Балаларға арналған тақпақтарды оқу №6 (2 сынып, III тоқсан )

 Балаларға арналған тақпақтарды оқу №6 (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы:Балаларға арналған тақпақтарды оқу№6
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме.) ажырату.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме.) ажыратады
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме.) ажыратады.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме.) ажыратады.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту.
(Ұ) Баларға арналған қандай тақпақтарды білесіңдер?
Орыс, ағылшын тілдерінен қандай тақпақтар оқыдыңыздар.
Сабақтың тақырыбы: Балаларға арналған тақпақтарды оқу №6
Бүгін сабақта:
• Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, төрт түлік туралы жырлар, әңгіме) ажыратады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
(Ұ) Сөздік жұмысын орындау.
(С) Тақпақтарды мәнерлеп оқу.
Сұраққа жауап беріңіз. Тақпақ не туралы?
Мен түйемін, таудаймын
Керуен тартар қуатым.
Көп күн шөлге шыдаймын
Дертке шипа шұбатым.
Мен момақан қойыңмын
Ешбір жанға тимеймін.
Жүн беремін киімге
Өзім бірақ кимеймін
Қымыз берген жылқымын
Көк шалғында аунаймын.
Мінсе адам үстіме
Желдей ұшып заулаймын!
Қысы - жазы адамға
Серік болып жүреміз.
Күзетеміз қойларды
Қасқыр келсе үреміз!
(Ө,ҚБ) Сұрақтарға жауап беру.
Дәптерге малдардың адамға пайдасы туралы жазу.
Әр оқушы өзін-өзі берілген дескрипторлар арқылы бағалайды.
Дескрипторлар:
 Тақпақты мәнерлеп оқиды;
 Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды дұрыс айтады;
 Сөйлемдердің тыныс белгісіне қарай интонациясын сақтайды.
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар тақпақтардың мазмұнын түсінеді және жатқа айтып бере алады;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар тақпақтардағы кейбір негізгі сөздерді түсінеді.
Үйге тапсырма: Төрт түлік мал туралы тақпақ оқу. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 775



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!