Көпклеткалы жануарлар организмдерінің органдары мен ұлпаларының Құрамындағы клеткалардың өзара байланысы клеткааралықбайланыс деп аталатын күрделі арнаулы құрылымдар құрайды.Қабат құрайтын
клеткалар ерекше құрылымдарды құрамастан өзара байланысады.Мұн- дағы клеткалардың байланысы жай байланыс арқылы қамтамасыз еті- леді.Екі клетканың плазмалеммаларының арасында 15-20 нм клеткаара- лық кеңістік болады. Жай байланыстан басқа клеткаларды өзара байла- ныстырып бекітетін арнаулы құралдар болады.Ол құлып деп аталатын құрылым.Бұл әдісті бір клетканың плазмалық мембранасы екінші клет- каның мембранасының ойысына сәйкес келетін өсінді құрайды.Құлып тәрізді немесе тісті байланыс эпителиальдық ұлпаларда көп кездеседі. Тығыз байланыстар.Екі көршілес клеткалалардың плазмалық мембранала ры мейлінше жақындап , бір-біріне жабысып,қалыңдығы 2-3нм бір жалпы қабат құрайды. Байланыстың аймағы макромолекулалар мен иондарды өткізбейді.Тығыз байланыс ми капиллярларының эпителий- лік клеткаларының арасында ми клеткаларына қаннан заттардың еркін диффузиялануына кедергі болып гемато-энцефальдық тосқалыл құрай- ды.Тығыз байланыс клетканың апикальдық жиегінде болады. Десмосомалар- эпителийлік клеткалардың көбіне тән. Десмосома грекше десмос –байланыс, сома- дене, ара қашықтықтары 30-50 мкм екі көршілес Клеткалардың плазмалық мембраналарының диаметрі 0,5 мкм-ден екі дөңгелек немесе сопақша участоктерінен түзілген .Мембрананың астын- да клетканың ішінде орналасқан тонофибриллалар бекитін тығыз пласр- тинка болады. Тонофибриллалар тірек қызметін атқарады. Көпшілік Жағдайда жанасатын клеткалардың десмосомалары бір-біріне тығыз беттеспейді, арасында сұйық ағатын клеткааралық кеңістік болады.Элек- трондық микроскопта десмосома аймағы көршілес клеткалардың плаз- малық мембраналарында орналасқан күңгірт дақ болып байқалады. Десмосомалардың функциясы –клеткаларды өзара бекіту. Саңылау тәрізді байланыс,нексустар.Клеткадан клеткаға химиялық зат- тарды тікелей жеткізуге қатысатын құрылым.Көршілес клеткалардың мембраналары коннексондар деп аталатын құрылымдармен байланысқан. Коннексон- ортасында ені 2нм каналы бар,молекулалық массасы 20мың- дай коннектин белогінен тұратын цилиндр тәрізді агрегат. Саңылау тәрізді байланыстың зоналарында клеткалардың функциялық ерекшелігіне байланысты 10-20-дан бірнеше мыңға дейін плазмалық мембрананы тесіп өтетін коннексондар болады. Коннексондар иондар мен төменгі молекулалы заттардың бір клеткадан екінші клеткаға өтетін клеткааралық каналдардың міндетін атқарады. Синапстық байланыс. Байланыстың бұл түрі нерв ұлпасына тән.Екі нейронның арасында және нейрон мен рецептор немесе эффектор ара- сында кездеседі. ....
XV-XVIII ғасырлардағы поэзиямыз өзінің барша сәбилік, балаңдық болмысымен, халқымыздың бай фольклорымен бірге әдебиетіміздің кейінгі кезеңдері үшін бастапқы бұлақ арнасы қызметін атқарды. Мұндай халқымыздың бірнеше ғасырлық көркемдік, поэзиялық тәжірибесі жинақталып, іріктеліп, сан ұрпақтың ақыл-ойы арқасында ауызша өмір сүріп біздің дәуірімізге жетті. Қазақ поэзиясының алыстағы бұлақ-бастаулары алғашқы шығармалар біздің заманымызға көбіне көп толғау арқылы жетті. Бұл оның ауыз әдебиетінен жеке авторлар творчествосының ұзақ бөлініп шығу процесі бойына бірден-бір көркемдік түр ретінде белсенді қызмет атқарғанының белгісі. XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы әдеби тілді сипаттайтын мұраларға ақын-жыраулардың шығармалары жатады. Қазақ жеріне келіп жатқан көптеген саяси, әлеуметтік, мәдени шаруашылық өзгерістермен байланысты рухани байлықтың, мәдениет өндірісінің құралы болып табылатын ана тілдің, әдеби тілдің өресі өркендеп, шоқтығы биіктей түсті. Ол, ең алдымен, сол тұста жыраулар мектебінің шарықтау биікке көтерілуімен, олардың алдында ел қорғау, халық бірлігі, отанды сақтау мәселесінің тікелей күн тәртібіне қойылуымен байланысты. Бұқар жырау сияқты ел қамын жеген, халық данасы болған қайраткердің дүниеге келіп, қиын кезде ел басқарған адамдарға адал, әділетті, көреген ақылшы бола білуіне де тікелей қатысты. Бұқар жырау өткен өмірге ынтық болып, соны көксеп, өкси жыламай да, одан біржола безбей де, әдебиеттің де, мәдениеттің де, қоғамдық ойдың да рухани қазынасын жақсы игеріп, оны жаңа заманға жалғастыра отырып, келешегін көрегендікпен болжай, бағдарлай білді. «Бұқар – халықтың өнеге-оқуы – дидактикалық поэзия мен азаматтық поэзияның жыршысы...» Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардан басталған азаматтық поэзияны тақырып әр түр жағынан жетілдіріп, кемелденген поэзия үлгісін жасады. Поэзияның өз дәуірі мәселесіне араласып, жалпы халықтық ой-пікірдің, заман тынысының көрінісі ретінде қоғамдық құбылысқа айналуына зор ықпал етті. Жырау шығармаларының, толғауларының шоқтығы биіктігі ойды көркем де образды етіп, айналадағы болмысқа, өмір шындығына негіздеп беруінен байқалады. Мысалы, жиырма жасты ағып жатқан бұлаққа, отыз жасты жарға ойнаған лаққа, қырықты ерттеп қойған құр атқа, елуді көшкен елге, алпысты қайғылы мұңлы күнге, сексенді қараңғы тұман түнге, тоқсанды ажалға, тоқсан бесті торға, өрге, шөлге теңеуінде көшпенді елдің, сахара даласының өз шындығы, өзінше философиялық даналығы бар. Ол теңеулер сол тұстағы әлеуметтік өмірдің алаулаған қызуы мен шөге бастаған салқынын көз алдыңа анық елестетеді. [7, 165] Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды. Жыраудың ең сүйікті жанры – толғау. Толғау, осы сөздің өзінен көрінетіндей, толғану, толғаныс деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы бар.
