылдануда. Қазір 65 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Олардың барлығы ғылыми мекемелермен тығыз байланыста. Осы жылдан бастап "Қазагрофинанс" акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылатын асыл тұқымды малдарды лизингіге беру де жаңа серпіліс туғызады деп сенемін.
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп қайта өңдейтін кәсіпорындарының базасы қалыптасты. Қазіргі уақытта осындай 430 желі, цехтар мен шағын зауыттар жұмыс істеп тұр. Мұнда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Өткен жылдары олар 27,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Байқап отырғанымыздай, ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жұмыстар атқарылып, салада тұрақтылық орнады. Алайда, бүкіләлемдік сауда ұйымына ену үшін алдымызда осы саланы индустрализациялау, жаңа технологиялар мен жаңа өндіріс құралдарын пайдалана отырып, бәсекеге сай өнімдер өндіру міндеттері тұрғанын біз жақсы түсінеміз. Осыған байланысты республика территориясыда ет, тері, көкөніс, жеміс өнімдерін тереңдетіп қайта өңдейтін, құрамында иод және темірі мол нан, макарон өнімдерін шығаратын, жалпы құны 36,5 млрд. теңгелік 11 инвестициялық жоба дайындалды. Олардың құрылысы, құдай қаласа, биыл басталады. Бұлардың барлығы бәсекелестікке қабілеті жоғары, экспортқа бағытталған өнім шығаратын болады.
Елбасының қазақстандық белгілі журналистермен болған сұхбатын әлі ешкім ұмыта қоймаған болар. Осы келелі әңгіме барысында Президент: "Біз ет өндірісі саласында да серпінді технологиялар құра аламыз. Қазақстандық ірі кешендер әлемде экологиялық ең таза ет шығарады. Егер сіздер әлемді араласаңыздар, онда биологиялық таза өнімдер сататын биодүкендерді көре аласыздар. Онда біздің етті де сатуға әбден болар еді. Біздің қойлар нағыз экологиялық жайылымдарда жайылады, біздің тауарымыз өте таза әрі модификациалауға ұрынбаған. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын көтеріп, оның бәсекеге қабілетін арттыру үшін үлкен өріс ашады", — деп атап көрсеткен болатын. Бұл құрғақ сөз емес. Елбасы аймақтардағы атқарылып жатқан нақты істерге иек артып отыр.
Мысалы, Шу ауданында "Қазақстан ет компаниясы" шаруа қожалығы айына 3750 тонна ет өңдейтін зауыт пен мал бордақылау кешенінің құрылысын өткен жылы бастаған болатын. Биыл осы игі іс аяқталды деп күтіп отырмыз. Меркі ауданында "Меркі ет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамынан алған несиеге ауысымына 2 тонна ет өңдеп, 3 мың қалбыр бұқтырылған ет шығаратын зауытты осы жылдың екінші тоқсанында іске қосады. Қордай ауданында "Бриг Компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 100 тонна ет өңдейтін зауыттың құрылысын аяқтап келеді. Тараз қаласында "Джамбо meat faktory" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 4 мың тонна ет өңдейтін зауытты биыл тамыз айында іске қосады.
Қазақстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы алдымызда тұрған аса маңызды мақсаттардың бірі. Кейбір дерек көздеріне қарағанда, бұл мәселе келесі жылдың соңына таман жүзеге асатын секілді. Оған әзірлік мәселесі тұжырымда¬маларыңызда қамтылған болар?
2010 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі: бидай -512,1 мың тонна (2007 жылға 102,4%), картоп пен көкөніс тиісті – 151 және 50 мың тонна (106,8% және 103,1%), ет – 71,2 мың тонна (112,5%), Сүт -354,1 мың тонна (113,6%) жұмыртқа – 222,6 млн. дана (107%) және жүн – 1930 тоннаны (115,6%) құрайтын болады.
Ауыл шаруашылығын дамыту қарқынын тұрақтандыру мен өндіріс көлемін арттыруда, жалпы өнім көлемі 2010 жылы қолданыстағы бағамен 53,3 млрд.теңге немесе өсім 2007 жылғы деңгейге 17,1% құрайтын болады деп болжамдануда. Аграрлық сектордағы мемлекеттік саясат 2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға, ауыл шаруашылығын қолдау механизмін жетілдіруге бағытталатын болады.
