Құқық | АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ

 Құқық | АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ

Мазмұны


КІРІСПЕ............................................................................................................

І. АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ
1.1. Авторлық құқық және авторлық атқа құқық.......................................
1.2. Туындыға қол сұқпаушылық құқығы.....................................................
1.3. Туындыны халыққа жария ету құқығы..................................................

ІІ. АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ
2.1. Мүліктік құқықтардың жалпы мінездемесі...........................................
2.2. Мүліктік құқықтарының түрлері.............................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................

Халқаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея Европада кітап басу ісімен байланысты ХV ғасырда пайда болды.
Европадағы алғашқы заң XVІІ ғасырда Англияда дүниеге кледі. Ағылшынның баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сәйкес заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде «Королева Аннаның статуты» деген атпен күшіне енеді. Бұл заң тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқық туралы заңы Англияда 1535 жылы қабылданды.
Бүгінгі Қазақыстан аумағында авторлық құқық негіздері нақтылап айтсақ әл-Фараби заманынан келе жатқаны аңғарылады.
Авторлық құқық жөніндегі ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет ХІХ-шы ғасыр аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында ғылыми-қоғамдық еңбектерде көрініс берді, ал одан соң қолданылып жүрген бірқатар заң ережелерінде, оның ішінде 1928 жылғы Заң кодексінде айқындала түскені мәлім. Дегенмен бұл заңдар жүйесі 1917 жылы 29-желтоқсанда қабылданған «мемлекеттік баспа туралы» декреттен бастау алады. Ол кездегі заң авторлық құқық саласының көптеген проблемаларын шешуге дәрменсіз еді.
Қазақстандағы авторлық құқықты қорғаудың мемлекеттік негізі 1973-жылы Бүкілодақтық Авторлық құқық жөніндегі Агенттіктің (ВААП) Қазақстандағы бөлімшесі жұмыс істей бастаған күннен басталды.
Авторлық құқықты қорғаудың жаңа кезеңі Қазақстанның тәуелсіздік алуымен тікелей байланысты. 1992 жылы Бүкілодақтық Агенттіктің қазақ бөлімшесінің негізінде Қазақстанның Авторлық құқық және сабақтас құқығы жөніндегі Мемлекеттік Агенттігі құрылды. Ол 1999 жылдың басында Әділет министірлігінің құрамына беріліп, «Авторлық құқық жөніндегі комитет» деп аталған болатын/1/.
Нарықтық экономикаға көшу нәтижесінде авторлық құқықтың рөлі өзгеріп,
ұлғая түсті. Туындыны пайдалану оның авторын сыйақымен қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ интеллектуалдық өнімді коммерциялауды жүзеге асырушы субъектінің де тірлігінің негізін құрады. Бұған шығармашылық саласындағы барлық объектілердің заңи құрамының әрекет етуші заңда бекітілуі әсер етті, ол оның қорғалу дәрежесінің күшеюінен, шарттық қатынас жүйесінің дамуынан көрінді.
Еліміздегі экономикалық қатынастың өзгеруінен бастап, авторлық құқық жүйесін қайта қарау қажеттігі туындады. Қазақстан Республикасы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңын және бір бөлімі толығымен интеллектуалдық меншікке арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше бөлімін) қабылдаудан кейін, авторлық-құқықтық саладағы жағдай түбегейлі түрде өзгерді. Ең негізгі өзгеріс, туындыға авторлық құқықты автордың өзіне беруді тану (әсіресе бұл дыбыс-бейнежазу туындыларына қатысты) болып табылады. Бұрынғы СССР кезіндегіавторлық құқықта, автор өз шығармашылық еңбегінің нәтижесіне меншік құқығын иеленбеген.

Авторлық құқық туралы жаңа заң Қазақстанға осы саладағы халықаралық келісімдерге қатысуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы авторлық құқық бойынша келесідей халқаралық конвенциялардың мүшесі болды – 1986 жылғы Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясына және 1952 жылғы авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік (Женевалық) конвенцияға қосылған болатын.
Одан басқа, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, авторлық құқықты бұзғаны үшін жауаптылықты көрсететін арнайы нормалар қарастырылған.
Қазіргі жағдайда өзіміздегі бар ғылым мен мәдениеттің даму дәрежесін сақтап оның әрі қарай дамуына жағдай жасау өте үлкен мәнге ие. Бұл жұмысты шығармашылық жұмысшылардың мүддесін қорғамай, олардың жұмысын марапаттамай және құқықтарын қорғамай іске асыру мүмкін емес.
Әдеби музыкалық, көркем және ғылыми шығармалар авторының қоғамдағы атқаратын рухани және санаткерлік рөлі соншама – ол азаматтардың терең де тұрақты мүддесіне толық жауап беріп, өркениеттің дамуында шешуші мәнге ие болады.
Мемлекет автордың жеке табыстарымен ғана шектеліп қоймай, оның қоғам байлығына қосқан үлесін де ескере отырып, мейлінше ауқымды және берік қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Авторлық құқықтың қазіргі бағыты қорғалатын туындылардың кеңеюі мен авторлық құқықтың жүзеге асу нысандарынан және қорғалу дәрежесінің күшеюінен көрінеді.
Осы саладағы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы еліміздің салт – дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтауға және дамытуға мүмкіндік береді. Сол себепті бұл заңымызды өте дұрыс және тиімді құрастырылған деп санауымызға болады.
Мен осы дипломдық жұмысымды, көптеген қазақстандық және ресейлік заңгер ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып, және оның негізінде жаздым. Бұл сала бойынша қазақ тілінде материялдар аз болғандықтан, көбіне заңи әдебиеттер қолданылды.
Мен мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтардан тұратын автордың құқықтары туралы өзімді қызықтырған барлық сұрақтарға, осы жұмысымды жазу барысында, толық жауап алдым.
І. АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ

1.1. Авторлық құқық және авторлық атқа құқық

Автордың мүліктік емес жеке құқықтарының арасындағы бірінші және негізгісі ол туындының авторы болып танылу құқығы. Авторлық құқық туындының белгілі бір тұлғаға тиістілігін объективті факт ретінде белгілейді және туынды мен оның жасаушысы арасындағы ақиқатты байланысты қорғайды.
Берндік конвенцияның 6-шы бабында авторлық құқықты туындыға өзінің авторлығын тануды талап ету құқығы» деп көрсеткен.
1991 жылға дейін әрекет еткен заңда, авторлық құқық тікелей бекітілмеген. Бірақ заңи әдебиеттерде автордың бұл құқығының бар болуы бұрыннан көрсетілген болатын, тек оны бегілеуге қатысты ортақ пікір болмаған еді.
Заң авторлық құқықты тікелей көрсетпей ақ, авторға туындысын өз атынан жариялау және пайдалану құқығын бекіткен, осыған байланысты кейбір заңгерлер авторлық атқа құқық авторлыққа құқықтың құрамына кіреді деп санаған. Басқалары тек авторлық атқа құқық бар, ол кейде авторлық құқықты білдіреді деп санаған.
Кейбіреулер, авторлық құқық – ол дербес, авторлық атқа құқықтан бөлінген, ал заңда авторлық құқықтың жоқ болуы «авторлыққа құқық және авторлық атқа құқық дербес жеке құқық емес деп айтуға негіз бермейді, оның бар болуы және ол бұзылған жағдайда қорғау шарасы жоққа шығармайды» деп дәлелденген\1\.
Уақыт өте келе көптеген ғалым заңгерлер авторлық құқықтың дербес және негізгі мағынасы, ол тұлға өзі жасаған туындының жасаушысы ретінде саналу және танылу құқығы екендігін мойындаған және оның айналасындағы
басқа барлық құқықтар оған бірігеді, топтасады (және О.С.Иофеннің айтуынша «бір бірімен құрасып жабысады») деп танылған\1\.
Бірақ әдебиетте басқа пікір де айтылған, онда, авторлық құқық туындының авторында жоқ және оны дербес құқық ретінде тану толық негізделмеген өйткені, «туынды жасаған тұлға авторлық құқыққа ие болғандықтан емес, оның жасаушысы болғандықтан, туындыға белгілі бір шығармашылық күшін салғандықтан автор болып саналуға құқылы», ал егер «үшінші тұлға басқа біреудің туындысын иемденген жағдайда, соңғысы өз мүддесін қорғауды талап етуге құқық авторлық құқық болғандықтан емес, үшінші тұлға туындыны жасауға қатыспағандықтан» деген.
Авторлық құқықтың дербес құқық ретінде мойындамау себебі авторға «авторлық құқықты беру, ол жеке меншік құқығының үш түрінен басқа (иелену, пайдалану, басқару) тағы да төртінші жеке меншікті тану, яғни, «ол сол заттың қожайыны ретінде саналу құқығын» тану сияқты болатын еді деп дәлелдеген.
Осыған байланысты қорытындыда авторлық құқық жоқ және атор мен авторлық құқық түсініктерін біріктіру іс жүзінде өз құндылығынан айырылған \2\.
Осыған қоса З.В.Ромовская субъективтік авторлық құқық деп аталатын, барлық кешенді белгілеу үшін жинаушы ретінде бұл түсініктің қолданылын жоққа шығарған жоқ.
Ондағы келтірілген дәлелдермен келісуге болмайды. Туындының авторында авторлық құқытың болуы ол авторлық құқық өзіне мүліктік емес жеке құқықты қосқандықтан ол авторлық құқықты толығымен бөлектетпейтіндей қылады. «Авторлық құқықтың жеке меншік құқығынан айырмашылығы ол туынды мен автордың арасындағы ажырамас байланыста, туындыны автордың жасуы және оның авторлық құқықта орын алуы ақиқатына негізделген байланыста». «Сондықтан да авторлық құқықта авторлыққа құқық-
ты құрастыру керектігі бар, мұнда иесі мен мүліктің арасындағыдай ажырамас байланыс жоқ, иесінің затына ерекше құқығы жоқ». М.Я.Кириловтың пікірі бойынша авторлық құқықпен жеке меншік құқығын салыстыру «З.М.Ромовскаяның дәлелдерін толығымен жоққа шығарады, өйткені меншікке қатысты дау туындаған жағдайда оның меншік иесі берілген құқықтың осылайша дәлелденуіне байланысты, өзінің бөлек құқықтарын емес, жеке меншігін қорғауды талап етеді». З.М.Ромовскаяның өзі де авторлық құқықты бөлек құқық ретінде жоққа шығара отырып, «авторлық» түсінігін «туындыны жасаудағы фактілік нәтиже» деп таниды және авторлықты «уақыт ағымына тәуелді емес» дейді.
Авторлық құқық алғаш рет, заңды түрде 1991 жылы 135-ші бапта бекітілген болатын, ол авторға тиісті құқықтың біріншісі деп айтылған.
Сондай-ақ авторлық атқа құқық та бекітілген яғни ол, бұл екі құқықтың дербес екндігін куәландырады. Бірақ бұл заң актісінде, аталған құқықтарға түсініктеме берілмеген, оның мазмұнын ашып көрсеткен жоқ.
1993 жылы қабылданған Ресей Федерациясының заңында авторлық құқық пен авторлық атқа құқық екі дербес құқықтар ретінде қарастырылған. Туындыға қатысты авторлық мүліктік емес жеке құқықтары бекітілген 15-ші бапта:
«туындының авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық)» және «автордың шын атымен, бүркеншек атпен немесе атын көрсетпей, яғни жасырындықпен туындыны пайдалануға рұқсат ету – немесе туындыны пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық)».
Осындай авторлық құқықтың түсінігі және оның есімге құқықпен арақатынасы авторлық құқық ғылымында танылған.
Бірақ Ресей Федерациясының заңына ұқсас болып келген Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 15-ші бабы, 1-ші тармағындағы 1-2 тармақшаларында бұл құқық басқа үлгіде берілген:
1. «Туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның ішінде, егер іс жүзінде мүмкін болса, туынды кез-келген жария пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың есімін тиісті түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы (авторлық құқық)»,
2. «туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есімінің орнына лақап есімін (бүркеншік есімін) көрсету және соны талап ету немесе есімін көрсе,туден бас тарту құқығы, яғни жасырынды (есімі аталу құқығы)».
Бірінші тармақшадағы анықтамада, бір жағынан авторлық құқыққа автордың атын көрсету мүмкіндігі қосылады, ал басқа жағынан авторлық атқа құқықта тек қана «шын аттың орнына лақап атты немесе авторлық атын көрсетуден бас тарту мүмкіндігін жатқызады.»
Автордың атын туынды даналарында көрсету арқылы тану туынды басып шығарылғаннан кейін және әрі қарай пайдаланғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Туындыны пайдалануға байланыссыз авторлық құқық бұзылуы мүкін, мысалы авторлықты иемдену немесе иемденгенін мойындамау. Негізінен авторлық туындыны жасау фактісінен туындайды және туынды пайдаланыла ма, жоқ па оған байланысыз қорғалуы тиіс, яғни туындысы жарияланбаған автор да авторлық құқыққа ие болады.Сәйкесінше авторлық атқа құқықты бұзу туындыны пайдалануда ғана мүмкін болады, туынды даналарын жеткізуде немесе оны орындауда басқа ат көрсетілген жағдада, авторлық туындыны пайдаланбай-ақ бұзылуы немесе дау туындауы мүмкін.
Туындыны пайдалану кезіндегі автордың атын көрсетуді талап ету құқығы басқа жеке құқықтың мазмұнына да кіреді – авторлық атқа құқыққа. Бұндай талапты авторлық құқыққа жатқызу құқықтың дұрыс мазмұнын бұрмалауға әкеледі.
Яғни Қазақстан Республикасының заңында туындаған есімге құқық және шын есімін көрсетуді авторлық құқыққа жатқызу деп бөлу, тікелей талқыланғанда дұрыс емес қорытындыға әкеледі, бұнда лақап атты көрсеткен жағдайда немесе аты көрсетілмеген туындыны пайдаланғанда, яғни жасырындық, автор авторлық құқықты пайдаланбайды, бірақ атап өткендей, туындыны жасау сәтінде пайда болған авторлық құқық авторға туынды пайдаланыла ма, жоқ па және пайдаланған кезед қандай есім көрсетілгеніне тәуелсіз тиесілі болады деген қорытынды. Егер туынды бөтен тұлғаның атымен жарияланса, ал автор өзінің шын атын көрсетуді талап етсе, ол бұл талабымен туындының авторы болып танылу мүмкіндігі ретіндегі авторлық құқықпен бірге қорғалуға құқықты жүзеге асырады, яғни тек құқығы бұзылған жағдайда дербес субъективтік құқық, авторлық құқық туындйды.
Және керісінше, өзінің авторлығын қорғай отырып автор өзінің шын атын ғана емес, халыққа танымал лақап атын да көрсетуді талап ете алады. Мысалы, М.Горьки (А.Пешков), Ахматова (Горенко), Абай (Ибрахим Құнанбаев), А.Тарази (Ашимов) және тағы басқалар. Бұл жағдайда автордың шын аты көрсетілмесе де, туындының белгілі бір тұлғаға тиесілігі қорғалады, яғни, аторлығы.
Авторлық құқықтың дрбес екендігін айтқан С.А.Чернышеваның өзі «бұл құқыққа қоса авторға автолық атқа құқық тиесілі болады, ол туынды ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?