Қазақ әдебиеті | Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орны

 Қазақ әдебиеті | Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орны

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………..…………………………
І-тарау. Шежіренің деректік маңызы, ерекшелігі және оны оқытудың әдіс-тәсілдері
І.1. Шежіренің деректік маңызы…………………………………………....
І.2. Шежіренің деректік ерекшеліктері……………………………………
І.3. Шежіре оқытудың әдіс-тәсілдері…………………………………...
ІІ-тарау. Қазақстан тарихындағы ортағасырлық жәдігерлер мен Шәкәрім Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” еңбегінің деректік орны
2.1. Әбілғазының “Түрік шежіресі” еңбегінің деректік орны………………
2.2.Қадырғали Жалайырдың “Жылнамалар жинағы” атты еңбегінің деректік орны…………………………………………………..
2.3. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” еңбегінің деректік орны……………………………….
Қорытынды…………………………………………………………
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі…………………………

КІРІСПЕ
Қазақ халқы жүріп өткен жолы мен өмір тарихында қиын да, ауыр кезеңдерді басынан өткізгендігі тарихтан мәлім. Әуелі Ресей империясының, кейін Кеңес империясынының құрсауындағы отар ел болды. Қандай да болмасын отар ел, тұтқындағы адам өмірін кешеді. Ондай халықтың тағдырымен бірге тілі, діні, тіпті бүкіл тарихы да сол империяға бағынышты болады. Бұндай тәуелділікте болған халық қалай дамиды, өседі, көркейеді, керісінше азып-тозып, руханилық тұрғыдан жұтап, тіпті құруы мүмкін емес пе? Дәл осындай қиын кезең басына төнген қазақ халқының егеменді ел болғандығына биыл 12 жыл. Тіліміз де, дінміз де қайта оралып, тарихымыз жаңа үрдіс алып ұлттық тұрғыдан жазыла бастады. Тарихымыздың шынайы толық дәрежеде жазылуына үстемдік еткен таптық принцип күйреді. Көптеген тарихшыларымыз тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашып, әр түрлі тарихи еңбектерді өмірге әкеле бастады. Сондай еңбектердің бір тобын шежірелер туралы жазылған еңбектер құрайды. Өз ата-бабасы туралы білу өзінің қай рудан шыққандығын анықтауға деген үлкен ұмтылыс, талпыныс пен ұлттық сұраныс шежіре жазуға деген қызығушылықты тудырды. Шежіре айту қазақ халқының өзіне ғана тән қасиеттерінің бірі. Халқымыз ұрпақтан-ұрпаққа айтып, жазып жеткізу арқылы шежіреледі осы күнге дейін сақтап келді.
Тақырыптың өзектілігіне келсек, бұл тақырып жеке бір халық, ру немесе тайпаға оның шығуына т.б. ерекшеліктерін анықтауға арналмаған. Аты айтып тұрғандай, бұл тақырып жалпы қазақ халқының тарихындағы шежіренің алатын деректік орны, сонымен бірге оның ерекшелігі, маңызын анықтауға арналғандықтан тақырып өзектілігінің ауқымы, аясы өте кең. Сондықтан бұл тақырыптың өзектілігін біз халқымыз тарихындағы шежірелердің деректік маңызын көрсетуден бастаймыз. Ол үшін біз шежіре деген не, оның халқымыз тарихында алатын орны қандай және т.б. халқымыз тарихындағы шежіренің деректік орнын толық ашып беретін сауалдарға жауап іздейміз.
“Шежіре – (араб тілінде “шаджарады”–“бұтақ”, “тармақ”) халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір саласы” /1/.
С. Мұқановтың анықтамасы бойынша: “шежіре”деп кімдерден кімдер туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректерді атайды” /2/.
Ұрпақтардың “біз кімбіз, біз қайдан келдік, ата тегіміз кім, олар қай жерлерді мекендеген, қандай ел болған?” деген сауалдарға жауапты шежіре береді /3/.