Жуық мерзімде Ауыл шаруашылығы министрі Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы енді бұл саланың алдына жаңа міндеттер жүктелгенін айтты. Сол міндеттердің бірі – биоотын өндірісін дамыту. Ал бұл міндетті жүзеге асырудың мәнісі үлкен. Ол алдағы уақытта осы сала¬ның екінші тынысын ашады, сөйтіп бірте-бірте еліміздің ауыл шаруа¬шылығын мұнай-газ және жаңа технологиялық өндірістер секілді табысты да тиімді салалар¬дың біріне айналдырады деп күтілуде.
Еліміз жер ресурстарына бай. Онда сапалы астық өсіруге болады. Міне, осы жылына миллион тонналап өндірілумен қатар тең жарымына жуығы экспортқа қарай бағытталып отырған астықтың сапасыз деген қалдықтарының өзінен жылына миллиардтаған литр биоэтанол алуға болады екен.
Қазақстанның солтүстік өңірінде ТМД елдерінде баламасы жоқ алғашқы биоотын өндірісінің қысқа мерзімде салынып, жұмыс істей бастағанын, енді осындай өн¬діріс түрінің басқа да өңірлерде жос¬парланып отырғаны барлығымызға мәлім болды.
Сонымен қатар, еліміздің егіс¬тіктерінде соңғы жылдары из¬раильдік тамшылап суару техноло¬гия¬сы да енгізіле бастаған. Әлемдік мұхиттардан алыста, құрлықтың орта тұсына орналасқандықтан су көздерінің тапшылығын сезіне бастаған Қазақстанның ауыл ша¬руа¬шылығы жағдайында бұл тех-нологияны жаппай қолданысқа енгізудің маңызы зор. Ол су көзде¬рін еселеп үнемдеуге, ал өнім шығымдылығын арттыра түсуге мүмкіндік береді.
2.2. Агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру
Агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру мәселесіне тоқталсақ. Оның көбінесе техникалық және технологиялық тұрғыдан жаңару ісіне қатысты болатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі жағдайымызды қалай бағалауға болады?
Аграрлық өндірісті индустрияландыру – өнімділіктің өсуіне тікелей ықпал ететін базалық фактор екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздің ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс қорларының тозуы мен қолданылып жүрген техно¬ло¬гиялардың ескіруі, техникалық құралдардың жетіспеушілігі саланы артқа тартып, оның ресурстық мүмкіндіктерін ашуға өзіндік кедергі келтіріп отыр.
Соңғы үш жылда мемлекеттің қолдауымен, сондай-ақ инвестор фирмалардың көмегі және ауыл шаруашылығы құрылымдарының өз талпынысымен көптеген техника сатып алынды. Өңдеу саласында қазіргі замандық құралдармен жабдықталған өнеркәсіп орындары да бой көрсете бастады. Дегенмен индустрияландыру мәселесінде алда атқарылатын шаруалар жеткілікті.
Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жаңартуға орасан зор қаржы қажет. Бұл қаржыны қайдан алмақшымыз?
Ауыл шаруашылығы құрылымдарына лизингке техника сатып алу жөнінде мемлекет қолдауы бұрынғыдай жалғаса беруде. Оның көмегімен аймақтарда мәшина-технологиялық станциялар, сервистік қызмет орындары ашылады. Осындай мақсаттарға 2006-2010 жылдары республикалық бюджет есебінен әр жыл сайын 7-9 миллиард теңге жұмсалып отырады деп болжанған. Мұның сыртында техникалар сатып алу үшін берілетін екінші деңгейдегі банктердің несиелері мен лизингтердің сыйақы ставкасын төмендету үшін де миллиардтаған теңге қарастырылуда. Бұл — аз қаржы емес.
Алайда орасан зор қаржы көлемін қажет ететін аталған мәселеде жалғыз мемлекет қолдауы жеткіліксіз болады. Сондықтан Жолдауда индустрияландыру саясатын жүзеге асырғанда бұл мәселеге жекеменшік сектордың назарын аудару қажеттігі атап көрсетілді.