Осы орайда, толғаудың тууы мен өмір сүруі, дамуы жайында белгілі ғалым, әдебиетші Әнуарбек Дербісәлин мынадай анықтама береді: «Мұны зерттеу екінші жағынан қарағанда жалпы жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен бөлініп шығуы мен өзіндік өсу жолына да зер салу, содан ой қорытындылау сияқты. Жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен ұзақ бөліну процесінде туып, өлшеусіз көп қызмет атқарған толғау жанрының негізгі төркінін оның сол шыққан арнасынан – ауыз әдебиетінен іздеуге тиіспіз. В.Белинскийдің айтуына қарағанда, әдебиеттің органикалық дамуында бар құбылыс бір-бірімен сабақтас өмір сүреді, олардың араларында тарихи жанды байланыс бар. Яғни, жаңаның өзі ескіден туады, кейінгі нәрсе өткендегімен танылады, еш нәрсе кездейсоқ емес. Қазақ ауыз әдебиеті жанр жағынан мейлінше бай. Осы бай әдебиеттің ішінде толғау қай жанрға жақынырақ, ол оның қайсысынан бөлініп шығуға лайық деген мәселеге келер болсақ, ең алдымен батырлар жырын айтуымыз керек. Мұның екі түрлі басты себебі бар. Ең алдымен толғау өзінің бүкіл тарихы бойына өлеңдік түрі жағынан, негізінен, жырға ұқсас болса, екіншіден мазмұны жағынан да сол жырдан, әсіресе, батырлар жырынан алшақ кетпейді, көбіне-көп елдік, ерлік тәрізді қоғамдық, әлеуметтік маңызы зор мәселелер негізінде туып, өріс алды. Екеуенің арасындағы айырма мынау: бірінде аталған мәселелер жеке адамдарға олардың іс-әрекеттеріне байланысты, белгілі бір сюжеттік линияда көрінсе, екіншісінде автордың өмір, дүние, адам жайындағы ойлары жан тебіреністері арқылы, тура бастапқы қалпында көрінеді. Мұның аты – батырлар жыры мен толғауға негіз болған қоғамдық үлкен мазмұн біреу ғана, тек екеуінің көркемдік жолымен дәлелденуі, тыңдаушысына жеткізілуі ғана екі түрлі деген сөз. Қазақ арасында кең тараған эпикалық жырлардың біразы ХІІІ-ХІV ғасырларда туса немесе сол тұстағы оқиғаларға байланысты бола тұрып, сәл кейін дүниеге келсе, толғау жанрының алғашқы нұсқалары ХV ғасырдың орта тұсынан бермен қарай белгілі бола түскені мәлім. Демек, хронологиялық жағынан алғанда да батырлар жырының толғауға негіз болуында айтарлықтай қайшылық жоқ. Бұл арада ескеретін тағы бір мәселе – толғаудың Асаннан да бұрын өмір сүруі және сол ежелгі үлгілердің біздің заманымызға жетпеуі ықтимал. Біздің топшылауларымыз бүгінгі таңда қолда бар шағын әдеби деректердің негізінде жасалып отыр – дейді. [3, ] Оқырман жұртшылықты ойландыратын бір мәселе бар. Ол ақын-жыраулардың шығармаларына толғау тақырыбы қайдан берілді. Неге мұны толғау деп атаймыз? Осыған тоқтала кетсек. Толғау сөзіне Ә.Дербісәлин мынадай анықтама береді: «Толғау» деген сөз қайдан шыққан? Бұл атау әуел баста «толға» (немесе «толғап жібер») деген бұйрық рай түріндегі етістіктен шыққан (мұның өзі екі түрлі компоненттен – «тол», «ға» - құралған). Түрі жағынан да, атқарған қызметі жағынан да мұның кәдімгі «сөйле» деген бұйрық рай етістігінен ешбір айырмасы жоқ. Айырма тек оның ақындық өнері бар адамға арналуында. «Толға» дегенде, «жырла» не «жырлап жібер» деген ұғым туады. Яғни, «толға» дегенде қара сөзбен сөйлеу мүлде ұғылмайды. Сол толғаған тұста айтылып, кейін жатталып кеткен жырларды атау үшін оны заттандыру қажет болғанда «толғаға» «у» қосу арқылы жаңа сөз жасалған. Тіліміз үшін атау сөз жасаудың бұл түрі табиғи құбылыс ( мысалы «ата» (бұйрық рай) + «у» - «атау», «еге» + «у» - «егеу», т.б. Профессор Қ.Жұбанов та «толғау» атаулының «толға» дегеннен шыққанын көрсете келіп: «тол» деген түбірден «толқын» сөзі жасалған, түрікмендерде толқынды «толға» дейді. «Түрікмендер жырламақ, толғамақ дегенді «долломақ» дейді, «доло» қазақшалап айтқанда «толғау деген сөз», - дейді. Осының қайсысы да «толғау» атауының ауызша шығарылған өлең туындыны алғаш орындағанда да, кейін жаттап ап сақтағанда белгілі әуен арқылы жүзеге асу заңдылығын айқындай түседі. Толғау өлеңді ауызша әуенмен шығарып, әндетіп айтатын елде ғана туып, дамыған жанр деуге болады. Оның сахналық сипатының молдығы да содан. Жазба әдебиеті өріс алған елде мұндай өнер түрінің болуы мүмкін емес. [3, 102-103] Ал, Ахмет Байтұрсынұлы толғауға мынадай анықтама береді: Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда. Әуезі тысқарғы ғаламның жыры, толғау ішкергі ғаламның күйі деп айырғанымызбен, екі ғаламның ісінің арасында зор іліктік бар нәрсені танығанда, сол тануымыздың өзі екіжақты болады. Әр нәрсені саңлап, санамызға алған уақытта ол нәрселер турасындағы ұғымдарымызға көңіл кіріспей тұрмайды. Адам дүниедегі көрген білген нәрселерін тек байқап, тек пікірлеп, тек саңлаулап қана қоймайды. Ол нәрселермен қатар адамның көңіліне күй жасалады. Адам көрген-білген нәрсенің я ісінің біріне күйінеді, біріне сүйінеді, бірінен сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп тұрған тысқарғы ғаламмен, сезіп тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға келіп түйіскен жерде жыртылып айырғысыз болып бірігеді. Тысқарғы ғаламнан санаға түскен саңлау мен сана жанында тұрған көңілдің күйін бір-біріне қатыстырмай бөлектеп қоюға мүмкін емес. Адамның санасы фотография емес, нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп даамның санасына түскенде, адамның ойында да, көңілін де бірдей оятады. Адамның көңілін оятпаған нәрсе тіпті сезілмей дерексіз өтеді. Бірақ адамның ілтипаты тысқарғы ғаламға, бірде ішкергі ғаламға көбірек ауатын орындары болады. Мәселен, бір нәрсе, яки іс қандай көркем, әдемі болса, сондай оған сүйінеміз. Қанша сүйкімсіз жаман болса, сонша жек көреміз. Ертек тысқарғы ғаламның жыры деп, толғау ішкергі ғаламның күйі деп екіге бөлгенімізде тіпті сорпасы қосылмайтын бөлектік бар деп ұқпасқа керек. [6, 347] Толғау дегеніміз қандай көркем түр? Оның негізгі еркшеліктері неде? «Толғау – қазақ әдебиетіндегі сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру пішіні», делінеді поэзиялық сөздікте. «Қысқаша әдеби энциклопедияда» мұндай да анықтама жоқ. Қазақ әдебиетін зерттеушілердің толғау туралы пікірлері жоғарыдағы анықтамаға саяды. Толғау жанрын іштей жіктеу жайында С.Мұқанов былай деп жазады: «Бүкіл дүние жүзі фольклоры лирикалық және эпикалық болып екіге бөлінеді. Лирикасы – жан сырын шертетін өлең-жырлар, эпикасы – ұзақ өлең жырлар. Қазақ фольклорында осының екі түрі де бар... Ол қазақта: толғау, айтыс, жорық жырлары және қисса деп төртке бөлінеді. Толғау нақыл толғауы, ереуіл толғауы және тіршілік толғауы болып үшке бөлінеді. Нақыл толғауында бұрын соңды болған өнегелі істерді жырлау арқылы замандастарына өсиет айтады». Бұл жіктеуді толығымен қостау, әрине, қиын. Алайда автордың толғаудағы ерлік сипат пен дидактикалық қасиетті атап көрсетуі орынды. Толғау жанрын зерттегендердің қай-қайсысы да оның осы белгілерін әрдайым атап айтып келеді. [3, 103-104] Толғау жанрының табиғаты З.Ахметовтің еңбегінде едәуір тереңдей ашылды. «Толғау» - шындап келгенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға лайықталып шығарылған халықтық лириканың бір түрі, - деп жазады ғалым. - өлеңдердің тирада-тирада боп бөлінуі әсіресе толғауға тән. Толғау халық нақылдарының афористік стиліне жақын және жұтынған, жарқын афоризмдерге бай. Дыбыстық қайталау мен безендірудің өзгешелігі мен молдығы да содан, толғау термедей әзіл оспаққа бара бермейді: мәнді-маңызды мәселелерді сөз етеді... Толғау -өлең түріндегі ой қозғау, толғану. Толғау деген атынан көрініп тұрғандай-ақ шығарманың ойлану, толғану түрінде туатындығын байқатады. Толғау деген сөз эпикалық туындыларда сөйлеу, монолог мағынасында қолданылады. Бұл әдетте эпосқа тән ұзақ та тұтас сөз. Толғау – ақындық поэзияның түрі, мұнда әр ақынның творчестволық ерекшелігі молырақ көрінеді. Сөздің әлеуметтік, азаматтық әуенінің артуы – толғау ерекшеліктерінің бірі. Толғау үшін айтылмақ жайдың өзара байланысты болуы шарт емес, шығарманың тұтастығы мұнда суреттелмек құбылысқа автор қатынасының бүгіндігі арқылы, сондай-ақ, кейбір тұрақты композициялы тәсілдерді қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ойдың өрістілігі, тақырыптың тереңдей ашылуы, лирикалық және эпикалық бастаулардың біте қайнасуы, өмір құбылыстарын мол қамту сияқты қасиеттерінің арқасында толғау халық арасында кең қанат жайып, ең өнімді жанрдың қатарына жетті... Толғаудың жанрлық түр ретінде қалыптасуы халықтың дидактикалық поэзия дәстүрімен байланыста болса керек.» Әсіресе, көне дәуірден келе жатқан толғаудың сипаттары осы сөздерде мол және білгірлікпен қамтылған. Толғау жанрының өлең табиғатына байланысты ерекшеліктері мен әр алуан құбылыстары, жалпы қозғалысы нақты және жан-жақты ашып көрсетілген. Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар «санат-насыят ырлар», құмықтар «ойлы йырлар», башқұрттар «қобайыр» деп атайды. Ноғай мен құмықтың «қазақ йырлары» ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген, ХІІІ – ХІV ғасырларға сәйкес келеді. XV-ХІХ қазақ поэзиясында толғау ерекше өркендеп, өзінің ең жоғары даму сатысына жетті. ТОлғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Толғауда маңызды қоғамдық-әлеуметтік, саяси-философиялық тақырыптар, азаматтық әуендер кеңінен орын алады. Әрбір даму кезеңінде толғау мазмұны жағынан да, бейнелеу тәсілі жағына да бірталай өзгеріп, жаңаша сипат алды. Толғау кейде күрделі, көлемдік лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алды. Ырғағы жеті-сегіз буында тармақтарға негізделеді, олар еркін, әр мөлшерде топтасып, түйдек-түйдегімен шоғырланып келеді. Бұл ерекшелігі ауызша поэзиялық өлеңді суырып салу дәстүріне сәйкес қалыптасқан. Белгілі бір мақаммен лирикалық аспаптың сүйемелдеуімен айтылады. [2, 348] Ой толғауларда жырау – ең алдымен философ. Мұндай толғаулар нақыл, тақпақ, афоризм түрінде келеді. Атақты жыраулардың толғауларында кездесетін афористік сөздердің көбі мақал-мәтелге айналып кеткен. Сонымен бірге жырау өзінің замана жайындағы түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын баяндайды, қоғамдық мәселелерді көтереді. Сол сияқты, әлем, болмыс, тіршілікте, табиғатта болып жататын өзгерістер, оның мән-мағынасы жайындағы түсініктерін де білдіруі мүмкін. Мұндай толғаудың үлгісі ретінде Шалкиіздің «Шағырмақ бұлт жай тастар...», «Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян».. Бұқардың «Айналасын жер тұтқан», «Аңсаңнан биік тау болмас», «Ай заман-ай, заман-ай...» сияқты туындыларын келтіруге болады. Ал, сыр толғаулардағы негізгі жүкті көтеретін – сезім, эмоция. Бұл топтағы шығармаларды жалпы жырау поэзиясына тән үгіт, насихат, дидактика мүлде дерлік ұшыраспайды. Жырау ел басына түскен ауыртпалыққа немесе басқадай белгілі бір оқиғаларға өзінің реакциясын білдіреді. Мұндай толғаулардан жыраудың өзіндік «мені» де бой көтереді. Лирикалық толғаудың үлгісі ретінде Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын Шалкиіздің «Балпаң, балпаң басқан күн», Бұқардың «Кіші қара қалмақ бүлерде» сияқты жырларын атауға болады. Толғаудың бұл түрі эпоста кеңінен қолданылады. Мәселен «Ер Тарғындағы» Тарғынның мертігіп жатқанда айтатын толғауы осындай [2, 143] Бірыңғай ипровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде өзіндік елелулі өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. М.Әуезов кезінде дәл басып танып: Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі – шығармасы – толғау». [1, 143] «Нағыз толғау мен күй (яки ән) арасы жақын: екеуінің де зейінге айтары аз, көңілге айтары көп», – дейді А.Байтұрсынұлы. Толғау әдемілігі, әуелі айтуға алынған көңілдің күйіне қарай, екінші оны айтып жеткізетін сөйлеу түріне қарай болады. Сөйтіп, толғау әдемі болып шығуы үшін екі түрлі шартты орнына келтіру керек. Толғаудың мазмұн жағына қойылатын шартты ішкі деп, сөйлеу түріне қойылатын шартты тысқы дейміз. 1. Ішкі шарты: а) Толғау жалпы сырлы болу керек. Ақын толғауы да өз көңілінің күйін айтады, бірақ ол күй өзгеге түсінікті болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, өзгелерге әсер ете алмайды. б) Толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жараспайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл бүлдіреді. Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған күйден шығуы керек. Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден, шын толғау болып шықпағандықтан. В) Толғау таза болуы тиіс. Нас, былғаныш, нәжіс әдемі нәрседен шықса, көңілге қандай әсер етеді. Толғау сөзге былғаныш сөз, былғаныш пікір қатысса, о да сондай әсер етеді. Г) Толғау көңілдің тереңдігі күйінен хабар беруі тиіс. Көңілдің бер жағынан шыққан толғаудың әсері оқушының көңілінде терең із қалдыра алмайды. 2. Тысқы шарты. А) Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі сияқты болуы тиіс. Күй де, би де бір-біріне үйлесіп келгенде, сұлу болып шығады. Күй мен бидің үйлесуі. Б) Толғау қысқа болуы тиіс. Көңіл-күйнің көбі-ақ бір қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл-күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды дан Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды. В) Толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің күйін жақсы білдіретін – күй мен ән. Әннен соңғы көңілге көбірек әсер беретін әуезді сөз. Әуезді сөздің әдемісі өлең толғау көңіл сөзі болғандықтан әсері күшін көбейтетін өлең түрде айтылуы тиіс. Толғаудың құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сөз өнерінің барып тұрған жері деп саналады. Толғаудағы көңіл-күйлерінің бәрі өмір жүзінде адам біткеннің бәрінің басында бола бермейді. ТОлғау көңілдің көркем сырларын өрнекті сөздермен білдіріп, адамның көрік-сезімін күшейтеді. Әдемі толғаудан алатын адамның көрік ләззаты басқа сөздердің бәрінен де артық болады. [6, 348]....
Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың орналасуы. Сабақ тақырыбы: Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3 - кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану Сабақ мақсаттары: - кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін қарастыру жіне есеп шығаруда қолдану. .....
Сақтандырудағы маркетинг — бұл өз аймағындағы, басқа да аймақтардағы және жалпы мемлекет бойынша сақтандыру қызметіне деген қалыптасқан сұраныс пен ұсынысты зерттеу, талдау және есепке алу бойынша, сондай-ақ белгілі бір бағыттағы сақтандыру қызметіне сұранысты қалыптастыру бойынша шаралар болып табылады. Сақтандыру ұйымдары өзіндік маркетинг қызметтерін құрады немесе арнайы маркетингтік ұйымдарға немесе қызмет орындарына жүгінеді. Сақтандыру маркетингінің міндеттері: Сақтандыру нарығының жағдайын және нақты сақтандыру қызметтеріне (сақтандыру түрлеріне) сұраныстың перспективасын зерттеу. Сақтандырушының жұмысын ұйымдастыруды арттыру және қолындағы мүмкіндіктерін жүзеге асыру резервтерін және жолдарын анықтау. Сақтандыру қызметінің (сақтандыру түрлері) жаңа түрлерін әзірлеу.
Сақтандыру маркетингінің іскерлік стратегиясы және тактикасы: Потенциалды сақтанушылардың (заңды және жеке тұлғалардың) қажеттіліктерін зерттеу. Сақтандыру нарығында қалыптасқан жағдайларды талдау. Өз аймағының және жалпы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму жағдайын және тенденцияларын зерттеу. Бәсекелес сақтандырушылардың алдыңғы қатарлы тәжирибесін талдау. Жарнамалық іс-шаралардың тиімділік әсерін талдау; Қалыптасқан нақты жағдайларда өз бетінше сәтті әрекет ету мүмкіндіктерін бағалау. Сақтандыру қызметтерін потенциалды сақтанушыларға ұсынудың жаңа формаларын және каналдарын жасақтау. Потенциалды сақтанушыларды ынталандыратын шараларды зерттеу мақсатында халық және шаруашылық субъектілері арасында сұрақнама жүргізу. Яғни, сақтандыру келісімін жасауға адамдарды итермелейтін факторлардың кешенін анықтау (экономиканың дамуы, өмір сүрудің әлеуметтік жағдайлары, демографиялық, ұлттық, кәсіби, жыныстық және т.б. ерекшеліктер, сақтандыру мүддесін психологиялық тұрғыдан қабылдау). ....
Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б.з.д. V ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды. Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор - латынша orare яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді. "Риторика" терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді береді. Сондай-ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады. Көне дәуірде шешендік өнерінің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б.з.д. V-IV ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт еткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр немесе Цицерон заманы. Атамзаманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары - риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы - ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі. Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі: • Саяси тақырыпта сөйлеу • Салтанатты мәслихатта сөйлеу • Сотта сөйлеу Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысына тегеурінді күш, соңғысына әсемдік тән. Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады. Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып сусындайды. Біріншісі, табиғи қабілет пен дарын, екіншісі теориялық қисындармен қаруландыру, үшіншісі, тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу. Риториканың, яғни шебер сөйлеудің мәнді, мағыналы элементі мақамдап, мәнерлеп, нақ-нағымен жеткізіп айту шеберлігі болып табылады. Даңқты шешен Демосфен орындау шеберлігін үш мәрте қайталап, шегелеп айтқан. Рум халқында шешендік өнерді құрметтеу — қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы деп санаған. Шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туады. Шешендік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгерлері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега өнерпаздығы зор әсер етті.....
Кіріспе Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухини байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі – қазақ топырағынан шыққан данышпан Абу Насыр Әл –Фараби. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамутудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайда білім паздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Әл-Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді.....
«Ұлытау» қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Топтың әуендері келесі қолданылаты негізгі аспаптарынан туындайды: домбыра, электр гитара және скрипка. Топ әу бастан-ақ игі мақсатпен құрылған еді. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ не бары бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылы әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсеткен. Ал, 2005 жылы топ музыканттары Шешенстан Республикасы мен Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген және халық әртістері деген атаққа ие болған. Топтың алғашқы альбомының атауы – «Жұмыр қылыш». Махамбеттің «Жұмыр қылышы». Жарыққа шыққан күйтабақта айқын көрініп, әдемі тыңдалатын дүниенің бірі – «Жұмыр қылыш». Оның өне-бойында даланың рухы болған соң, біз альбомды «Жұмыр қылыш» атадық».....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттері Сабақ тақырыбы: Қарахан мемлекеті 3-сабақ Сабақ мақсаттары: Қарахан мемлекетінің ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерден ерекшелігін талдайды, ислам дінінің қоғамға әсерін зерттейді.
Валюта дегеніміз - бұл айырбасқа түсетін әркімге ортақ эквивалент болып табылады. Валютаның бірнеше мағынасы бар, бұл біріншіден, бір елдің ақша бірлігі; екіншіден, шет ел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу және төлем құралдары. Әр елдің өзіне тән ортақ валютасы бар, валютаның көтерілуі немесе төмендеуі мемлекеттің күрделі проблемаларына әкеліп соғады. Осыған орай валюта мемлекетте үлкен роль атқарады. Мысалы, біздің валютамыз – тенге болып табылады, яғни, ол мемлекет үшін теңгенің көбеюі ақшаның құнсыздануын көрсетеді. Ақшаның құнсыздануы деген, инфляцияға әкеліп соғады. Жоғары да айтып кеткендей валютаның екінші түрі шет ел мемлекеттерінің ақша бірлігі, егер біздің елдің валютасы әлемдік нарықта белгілі бір рөлі болу, маңызды роль атқарады. Қысқаша, валюталық бағамы болу керек. Ал үшіншіден кез-келген елде оңай айырбасқа түсе алу керек. Менің ойымша, егер дүниежүзінде ортақ валюта болса оңайға түсер еді. Өйткені ешқандай айырбастыңда,қиындықта болмас еді. Әр мемлекет бір-біріне қолындағы валютасымен еркін түрде кіріп, шыға алар еді. Әрине, бірақ бұның да көптеген дұрыста, бұрыс жақтары бар. Дегенмен де әр елдің валютасы өзіне ыңғайлы сондықтан, әр бір елдің валютасы өз бетінше дамып, дүниежүзілік нарықта танымал болып, статусы жоғарлай берсін. ....
Бүгінде Жер атты халқы планетаны мекендеген адамзат баласының алдында оның болашағын айқындап, шешуші екі проблема тұр. Оның бірі – ядролық соғыс қауіпі болса, екіншісі күннен – күнге шйеленісіп келе жатқан экологиялық қатер дейміз. Бұл екеуі де әлде бір құдірет күшінің әсерінен емес, адам баласының өз санасының әсерінен емес, адам баласының өз санасының әмірімен дүниеге келгенін материалистік тұрғыда ойлайтындардың кез-келгені түсінеді. Түсінеді де, өз қолымен жасағанын өз мойнымен көтеру түн ұйқысын төрт бөліп дөңбекшиді, төніп келген төтенше қатерден шығудың жолдарын іздеп шарқ ұрады. Осы бір жан ұшырған, жанталасқан адамды ертегіде айтылатын қырық бірінші құпия есікті ашып алып, енді соны жаба алмай әлектенген байғұспен ғана салыстыруға болар еді. Бүгінгі экологиялық тепе-теңдік жолындағы жаппай дамудың түп-тамырын, табиғат тазалығы жолында көпшілік қозғалысының себеп-салдарын, міне, осы төңіректен іздестіру керек шығар. Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәнінде қуіп төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстың жағдайларды тез кез-келген аймақтардан көруге болады. Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлуға, қағазды қайта өңдеуге және көкеністерді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойыңды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үмітімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кемеуілдетуге тырысуымыз керек. ....
Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады. Жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті. Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді. 1816 жілі неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1883-1849 жылдар арасында «Үнді-европа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды. Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тигені болуы керек, Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды. Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізгі салушы деп саналады. Бопп еңбектері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті. Осы үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын, бастапқы күйін, шыққан төркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан жақты айқындауды көздейді. Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына ықпалын тигізді.....
Бағалы қағаздар кем дегенде орта ғасырдан белегілі. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуы мен байланысты халықаралық сауданың арасы кеңіді, ал кәсіпкерлердің осы мүмкіндікті пайдаланып қалу мақсаты мен ірі капитал сомаларына қажеттілігі туындады. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялар акционерлік қоғамның Ост-Индия, Гудзонов бұғазы компаниялары мен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығаратын ірі компаниялар болды. Осының акциялары әлі күнге дейін Лондон мен Перонто биржаларында өз ролдерін жоғалтпай жоғары ұстауда. 19-ғасырдың ортасында Германияда ауыр өнеркәсіп мүдделерін көздеген бағалы қағаздар мен аралық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз міндеттеріне алды. Ресейге брокерлік бизнес осы Германиядан келді. Сонымен, бағалы қағаздар рыногы – ол қаржы рыногының бір бөлігі, қалған бөлігін банк қарыз бөлігі құрайды. Банк шын негізінде коммерциялық банк болса, қарызды 1 жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып, ақшаның ондаған жылдар бойы немесе мерзімсіз пайдалануы мүмкін. Қаржы рыногын осылайша бөлу капиталдың айналымы және негізі болып бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар рыногы банктің кредит жүйесін толықтырады, өзара байланыстар әрекет етеді. ....
Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Халық арасындағы үзілмейтін үрдіс. Аударма көптеген халықтардың тілдерінің және әдебиеттерінің пайда болуында және дамуында маңызды рөл атқарады. Аудармашы түпнұсқа тілін терең әрі жан-жақты біліп, сондай-ақ, сол халықтың тарихы мен мәдениетін көрсеткен жағдайда ғана аудармашы аударманың әлеуметтік жоспарын сәтті орындайды. Аударманың бірінші теоретиктері аудармашылардың өзі болды. Кез-келген теориялық концепциялар аударма процесінің қадағаланып отырған фактілерінің сипаттамасына сүйену керек, сонымен бірге осы фактілерді жалпылап, түсіндіру керек. Аударма - бұл күрделі құбылыс. Оның жеке аспектілері түрлі ғылым салаларын зертеу пәні болуы мүмкін. Пәнге байланысты зертеуді бірнеше түрге бөлуге болады:психологиялық аударматану, әдебиет аударматану, этнографиялық аударматану, тарих аударматануы және т.б. Аудармашылық халық арасындағы мәдениеттің әдебиеттің, қатнастың ортақ жылжу процесіндегі даму қабілеті. Аударма сын - бұл, аударма өнерінің қандай дәрежеге жеткендігін көрсететін бірден-бір көрсеткіш. “Әр халықтың адамзатқа, өткен мәдениетке, көршілеріне деген өзіндік ерекше қатысы бар. Әр халықтың аудармашылық іске байланысты өзінің тарихы бар. Бірақ, ұлттық мәдениеттің дамуындағы халықтың шығармашылығы, әдеби тілінің өзара байланысындағы аударманың рөлі белгіленген заңдарға бағынышты” [7] Олексий Кундзич а)Аударма түрлері. Аударманың жалпы екі түрі бар; 1) Жазбаша аударма 2) Ауызша аударма Жазбаша аударма мен ауызша аударманың бір-бірінен айырмашылығы – бұл осы аудармалардың әрқайсысын жүзеге асыру барысында, аудармашы түпнұсқаның әртүрлі үзінділерімен жұмыс атқарады. Аудармашы жазбаша аударма кезінде түпнұсқадағы айтылымды бірінен соң бірін аударады, бірақ түпнұсқаның мәтіні түгелдей оның қолында болады, және де әр айтылым берілген мәтіннің бірлігі болып есептеледі. Аудармашы бөлек айтылымды бүкіл мәтіннің мазмұнымен қатыстыра аударады;ол мәтіннің алдыңғы және соңғы бөлімдерінен аударма нұсқасын таңдауға қажетті қосымша ақпаратты іздей алады, ойдың даму логикасын , бөлек айтылымдар арасындағы дұрыс байланысты бақылай алады. ....
Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А. Комнеский, К.А. Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, В.Г.Белинский, Н.А.Макаренко, Н.Крупская, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов т.б.) Жеке тұлға - бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даярлығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекеттеріндегі шығармашылық қасиеттің деңгейі арқылы анықталады. ....
Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрияның аксиомалары.Кеңістіктегі параллельдік Сабақ тақырыбы: Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: 10.2.4 түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шешу кезінде қолдану. Сабақтың мақсаттары: Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуын қарастыру. Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шығару кезінде қолдану......
Халықаралық қылмыстық құқықтың тарихы XIX ғ. соңына келіп тіреледі және оның тарихи тамыры тереңде жатыр. Оның кейбір институттары мемлекет пен құқықтың пайда болуының қайнар көздеріне жатқызылуы мүмкін. Бірінші кезекте, қылмыскерлерді ұстап беруге (әдеттен тыс қамау) қатысты және ол оның ең көне институтының бірі болуымен қатар, халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көзі де болып табылады. Жалпы халыкаралық құұығның белгілі бір кезеңденуіне сәйкес келетін халықаралық қылмыстық құқықтың кезеңденуі қылмыскерлерді ұстап беру институтынан басталған 1889 ж. Қылмыстық құқықтың, халықаралық одағы құрылды, ол барлық мемлекеттерге халықаралық қылмыстық құқықты жетілдіру ісінде ынтымақтасуды ұсынды. Мұндай ынтымақтастық халықаралық қылмыскерлерді құдалау жөнінде келісілген мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы кезделген болатын....
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес. Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады. Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық,әдістемелік мәселелер туындайды. Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген ....
Осы кезге дейін белгілі болып отырған 105 химиялық элементтердің 80-нен астамы металлдарға жатады. Д.И.Менделевтің периодтық системасында орналасқан барлық S-элементтері (І және ІІ негізгі топшалар),барлық -элементтері үшін (ІІІ-VІІІ) қосымша топшалар, барлық f-элементтер латиондар мен актионидтар мысалдар, р-элементтері ІІІ-VІІІ негізгі топшаларында орналасқан. Бұл топшалардың жоғарғы жағында бейметалдар, ал төменгі жағында металдар орналасқан. Егер бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе ІІІ-VІІІ негізгі топшалардың р-бейметалдардың шамамен сызықтық жоғарғы жағына, ал төменгі жағына металдар орналасқан, олардың бейметалдық қасиеттері бар. “Металл” деген атау металл элементі үшін де, олардың қасиеттерін көрсететін металл жай заттары үшін де қолданылады, ал техникада бұл атау металл жай заты үшін ғана емес, сонымен қатар металдардың қасиеттерін көрсететін барлық металдарға құймаларға да қолданылады. Металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттері периодтық системадағы олар орналасқан топшалар бойынша қарастырылады. Металдардың ішкі құрылысы мен физикалық қасиеттері: металл жай заттарының өздеріне тән жалпы қасиеттері болады. Оларға металлдардың соғылғыштығы, созылғыштығы, электр тоғын, жылуды жақсы жақсы өткізгіштігі жатады.....
Ашытудың тазалығын сақтау үшін ұрықтық ашытқыларды кезек-кезеңімен бір жасушалардан стерильді жағдайда алынатын таза культруралы ашытқылармен алмастырылады. Таза ашытқы культураларын көбейту үшін хмельденген суслоны сепараторда 18 түссіздендіріп, 26 аппаратта стерильдейді 27,28 ашыту аппараттарына айдайды. Мұнда ашытқының таза культураны ашытқылармен алмастырады. Таза ашытқы культураларын енгізеді. Ашытқының бұдан ары қарайғы көбеюі 60 аппаратта жүреді. Суытылған ( бастапқы) суслоны жабық ашытқы апппарттарына 58 және 59 құяды, сол аппаратқа ашу үшін басқа аппараттан 60 ашытқы құяды.бастапқы ашыту аяқталған соң жас сыраны насоспен 57 қайта ашу үшін 52 және 53 аппараттарына айдайды. Ашу аппарттарының түбінде қалған ашытқылар вакуум насоспен 61 көмегімен қайта қолдану үшін арналған жинақтағыш 62 мен сату жинақтағышына 56 жиналады. 56 жинақтағыштан қысылған көміртек диоксидінің қысымымен фильтр-преске 55 орналастырады. Фильтр- престе фильтрленген сыра, қайта өңдеу үшін танкішге 54 қолйылады. Ашытқыларды сыраның қалдықтарынан тазартып немесе оларды ашыту үшін бакатағы 62 суды қолданады. Жас сыраның қайта ашуы аппарттарда 15-90 туәлік ішінде өтеді, бірақ буның бәрі сыраның типі мен қабылданған технологиясына байланысты. Сыраның ашуы біткеннен кейін көміртек диоксидінің қысымымен 52 және 53 аппараттарынан ағып шығып, аралстырғышқа 51 барады да, насос 50 арқылы сеперторға 49 барады. Фильтрленген сыра көміртек диоксидінің қысымымен құю бөліміне жіберіледі.
Сыра сусласының ашуы Сусла қантының ашытқы көмегімен спирттік ашуы – сыра өндірудегі негізгі процесс. Ашыту процесі жүрген кезде сусланың химиялық құрамы өзгереді және ол ароматты дәмді шырын –сыраға айналады. Таза мәдени ашытқының түріне және температурасына байланысты суслада жоғарғы және төменгі ашу процесі жүреді. Жоғарғы сусланың ашуы 12-15 0С жүреді, ал төменгі 5-7 0С. Ең көп таралғаны- төменгі ашу. Ашытуды екі стадияға бөледі: негізгі ашу және ашытуға дейін негізгі ашытуда сыралы сусла қантының негізгі массасы ашыған уақыт, бұл кезде жас сыра алынады. Бұл сыраның өзіндік ароматы және дәмі бар мөлдір емес сұйықтықтан тұрады. Төмендетілген температурада (0-2 0С) жас сыра ашуға дейін қалған экстракттың баяу ашуы жүреді, түссіздену, сыраның пісіп жетілуі және көмірқышқыл диоксидінен қанығу процесі өтеді. Негізгі ашуды атмосфералық қысымда 7-10 тәулік ішінде жүргізеді. Ал ашуға дейін артық қысымда 0,04 – 0,07 мПа қысымда 18-90 тәулік жүргізеді. ...
Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді. Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен етуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі. Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты (этнопсихология) жүргізіледі. Этнолингвистика - тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика - оны адам психологиясына, ал социолингвистика - қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады. Этнолингвистика-ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты: 1. Фольклористика 2. Этнология 3. Культурология 4. Мифология Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ. Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика - этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология - этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бері де этностық ерекшеліктерді сипаттайды. Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен қоса, этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін байқауымызға болады. ....
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады. Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады. Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, "әдемі" де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей.....
Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде. Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі: • адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының мәдени құндылығына қол жеткізуі үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді; • білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді; • Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының жан-жақты дамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде ынтымақтастығының нығаюына мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды. ....
Коммуникация дегеніміз – басшылардың тиімді шешім қабылдауы үшін хабарлар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізуі. Басқару қызметтерінің барлық түрлерін-дегі ақпараттар хабарлар, мәліметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процестері деп аталынады. Әрбір басшы өзі басқаратын ұйымның мақсатына жетуі үшін үш бейнеде көрінеді және басқарудың негізгі төрт функциясын орындайды. Осы мақсатқа жету үшін олар хабарлар, мәліметтермен жұмыс жасайды және олар мақсатқа тура ықпал етеді. Енді ұйымдардағы коммуникациялық процестерді қарастырамыз. Бірінші, ұйым аралық және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастары. Әрбір ұйымдардағы қызметтер жөніндегі жазбалар, телефон арқылы сөйлесу, формальды есептер, видеоленталар, көзбе көз әңгімелесу, кеңестер т.б. қарым-қатынастар байланыстырудың негізгі көзі болып табылады. Ұйымдар сыртқы қоршаған ортамен байланыста болуы үшін бірнеше құралдарды қолданады. Потенциалды тұтынушылармен болатын байланыстар олардың жарнамаларды және тауарларды базарға өткізулері арқылы қоғаммен байланыстары, олардың халықаралық және ұлттық деңгейдегі бейнесі көрінеді. Өзінің бір жылдық есептерінде әрбір ұйым өздерінің қаржысы, маркетинг жеңілдіктері, орналасу т.б. туралы мәліметтер береді. Екінші, бөлімшелер мен деңгей арасындағы байланыстар, тік байланыс шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар жоғары деңгейден төменге келіп түседі немесе бәсеңдеп түсуі мүмкін. Осы арқылы туралы хабарланады. Мысалы, өндірістің вице-президенті зауыт басшысына өнім өндірудегі өзгерістер туралы хабар береді. Ал ол өз кезегінде бұл хабарды төменгі буынға болуы мүмкін өзгеріс ерекшеліктерімен қоса жеткізуі тиіс. Ұйымдарда жоғарыдан төмен байланыстар болып қана қоймайды, сонымен бірге, төменнен жоғары көтерілуші хабарлар да болады. Мысалы: банк маманы жаңа қосылған ЭВМ-ның клиенттерді көп күттіретінің өз басшысына айтуы керек. Төменнен жоғары көтерілетін байланыстар – жоғарғы буындарды төменгі буындарда болған жағдаймен таныстыру немесе хабардар ету. Бұл байланыс әдетте есеп беру, ұсыныс жасау, ьүсініктеме хаттар жазу түрлерінде жасалынады. ....
Курорт дегеніміз – климаты ыңғайлы жерге орналасқан және табиғи емдік факторлары бар емдік-профилкатикалық мекеме. Курорттарды әртүрлі комплексті емдік профилактикалық мекемелер болады. Олар санаториилер, пансионаттар, курорттық емханалар монша орындары, лаймен емдеу орындары. Олардың ішінде бастысы санаторий болып табылады. Санаторий – бұл мамандандырылған емдік – профилактикалық мекеме, ол жерде келесі емдік комплекстер қолданылады: климаттық терапия, больнеологиялық терапия, лаймен емдеу, аппараттық физиотерапия, емдік денешынықтыру, активті демалу және активті өмір сүруі. Арнайы климаттық курорттарда санаториилардан басқа дем алу үйлері, пансионаттар, турбазалар, кемпингтер, сонымен қатар дәстүрлі жиындар, мұхит пен өзендерде шомылу, туризм, денешынықтыру және спортпен айналысу климатпрофилактиканың арқасында іске асырылады. Балалар мен жас өспірімдерге арналған өз алдына санаториилар бар. Курорттар маңыздылығына байланысты жергілікті, республикалық және халықаралық болып бөлінеді.....
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады: 1.Орталық процессор; 2.Енгізу құрылғысы; 3.Есте сақтау құрылғысы; 4.Шығару құрылғысы. Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады. Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады. Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған. Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады. Дербес ЭЕМ Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады. Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды, иондық түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография, тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады. Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл, (5*5мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындый алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар. ....
Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 14 (26).12.1894, Верный уезінің Шығ.Талғар болысы, қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. 10.2.1938 өмірі қиылады. Кеңес мемлекеті және партия қайраткері. 1917 жылдан Компартия мүшесі болған. Көшпелі кдей шаруаның семьясында туған. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, Ұлы Қазан социалистік революциясына, Азамат соғысына, Орта Азиядағы, Қазақстан мен РСФСР-дегі социалистік құрылысқа белсене қатысты. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққаны үшін 10 жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылды. Он жасар Тұрар да верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болды. Он екі жасынан Тұрар жалшылықта байдың малын бақты. 1907 жылы ол Қырғызбаев деген жалғанфамилиямен Әулиеатадағы бұратаналарға арналған орысша бастауыш мектепке түсті. 1910 – 1914 жылдар ішінде Пішпектегі (Фрунзе) ауылшаруашылығы мектебінде оқыды. 1916 жылы Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі мұғалімдер интернатыга түскенімен, оны аяқтап үлгермеді. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт – азаттық көтерілісі бұрқ ете түсті. Әулиеатадағы осы көтеріліске белсене қатысқан Рысқұолвты патша үкіметі сол жылы тұтқынға алды. Ақпан революциясынан кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға жұмылдырды. 1917 жылдың басында Т.Рысқұлов Қырғыз (қазақ) жастарының одағын ұйымдастырып, Әулиеата Советімен тығыз байланыс жасады. Кеңес үкіметі орнасымен Рысқұлов 1917 жылы қарашадан 1918 жылдың маусымына дейін Әулиеата уездік Совдепі аткомының председателі болды. 1918 жылдың шілдесінен сол жылыдың аяғына дейін Түркістан республикасы денсаулық сақтау халкомы, 1918 жылдың ақырынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Түркістан республикасы ОАК пердседателінің орынбасары, 1919 жылғы наурыздан 1920 жылдың ақпанына дейін РК(б)П Мұсылман бюросының председателі, 1920 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Түркістан республикасы ОАК-нің председателі, сол жылдың аяғынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық Комиссариатынң Азербайжан республикасы бойынша уәкілі, 1921 жылдан 1922 жылдың қыркүйегіне дейін РСФСР Ұлт істері Комиссариатының қызметкері, коллегия мүшесі және халкомның 2 – орынбасары, 1922 жылдың қыркүйек айынан 1924 жылдың сәуір айына дейін Түркістан республикасы халкомсовының председателі болып жұмыс істеді....
Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. Бұл міндет техникалық және ұйымдастыру жағынан да өте күрделі болып келеді, себебі бір жағынан, әлеуметтік және экономикалық бағдармалар мен жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мен инвестициялауды ұлғайтудың объективті қажеттілігі бар, ал екінші жағынан- табыстарының көздерінің шектеулігі орын табады. Салық салудың мәселелерін шешудегі дамуының бағыттарын бөлу критериясына сәйкес салық жүйелерінің функционалдық көлемділігін анықтауына маңызды мән берілген. Тауар-ақша қатынастарының дамыған сайын салық жүйесінің функцияларының құрылымы мен олардың өзара қатынасы өзгерді. Неоклассикалық өкілдерінің көзқарастарының негізінде салықтардың роліне мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретіндегі мәні жатады. Яғни мемлекеттік қазынаның қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе фискалдық функцияның орындалуы қарастырылады. Ал неокейнсиандық бағытының өкілдерімемлекеттік реттеудің макроэкономикалық бағытын негіздеді және ұдайы өндіріс процессінде салықтардың рөлі мен функциялары туралы ойларды дамытты. ....
Философияның тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе болады. Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық құпия жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз тағдырын “жасау” мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: “Өзіңді-өзін тани біл”,–– деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырысмдауға болады. Антик заманының философиясында адам көбінше ғарыштың бір бөлігі, жоғарғы бастама––тағдырдың адамдық көрінісі ретіндегі өзінше бір микрокосм түрінде түсінілді. Адамның философиялық ұғымының көптеген принциптері сонда қалыптасты: Милет материалистері адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп түсінген болса, көптеген басқа философтар адамды мәдениетті жасаушы, табиғатқа еліктеп, ондағы бар нәрселерді ғана емес, сондай-ақ табиғатта бұрын болмаған жаңа нәрселерді жасаушы жан ретінде сипаттады. Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-қарсы екі бастаманың “тән” мен “жанның” іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді. Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдай құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелді ақыл-ой иесі, өз өмірініңі саналы субъектісі деп түсінді. Мысалы, француз материалисі Д. Дидро адамды жер бетіндегі барлық мәдени байлықтарды бірден-бір жасаушы ең жоғарғы құндылық деп санады. Қысқасы, “ақыл-парасат ғасыры” деп аталған жаңа заман философтары ортағасырлық діни-идеалистік көзқарастың идеологиялық үстемдігінен құтылған жаратылыстану ғылымдарына сүйене отырып, адам табиғатын табиғи тұрғыдан зерттеудің тамаша үлгілерін қалдырды. Соның ең бастысы –– адамның өз мәнін танып білу үшін оның ақыл-ойының діни көзқарастардан мүлдем тәуелсіз болцында еді. XIX ғ. Классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық бастама––рухтың, ақыл-ойдың иесі.....
Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология сөзін Естественная история происхождения атты өзінің кітабында ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест Геккель 1968. Экология ойкос деген грек сөзі, үй, баспана ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша, экология – зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық орта мен өзара қатынасты зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың орта мен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы. Көптеген ғалымдар әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасы мен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты. Сонымен, экология – тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10 – 15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көз – қарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылды, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануаорлар, өзен – көлдер, теңіздер адамның жабайы, рақымсыз іс - әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері (химия, мұнай, көмір, АЭС т.б.) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық – түлік, ет – сүт тағамдарының қалдық – қоқыстары іріп – шіріп бұзылуынан түрлі бактериалардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына көптеген зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды. Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға зарарлы әсер ететін екі факторды атауға болады; жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс - әрекеті. ....