Шежіре шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихының құрамды бөлігі. Тарихи ата салты бар халықтар жеке от басының, әулеттің, атақты қол басшының, мемлекет қайраткерлерінің шежіресін жасауды салтқа айналдырған Шығыста бұл салт Қытай елінде өте ертеде дамыған. Көрші Ресейде патшаның, текті сасловиялардың, дворян әулеттерінің шежіресін жасау салты қалыптасқан. Қазақ халқының да шежіресі ертеден бері бар: “Жеті атасын білмеген жетесіз,” “жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер, жалғыз ұлын білген ел, құлағы мен жағын жер” деген сөздер бекер шықпаған. Шежіре арқылы, оның тегін, ата қонысын, қауымға қосқан үлесі, отан қорғаудағы орны, меншік, адам құқы т.б. болмысы білінетін болған. Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тел, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың барша тарихын көрсетер категориялар – айналып келгенде, шежіренің негізгі категориялары. Бұл болса тұтас этнос халықтың сырын ашуға бірден-бір қажет сюжеттер.
Шежіре ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес оның тұтастығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ отаны, елі, жұрты бар екеніне, тірлікке, бірлікке, ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған.
Қазақ халқы ғасырлар бойы рулық-тайпалық құрылымын сақтаған ел болатын. Әрбір қазақ белгілі бір рудың мүшесі болды, оның барлық өмірі, қоғамдағы орны ру шеңберінде өтті: Қоныстарды, жайылымдар мен қыстауларды ру бойынша пайдаланды, той жиындарға, дау жанжалдарға, соғыстарға ру-ру болып қатысқан. Егер жеке адамның басына күн туа қалған жағдайда руластары көмектескен, малынан айырылса мал берген, басы дауға қалса, арашалаған, біреуден жәбір көрсе, жанжалдасса артынан бүкіл руластары көтеріліп қорғайтын. Сондықтан әрбір қазақ өзінің шығу тегін жақсы білетін, атадан балаға шежіре мирас болып қалатын. Жасынан шежіре тындап өскен ұл, өзінің кімдермен туыс, кімдермен қандас екенін сезіне отырып ертеңгі күнін солардың намысын жыртып, қолда бар көмегін ұсына алатын. Қазақ халқын құрайтын көптеген ру тайпалардың бір-бірінен таратып, бір-біріне қосып, қуалай келгенде бар қазақты бір атадан шығару арқылы, шежіре, қазақ халқының біртұтастығын қамтамасыз еткен. Қазақта қанша ру-тайпалар болмасын олардың бір-бірімен тату-тәтті тұруына ықпал еткен.
Қазақ шежіресін қарап отырып, ондағы рулар мен тармақтар аталықтардың атауларынан өз ара ұқсастықтарын байқауға болады. Бүл нені білдіреді? Ерте замандарда болған соғыстарда, апатты қырғын, жұт, ауру індет кезінде кейбір ру, тайпалар ыдырауға мәжбүр болған еді, біреулерінің көпшілігі қырылып, аз бөлігі аман қалған. Осы аман қалған рулар мен ру бөліктері басқа бір ру немесе тайпа құрамына қосылған. Белгілі шежіреші ақсақалдар жаңа кірме рулардың жаттығын білдірмес үшін өз руларының атасынан тарайтындай етіп, оларды өздеріне тартқан. Сол арқылы рулардың бірлігі сақталған. Бұдан шығатын қортынды біріншіден, қазақ халқының өмірі мен тарихында ақсақалдар орнының қаншалықты дәрежеде болғандығын көрсек, екіншіден, қазақ халқының ру-тайпаларының бейбіт өмір сүруінде қазақ шежіресінің қандай рөл атқарғандығын көре аламыз. Сөйтіп шежіре тек қана генеологиялық тізбек рөлін ғана атқарып қоймай сонымен қатар елмен елді жалғайтын, халықтың бір тұтастығын сақтауда маңызды қызмет атқарған. Бұл шежірелердің қазақ тарихындағы өзекті мәселе деп қаралуының бір жағы – кезінде қазақ тарихы туралы жазған тарихшылар, ғалымдар, оқыған адамдар, саяхатшылар қазақтың рулық құрылымы мен шежіресін айналып кетпеген. Ондай ғалымдар қазақ шежіресіне ден қойып, рулық құрылымдары жөнінде белгілі зерттеулер жазған. Өйткені, қазақ тарихын зерттеуде, оның ру-тайпалық құрылымына мән бермеу мүмкін емес. Демек, қазақ халқының этногенезін зерттеуде міндетті түрде қазақ халқын құрайтын жекелеген рулар мен тайпаладың тарихын білу қажет болған. Себебі, қазақтар әр түрлі ру-тайпалардан құралған, олардың кейбірі бұрын өзінше жеке халықтар болған, енді бір тайпалар түркі халықтарының біразының құрамында бар. Ол тайпалар бізге қашаннан бері белгілі, қай жерді мекендегені, Қазақстанға қашан келген, келуіне не себеп болған деген сауалдарға жауап берілмей, қазақ халқының қалыптасу тарихын көз алдымызға елестету қиындау. Шежірені тарихилық принцип аясында жазған еңбектер көп емес. Сондай санаулы еңбектердің кіріспесінде шежірелердің өзекті тарих саласы екендігін басып айтқан авторлар санаулы. Біз тақырып өзектілігін сөз еткенде ҒА-ның академигі М.Қ. Қозыбаев сөздерін де келтіруді жөн көрдік. Біз жоғарыда біздің кезеңге дейін бүкіл қазақ халқының тарихындағы шежірелердің тарихтағы деректік орны мен маңызын көрсету арқылы өзектілігін анықтамасақ, енді бүгінгі күнгі өзектілігі қандай екендігіне көз жеткізейік.
