Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрияның аксиомалары.Кеңістіктегі параллельдік Сабақ тақырыбы: Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: 10.2.4 түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шешу кезінде қолдану. Сабақтың мақсаттары: Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру. Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шығару кезінде қолдану......
Курорт дегеніміз – климаты ыңғайлы жерге орналасқан және табиғи емдік факторлары бар емдік-профилкатикалық мекеме. Курорттарды әртүрлі комплексті емдік профилактикалық мекемелер болады. Олар санаториилер, пансионаттар, курорттық емханалар монша орындары, лаймен емдеу орындары. Олардың ішінде бастысы санаторий болып табылады. Санаторий – бұл мамандандырылған емдік – профилактикалық мекеме, ол жерде келесі емдік комплекстер қолданылады: климаттық терапия, больнеологиялық терапия, лаймен емдеу, аппараттық физиотерапия, емдік денешынықтыру, активті демалу және активті өмір сүруі. Арнайы климаттық курорттарда санаториилардан басқа дем алу үйлері, пансионаттар, турбазалар, кемпингтер, сонымен қатар дәстүрлі жиындар, мұхит пен өзендерде шомылу, туризм, денешынықтыру және спортпен айналысу климатпрофилактиканың арқасында іске асырылады. Балалар мен жас өспірімдерге арналған өз алдына санаториилар бар. Курорттар маңыздылығына байланысты жергілікті, республикалық және халықаралық болып бөлінеді.....
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады: 1.Орталық процессор; 2.Енгізу құрылғысы; 3.Есте сақтау құрылғысы; 4.Шығару құрылғысы. Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады. Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады. Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған. Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады. Дербес ЭЕМ Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады. Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды, иондық түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография, тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады. Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл, (5*5мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындый алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар. ....
Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 14 (26).12.1894, Верный уезінің Шығ.Талғар болысы, қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. 10.2.1938 өмірі қиылады. Кеңес мемлекеті және партия қайраткері. 1917 жылдан Компартия мүшесі болған. Көшпелі кдей шаруаның семьясында туған. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, Ұлы Қазан социалистік революциясына, Азамат соғысына, Орта Азиядағы, Қазақстан мен РСФСР-дегі социалистік құрылысқа белсене қатысты. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққаны үшін 10 жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылды. Он жасар Тұрар да верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болды. Он екі жасынан Тұрар жалшылықта байдың малын бақты. 1907 жылы ол Қырғызбаев деген жалғанфамилиямен Әулиеатадағы бұратаналарға арналған орысша бастауыш мектепке түсті. 1910 – 1914 жылдар ішінде Пішпектегі (Фрунзе) ауылшаруашылығы мектебінде оқыды. 1916 жылы Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі мұғалімдер интернатыга түскенімен, оны аяқтап үлгермеді. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт – азаттық көтерілісі бұрқ ете түсті. Әулиеатадағы осы көтеріліске белсене қатысқан Рысқұолвты патша үкіметі сол жылы тұтқынға алды. Ақпан революциясынан кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға жұмылдырды. 1917 жылдың басында Т.Рысқұлов Қырғыз (қазақ) жастарының одағын ұйымдастырып, Әулиеата Советімен тығыз байланыс жасады. Кеңес үкіметі орнасымен Рысқұлов 1917 жылы қарашадан 1918 жылдың маусымына дейін Әулиеата уездік Совдепі аткомының председателі болды. 1918 жылдың шілдесінен сол жылыдың аяғына дейін Түркістан республикасы денсаулық сақтау халкомы, 1918 жылдың ақырынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Түркістан республикасы ОАК пердседателінің орынбасары, 1919 жылғы наурыздан 1920 жылдың ақпанына дейін РК(б)П Мұсылман бюросының председателі, 1920 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Түркістан республикасы ОАК-нің председателі, сол жылдың аяғынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық Комиссариатынң Азербайжан республикасы бойынша уәкілі, 1921 жылдан 1922 жылдың қыркүйегіне дейін РСФСР Ұлт істері Комиссариатының қызметкері, коллегия мүшесі және халкомның 2 – орынбасары, 1922 жылдың қыркүйек айынан 1924 жылдың сәуір айына дейін Түркістан республикасы халкомсовының председателі болып жұмыс істеді....
Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. Бұл міндет техникалық және ұйымдастыру жағынан да өте күрделі болып келеді, себебі бір жағынан, әлеуметтік және экономикалық бағдармалар мен жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мен инвестициялауды ұлғайтудың объективті қажеттілігі бар, ал екінші жағынан- табыстарының көздерінің шектеулігі орын табады. Салық салудың мәселелерін шешудегі дамуының бағыттарын бөлу критериясына сәйкес салық жүйелерінің функционалдық көлемділігін анықтауына маңызды мән берілген. Тауар-ақша қатынастарының дамыған сайын салық жүйесінің функцияларының құрылымы мен олардың өзара қатынасы өзгерді. Неоклассикалық өкілдерінің көзқарастарының негізінде салықтардың роліне мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретіндегі мәні жатады. Яғни мемлекеттік қазынаның қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе фискалдық функцияның орындалуы қарастырылады. Ал неокейнсиандық бағытының өкілдерімемлекеттік реттеудің макроэкономикалық бағытын негіздеді және ұдайы өндіріс процессінде салықтардың рөлі мен функциялары туралы ойларды дамытты. ....
Философияның тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе болады. Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық құпия жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз тағдырын “жасау” мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: “Өзіңді-өзін тани біл”,–– деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырысмдауға болады. Антик заманының философиясында адам көбінше ғарыштың бір бөлігі, жоғарғы бастама––тағдырдың адамдық көрінісі ретіндегі өзінше бір микрокосм түрінде түсінілді. Адамның философиялық ұғымының көптеген принциптері сонда қалыптасты: Милет материалистері адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп түсінген болса, көптеген басқа философтар адамды мәдениетті жасаушы, табиғатқа еліктеп, ондағы бар нәрселерді ғана емес, сондай-ақ табиғатта бұрын болмаған жаңа нәрселерді жасаушы жан ретінде сипаттады. Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-қарсы екі бастаманың “тән” мен “жанның” іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді. Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдай құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелді ақыл-ой иесі, өз өмірініңі саналы субъектісі деп түсінді. Мысалы, француз материалисі Д. Дидро адамды жер бетіндегі барлық мәдени байлықтарды бірден-бір жасаушы ең жоғарғы құндылық деп санады. Қысқасы, “ақыл-парасат ғасыры” деп аталған жаңа заман философтары ортағасырлық діни-идеалистік көзқарастың идеологиялық үстемдігінен құтылған жаратылыстану ғылымдарына сүйене отырып, адам табиғатын табиғи тұрғыдан зерттеудің тамаша үлгілерін қалдырды. Соның ең бастысы –– адамның өз мәнін танып білу үшін оның ақыл-ойының діни көзқарастардан мүлдем тәуелсіз болцында еді. XIX ғ. Классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық бастама––рухтың, ақыл-ойдың иесі.....
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады. Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады. Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, "әдемі" де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей.....
Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде. Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі: • адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының мәдени құндылығына қол жеткізуі үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді; • білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді; • Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының жан-жақты дамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде ынтымақтастығының нығаюына мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды. ....
Коммуникация дегеніміз – басшылардың тиімді шешім қабылдауы үшін хабарлар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізуі. Басқару қызметтерінің барлық түрлерін-дегі ақпараттар хабарлар, мәліметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процестері деп аталынады. Әрбір басшы өзі басқаратын ұйымның мақсатына жетуі үшін үш бейнеде көрінеді және басқарудың негізгі төрт функциясын орындайды. Осы мақсатқа жету үшін олар хабарлар, мәліметтермен жұмыс жасайды және олар мақсатқа тура ықпал етеді. Енді ұйымдардағы коммуникациялық процестерді қарастырамыз. Бірінші, ұйым аралық және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастары. Әрбір ұйымдардағы қызметтер жөніндегі жазбалар, телефон арқылы сөйлесу, формальды есептер, видеоленталар, көзбе көз әңгімелесу, кеңестер т.б. қарым-қатынастар байланыстырудың негізгі көзі болып табылады. Ұйымдар сыртқы қоршаған ортамен байланыста болуы үшін бірнеше құралдарды қолданады. Потенциалды тұтынушылармен болатын байланыстар олардың жарнамаларды және тауарларды базарға өткізулері арқылы қоғаммен байланыстары, олардың халықаралық және ұлттық деңгейдегі бейнесі көрінеді. Өзінің бір жылдық есептерінде әрбір ұйым өздерінің қаржысы, маркетинг жеңілдіктері, орналасу т.б. туралы мәліметтер береді. Екінші, бөлімшелер мен деңгей арасындағы байланыстар, тік байланыс шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар жоғары деңгейден төменге келіп түседі немесе бәсеңдеп түсуі мүмкін. Осы арқылы туралы хабарланады. Мысалы, өндірістің вице-президенті зауыт басшысына өнім өндірудегі өзгерістер туралы хабар береді. Ал ол өз кезегінде бұл хабарды төменгі буынға болуы мүмкін өзгеріс ерекшеліктерімен қоса жеткізуі тиіс. Ұйымдарда жоғарыдан төмен байланыстар болып қана қоймайды, сонымен бірге, төменнен жоғары көтерілуші хабарлар да болады. Мысалы: банк маманы жаңа қосылған ЭВМ-ның клиенттерді көп күттіретінің өз басшысына айтуы керек. Төменнен жоғары көтерілетін байланыстар – жоғарғы буындарды төменгі буындарда болған жағдаймен таныстыру немесе хабардар ету. Бұл байланыс әдетте есеп беру, ұсыныс жасау, ьүсініктеме хаттар жазу түрлерінде жасалынады. ....