Жалпы, түрлі меншік формаларына негізделген нарық экономикасы жекеменшік қолдаған жағдайда ғана жақсы дами алатыны белгілі. Бізде де солай болуы қажет. 2002-2004 жылдары барлығы 4189 астық комбайны сатып алынса, соның 1813-і (43 пайызы) инвестор фирмалардың есебінен алынды. Мұның сыртында тағы да 560 комбайн ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өз қаржысына, 389 комбайн мемлекеттік емес компаниялардың лизингтік қаржыларына алынып отыр. Түрлі техника сатып алуға мемлекет қаржысына қарағанда жекеменшік қаржылары көбірек жұмсалып келеді. Ауыл шаруашылығын индустрияландырудағы жекеменшік сектормен ынтымақтастыққа негізделген осы саясат одан әрі жалғасатын болады.
Дегенмен агроөнеркәсіптік кешенді техникалық тұрғыдан жабдықтау – индустрияландыруды жүзеге асырудың бір ғана мәселесі. Сонымен қатар бізге ауыл шаруашылығындағы ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау, саланы ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ете отырып инновациялық жобаларды енгізу, өндірісті білікті кадрлармен қамту, инфрақұрылымдық тұрғыдан жан-жақты дамуды қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелердің де шешімі қарастырылып отыр. Ендігі кезекте Батыс Еуропа ауыл шаруашылығы ма¬шиналарын жасаушылармен бір¬лесе отырып, комбайндар мен трак¬торларға арнап жаңа моторлар құрас¬тыра бастамақ. Сонымен қатар, жаңа техникалардың сервистік қыз¬мет көрсету желілері дамытыла түспек. Аграрлық өнеркәсіп кешенін жаңа техникалармен қамтуда еліміз¬дің Ауыл шауашылығы министрлігі аясында жұмыс істейтін “КазАгро¬Финанс” АҚ үлкен істер тындыруда. Ол осы уақытқа дейін ауылшаруа¬шылық тауарын өндірушілерге 6 миллиард теңгенің техникаларын лизинг арқылы берсе, сонымен қатар, 573 миллион теңгенің арнаулы технологиялық құралдарын сатып алуға жәрдемін тигізді. "ҚазАгроФинанс" 2008 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласына 60 млрд астам теңге инвестиция салуды жоспарлауда, оның 24 млрд теңгесі түрлі ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалады."ҚазАгроФинанс" АҚ-ның өңірлік бөлімшелерінде ауылшаруашлыығының тауар өндірушілерінен қажетті астық жинау техникасын сатып алуға қаржы бөлу жөніндегі өтініштер қабылдануда. Қостанай облысында 103 техникаға, СҚО - - 123, Ақмола облысында - 316, Ақтөбе облысында - 46 техникаға сұраныс түсті. Атап айтсақ, биыл Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау техникасын қаржыландыруда компанияның үлесі 49%, ал Ақтөбе облысында - 96% болды. Алдағы орақ науқанына орай "ҚазАгроФинанс" желісімен 700-ден астам комбайн алуға шарт жасалды. Уағдаластыққа сәйкес, Ресейдің "Ростсельмаш" компаниясы Қазақстанға 500 комбайн, Германияның CLAAS - 100 комбайн жеткізеді. Жалпы 2000 - 2007 жылдар аралығында "ҚазАгроФинанс" 4137 комбайн сатып алуға қаржы бөлді. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенге жалпы 82,2 млрд теңгеге 12 мың техника жеткізілді.

Жылдар 2003 2004 2005 2006 2007
Техникаға бөлінген қаржы (млрд тг) 9,7 11,9 17,1 19,3 24,2
Барлығы: 82,2 млдр тг
Жоғарыда берілген кесте мен диаграммадан ауыл шаруашылығын техникамен жабдықтауға бөлінетін қаржы жылдан жылға өсіп отырғанын көруге болады.
"ҚазАгроФинанс"АҚ - компаниясы үкіметтің қаулысымен 1999 жылы құрылды. Компанияның 100 пайыз акциясы мемлекеттің еншісінде. "ҚазАгроФинанстың" негізгі мақсаты- республиканың аграрлық секторын қолдау, оны дамытуды ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің қаржылық құралдарға қол жеткізуі......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?