Балаларға арналған тақпақтарды оқу №6 (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы:Балаларға арналған тақпақтарды оқу№6
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме.) ажырату.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме.) ажыратады
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме.) ажыратады.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме.) ажыратады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Арланның ажалы

(этнографиялық әңгіме)

Арлан айналадағы қалың қорыс ішіндегі апанына жете беріп, екі сүрініп кетті. Тіпті соңғысында талай желді жарып өткен, талай қойдың құйрығына, талай жылқының шабына тиген сүйір қара тұмсығы қара жерді сүзіп те қалды. Талай сыннан сүрінбей өткен екі алдыңғы аяқ тырнақтары тұқылданыңқырап, әлі кетіп, былқылдай берді. Апанның аузына жетер-жетпесте тағы тұмсық тірей құлады да, үш-төрт күннен бері ішіне ештеме бармағандықтан, қабысып кеткен бүйірі бүлк-бүлк соғып жатып қалды.

... Арлан көзін жыртитып ашқан сәтте күннің қызуы басылып, ұясына таяп барып қалған екен. Құлай кеткенде сүйретіліп қалған артқы екі аяқтың бірі қозғай бергенде зар қақсап кетті. Танғы оқиға арланның есіне енді түсіп, бойын жинаңқырап алып, өзінен-өзі түңілгендей, тіксінді. Қашанда әлсізге, шаршауға жолдас ұйқы кезіне тығылып бара жатты да, көз алдына таңсәрідегі ақ төбеттің тілерсектен тартып кеткені елестеп, ойы жан-жақты, болған жайды қайта шарлап жөнелді. Ол тарамыстанған екі артқы аяқты жинап, шүйкесінен шоқиып отырды. Сонан соң қан шыққан тілерсекті шайнап жеп қойғысы келіп, ауызды салып қалып еді, қызыл иек жүгіре-жүгіре әбден бекіген қу сираққа өтпеді. Құдайға шүкір деп ойлады, жанымда туғандарымның болмағаны қандай жақсы болды. Әйтпесе тілерсектен аққан қанды көрген соң мені түте-түтемді шығарып, талап жеп қоятын еді. Олар болғанда ендігі әрқайсысының ішінде бір-бір жапырақтан жататын едім. Ол шайнай алмаған оң аяқты енді алақандай қызыл тілімен жалай бастады. .....
Әңгімелер
Толық

Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесіндегі графика. Жұмыс істеп тұрған бағдаршамның бейнесін шығару

КІРІСПЕ
Паскаль тіліндегі графика
Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық информацияларды енгізу, шығару және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар.
Turbo Pascal жүйесінде графикалық информациялармен жұмыс істеу үшін GRAPH.TPU модулі пайдаланылады. Бұл модульде графикалық процедуралар мен функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.
Turbo Pascal графикасын көбінесе псевдо-графика деп атайды, өйткені тілдің өзінде графикалық командалары келтірілмеген. GRAPH модулінде графикалық информацияларды дисплей экранына шығаруға және өңдеуге арналған командалары сүйемелдейтін типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен фукциялар сипатталады.
GRAPH модулі ІВМ – типтес дербес компьютерлердің графикалық адаптерлерімен жұмыс жасауға есептелінген, графикалық процедуралар мен функциялардың, тұрақтылардың, айнымалылар мен типтердің қуатты кітапханасы болып табылады. Pascal тілінде программалауда GRAPH модулінің 132 тұрақтысы, 7 қосымша типі, 2 айнымалысы, 57 процедурасы мен 22 функциялары пайдаланылады.
GRAPH модулі іске қосылысымен оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Орманға саяхат

Мақсаты:
1) Білімділік:
1) 3 - 4 сандарын салыстыру, үлгі бойынша санауға үйрету; көлем туралы түсінік беру;
2) Өз жолдастарының пікірін назар салып тыңдай білуге тәрбиелеу.
3) Балалардың ойлау қабілетін, түйсігін, сөйлеу мәнерін дамыту.
Қажетті – құрал жабдықтар, көрнекіліктер: Негізгі кейіпкер «Дымбілмес» суреті, қысқы табиғат суреті, фишкалар, фишкалар, қоян, тиін, аю суреттері

Билингвалды компонент: Орман - лес, саяхат - путешествие, жаңғақ – орех, себет - корзина, аю - медведь
Әдістері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, ой толғаныс, топтық жұмыс, интерактивті әдістер: түсіндіре - баяндау, миға шабуыл, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері
І. Мотивациялық - қозғаушылық
 Тәрбиешінің амандасуы
 Оқу іс - әрекетіне дайындығын тексеру......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Психология | Қиын балалар оларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимі

Дипломдық жұмыстың мақсаты Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимін зерттеу болып табылады. Практикада су деңгейі режимдерін зерттеу үшін түрлі формулалар, соның ішінде эмпирикалық формулалар кең қолданылады.
Бізге берілгені метеорологиялық элементтердің, яғни жауын-шашынның орташа көпжылдық мәндері, ауа температураларының сәуір-қыркүйек айларындағы орташаланған мәндері және су деңгейлерінің көпжылдық максимум мәндері.
Осы үш параметрді өзара сәйкестендіру үшін А. Шренк, В.И. Коровин, А.В. Шнитников, Р.Д. Курдин, т.б. зерттеуші ғалымдардың Әрбір онкүндіктің соңына теориялық формула арқылы және Ф.И.Быдинның эмприкалық формулалары бойнша мұздың қалыңдығын анықтаймыз
Есеп жүргізу әдістерінің орташа қателіктерінің абсолюттік мәндерін есептегеннен кейін, қарастырылған формулалардың өзенің берілген пункіті үшін мұз қалыңдығының есептеуге қолдануға болатындығына немесе қолдануға келмейтіндігіне талдау жасаймыз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Күміс алу

«Алтын бала» кіреді.
«Алтын бала»: Құрметті достар! Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін.
“Мен – қазақпын”Жұбан Молдағалиев
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен,
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен - қазақпын, мен баймын,байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, айта бергім!
Жүргізуші: Ал, енді қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша әнге кезек берейік. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Сүлеймен Баязитов | Оятқан мені ерте шығыс жыры

Сандаған жылдар бойы кеңестік кезеңнің шілтерлі шымылдығы өскелең ұрпақтың көзінен таса, санасынан аулақ ұстауға тырысқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі әдебиет әлеміне қайта оралуы, оның шығармашылығы мен әуелден - ақ азды - көпті таныс аға буын өкілдерін ақыр соңында әділеттің салтанат құрғанына тәуба дегізсе, жаңа талап жас өскіндердің санасын дүр сілкіндіріп, таным көкжиегін кеңейте түскен, солай болу да заңдылық еді.

Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Асан Омаров: «Бүкіл алаш жұрты Шәкәрімді рухани ұстаз, екінші Абай деп құрмет тұтқан»,- дейді. Сол құрметке арада өткен белгісіздік жылдары да көлеңкесін түсіре алмады. Ақын Шәкәрім есімі ақталғаннан кейін көзі тірісінде иеленген өзінің тарихи тағына қайта жайғасты. Бұл тұста оны кейбір қалам ұстағандар: «Шәкәрім ә, дегеннен – ақ не жазса да өзінше жазған, тіпті ақын ретінде қалың қауым Абай екеуін қатар таныған»,- десе , енді бірі Шәкәрімнің алғашқы өлеңдерінен Абайдың тіл мәдениеті, сөз үлгісі анық байқалатынын айтады.

Күні кешеге дейін кеңестік кезең қалыптастырған бір ізділіктен арылып, Абай және оның ізін ала шыққан ақындардың шығармашылығы төңірегінде пікірдің сан алуандығы қалыптаса бастағанын байқаймыз. Бұл, біздіңше, аз олжа емес. .....
Әңгімелер
Толық

Табиғаттың әр мезгілі тамаша

Мақсаты: Оқушыларға табиғатта болатын қарым - қатынас жайлы, өсімдік пен жануарлар өмірінің сыртқы әсермен, адамның іс - әрекетімен байланыстылығын түсіндіру.
Балалардың ой - қиялын дамыту.
Барысы: І. Таныстыру.
ІІ. Өнер сайысы.
ІІІ. Тез ойла, тез тап.
IY. Табиғатты аялайық.
Y. Кім көп біледі?
YІ. Тығырықтан шыға білейік.
YІІ. Ескіден қалған асыл сөз.
Y ІІІ. Жыл мезгілдерінің арулары. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

География | Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі

Қазақстан республиксының суармалы егіншілігі мен оның экономикалық тиімділігі туралы жазылған бұл бітіру жұмысы 55 беттен, 2 суреттен, 1 кестеден,3 бөлімнен 10 тараудан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны 16. бірінші бөлімінде суармалы егіншіліктің Қазақстанда пайда болуы,таралуы және дамуы,суармалы егіншіліктің жалпы жағдайы жазылса, екінші бөлімінде суармалы егіншілік үшін жарамды топырақ ресурсы оны дұрыс,өнімді,тиімді түрде пайдалану мен жақсарту мелиоративтік шаралары қарастырылған. Ал,үшінші бөлімінде суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі және еліміздегі су көздері мен су ресурстары туралы мәліметтер келтірілген.
Зерттеу нысаны Қазақстандағы суармалы егіншілік
Жұмыстың мақсаты Қазақстандағы суармалы егіншілік пен оның экономикалық тиімділігін зерттеу.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында шөл және шөлейт аймақтар басым болғандықтан бұл өңірлерде егіншілікті қолдан суармайынша даму мүмкін емес,республикамыздағы суармалы егістің басым көпшілігі (85 проценттен астамы) жер, су жағдайлары қолайлы оңтүстіктегі төрт облыста, (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда) орналасқан. Бұл облыстарда техникалык дақылдардан мақта, қант қызылшасы, темекі, дәнді дақылдардан — бидай, күріш, жүгері, сонымен бірге жемісті дақылдар мен бақша дақылдары өседі.ал,қазіргі көлемі 1млн.гектар аумақты алып жатыр,бұрындары ол 2,5 млн.гектарға жеткен болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының дамуы

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Бұл аймақ мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан жылына мақтаның 90 % - тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы - кластерлік жүйе.
Облыс орталығында іске қосылған «Қазақ-орыс тоқыма альянсы» ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылды. Сонымен қатар, әлемдегі озық технологиямен жасақталған «Ютекс» кәсіпорны да толық қанды жұмыс істеуде.
Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар жасауда. 2005 жылдың 6 –шы шілдесінде «Арнайы экономикалық аймақты» аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар жасалынды. Сонымен қоса «Арнайы экономикалық аймақты» дамытуға инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы жасалынған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қиын бала ұғымының шығуы және ғалым педагогтардың ой пікірлері

Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»(51.).
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер көп.
Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.
А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек.Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз»(48).
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.....
Рефераттар
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Әбекеңнің сағаты


Бұл соғыс уақыты. Сүмбе дейтін жерде жеті жылдық мектепте мұғаліммін. Ер мұғалімдер аз, үшеу-төртеу ғана. Kөпшілігі әйел мұғалімдер.

Ішімізде жасы қырықтан ары еңкейген Әбдібай дейтін мұғалім бар. География пәнінен сабақ береді. Басқамызға қарағанда ересек ақсақалымыз болғандықтан біз оны сыйлап, Әбеке деп атаймыз.

Әбекең шарын денелі, әлжуаз сары кісі. Бет бітімі ұсақ, қолдары әйелдің қолы тәрізді кішкентай. Біреумен амандассақ қолын ала жүгіретін әдеті бар. Сөлбірейген ұзын жеңнің ішнен саусақтарының үшін әрең тауып ұстағанда, ап-арық, жіңішке саусақтары шүршиіп уысыңызға жұғып болмай қалады.

Жазы-қысы бірдей Әбекең шала туған баладай дімкестеніп, жанын күйттеп, қалың киініп жүреді. Әсіресе, қыстыгүні үйіндегі бар киімін үстіне қабаттап жапсырып алады.

Әбекеннің өзге мұғалімдерден бір артықшылығы — оның сағатының барлығы. Әбекеңнең басқа бір де бір мұғалімде сағат жоқ.

Мектепте бір сағат бар, арзанқол қабырға сaғат. Мұғалімдер бөлмесінің төр қабырғасында ілулі тұрады. Мінезім адам түсініп болмайтын ит сағат. Кейде кәдімгідей сақылдап жүріп тұрады, ел кейде мелшиіп тоқтап қалады. Ондайда оған жүр тізбек болып, мұғалімдер істемеген айланы істейді. Шаңға толып кеткен ішкі механизмін тазартып, табылса, машина майымен майлайды, табылмаса, шамның ішіндегі жермайдан құяды. Оған да жүрмесе, тасына тас қосып байлап, ол да па дық етсе, сыртқы есікке салынатын үлкен қара құлыпты қоса таңып тіркеп, әйтеуір қалай да жүрмесіне қоймайды.