КІРІСПЕ Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деәгеидегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің каржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Бухгалтерлік есеп - экономиканың білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны ссепке алынады, каржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды. Қазіргі заман бухгалтерлері - бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара - білуі тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құкықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс. Осы тақырып негізінде Казақстан Республикасы бухгалтерлеріне, экономикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне төмендегі тақырыптарды оқып түсінуге мүмкіндік береді:....
Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология сөзін Естественная история происхождения атты өзінің кітабында ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест Геккель 1968. Экология ойкос деген грек сөзі, үй, баспана ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша, экология – зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық орта мен өзара қатынасты зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың орта мен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы. Көптеген ғалымдар әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасы мен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты. Сонымен, экология – тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10 – 15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көз – қарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылды, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануаорлар, өзен – көлдер, теңіздер адамның жабайы, рақымсыз іс - әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері (химия, мұнай, көмір, АЭС т.б.) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық – түлік, ет – сүт тағамдарының қалдық – қоқыстары іріп – шіріп бұзылуынан түрлі бактериалардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына көптеген зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды. Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға зарарлы әсер ететін екі факторды атауға болады; жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс - әрекеті. ....
Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.
✅ 1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.
✅ 2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады. ......
Жошы хан — Шыңғыс ханның үлкен үлы, моңғол крлбасшысы. Алтын Орданың негізін салушы. Шешесі — коңырат тайпасының қызы Бөрте. Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте түтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан өйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен түтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның үлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды. ....
Қазақ КСР-нда акционерлік қоғамдар 1991 жылдан бастап құрыла бастады. Бұған негізгі түрткі болған 1990 жылдың 11-желтоқсанында “Қазақ КСР-нда шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы” деген атпен қабылданған Заң болатын. Осы заңның негізінде түрлі заң актілері, атап айтар болсақ, “Қазақ КСР-ндегі кәсіпорындар туралы”, “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” қабылданды. Осы аталып отырған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасында акционерлік қатынастардың құлаштап дамуына жағдай туғызды. Акционерлік қоғамдардың нарықтық заманда кеңінен етек жаюына мемлекеттік мүлікті жекешелендіру процесі де өзінің үлкен үлесін қосты. Акционерлік қоғамдар туралы Заңнан басқа акционерлік (корпоративтік) заңнаманың қатарына “Бағалы қағаздардың нарығы туралы”, “Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңдарды толығымен жатқызуға болады. Түрлі мемлекеттерде олардың құқықтық базаларының ұқсастығына қарамастан, акционерлік қоғамдар үшін берілетін анықтамалар түрліше болып келеді. Бір топ авторлардың айтуынша “акционерлік қоғам дегеніміз – бұл капиталды шоғырландыру және акциялар мне облигацияларды сату жолымен құралатын капиталы құрылатын үлкен корпорациялардың негізгі ұйымдық нысаны болып табылады. Ендігі бір топ авторалардың пікірлерінше, “акционерлік қоғам – бұл капиталы акционерлік қоғам құрылтайшыларының қаражаттарын біріктіру жолымен және акциялар мен облигацияларды сату жолымен құралатын қоғам болып табылады”. “Акционерлік қоғам – бұл кәсіпорынның бір ұйымдық құқықтық нысаны болып табылады. Олар ақшалай қаражатты шоғырландыру жолымен және пайда табу мақсатында акцияларды сату жолымен қаражатты орталықтандыруды жүзеге асырады” деген де ойлардың кездесетінін айту орынды. ....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі 1-сабақ Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.5 тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының өзгеруін түсіндіру; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар жасай алады: Тіршілік ортасында құрғақшылық, су тасқыны, батпақтану болатынын біледі. Оқушылардың көбі жасай алады: Жануарлардың тір¬шілік ортасының жағдайының өзгерісіне байланысты олардың саны да өзгеретінін түсінеді. Оқушылардың кейбірі жасай алады: Тіршілік ортасы жағдайларының өз¬геруіне байланысты кейбір жануарлардың саны ар¬татынын, ал кейбірлерінің саны азаятынын түсінеді.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің туған өлкем Сабақ тақырыбы: Дереккөздермен жұмыс. Сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау.Ескерткіштер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.2.9.1 Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу. Сабақ мақсаттары: Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу......