«Қазақ халқының ұлттық тарихын зерттеуде тайпалар мен рулардың шығу тегі, олардың тарихи орны ерекше рөл атқарады. Еліміз бүгінгідей тәуелсіздік алған тұста үш жүздің шежіресін тереңнен тартып, түп қотара қозғайтын байыпты, ғылыми еңбек керек-ақ… Әлбетте, қазақ шежіресі – аса ауқымды ұғым. Ол үнемі ғалымдарымыз тарапынан зерттеле отырып бір ізге түсуге, оқыған білікті зиялыларымыз тарапынан зерделене отырып толықтандырылуы тиісң – М. Қозыбаев шежірелердің өзектілігі мен бүгінгі күнгі тарихы мен жағдайын көрсетеді. Сөзін жалғастыра келе автор: “шежіренің қоғамдағы орны ерекше. Мұнда тарихымыздың ата тарихы екенін байқаймыз. Оның үзбей даму жолында қозғалыстағы тоқтаусыз процесс екендігін әр буынның өзіне саламыз. “Қазақ, Ахмет Байтұрсынов айтқандай қуғыншы халық”. Ол өмір бойы өзін іздейді, ата-бабасын іздейді. Шежіре әр адамның жоғын тауып береді, ата-бабасының ерлігін, өрлігін, тектігін, өз мүддесін ұлт мүддесіне қабыстырған жандар екендігін көрсетеді. “Бөлінгенді бөрі жейді, жүз деп бөлініп жүргендердің “жүзі күйсін”, “жүзі қара атансын”, – Ғабит Мүсіреповтың айтқаны тарих сабағы екенін білдіреді. Ахмет Байтұрсынов ұлт намысын екі адамның, екі ауылдың, екі рудың намысы емес екендігін XX ғасыр басында айтқан-ды. Шежіре ұлттық шежіре болуы керек, ол әр қазақтың шығу тегі арқылы бүкіл қауымды халықты таныстыру арқылы табыстыруы керек”, – деп шежіре міндетін де көрсетеді /5/. Демек, халқымыз тарихының ерекше бір саласы – қазақ шежіресі қазақ халқының тарихының әрқашанда өзекті бір саласы болып қалатыны сөзсіз. Олай деуіміздің бір себебі – қазіргі кезде шежіре жазуға деген ұмтылыс пен құлшыныс арта түсуде. Бірақ, бұл істің біраз кемшіліктері де жоқ емес. Оған біз жұмысымыздың арнайы бөлімдерінде тоқталмақпыз.