.....
Әңгімелер
Толық

Экономика | Кәсіпорындарда қаржыны басқару мәселелері

Басқару жүйесі басқарылатын объектіге қажетті әсерді қамтамасыз етеді. Басқару қызметі лауазымды адамдар мен ұйымның мамандандырылған бөлімшелері арасында бөлінеді. Басқару жүйесінің буындары желілік, атқарымдық, желілі-атқарымды, атқарымды-желілі әр түрлі комбинацияларда бола алады. Басқару жүйесі буындарының қосарлы, бірақ бөлінетін бағыныштылығы кезінде ол қалыптамалық болып табылады.
Қаржыны басқару (немесе қаржы менеджменті) ақшалай қаражаттарды, қаржы ресурстарын олардың қалыптасу және қозғалыс, бөліну және қайта бөлу, және де пайдалану процесінде басқаруды көрсетеді; бұл – шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есептесумен, ақшалай қаражаттар қозғалысымен, ақша айналымымен, шаруашылықтың оңтайлы түпкілікті нәтижесін алу үшін мақсатты бағыттауда ақшаны пайдаланумен шартталатын, экономикалық қатынасқа зерделі және нысаналы әсер ету, осының бәрі осы тақырыптың көкейтестілігі болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы

Жайық өзені- Үйтас жотасындағы биіктігі 637 метр.Өзен Нәжім тауынан басталып (Оңтүстік Орал тауы) Башқұртстан,Ресейдегі Челябинск және Орынбор обылыстарының жерін басып өтеді де Тобыл өзенінен пайда болған өзектердің Мұғалжар және жалпы сырт шоқыларынан аққан суларына қосылып, молайып барып Каспийге құяды.
Жайыққа Сакмара, Ор Елек өзендері, Барбастау және Солянка және Шаған өзендері құяды. Жайықтың арнасы 100-200 метрден 300-500 метрге дейін барады, ал жағалауы жар болып келеді.
Каспий теңізі- тұйық теңіз. Ол шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м. орташа ені 320 шақ, жағасының ұзындығы 7 мың шақ. Теңіз ауданның 371 мың шақ, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025 м. Теңіздің ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр, Консома,, шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері құяды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Кеңес одағы жылдарындағы Қазақстанда жалпы мектеп географиясының даму тарихы

Мұғалім Сахип Ақбаев өзінің естелігінде қазақ ауылдарында мектептердің қалай құрылғанын айтады: «1918-жылы ауылдарда ана тілінде оқытатын қазақ мектептері ашылды. Бұл мектепте керекті мұғалімдер қысқа мерзімді курстарда тездетіп даярланды. Алғашқы кезде 104 мектеп қазақтың жер үйлеріне орналастырылды, олардың жабдықтары да өте нашар болды».
Қазақ мектептері ашылғаннан кейін бұрынғы діни мектептер мен медреселердің біразы қайта құрылды, біразы жабылды. Сауатсыздықты жою мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарында бұл іске үлкен мән берілді. Мысалы, 1918-жылы қыркүйекте Жетісу өлкесінде де сауатсыздықты жою, жаңа мектептер ашу туралы талаптар қойылып, шешімдер қабылданды.
Қазан төңкерісінен кейін, 20-шы жылдары қазақ даласында жаппай сауатсыздықты жою науқаны басталды. Мектеп ашу туралы халықтың талаптары да көбейе бастады. Бірақ халықтың талабына сай мектепке керекті құрал-жабдықтар, қажет оқу құралдары болмады. Әсіресе, кадр мәселесі, қазақ мұғалімдері, білімді педагогтар, басқарушы қызметкерлер жетіспеді. Осының салдарынан жаңа мектептер құру жолында, халықтың сауатсыздығын жоюда көптеген кемшіліктер мен қиыншылықтар болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпкерлік орта

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:....
Курстық жұмыстар
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Колхоздан келген қонақ


Есіл оянысымен көзін уқалай түрегеліп, бұрыштағы бала кереуетіне қараса, түнде онымен «жақсы түс көр» айтысып ажырасқан бұйра бас сары қыздың қарасы да жоқ. Көрпе-жастық кешегі күндізгі салтанатында тап-тұйнақтай жиюлы тұр. Есіл шифоньер айнасының алдында шашын өрігі тұрған анасынан:

— Мама, Зина қайда? — деп сұрады.

— Зина балалар бақшасына кетті.

— Қашан кетті?

— Әлгінде, сен ұйықтап жатқанда тұрып кетті.

Бұл хабар Есілге тым жайсыз әсер етті. Ол әлі де ұйқы табы айықпай, құрыстаныңқырап тұрған қабағын шыта түсіп, жабырқау кейіпте отырып қалды. Осы кезде мамасы:

— Ұйқың қанса, түрегел. Киін, — деп еді. Есіл мұны естімегендей, өз уайымын айтып жауап қатты:

— Мен енді кіммен ойнаймын?