Фармакологиялық заттардың көптеген топтары нигростриалды, мезолимбиялық және туберофундибулярлы жолдары бар дофаминергиялық жүйеге әсер етеді.Қозғалыс белсенділігінің орталық реттелуі, мінез құлық және психикалық қызметтер, бірқатар гипофизарлық гормондардың өнімі, құсу орталығының қызметі дофаминергиялық жүйенің жағдайына тікелей байланысты.Дофаминергиялық жүйенің реттелуі пост және пресинаптикалық дофаминдік ( D) рецепторлар арқылы іске асырылады.Пресинаптикалық дофаминдік рецепторларды қоздыру жүйке ұштарынан дофаминнің синтезі мен босап шығуын төмендетеді. Дофаминдік рецепторлардың 2 тобы бар : D ^1 –рецепторлар көбінесе постсигаптикалық тежелулер шақырады. Олар G^1-белоктарымен байланыста. Аденилатциклазаны ынталандырып, цАМФ-тың мөлшерін жоғарлатады. Бұл рецепторлар G^і/о-белоктармен байланыста. Аденилат циклазаны тежейді. Сонымен қатар, олар К+-өзекшелерін белсендіріп, Са2+-өзекшелерін тежейді. Қолданып жүрген дәрілік заттардың ішінен дофаминдік рецепторлардың тежегіштері ретінде және дофаминергиялық жүйені белсендендіретін (паркинсон ауруында қолданылатын заттардың бірқатары акромегалияда өсу гормоны мен пролактиннің өнімін төмендететін дофаминомиметик бромокриптин) заттарда болады. Паркинсонизмді емдеуде қолданылатын дофаминдік рецепторладың ынталандырғыштарына бромокриптин (парлодел) жатады. Химиялық құрылымы бойынша бұл қастауыш алколоидты эргокриптиннің жартылай синтетикалық туындысы. Дофаминдік D^2-рецепторларының агонисті болып табылады. Паркинсонға қарсы айқын белсенділігі бар. Бромокриптинге тән әсерлерге, сондай-ақ пролактин мен өсу гармонының өнімін төмендету жатады. Ішке қабылданады. Асқазан ішек жолдарынан шамамен 30% сіңеді. Бірталай бөлігі бауыр тосқауылынан бірінші рет өткенде ыдырайды. Қанның сары суында максималды концентрациясы 1,5-3 сағат жиналады t^1\3 сағат. Бромокриптиннің айтарлықтай бөлігі биотрансформацияға ұшырайды. Шығуының негізгі жолы өтпен ішекке түсу арқылы. Бромокриптин,ереже бойынша, леводопамен жұптастырылып қолданылады.....
Пәні: Дүние жүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Реформация Сабақтың тақырыбы: Мартин Лютердің Виттенберг қаласындағы наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.1 – адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау; 7.2.1.2 – тарихи процестердің контекстінде «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютеранство», «кальвинизм», «контрреформация», «кезуиттер ордені» ұғымдарын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Реформацияның ұғымын, әртүрлі елдердегі реформацияның ерекшеліктерін, Германия және өзге еуропалық елдер үшін реформацияның салдарларын білу......
Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөнінде заңдарын, Жер Кодексінде бейнеледі. Қазақстанньң Жер Кодексінде жер республиканьң айрықша меншігі деп танылды.Жерді иелену және пайдалану үшін ақы төленуі керек. Бұл ақы жер салығы ретінде қарастырылады. Жер салығының мақсаты-экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді -сақтау, құнарлылығын арттыру, территориялардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау. Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмас еді. Меншік салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады. ....
Туберкулез созылмалы инфекциялық сырқат, ол өкпеде және басқа ағзаларда тек өзіне тән морфологиялық өзгерістердің дамуымен сипатталады. Туберкулез латынша-tubercula-төмпешік, бұдыр деген мағынаны білдіреді. Осы аурумен сырқаттанған кісілерді ашып көргенде өкпесінде әртүрлі төмпешіктер табылған. Туберкулез қазіргі күнге дейін кең тараған жұқпалы аурулардың бірі болып отыр, оның Қазақстан Республикасы үшін маңызы өте зор. 1993 жылы Қазақстанда 100000 халыққа шаққанда көрсеткіш165,1 жетті. Халықаралық ұйымдар мәліметінше 100000 адамның 50 адам ауырса, бұл ауру эпидемия болып саналады. Тек 2002 жылы Қазақстанда туберкулезден 3592 адам өлген. БДҰ мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі туберкулезбен аурушылар саны 15-20 млн. Әр жылы туберкулезден шамамен 3 млн. Адам өледі.
Этиологиясы. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет француз дәрігері Вильман (1865) анықтаған болатын. Ол теңіз шошқалары мен үй қояндарына туберкулезден өлген адамдардың ағзаларынан алынған материалды егіп, осы жануарларда туберкулезге тән өзгерістер дамитындығын көрген. 1882 жылы Р.Кох науқас қақырығынан туберкулез қоздырушыларын тапты. Микробактериялардың адамда, ірі қара малдарда, құстарда және салқын қандыларда туберкулез қоздыратын түрлері бар. Адам туберкулезін осы бактериялардың ьбірінші және екінші түрлері қоздырады. Инфекцияның қайнар көзі науқас адам. Ауру негізінен тыныс жолдары арқылы да жұғады. Тамақ арқылы да жұғуы мүмкін. Қазақстанның солтүстік аймақтарында және Батыс Сібір ірі қара мал арасында туберкулездің кең таралуына байланысты осы аурумен ауыратындардың 10-20 %-на туберкулез жоғарыда айтылған алиментарлы жолмен жұғады. Кейбір жағдайларда кәсіпке байланысты туберкулез организмге жарақаттанған тері арқылы өтеді. Өте сирек жағдайда анадан бала жолдасы арқылы балаға өтуі мүмкін.
Патогенезі. Туберкулез патогенезі макро- және микроорганизмнің өзара қарым-қатынасына байланысты. Микробактерияның вируленттігінің, оның организмде көп мөлшерде түсуінің маңызы зор болғанымен де организмнің иммундық жағдайда шешуші рөлді атқарады. Организмнің қорғаушы күштерімен микроорганизмнің патогенді арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда ғана туберкулез дамиды. Кейбір жағдайларда туберкулез микробактериялы жергілікті өзгерістер шақырмай-ақ организмге енуі мүмкін. Бұл күйді латнтті микробизм деп атайды. Клиникада ол туберкулез интоксикациясымен көрінеді. Егер организмнің реактивтігі жеткілікті болса, туберкулез микробактериялары бүтіндей жойылып, ауру әрі қарай дамымайды. ....
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығын гидрометеорологиялық қызмет жасау Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады. Республикамыздың ауыл шаруашылығына агрометеорологиялық қызмет жасаудың дамуы тыңайған жерлерді игеруді бастаумен (1954 жылы) сәйкес келеді.....
Ассалаумағалайкум, Қара теңіз, Әкелді бізді сізге мінген поезд. Дүниенің сен бір жатқан ұжмағысың, Теңізің - меруерт, маржан, тауың - мейіз. Атақты алып дария шалқып жатқан, Тұнжырап Азияны салқындатқан. Тепсініп телегейің қара ала боп, Жынданып күнің екен толқып жатқан......
Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады.Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: «Солтүстік-Оңтүстік », «Солтүстік-Солтүстік »,«Оңтүстік-Оңтүстік ». «Солтүстік-Оңтүстік » жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді,мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түолерін шетке шығарады да,техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі. Өзара қарым-қатынастар дың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік » жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған. Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады: -сыртқы сауда саясаты жөнінде; -халықаралық сауда саясаты жөнінде. Сыртқы сауда саясаты дегеніміз – мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі. Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық сауда және беақа да топтардың мүдделерінің көрінісі. Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделеген: еркін сауда және протекционизм. Осы шараларды іске қосудың уақытша параметрлері бойынша барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді,яғни бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан;ал кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды. Мысалы, Оңтүстік Корея,Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар жасады,ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды. Осылайша,көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де,дамудың экстенсивті жолдарын таңдады(Аргентина),бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды. Мысалы,қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі. Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған,яғни дамушы әлем,әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне –ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс. ....
Өткен заманда Әдбілхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты. Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып, алып кетерсің»,—дейді. Сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, неше рет айдап жүргенде шықпас па еді? Ол алтын—сенің несібең, өзің ала бер»,—дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп. Екеуі таласып, Әбділхамит деген патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуін де сұрап: «Бұл екеуі де ділләні алмаса, жерден шыққан алтында кім алады?»—деп, уәзірлерінен сұрады. Сонда бір уәзір тұрып айтты: «Бұл жерден шыққан алтын патшаның несібесі болса керек»,—дейді. Сонда патша айтады: «Құдайдан қорықпаған адам екенсің, жер сатқан алмайды, жер алған алмайды, мен алып, менің қай ата-бабам көшіп қонып еді!»—деп әлгі уәзірді қуып жібереді. Сонда екінші бір уәзірі айтқан: «Жер сатқан мен жер алғаннан сұраңыз, ұлы-қызы болса, бірін-біріне некелеп қосып, алтынды ұл мен қызға берсін»,—дейді. Сонда патша сұрады: «Қайсыңда ұл бар, қайсыңда қыз бар?»,—деп. Жер сатқан «ұлым бар», жер алған «қызым бар» деді. Екеуінің де баласын шақыртып алып, қызды ұлға неке қылады.....
Турбо-Прологта тізім деп аталатын байланысқан объектілер қолданылады. Тізім дегеніміз- бірінен соң бірі келетін, реттелген объектілер жиынтығы. Тізім құрамы бір-бірімен байланыста болғандықтан олармен топ бойынша да(бүкіл тізім), жеке объект(тізім элементтері)түрінде де жұмыс істеуге болады. Турбо-Прологта тізінің көмегімен бірнеше операцияларды орындауға болады. Олардың қатарына төмендегідей операциялар кіреді: • Тізім объектілеріне еркін кіру; • Тізімге жататындығын тексеру; • Тізімді екіге бөлу; • Тізім элементтерін өсу және кему реті бойынша сұрыптау. Тізімдер деректер базасын, эксперттік жүйелерді, сөздіктерді т.б. жасағанда өте қажетті және маңызды болып табылады.Тізім бір домендік типтің объектілер жиынтығы болып табылады. тізімнің объектілері болып бүтін және нақты сандар, символдар, символдық жолдар және структуралар табылады. Элементтердің орналасу реті тізімнің ерекше белгісі болып табылады; тура сол элементтерді басқа тәсілмен орналастырсақ , онда ол басқа тізім болып саналады. Салыстыру барысында рет маңызды роль атқарады. Тізім элементтері тік жақшаға ( [ ] ) алынып жазылады және элементтері бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Тізім ретінде мыналар алынуы мүмкін: [1,2,3,6,9,3,4] [3.2, 4.6, 1.1, 2.64, 100.2] [“YESTERDAY”, “TODAY”, “TOMORROW”] ....
Есугей елесі Мен әкеңмін. Есугеймін... Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған. Мен әкеңмін... Әлде мүлдем өшірдің бе санаңнан? Шыңғыс хан ( таңдана) О, Тәңірім, өңім бе бұл, түсім бе? Тұрғандаймын қалың тұман ішінде. Тірлік неткен түсініксіз майдан бұл?....
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдардың басы адамзаттың даму тарихында үлкен зор дүбірлі өзгеріспен басталады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы алдында өзінің барлық экономикалық әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндетті тұрды. Осы кезде еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісі топтың әкімшілік басқару жүйесінен, нарықтық қатынас даму моделіне өту болды. Бұл жүйелік өзгерістер 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1994 ж. Азаматтық кодексінде орын тапты. Сонымен Қазақстан қоғамының үш секторы құрылым заңдастырды. Нәтижесінде біздің елде заңды түрде үш сектор айқындалды. Олар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес сектор. Соңғы коммерциялық емес сектордан Үкіметтік Емес Ұйымдар саяси беделін көтеріп аяғына нық тұра бастады. Демократияның негізгі көрінісі ретінде Үкiметтiк Емес Ұйымдар қоғамда маңызды орын ала бастады. Қазіргі таңда бұл сектордың дамуы белсенді түрде жүріп жатыр. Азаматтық қоғамның негізгі элементі, еліміздің тұрақты саяси дамудың кепілі болып саналады. Халықтың негізгі әлеуметтік мәселелерімен айналысатын бұл сектор өз жұмысында мемлекеттен гөрі, жаңа методпен қатар мәселені шешілуде иновациялық технологияны пайдаланады. Мықты азаматтық қоғам құру тікелей Үкiметтiк Емес Ұйымдармен байланысты. Саяси даму динамикасы мен саяси процеске ықпалын тигізетін бұл қоғамның негізгі құрылымын бөлшектеп зерттеуді қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда мықты азаматтық қоғам құру басты ахуалдың бірі. Біздің еліміздегі олардың пайда болу тарихы, қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметін орын анықтаумен бұл сектордың жүйелі түрде зерттелуі өзекті мәселенің бірі болып табылады. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл тақырып отандық және шетелдік зерттеушiлермен қатар ерте грек қоғамының ойшылдармен зерттелген болатын. Сонымен қоса әлемдік саясаттану ғылымының атақты өкілдері өз үлесін қосты. Азаматтық қоғамның зертелуі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болып табылады. Азаматтық қоғам туралы жалпытеориялық пен методологиялық дамуын қарастырғандар ішінен атап кететін зерттеушілер Друкер П. (1), Казаков О. (2), Либоракина М., Якимец В. (3) Қазақстанның зерттеушілері «үшінші сектор» мәселелерін, қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтік, саяси ықпалын анықтауға үлкен үлес қосқандар ішінен, Абишев К.А. (4), Аяған Б.Г. (5), Байдельдинов Л.А. (6), Машан М.С. (7), Джунусов А.М. (8), Мухамедов М.Б. (9), Кушалиев Г.А. (10), Жусупова А.Д. (11) және т.с.с. Үкіметтік емес сектор туралы ҮЕҰ-дардың белсенді жетекшілерінің еңбектері құнды болып келеді. Оларды атайтын болсақ олар В.Сиврюкова (12), қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы қаласы бойынша басшысы, Думбаев А. (13), Франц И. ҮЕҰ-дардың пайда болуың, оның тарихы жөнінде «Спектор развития» мерзімді басылымының редакторы И.Франц еңбегі мол. Бұл мерзімді басылым түгелімен азаматтық қоғам құру мәжілісі мен ҮЕҰ-дарға қатысты болып келеді. Азаматтық қоғам мәжілісі бойынша алғашқы ойларын грек қоғамының өкілдері бiлдiрген болатын. Олар Платон (14), Аристотель (15), Антика әлемінің зерттеушiлері сол тұжырымдарды зерттеп, өз зерттеулер жазған ішінен Утченко С.Л. (16), Кнабе П.С. (17) жатады. Азаматтық қоғам теориясын қалыптастырудағы айырықша орын алатын кезең Европаның жаңа заман мектебінің өкілдері Дж Локк (18), Гоббс Т. (19), Г. Гегель (20) жатады. Қазақстандағы азаматтық қоғам методологиялық пен теориялық жағынан зерттеулер де аз емес. Олар, ең біріншінің ел басшысы Н.А.Назарбаевтың еңбектері жататынын айтып кетуіміз жөн (21). Сонымен қоса Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының зерттеушілері азаматтық қоғам мәселесіне байланысты «ANALITIC» деп аталатын мерзімді басылымда көптеген мақалалар жариялаған. Деректік базасына келетін болсақ, олардың ішінен ел басының халыққа әр жыл сайын жолдаулары, заңды актілер, Үкіметтік Емес Ұйымдардың бағдарламалары, азаматтық формуда сөйлеген баяндамалары ғылыми жұмыс жазылу барысында дерек көзі ретінде пайдаланды. Тақырыптың мақсаты мен міндеті: осы ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында алдыма қойған мақсаттарым: 1. Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы 2. Азаматтық қоғамдағы еріктілік 3. Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы Ғылыми жұмыстың міндетіне осы алдыма қойған мақсаттарымды жан-жақты зерттеп, толығымен жүзеге асыру. ....
Мемлекеттік бюджет - жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтьң материалдық әл - ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толыктырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша мынадай жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар енгізілді: Әлеуметтік салық: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 17 сәуірдегі "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндатті төлемдер туралы" заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес әлеуметтік халықта бұған дейінгі жол салығы және әлеуметтік қамсыздандыру алымы бойынша салық алымдары мен төлемдерінің есептеу тәртібі қарастырылған. Әлеуметтік салыктың ерекшелігі - оның салық салу объектісі еңбекақы төлеу қоры болып табылады. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді, оның ішінде: әртүрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер......
Репо операциясы қазақстандық коммерциялық банктер үшін бағалы кағаздармен жүретін жаңа бір операцияның түрi болып табылады. Бiрақ бұл операциямен тек қана коммерциялық банктер ғана емес, сонымен қатар қор нарығының қapжылық компаниялары мен басқа да заңды тұлғалар айналысып жүр. Репо нарығы, қор нарығындағы қиындықтарға қарағанда да, дамуының объективтi алғы шарттары бар. Репо операциясы маңызды макроэкономиқалық ұғымға ие, яғни банктiк жуйенің отімділiгiн басқарғанда олардың қолданылуы. Репо операцияларын қолдану өте қажеттi, себебi ашық нарықтағы операциялар көлемi ұлғаяды және қажеттi максаттарға жетуде шығындар аз болады. Коммерциялық банктердiң уакытша бос ресурстарын төменгi тәукелмен орналастыруға, ал Ұлттық банкке туындаған толқындарды төмендетудi оңтайландыруға мүмкiндiк бередi. Репо – екi бөлiмнен тұратын қаржылық операция. Келiсiм шартқа қатысушы бiр жақ бағалы кағаздарды екiншi жаққа сатады және тура сол уақытта қайта сату мiндеттемесiне сай келетiн кайта сатып алу мiндеттемесiн өзiне екiншi жақ алады.Бағалы кағаздарды қайта сатып алу, басында сатылған бағадан ерекшеленетiн бағамен жүзеге асады. Бағалар араcындағы айырмашылық репоның бiрiншi бөлiмiндегi бағалы кағаздарды сатып алушы болып келетiн жақтың алатын пайдасы болып келедi. Тәжірибеде сатушының пайдасы реподағы мөлшерлеменiң көлемiмен анықталады, бұл репо операциясының басқа қаржылық операциялардан өткiздiру тиiмдiлiгiн анықтауға мумкiндiк бередi. Керi репо тура сол келiсiм шартты бiлдiредi, бiрақ репоның бiрiншi бөлiмiндегi бағалы қағазды сатып алушы жағынан қарастырғанда. Репо операциясы жақтар арасында келiсiм шарттың жасалуы негiзiнде жургiзiледi. Репо операциясын жургiзгенде репоның бiрiншi бөлiмiнде сатып алынған қағаздардан ерекшеленетiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу жағдайы да қарастырылады, яғни басқа бағалы кағаздармен орнын ауыстыру мүмкiндiгi. Егер келiсiм шартта бағалы қағаздарды ауыстыратын қағаздар белгiленiп және олардың сипаттамасы көрсетiлсе, онда орын ауыстыру құқығы өз күшiне енедi. ....
КІРІСПЕ Адамзат тарихтың шешуші кезеңінде. Қалыптасқан дамудың сипаты мен табиғат арасындағы қайшылықтар шегіне жетті. Осы бағытта одан ары қарай жүру ғаламдық опатқа әкеледі, сонда табиғат адамзатқа өзін қорлағаны үшін жауабын ғаламдық өзгерістермен – климаттың өзгеруімен, шөлдермен, жердің тақырлануымен, атмосферадан қауіпті ультракүлгін сәулелердің өтуімен, індеттермен және аштықпен береді. Табиғат пен оның объектілері (ауа, теңіздер, ормандар, жануарлар, космос, және т.б.) адамзаттың ортақ жетістігі болып табылады. Оның қорғалуы мен тиімді пайдалануында бүкіл әлемдік қауымдастық мүдделі. Табиғатты қорғау жене оның ресурстарын тиімді пайдалану – заманның жаһандық проблемасы. Бұл проблеманың шешілуінің негізгі шарттары: бүкіл әлемде бейбітшіліктің сақталуы және қарусыздандыру, мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсінушілік; табиғатқа қатысты барлық мемлекеттердің бірдей саясат жүргізуі және өз территориясында табиғатты қорғаудың барлық шараларын қолға алуы, әсіресе табиғатты қорғау заңнамасының дамытылуы; БҰҰ шеңберінде және жергілікті негізде жүзеге асырылатын қоршаған ортаның халықаралық қорғауға арналған барлық акцияларға барлық мемлекеттердің белсенді қатысуы, табиғаттың жекелеген, нақты компонеттерін қорғауға арналған халықаралық келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы және қоршаған ортаны қорғаудың бірдей келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы – халықаралық экологиялық қауіпсіздіктің негізгі қайнар көзі ретінде. Қазіргі таңдағы орасан зор маңызды проблема – ол мемлекеттерді көп жақты әріптестікке қайта оралу қажеттілігіне сендіру.....