Тақырыбтың зерттелу деңгей: Өзектілігіне сәйкес ғасырлар қойнауына кетеді. Біз шежіре туралы жазылған деректер мен зерттеу еңбектерді өздерінің уақыты мен кезеңдеріне қарай топ-тобымен көрсетуді жөн санадық. Ең алдымен халқымыз тарихның ортағасырлық деректеріне тоқталайық. Қазақстан тарихының ортағасыр кезеңін бізге сол қалпында баяндап беретін Шежіре сарынымен жазылған еңбектердің бірі Әбілғазы Баһадүр ханның “Түрік шежіресі” /6/ еңбегі, келесі дерек ол Қадырғали би Қосымұлы Жалайыридың “Шежірелер жинағы”, немесе “Жылнамалар жинағы” /7/ деген атпен танымал еңбек, содан соң Рашид-ад-диннің “Жылнамалар жинағы”/8/, Махмұд Қашқаридің “Диуани лұғат-ат түрік”/9/, Заһир ад-дин Мұхаммед Бабырдың “Бабырнамасы”/10/, және Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих и-Рашидиі”/11/ және т.б. еңбектер жұмыстың негізгі деректік қоры болып табылады.
Шежіре туралы жазылған еңбектерді келесі бір тобы ол Патша үкіметінің жергілікті әкімшілдіктер арқылы жинатқан кісілердің еңбектері болып табылады. Ондай авторлар: А.И. Левшиннің “Описание киргиз – кайсацких или киргиз-казачьих орд и степей” /12/, Н.И. Аристов екі еңбегі “Заметки и сведения об их численности”/13/, екінші “Опыт выяснения этнического состава киргиз- казахов Болшой орды и Кара Киргизов”/14/, Радлов В.В., “Опыт словаря тюркских наречий”/15/, Потанин Г.Н. “Очерки северо-заподной Монголии”/16/, И.Я. Бичуриннің “Собрания сведений о народнах, обиавших в Средней Азии в древние времена” /17/, Гродеков Н.И. “Киргизы и Каракиргизы Сыр-Даринской области” /18/ еңбегі және де көптеген орыс авторларының жинаған шежірелері архивте сақтаулы. Біз бұл еңбектер Қазақ шежіресін бізге толығымен баяндап береді деп айта алмаймыз. Дегенмен де қазақ халқының белгілі бір ру, тайпаларымен олардың құрамы, мекендеген жері т.б. мәселелер төңірегінде біраз мәлеметтер алуға көмектеседі.
Одан бертін келе, шежірелерді жинаған, оны жарыққа шығарған қазақ ғалымдары да жетерлік. Сондай еңбектің бірі Ш. Құдайердіұлынының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” /19/ еңбегі ең алғашқы қазақ тілінде жарық көрген өте құнды деректерге толы бірден-бір еңбек болып табылады. Бұл еңбекке біз жұмысымыз барысында арнайы тоқталмақпыз. Қазақ шежіресінің біршама толық үлгісі Ш.Уалихановтың 5 томдық “Шығармалар жинағында” жазылған /20/. Бұл еңбекке шежіреге байланысты қалам тартушылардың бәрі дерлік жүгінбей өтпейді. Аталған еңбекте біз жоғарыда тоқталған орта ғасырлық шежіре сарынымен жазылған еңбектердің біразына олардың деректік орнын көрсеткен құнды бағалары мен пікірлері жазылған. Келесі еңбек А. Ниязовтың “Үш жүздің шежіресі” Өтей Бөжейұлының “Қазақ жұртының шежіресі”/22/. Бұл екі еңбекте көлемі жағынан өте үлкен емес, қазақтың белгілері бір ру тайпаларына ғана тоқталған еңбектер қатарына жатады. Осы кезде жарық көріп кейін қайта басылып шыққан Мәшһүр Жүсіп Көбеевтің “Қазақ шежіресі” /23/ атты еңбегінде шежіре туралы мол мәлеметтер орын алған. Бұл еңбектіңде белгілі бір дәрежеде деректі маңызы жоғары. Осы кезеңде жазылған біршама толық еңбек деп саналатын М.Тынышбайұлының аяқталмай қалған шежіре туралы жазылған еңбектері де жетерлік. Оның 1925 жылы орыс ілінде жарық көрген “Матеиалы к истории киргиз-казахского народа” /24/. еңбегінде өзіне дейінгі жазылған еңбектерінде кездеспейтін рулар мен тайалар туралы мәлеметтер көп. Бұл еңбектің ғылыми деңгейі мен деректік маңызы ерекше.
Кеңес одағы кезінде қазақ халқының шежіресін ескіліктің рушылдықтың қалдығы деп есептеп оған мән берілмеді. Сондықтан бұл сала КСРО кезінде ең нашар зерттелген тарихи салалардың бір болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң шежіре жазу кең етек алды. Бұрынғы шежіре туралы жазылған еңбектер қазақ тіліне аударылып жарық көрді. Біз ендігі жерде сол еңбектердің ғылыми маңызы жоғарыларына тоқталып өтейік. Біз жоғарыда тоқталған Әбілғазының, Жалайырдың, Дулатидың, Қашқаридың еңбектері аударылып, ғылыми құндылығы жоғар және халқымыз тарихындағы деректік орны ерекше жәдігерлерге айналды. Сонымен қатар жекелеген авторларының арнаулы зерттеулерінің ең маңыздыларының бірі 1991 жылдан бастап, 1994 жылға дейін “Ана тілі” газеті сұранысымен жиналған шежірелерді оқулық етіп шығарған Ж.Бейсенбайұлының “Қазақ шежіресі” /25/ еңбегінің деректік маңызы ерекше. Сонымер бірге жеке руға емес, жалпы қазақ халқының шежіресіне тоқталған еңбектер қатарына Ч.Сариевтің “Үш жүздің шежіресі” /26/, З.Сәдібековтың “Қазақ шежіресі” /27/, С.Толыбековтың “Қазақ шежіресі” /28/ атты еңбектері Тәуелсіздік қарсаңында жазылған еңбектердің ең бір құндылары десек қателеспейміз. Дегенмен де бұл еңбектер бізге толық қазақ шежіресін қамтып бере алмайды. Тәуелсіздік тұсында жазылған еңбектердің ең бір құнды, толық жазылған еңбек ол Арғынбаев Х., Востров В.В., Мұқанов М.С. “Қазақ шежіресі хақында” /29/ атты еңбек болып табылады. Онда тек Қазақ рулары толық жазылып қоймай, сонымен бірге Шежіренің Қазақстан тарихындағы деректік орнын ашып беретін мәселелер қамтылған. Бұл еңбектің Қазақ халқының тарихындағы деректік орны өте жоғары десек қателеспейміз. Жұмыстың тақырыбы “Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орны” деп аталғандықтан шежіренің маңызын, ерекшелігін, деректік орнын, қазіргі жағдайын көрсеткен тарихшы-ғалымдарымыздың ғылыми еңбектері – академик М.Қозыбаев пен деректанушы - ғалым Қ.Атабаев еңбектері сүйеніш болды.
Біздің бұл жұмыты жазудағы мақсатымыз – халқымыздың төл деректері саналатын шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсету. Сонымен бірге шежіреге деректанулық тұрғыдан қарап, оның деректік маңызын, ерекшелігін анықтау мен қатар тарих ғылымындағы деректік орнын айқындау. Шежірелерсіз халқымыздың тарихының жалаң болатындығына ғылыми жолмен көз жеткізу. Сонымен бірге шежірелердің деректік орнын көрсету арқылы тарихымыздың шынайылық дәрежесін арттыратынымызды дәлелдеу. Мақсатымызға толық жету үшін жұмыс мына міндеттен тұрады:
- шежіренің деректік маңызы;
- шежіренің деректік маңызы;
- шежіре оқытудың әдіс-тәсілдері деген үш тармақтарға бөлініп қарастырылады;
- Әбілғазының “Түрік шежіресі” еңбегінің деректік орны.
- Қадырғали Жалайырдың “Жылнамалар жинағы” еңбегінің деректік орны
- Ш.Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі”.
Зерттеу жұмысының деректік негізі – біз жұмыс барысында тікелей тоқталған Әбілғазы Баһадүрханның “Түрік шежіресі” еңбегі Қадырғалы би Қосымұлы Жалайырдың “Жылнамалар жинағы” дерегі келесі еңбек Ш.Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” атты еңбек пен осындай деректің маңызы өте жоғары ортағасырлық жәдігерлер.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі – ортағасырлық жәдігерлердің жазылу уақыты – ХVІІ- ХVІІІ ғасырларды қамтылса, ал бертін келе ХІХ ғасыр аяғы ХХ ғасыр басы және тәуелсіздік жылдары.
Диплом жұмсының құрылымы – кіріспеден, екі тараудан үш тармақшаға бөлінген, қорытынды және пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 749



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!