— Түрегел. Аулада сен ойнайтын бала табылады.

Есіл тұрып, киіне бастады. Ол мамасымен екеуі Алматыға кеше кешқұрым келген болатын. Мамасы бұдан бұрын да мұнда талай келіп-кетіп жүрген адам. Ал Есіл болса бірінші рет.

Зинамен ол кеше теп-тез үйірсектеніп, екеуі бүкіл кешті тату ойнап, қызықты өткізіп еді. Енді сол серігі ұзақ күнге қасында болмайтынын білген соң Есіл қалай уайымдамасын. Мұндағы балалардан ол басқа ешкімді де танымайды ғой.

Шай үстінде де Есілдің қабағы ашыла қоймады. Мамасы оның көңілім сергітпекші болып:

— Мына әжең сені көшеге алып шығып, қала аралатып көрсетеді. Трамвайға мінгізеді,— деді.

— Ал сен ше? .....
Әңгімелер
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасының несие жүйесі және оның қалыптасуы мен дамуы

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Экономиканың нақты секто рын, яғни өнеркәсіпті дамыту және халықаралық нарықтық жүйенің бәсекелестігінің қатаң талаптарына жауап бере алатын тұрақты экономиканың жүйесін құру, экономиканың несиеге деген қажеттілігін арттыруда. Осыған байланысты үкімет пен Ұлттық Банктің құрған бағдарламаларына сәй кес экономикаға несие 4,5 есе өсірілді. Сонымен қатар, ипотекалық несиенің қажеттілігінің артуына байланысты банктердің халыққа берген несие соммасы 8 милиард теңге ге жетті. Алайда, Қазақстанда табысы аз халықтардың үлесі жоғары болуына байланысты көп адамдар әзірге ипотека лық несиеге қол жеткізе алмайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Педагогикалық процестегі өзін өзі тәрбиелеу

Мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуге ұмытылып, бойында дұрыс адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы – қазірпгі уақыттың, психология, педагогика ғылымдарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу туралы профессор А.И.Кочетков: «Өзін-өзі баланың өзін-өзі жетілдірудің ең жоғары формасы, психикалық дамуының тездеткіші болып табылады», - деп атап көрсеткен. Ал өздігінен білім алу дегеніміз – бұл адамның мақсат көздеп, арнайы міндеттелген жұмысы. Ол өздігінен қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгерумен қатар, арнайы радио, телехабарларды тыңдау арқылы білімін жетілдіреді.
Жеке тұлғаның өзбетінше адамгершілігінің қалыптасуы мен дамуы өте күрделі мәселе. Әрбір оқушы жеке ұсынысын, пікірін, адамгершілік қасиеттерін өзбетінше дамытады.Бұл оның өмірлік бағытын анықтап, өзін қоршаған адамдермеен қарым-қатынасы мен байланысы арқылы дамытып, іс-әрекет жасағанда жүзеге асады.
Жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеуі сен өздігінен білім алуы дұрыс бағытта жүрмеуі міндеттеі түрде адамгершілік жат мінез-құлық пен білімсіздіктің қалыптасуына әкеледі.
Оқу-тәрбие процесінде, әсіресе, оқушылардың дұрыс өзін-өзі тәрбиелеуі мен өздігінен білім алуы процесінде, мұғалім олардың тек жас ерекшеліктерін ғана емес, мінез-құлықтарын да ескергені жөн.
Қазіргі мектеп оқушылары өздерінің қызығушылығымен, саналылылығымен, мінезі мен басқа сапаларымен де дараланады. Олардың бірі мұғалімнің айтқанын екі еткізбейтін алғыр да, ал екінщшілері қырсық, қыңыр, дөрекі және тұйық, эмоционалды жақтары да түрліше болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Өнер | Театрдын шыгу тарихы

Кіріспе
Театрдың пайда болу сипаты
Театр – грек сөзінен аударғанда ойын-сауық деген мағынаны білдіреді. Театр өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнеленетін сымбатты өнердің бір түрі, ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың әрекет пен сауыққа негізделген мән-мағынасы тарихи тұрғыда, оның өмірге алғаш келіп тууымен байланысты айқындалады. Адамзат тарихымен қоса жасап келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына халық мерекелері мен салт-жораларына саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық характердегі дәстүрлі ойын-сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен сюжеттердің нышандары, сондай-ақ хор әндері, билер, диалогтар, киім киіп сән-салтанат құру, маскамен бет-әлпетін өзгерту секілділері бой көрсетті. Ойын-сауық әрекетінің діни-салттық негізден бірте-бірте арылып бөлінуі, қаһарманның хор тобынан алдыңғы қатарға шығуы және көпшілік мейрамдарын арнайы ұйымдастырылған ойын-саыққа айналдыру әдеби дарамалардың тууына қолайлы жағдай жасады. Актерлермен көрермендерге жіктеліп бөліну театрдың аса маңызды қоғамдық функциясын айқындай түсті. Бұл процесс европаның театр өнерінің өркен жаюына зор ықпал жасаған. Ежелгі Греция театрында айқын көрініс тапты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Асқар Алтай | Стақан

Қолына қалам алып, жинақтаған ойын қағазға түсіре бергені сол еді, тырс-тырс етіп терезе әйнегі шертілді. Жәнібек еріксіз жоғары қарады. Жертөле — “подвалда” тұратын Жәнібектің жанары кісі бойы биікке салынған жартыкеш терезені шолды. Үйдің тыстағы іргетасының бір бүйірінен жермен-жексен етіп тесе орнатқан терезесымақтан күн сәулесі тура түспесе де, құдайдың жарығы алақандай бөлмеге жарып өтетін. Ал кішкене бала еркін сыйып кетерлік жартыкеш терезе орыстардың әдетімен темір торлы әрі ашылма топсалы еді.

Жәнібек осы терезеге көзі түсіп кетсе, өзін абақтының аядай камерасында отырғандай, бір салқын күй билейтін... Қазір де сол бір сезім тұла бойын жайымен аралап өтті.

Терезе көзінен әлдебіреудің алақаны көрінді де, саусақтары шынысын тағы қақты. Жәнібек еріксіз орнынан тұрды. Қос қабат терезені ашты.

Тыстан көктемнің салқын, дымқыл ауасы лап қойды.

— Амансыз ба, жерлес? — деген орысша дауыс естілді.

Іле-шала жүзін жирен түк басқан бас та көрінді. Сауыс-сауыс сары шашты бас аузынан аңқыған арақ иісі Жәнібектің қолқасын атты. Жәнібек кері шегінді.

.....
Әңгімелер
Толық

Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады.
Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектепте


Мектепте бүгінгі кезекшілікте Айжан тұр еді. Осы кезде есіктен Күлия кірді. Күлия - өзін кербездеу ұстайтын әйел. Шәкірттің ата-анасы. Айжанға бас изеп амандаса салып, аржағында келе жатқан орыс тілінен сабақ беретін Сәулені көріп, үйіріле кетті. Сәуле де Айжандар қатарлы қыз еді.

- Амансың ба, қарағым, Сәуле?! Біздің қыздың сабағы қалай? - деді Күлия.

- Дүрияны айтасыз ба? - деді Сәуле. - Дүрияның сабағы жақсы ғой.

- Жақсы болу керек! - деді Күлия сенімді дауыспен. - Өйткені папасы да мектепте жақсы оқыған ғой.

Сәуле Күлияның сөзіне жымиды. Осы кезде мектепке дәудірлей сөйлеп Сейдолла кірді. Сейдолла - зор денелі кісі. Есік аузында тұрған Айжанды аса елемеген күйі Сәулені көріп, үйіріле қалды:

- Сәуле қарындас! Біздің ұлдың сабағы қалай?!

- Аға, жай сөйлесеңізші! - деді Айжан, Сейдолланың дәудірлей сөйлегеніне кейістік білдіріп. - Мектепте сабақ өтіп жатыр ғой.

- Кешір, қарындас, кешір! .....
Әңгімелер
Толық

3 саны

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 3 саны, цифры..
Мақсаты: Балаларға 3 санын, цифрын таныстыру, Қағаз бетіне, ауада жаздырып үйрету. Логикалық есептерді шығара отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру. Жолдастыққа, достыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Сандар, үлгі суреттер, ойыншықтар. т. б.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне дайындық
Шаттық шеңбері:
- Шеңбер жасап тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық. Таза ауаны жұтайық. Жүрекке жүрек сыйлайық. Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға сыйлайық.
Жылы тілектер:
- Аспанымыз ашық болсын! - Күніміз жарқын болсын! - Нанымыз мол болсын! - Достарымыз көп болсын! - Деніміз сау болсын! - Бейбітшілік болсын! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Экономика | КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ МЕН ТАЛДАУ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты қаржылық жағдай тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Қаржылық жоспарлау - бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және жоспарлау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау және алынған нәтижелерге сәйкес кәсіпорын қаржылық жағдайын нығайту жолдарын анықтау.
Көзделген мақсатқа сай келесі міндеттер қойылған:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының түсінігі және оның кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлін, қаржылық тұрақтылық түрлері мен қаржылық жағдайларын зерттеу, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторларды анықтау, қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері мен критерийлерін зерттеу және берілген кәсіпорын қаржылық жағдайын бағалау үшін тиімді әрі қолайлы әдісті таңдау; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы

Көне тарихы бар Қазақстан жері сонау ертеден-ақ табиғи байлықтары мол өлке. Ұзақ жылдар бойы аң терілерін дайындап, мемлекетке өткізуде Қазақстан екінші орын алып келген. Бұрынғы Одақ бойынша ауланатын 60 түрлі терісі бағалы аңдардың 52-сі Қазақстаңда кездеседі. Халықтың аң терілерінен істелген жылы киімдерге, тауарларға деген талап-тілегі өскен сайын, болашақта бұл аңдардың санын көбейту және оны тиімді пайдалану ісі түбегейлі проблема болып отыр. Жасыратыны жоқ, терісі бағалы аңдардың саны жыл сайын азайып келеді. Олардың құрып кету қаупі бар. Солардың ішіңде тауда — барыс, қызыл қасқыр, ақ тырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, ормандарда — орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда қарақұйрық, үстірт арқары, қарақөл, гепард, су жағасында — камшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан сияқты хайуанаттар мекендейді. Қазіргі таңда бұл аңдар сирек кездеседі. Шетелдік тәжірибеге көз жіберетін болсақ, қорықтарға Германияда барлық жер көлемінің 2,4%, Англияда 4%, Жапонияда 4,22%, Оңтүстік Америкада 2,5%, Жаңа Зелаңдияда 5,93%-і жер бөлінген. Ал Болгарияда 100 мың шаршы километр жерге 27, Польшада 11 қорық пен табиғи бақ орналасқан.
Қазақстандағы бар болғаны 7 қорықтың жер көлемі республикамыздағы барлық жердің 0,15%-не ғана тең. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Кәсiпорынның қаржылық стратегиясын қалыптастыру

Кәсіпорын экономикадағы ең негізгі буын болып табылады. Егер кәсіпорындар тиімді жұмыс істесе, олардың өзара қатынастары орында және тиімді болса, соғұрлым жалпы экономика тиімді болуына мүмкіндік мол болады. Сондықтан кәсіпорынды басқару, жұмысын ұйымдастыру ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Сыртқы ортаның өзгерісінің жылдамдығына байланысты, тек қана ішкі және ағынды мәселеге ғана көңіл аудару арқылы кәсіпорынның қызыметін тиімді ету мүмкін емес. Сыртқы ортадағы, жеткізушілер мен сатып алушылардағы өзгерістер, бәсекеліктің өсуі, ғылым мен техникадағы өзгерістер жағдайына болашақтағы кәсіпорынның жағдайын анықтау барған сайын қиынға айналып барады.
Сондықтан, алда жасалынатын жұмыстардың жоспарын жасау қажеттігі күннен - күнге артып келеді. Ол жоспардың сапасы, құны және жоспар жасауға кететін уақыттың шамасы кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуының арқасында күнделікті есеп - қисаптарды компьютерлер арқылы дәл жылдам жасау мүмкіндігі толық қамтамасыз етілді деп айтуға болады. Сондықтан қазіргі заманда мамандардан жағдайды талдап, болашақты көргендік пен болжамай білуді талап етеді. Осы талаптан алғанда менің дипломдық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселені қамтиды.
Жоспарлау кәсіпорынды басқарудағы ең маңызды буын болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу

Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
Отандық білім беру жүйесін реформалаудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері болатын Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында; Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында оқу-тәрбие процесінің сапасына, оның соңғы нәтижелеріне жаңа, күрделі талаптар қойылған. Өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатысатының байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру». Қазақстан қоғамының өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы қатарға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтілік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдылығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Физика | Сатурнның спектрофотометриялық зерттеуіне арналған аппаратура

Кiрiспе
Ұсынылған жұмыс, инфрақызыл облысты спектріне жақын ( ), планетаның дискі бойынша жарықтылықтың абсолютті спектрлік коэффициентін және фотомерлік сипаттамаларын бақылау негізінде Сатурн атмосферасыныңа аэрозольды ортасы мен газының оптикалық қасиеттерін зерттеуіне арналған.
Жұмыстың өзектілігі. Ғасырлардан ғасырларға Сатурн планетасы бақылаушы астрономдарды қызықтырып жүрді. Бірақ зерттеулердің белсенді жүргізілуі,20 ғасырда ғана басталды. Ғарыштық аппаратармен Айды, Шолпанды, Марсты, Меркурийді бақылауының жақсы дамуы, сол уақытта Жер үстінде және Күн жүйесінде алыс қашықтықтарда орналасқан планеталарды (оның ішінде Сатурн да бар) бақылауға ынталандырды. Ең әуелі ол, ғарыштық аппаратармен алып гиганттарды зерттеу әдісімен және есепті (міндетті) дайындау қажет екендігімен түсіндірілді.
20 ғасырдың ортасында АН КазССР астрофизикалық институтында В.Г.Тейфельдің басқаруымен көрінетін облыс спектрінде Сатурнды бақылау жұмысы жүйелі түрде басталды. Осындай зерттеулер немесе бақылаулар біздің елдің басқа обсерваторияларында және шет елдердің де обсерваторияларында жүргізілді. Фотоэлектрлік спектрометрдің көмегімен Дж.Койпер және В.И.Морозбен диапазонында Сатурнның спектрі алынды. Инфрақызыл облысына жақын ( ) Сатурнның спектрі аз сәулеленетін болып қала берді. 2000 жылға дейін барлық мәліметтер кіргізілген В.Г.Тейфельдің редакциясымен “Алып – планеталардың физикалық сипаттамалары” анықтама – шолуында, осы спектр облысында жұтылу жолағы белгіленбеген. Осы диапазондағы толқын ұзындығы, әртүрлі қарқындылықты метанның айналмалы – тербелмелі жұтылу жолағымен сипатталады және олардың әрқайсысы Сатурн атмосферасында әр түрлі өзгертіліп, бұлтты қабаттың құрылымы туралы мағлұматтарды береді. Осыған байланысты, әртүрлі қарқындылықты жұтылу сызығын өлшеу нәтижесі бойынша,спектрдің ИҚ- облысына жақын ( ) Сатурн дискісінде метанның жұтылуын және планетаның оптикалық параметрлерін салыстыруын зерттеу, үлкен қызығушылық тудырды.
Осы жұмыстың басты мақсаты болып, метанның жұтылуы және онымен көршілес үздіксіз спектр учаскесінде спектрдің ИҚ- облысына жақын ( ) Сатурнның бұлтты жамылғысына қатысты нақты бақылау мәліметтерін алу болды. Фотометрлік мәліметтерді талдауы Сатурнның бұлтты қабаты мен бұлттың жоғарғы қабатындағы атмосферасының кейбір физикалық сипаттамаларын бағалауға мүмкіндік беру керек.
Осы жұмыстың жаңалығы болып, аз зерттелген толқын ұзындығы диапазонында Сатурнның бұлтты жамылғысының спектралды және фотометрлік қасиеттерін мүмкіндігінше толық сипаттайтын, бақылау материалы (мәліметі) алынды. Ерекше құнды 2000 жылғы бақылаулар болды, өйткені, бірінші рет жарығырақ сақина жағынан жер атмосферасында планета дискісінің дұрыс көрінбеуінен тәуеліз, планетаның шын экватор және орталық (центральды) меридианын бойлай метанның жұтылу жолағында жарықтылықтың таралуы (үлестірілуі) алынды. (Осы маусым Жер мен Күнге қатысты сақинаның нөлдік еңкеюімен сипатталады. Ол 15 жылда бір рет кездеседі.). Басқа бақылау маусымдарында (2002,2004,2006-2009 жж.) жұтылудың төрт жолағында және көршілес үздіксіз спектр учаскілерінде (күшті жұтылудан тәуелсіз) орталық (центральды) меридианы мен қарқындылық экваторын бойлаған жарықтылықтың таралуы (үлестірілуі) да зерттелген. Орталық (центральды) меридианын бойлай 8860А метанның жұтылу жолағында жарықтылықтың таралуының бойлық вариациясын зерттеуі жүргізілді. Жер атмосферасынан пайда болатын, дұрыс көрінбеу (кетіру) функциясын ескеріп,атмосфера параметрлерін анықтау әдісі ұсынылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық