Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы казакша Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................

І. Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы....................................................
1.1 Қарақұйрытың тіршілік ортасы................................................
1.2 Марал шарушылығының кәсіптік маңызы...........................................
1.3 Бал арасының кәсіптік маңыздылығы және халақ щаушылығына тигізер әсері..........................................................................................................

ІІ. Қазақстандағы мал шаруашылығы...........................................................
2.1 Қазақстандағы кәсіптік маңызы бар мал шарушылығы.....................
2.2 Оңтүстік Қазақстандағы қаракөл шаруашылығының маңызы.........

Қорытынды..........................................................................................................
Сілтемелер............................................................................................................
Әдебиеттер тізімі.................................................................................................

Көне тарихы бар Қазақстан жері сонау ертеден-ақ табиғи байлықтары мол өлке. Ұзақ жылдар бойы аң терілерін дайындап, мемлекетке өткізуде Қазақстан екінші орын алып келген. Бұрынғы Одақ бойынша ауланатын 60 түрлі терісі бағалы аңдардың 52-сі Қазақстаңда кездеседі. Халықтың аң терілерінен істелген жылы киімдерге, тауарларға деген талап-тілегі өскен сайын, болашақта бұл аңдардың санын көбейту және оны тиімді пайдалану ісі түбегейлі проблема болып отыр. Жасыратыны жоқ, терісі бағалы аңдардың саны жыл сайын азайып келеді. Олардың құрып кету қаупі бар. Солардың ішіңде тауда — барыс, қызыл қасқыр, ақ тырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, ормандарда — орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда қарақұйрық, үстірт арқары, қарақөл, гепард, су жағасында — камшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан сияқты хайуанаттар мекендейді. Қазіргі таңда бұл аңдар сирек кездеседі. Шетелдік тәжірибеге көз жіберетін болсақ, қорықтарға Германияда барлық жер көлемінің 2,4%, Англияда 4%, Жапонияда 4,22%, Оңтүстік Америкада 2,5%, Жаңа Зелаңдияда 5,93%-і жер бөлінген. Ал Болгарияда 100 мың шаршы километр жерге 27, Польшада 11 қорық пен табиғи бақ орналасқан.
Қазақстандағы бар болғаны 7 қорықтың жер көлемі республикамыздағы барлық жердің 0,15%-не ғана тең.
Табиғат — қоғам байлығы. Оны қорғау баршаға ортақ мәселе. "Жері байдың — елі бай" деп халық бекер айтпаған. Сондықтан да туған елдің табиғи байлықтарын қорғау оларды тиімді пайдалану, қолда бар байлықты еселеп көбейту бүгінгі күн тақырыбы[1]
Қарақұйрық — қазір жер шарыңда сирек кездесетін және құрып бара жатқан хайуанат ретінде "Қызыл кітапқа" енгізілді. Соңғы уақытта қарақұйрық Қазақставда Үстіртте, Бетпақдаланың біраз жерлеріңде, Зайсан ойпатьшда тіпті жойылып барады. Бұл хайуанат аздап әлі де Қызылқұм мен Мойынқұмда, Сарыесік-Атырау құмдарыңда кездеседі.
Қазіргі таңда табиғат байлығын қорғап, қадірлей білу мәселесі бүкіл жер шары үшін аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Саналуан табиғат байлықтарының бірі жануарлар дүниесі екені белгілі.
Терілерінің мехтік шикізаты екі топқа бөлінеді: 1-ші топқа қаракөл қойлары қозыларының өлі туған және туғаннан кейінгі үш күңдік қозыларының терісі жатады. 2-ші топқа қырқылған немесе жүндес қойлардың терілері жатады. Қаракөл мех шикізатына қаракөл тұқымды қойлардың қозылардың терісі алынады. Түрлердің жүңді жабыны ерекше әдемі жалтыраған, бұйра-бұйра, ирек әртүрлі формада болып келеді, оны елтірі деп атайды. Елтірі — туғаннан кейін 2—3 күн ішінде сойылған қозы терісі. Елтірі қойдың қаракөл, Соколов, Рапштилов деген тұқымдарының қозыларынан ғана алынады. Бұлардың ішінде ең сапалысы және көп өндірілетіні — қаракөл елтірісі. Соңдықтан елтіріні әдетте к,аракөл деп атайды. Елтірінің шелі жұқа және терісі ете берік, елтіріден тігілген киімнің жеңіл және мықты болуы осы қасиетіне байланысты. Қозы туғаннан кейін 7—12 күнге дейін сойылмаса, жүні өскендіктен бұйрасы тарқалып, елтірінің сапасы төмендейді. Енесі буаздығының 135—140 күндерінде сойылып алынған қозының елтірісі қаракүлше деп аталады, олар жоғары бағаланады. Елтірінің сапасы мен құңдылығы түгінің бұйралылығына, түсіне, мөлшеріне байланысты. Елтірі бұйра гүлінің жалпақтығына қарай ұсақ бұйра гүлді (ені 4,5 мм-ге дейін), орташа гүлді (ені 4,5—7 мм), ірі бүйра гүлді (7 мм-ден артық) деп бөлінеді. Орташа бұйра гүлді елтірі сапалылығы жағынан жоғары бағаланады.
Елтірі түсіне қарай қара, сүр қызғылт қоңыр (суыр) болып келеді. Жүннің өн бойының түіі біркелкі болмайтын, түгішң түбі қоңыр, үш жағы бірте-бірте көгілдір, ақырында ақшыл келетін елтіріні сұыр деп атайды. Жүннің бұйра-сына қарай моншақ гүлді және толқын бұйралысы жоғары бағаланады. Мұнымен қатар серпімділігі де елтірінің қасиеттерінің бірі. Жүні сирек елтірінің бұйрасы тез жазылып кетеді.
Елтірі сапасы және оны өндіруде Қазақстан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алады. Мехтік шикізатқа қаракөл қойларынан басқа терісі мех жасауға жарамды қой тұқымдары пайдаланылады. Олар: қазақтың арқар-мериносы, етті, биязы жүнді қой түқымдары.Қазақтың солтүстік мериносы да жүндес етті бағытқа жатады.
Республикада қой терісінен мех жасайтын ірі-ірі Алматы, Орал мех комбинаттары және Семей тон дайындайтын фабрикалары бар. Алматы мех комбинатында қой терісінен басқа ондатра, түлкі, ақ түлкі бұлғын, күзен, қоян және т. б. терілер өңделеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Қазақстан жері табиғи ресурстарға бай, мол өлке. Кең байтақ республика жерінде құнды тері, дәмді ет дайындаудың бір көзі — кәдімгі жай қорғау шаралары жәрдемімен бағалы және сирек кездесетін жануарларды сақтап қана қоймай, олардың санын кәсіптік тұрғыдан аулау мөлшеріне дейін жеткізу.
сайын артып кемелдене түсуде.[3]
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Қоршаған ортаның аса маңызды байлықтарының бірі — жануарлар дүниесі. Ол — өнеркәсіптік, дәрі-дәрмектік шипалы шикізат, тағамдық өнімдер мен адам қажетін өтеуге керекті басқа да материалдық игіліктер алу үшін пайдаланылатын табиғи ресурс болып табылады.
Зерттеу жұмысының обьектілігі.Сонымен қоршаған ортаның белгілі бір бөлігінде жануарлыр қорының молайып, сол қалпында сақталуы ең алдымен көбіне сол жердің жергілікті адамдарының қоршаған орта мен оның табиғатына деген көзқарасы мен жанашырлығына байланысты болатынына толық көзіміз жетті.
Дипломдық жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс 3-тараудан,2-бөлімнен тұрады.Бұл дипломдық жұмыста Қазақстандағы және Оңтүстік Қазақстан бойынша кәсіптік маңызы бар жануарлар қамтылған.


1.Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы.

1.1 Қарақұйрытың тіршілік ортасы.
Туған елге, оның табиғатына деген адамның көзқарасы бәрінен ерекше. Табиғатты бастапқы қалпынан өзгертуші де, оны жасартып, гүлдендіруші де адам.
Адам — қоршаған ортаның аялаушысы, қадірлейтін қорғанышы. Совет адамдары үшін туған табиғат пен өскен ел бірінен бірі ажырамас, тұтас ұғым. Сондыңтан да олардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен мейірбандығы, қамқорлығы мен табиғатқа деген көзңарасы да жыл.
Жануарлар дүниесінің ғылыми, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттар үшін де маңызы зор. Сондықтан да олардың санын өсіру, басқа жерлерге жерсіндіру және қорғау бұл күнде бүкіл дүние жүзі үшін аса маңызды іске айналып отыр.
Біздің елімізде бұл іске үлкен мән берілген. Бізде тіршілік бесігі — табиғатты қорғау ісіне әрқашан да көңіл бөлініп келеді. «Қорықты территориялар мен ұлттық парктердің ғылыми негізделген жүйелерін қалыптастыру ісі одан әрі жүргізілсін және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен солардың негізінде табиғат жүйелері мен объектілеріне зерттеу жүргізілсін. Жабайы жануарлардың санын үйлесімді түрде көбейту және табиғи су айдындары мен бөгендерде балықтың бағалы түрлерін көбейтіп, қалпына келтіре өсіру жөнінде шаралар жүзеге асырылсын»,— деп жазылуы үкімет табиғат қорғау проблемасын әрқашан да алдыңғы кезекке қойып отыратынын айқындайды.
Әсіресе 1977 жылы 7 октябрьде кезектен тыс жетінші сессиясында қабылданған жаңа Конституциясында бүгінгі және келешек ұрпаңтардың мүдделері үшін табиғат байлықтары — жер, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың үлкен маңызы барлығы айырықша атап көрсетілді. Бұл күндері табиғат жанашырлары осы тұжырымдарды бао шылықңа алып, қай жерде болса да жұмыстың арқауын күннен-күнге ширатып келеді. Осы тұрғыдан республикамызда саны күрт азая бастаған хайуанаттардың жер-жерге таралуын, биологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, оларды қорғау бүкілодақтық іс болып отыр. Сол істердің бірі — бұрын жерімізде көптеп кездесіп, қазіргі уаңытта саны өте азайып, жойылып кету қаупінде тұрған жануарлардың бірі қарақұйрыңты қорғап, оның санын көбейту. Қарақұйрық Отанымыздың жазы құрғақ, аңызақ аптапты, ал қысы суық, қарлы борасынды, ауа райының қиын жағдайларына бейім-делген жусан, бұйырғын, баялыш, жантақ, сексеуіл сияқты өсімдіктер өсетін шөлді және шөлейт аудандарда мекен ететін тұяқты хайуанаттардың ішіндегі бітім-тұлғасымен қоса әдемілігі мен ерекше көзге түсетін түз тағысы.
Бұл хайуанат үстіміздегі ғасырдың 40-шы жылдарына дейін еліміздің ұшықиырсыз шелді және шөлейт аймақтарына кеңінен таралып, өзі таралған ортаның табиғат жағдайына бейімделіп кетті. Бір қараған көзге тіршіліксіз орта болып көрінетін ұсқынсыз шөлді далаларда соқңан желмен жарысқан қарақұйрықтардың бір тобы жүріп өткен кезде, сол ұсқыны қашқан тіршіліксіз ортамыз керемет жанданып, осы далаға жиіркене қараған бақы-лаушыға табиғаттың сирек кездесетін құбылыстарының бірін көз алдынан өткізгенінің өзі каншама үлкен нәр беретін рухани байлық екендігі сөзсіз. Қарқұйрық адам баласын тек рухани байлықпен қанағаттандырып қоймайды. Өзінің дәмді етімен және терісімен де көптеген ғасырлар бойы адам қажетіне жарап келеді. Осындай саналуан қасиеттерімен мыңдаған жылдар бойы адамдардың қажетіне жарап келген қарақұйрық, үстіміздегі ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап техниканың қарыштап өсіп, көптеген аң мен құс мекендеген далаларды игеруге байланысты, сондай-ақ осы техникаларды аң аулауға басты құрал етіп пайдаланған кейбір табиғатқа жаны ашымас жан-дардың (браконьерлер) кесірінен саны азайып отыр. Сол сияқты бұл аңдардың санының кемуіне кей жылдары ауа райының құбылмалы болуы да көп әсер етті.[4]
Бұрынғы кездері қазіргі қарақұйрық мекендерінде жазы құрғақ, қысы қатал жылдары жиі болып тұрды. Бірақ бұл кездерде қарақұйрық топтары қазіргі қыстайтын жерлерінен де жылырақ, оңтүстік аймақтарға ауып отырған. Бірақ әр турлі себептермен тұз тағыларына бұл жерлерден өздеріне қажетті қорек табу оңайға түспейді. Әсіресе, қыс айлары қолайсыз болған жылдары қарақұйрықтардың өсіп-өнуіне мүмкіндік бола бермейді.
Қазіргі уақытта бұл хайуанатты бұрын көптеп кездесетін мекендерінен көре алмайсыз. Кездестіргеннің өзінде де саны бірлі-жарымнан аспайды. Бұл жағдай тек біздің еліміздің территориясынан ғана байқалып қоймай, қарақұйрықтар мекендейтін басқа да аймақтардан бай-қалады. Сондықтан қарақұйрық сирек кездесетін және жер бетінен жойылып кету қаупінде тұрған хайуанат есебінде Дүниежузілік «Қызыл кітапқа» енгізіліп отыр. Сол себептен қоршаған ортаның бір мүшесі — қарақұйрықты кең байтақ жерімізде аман сақтап, оның санын көбейтіп, келешек ұрпақтарымызға жеткізу үшін көпшілік қауымды бүл аңның тіршілік ортасымен, өмір сүру ерекшеліктерімен және басңа биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру артық бола қоймас.
Караңұйрық — шөл және шөлейт аймақтарда өмір сүруге бейімделген, шағын денелі аша туяқты, қуыс мүйізділер тұқымдасына жататын аңдардың бір түрі. Бітім-тұлғасы өте сымбатты. Оның сүйрік денесі, сұңғаң бойы, жіңішке ұзын мойыны, шағын көлемді басы, қамыс құлақтары, мөлдіреген қарақаттай бота көздері мен жеңіл қимылы өзіне еріксіз тартады. Бұлардың алдыңғы сирағы артқысынан сәл қысқалау болады да, орындарынан жеңіл қозғалып; алысқа секіруге бейім келеді. Еркек қарақүйрықтың мүйізінің түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, ұзындығы 20— 30 сантиметрдей, ашаланбаған әдемі қара-қоңыр болып келеді. Ұрғашыларында мүйіз болмайды, бірақ кейбіреулерінен 2—5 санти-метрдей мүйіздерінің тұқылын байқауға болады. Денесінің ұзындығы 100—105 сантиметр де, шоқтығының биіктігі жерден 70—75 см. Құйрығы денесінің ұзындығының алтыдан біріндей. Түсі қара немесе кара қоңыр болып келеді. Сондықтан да бұл аңды Қазақстан мен Орта Азия елдері қарақұйрық деп атайды. Ал Персияда, Закавказияда «джейран» деп атайдь» да, Монғолияда «қарасульта» дейді. Қарақұйрықтың түсі өзі мекендейтін ортасына сай сұрғылт болса, ал бауыры, тамағы, сирақтарының ішкі және екі санының құйрығының асты немесе таңы ақшыл болып келеді. Таңындағы ақшыл аумақтың формасы дөңгелек болады да мұны көбінесе «айнасы» деп атайды. Карақұйрықтың өз жауын көріп жалт беріп секем алғанда, басқа сықарларына «сақтаныңдар» дегендей белгі беруі үшін бұл «айнасының» маңызы өте зор. Олардың қысқы түс жазғысынан ашықтау, ақшыл құм түстес болады. Жүні қалың, түбітсіз шуашы жоқ құрғақ болғандықтан тез сынады. Сирақтары қамшының сабындай жіңішке, тұяқтары үшкір болып келеді. Алдыңғы тұяқтарының ұзындығы 4,9—5,6 сантиметрдей, ал артқылары алдыңғыларынан сәл қысқалау. Сондықтан да тебіндеуге және қалың қармен жүруге икемсіз. Топырағы тығыз, құмдауыт жерлермен жақсы жүреді. Мұндай жерлерде сағатына 65—70 км жылдамдықпен жүреді.[5]
Бірақ, бұл жылдамдығы 20 минут жүгіргеннен кейін кеми береді. Жерге түскен ізінің формасы жүрек тәріздес, өте үшкір болады. Қарақұйрықтың текелерінің орташа салмағы 27—33, ал әшкілерінікі—21—23 кг болады. Кейбір өте сирек кездесетін ересек текелерінің салмағы 43 килограмға дейін жетеді. Мұндай текелерді он жасар кезінде қазақтар «үйір басы» немесе «құлтекелер» деп атаған. Қарақұйрықтың мойынын созып, басын жоғары көтерген кезінде тамағының астындағы бездері бұлтиып шығып тұрады. Сонысына қарап оларды «зобты киік» деп те атайды. Қарақұйрық құмалақтарының көлемі қойдың құмалағындай болады да, бір ұшы үшкірленіп келеді.
Жер шарында қарақұйрық Закавказьенің оңтүстігі мен шығысында, Орта Азияда, оңтүстік Қазақстанда, Қашқарияда, Гобида, Алашанда, Ордоста сондай-ақ солтүстік Тибеттегі шөл және шөлейт аймақтардағы жазықтықтарға, тау етектері мен қыраттарға таралған. Таралу аймағының солтүстіктегі шекарасы Каспий те-ңізінің солтүстік-шығыс жағалауларынан бастап Ембі, Ұлытау, Балқаш көлінің оңтүстігін жағалап отырып, Зайсан ойпатын қамтып, Сауыр, Тарбағатай тауларының етегіне дейін созылған. Ал оңтүстіктегі шекарасы Аравия түбегінен бастап шығыстағы Пакистанға дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аңның түрінің біздің елде таралған мекендеріне жете тоқталатын болсақ: қарақұйрықтар өткен ғасырда Закавказьенің шөлді аудандарында көптеп кездескен. Мұнда Кура-Арқа ойпатына, Апшерон түбегіне, Карабах, Миль Мурган далаларына түгел таралған. Осы жерлерді зерттеуші ғалым Н. Я. Динниктің 1910 жылғы мәліметі бойынша XIX ғасырдың
70-жылдарына дейін қарақұйрықтар Грузия республикасының астанасы Тбилиси қаласының айналасында көптеп кездесіп, оны жүйрік итпен аулау өріс алып, қала базарларында оның дәмді етімен еркін сауда жасаған. Бұдан кейінгі жылдарда Закавказье территориясында қарақұйрық саны біртіндеп азая бастады. Өткен ғасырдың соңғы жылдары олар Армения жерінен мүлдем кездеспейтін болды. Бұл аң үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдары Закавказье территориясында тек Азербайжан жеріндегі Кура ойпатында және Аджинур мен Кабристан қыраттарында, адам аяғы сирек басатын, әлі де игерілмей жатқан аймақтарда ғана кездесті. Олардың жалпы саны 5—6 мыңнан аспайды. Бұдан кейінгі жылдары Закавказье далаларын ауыл шаруашылығына толық пайдалану үшін жүргізілген жұмыстардың барысында осы істерді жүргізуші адамдар мұнда мекен ететін қарақұйрықтарға қамқорлық жасаудың орнына оларды атып санын өте азайтып, тіпті бұл жерлерден жойылып кету қаупіне әкеліп тіреді. 1960 жылы Закавказьеде самолет көмегімен жүргізілген санақтың мәліметі бойынша қарақұйрық бұрын мыңдап кездесетін Мурган далаларынан кездеспеген, ал Джейранчале, Аджинур, Миль-Карабах және Ширван далаларында өте сирек кездескен. Осы аталған далаларда көлемі 14,3 мың шаршы километр жерде бар-жоғы 130-аң қарақұйрық ұшырасқан. Бұл жағдай жергілікті жерлердің табиғат жанашырларын қатты ойландырып, жануарлар дүниесін қорғау саласында біршама жұмыс істеуге түрткі болды. Қарақүйрық биологиясын жете тексерген еліміздің белгілі ғалымы А. А. Слудскийдің мәліметі бойынша, Бареакелмес аралын мекендейтін бұл аң жазғы уақыттарда 70, ал қысқы уаңыттарда 37 түрлі өсімдікпен ңоректенеді екен. Қыста азық ететін өсімдіктерінің 16 түрі бұта және жартылай бұта тәріздес, 7 түрі бұта тектес, 12 түрі бір жылдың және көп жылдық шөптер. Қыста көбінесе қылшаны, тікенді түйесіңірді, көкпекті, бұйырғынды, сұр теріскенді, сексеуілді, жыңғылды, жусанды және сайғақ шөпті қорек етеді- Ал, көктем мен жазғы азығына шөл даланың қылшасы, бидай-ық, раң, қоқырбасы, өлеңшөп, су жағаларындағы қамыстың жапыраңтарын, иісі бұрқыраған жусан мен алабота, итсигек сияқты бойында ылғалы мол өсімдіктерді қорек етеді. Бұл аралдағы карақұйрықтар сонымен қатар су толқыны жағаға шығарып тастаған кіші зостераны ңысы-жазы бірдей жейді.[6]
Қарақұйрықтың бойындағы ерекшелігі, олар басқа жануарлар, әсіресе, үй жануарлары азық ретінде пайдаланбайтын адраспан, түркмен түйетабаны, черкез, бүрлі кос масақшалы және қызыл тамырлы қылшалар, жертезек бұйырғыны, итсигек және текесақал сияқты ұлы өсімдіктерді сүйсініп жей береді. Кез келген хайуанатта бола бермейтін мұндай қасиет қарақұйрықты өсімдігі сирек шөл далаларда азықтың түрлерімен қамтамасыз етіп, өмір сүруіне мүмкіндіктер туғызады. Бұл аңның етінің дәмді, оның шипалық қасиеттерінің мол болуы да осыған байланысты болса керек.
Жусан мен баялыштан басқа өсімдік өспейтіндей болып көрінетін ңұлазып жатқан Бетпаңдалада шөлінің өзінен бұл аңдар 47 түрлі өсімдік тауып жейтіні ғалымдарға көптен белгілі. Бұл шөлейттерде олар 7 түрлі астық тұ-қымдас, оның ішінде әсіресе жуашықты, қоңырбасты, бидай мортығын, боздық үш түрін, өлеңнің екі түрін, лала гүлдері тұқымдасына жататын жуаның үш түрін сүйікті қорегі етеді. Сонымен қоса бұл жерлерде изенді, баялышты, күмәнді торсылдақты, адраспанды, астрагалдың үш түрін, қарағанды, мияның екі түрін, жусанның үш түрін, қылшаны және сексеуілді де азығына пайдаланады. Бетпақдаланың көп шілік өсімдіктері қураған уақыттарда, осы даладағы өсетін тобылғы түсті; жантақты қорек етіп, осы өсімдіктер өскен жайылымдардан ұзамайды.
Олар өздерінің басқа мекендерінде де осындай өсімдік түрлерін пайдаланады. Мысалы, жоғарыда келтірілген аудандардан алыс жатқан еліміздің оңтүстік шығысындағы қара құйрық мекендері Іле және Сөгеті далаларында жыл бойы олар жусан, қандым, астрагал, изен және сексеуілді қорек етеді. Ал, көктем мен жазда бетеге, боз, тобылғы Тянь-Шань қызылбояуы, жуа тағы басқа да осы мекендерде кездесетін өсімдік түрлерін жейді. Жұт жылдары қорек ететін өсімдіктердің азайған уағында қарақұйрыңтар өзен бойларындағы тоғайларға топтасып онда өсетін шеңгелдерді қажалайды.[7]
Жақсы жайылып, тойған қарақұйрықтың ао қазанындағы жеген тамағының салмағы 2,5-тен 4 килограмға дейін болып, тәулігіне 6 кило-грамдай әр түрлі өсімдікпен қоректеніп тіршілігін жалғастырады.
Көктем мен жаздың алғашқы жартысында шөлді жерлерде ылғал мол болатындығына байланысты ол кезде өсетін өсімдіктердің құрамында да ылғал кәп болады. Қарақұйрықтар бұл уақытта су ішпей-ақ өсімдіктердің бойындағы ылғалымен қанағаттанады- Тіпті тақырларға тоқтаған көлшіктердің маңайында жайылып жүрсе де суды сирек ішеді. Бұл аңның шөлге төзімділігі соншалық, жаздың ыстық, аптапты күндерінің өзінде күнделікті су ішпейді. Бірақ су ішпей өмір сүре алмайды. Суаттан 70—80 километр қашықтықтағы шөлді жайылымдарда жайылып, суға үш-төрт күн-де бір-ақ рет барады. Жайылымдарында ылғалы мол өсімдіктер мен су болмайтын жылдары қарақұйрыңтар мекен жайларын ауыстырып суы бар жерлерге жылжып отырады. Қысқы уақыттарда су табылмаса қар жалап та күнелте береді. Егер мекендерінде қара суық қатты болып, өзендердің беті қатып, қар түспегек жағдайларда бұл жерлерде қорек ететін өсімдіктері көп болғанымен тұрақ таба алмайды, Кейде осындай жағдайлардың әсерінен қарақұйрықтар оңтүстіктегі суы қатпаған аудандарға қоныс аударып отырады. Бұл аң 1 литр суының құрамында 9—14 грамға дейін тұз бояатын, ащы теңіз суларын да іше береді. Осындай қасиеттерінің барлығы түз тағысы — қарақұйрықтың шөлді далаларының табиғат жағдайларына жете бейімделген хайуанат екенін көрсете түседі.[8]
Көктем айлары шөлді далаларда ерекше. Бұл уақытта қыстай қар, жаңбыр күйінде түскен ылғалдың ықпалымен өсімдіктердің барлығы көгере бастайды. Өсіп-өнуін тез арада бітіретін эфермерлер мен эфемеройдтар гүл-деп, шөл даланы өзгертіп, құлпырған қызыл-жасыл алаңға айналдырады. Осы уақыт мұнда өмір сүретін хайуанаттар үшін ең қолайлы мезгіл болып, олардың тіршілігіне жақсы жағдай туады. Бұл кездегі қарақұйрьіқтың негізгі қорегі көктемде жаңа шыққан балауса шөп болады. Олар таң қылаң бергеннен сағат 8—10-ға дейін жайылып, жан-жағы жақсы көрінетін ашық тақырларға жатып, бірер сағат дем алады да, қайта жайылуға кіріседі. Осы-лайша жайылу мерзімі қайталана отырып, түнгі 10—11-ге дейін созылады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Ветеринария дипломдық жұмыстар, Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы, дипломдык Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын, Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін