Құс шаруашылығы пәнінен мен құс өнімі «Жұмыртқа» тақырыбы туралы курстық жұмыс жаздым. Курстық жұмыс 20 беттен құралған. Онда мынадай тақырыптар қарастырылады. Негізгі бөлімде: Жұмсыртқа өнімінің қолдану аймағы және мәні, жұмыртқа өнімінің сапасына қойылатын талаптар, жұмыртқа өнімінің қасиеттері мен оларға сипаттама деген тақырыптарды қамтиды. Техника қауіпсіздігі мен қорытындыға да толық түсінік берілді. Бірінші кестеде - жұмыртқаның химиялық құрамы туралы жазылған. Екінші кестеде - жұмыртқаның сапасын бағалау әдістерінің жіктелуі туралы жазылған. Жұмыртқа өнімі туралы суреттер қосылды. Осы тақырыпқа байланысты қолданылған әдебиеттер тізімі жазылған. ....
Кеңестік Социалистік Республикалар одағы ыдырап, жойылуы нәтижесінде қазақ кеңестік Социалистік Республикасы (КазКСР-і ) дербес, егемен мемлекет болды. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған кезден бастап бес жыл ішінде Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарын қалыптастыру процесі жүргізілді. Қазақстан Республикасының егемендігімен тәуелсіздігінің қалыптасуы – жай процесс емес деп жазды Г.Ганиев,- әрбір мемлекет басқа мемлекеттің егемендігін силауға, өзінің жеке аумағы шектерінде заң шығаруы, атқарушылық, әкімшілік және сот биліктерін жүзеге асыру құқығын сыйлауға міндетті. Бұл 1970 жылы 28 қазанда қабылданған БҰҰ жарғысына сай мемлекеттер арасындағы достық қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық қағидалары декларацияда өрбиді. А.К.Котовтың айтуынша Қазақстан әрқашан ел болды, алайда коммунистік партиялық- мемлекет ірі жүйе құлағаннан кейін тәуелсіз мемлекет болып, халық өмірінің әлеуметтік экономикалық және қазақ жерінде өзінің барлық азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауға және қамтамассыз етуге қабілетті мемлекет ретінде дербес даму қажеттілігіне тап болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет пен оның барша азаматтарының өмірі қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қайта құру қажеттілігі туды. Бұл тұрғыда біраз шаруа атқарылды: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қорғаныс, сыртқы саясат, қоғамдық –саяси, табиғатты қорғау, құқықтық тәртіпті қорғау салаларына қатысты көптеген заңдар мен жарлықтар әзірленді. Бұл заң актілерінің бәрі де тәуелсіз беделді халықаралық сараптамадан өтті. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алып, толық мемлекеттік егемендікке ие болғасын азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру бағытын ұстанды, Осылайша тоталитарлық құрылымдағы зорлық- зомбылық пен заңсыздықты жоюға мүдделігіне және гумманистік құқықтық құндылықтарды, адам құқығы мен бостандығын басымды деп санайтынын білдірді. ....
Уақыт пен кеңiстiк ұғымының ауқымы шексiз. Екеуi Сиам егiзiндей ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсiбiр сәттерде ғана шартты түрде арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды. Көркем әдебиет – уақыт пен кеңiстiктiң шағын моделi. Оны дүниеге әкелу үшiн де мекеншақ (хронотоп) өлшемi керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан мекеншақ қатынастарына негiзделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдерi де мекеншақ ерекшелiктерiмен сабақтас. Тегi, уақыт және кеңiстiктiң перцептуалдық бейнесiн әдебиет мекеншақ тағандарына табан тiреп тұрып сомдайды. Абай философиясының ең басты бағаналы терегi – Уақыт (әрине, кеңiстiк ұғымы өзiнен-өзi сана астарында тұрмақ). Әдепкiде ақын мұндай объективтi табиғи құбылысқа мән бермесе де керек. Уақыт – ананың құрсағында жүрiп, уақыттың түйткiл мәселелерiн шешемiн деп ойлау – өзiңдi айнасыз көрудiң мүмкiн еместiгiндей қиын нәрсе. Әйтсе де, Абай өмiр сүру уақыттың сыңарына айналу екенiн бiледi. Оның туындылары – ой-сана мекеншағының мәтiн арқылы тұрақтылық табуға ұмтылысы. Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм” өлеңiнде ақын алғаш рет уақытты жанама кейiпкер етiп алады. Мұнда тарихи, әлеуметтiк, даралық уақыт өкiнiш сезiмiне байланысты психологиялық уақыттың түрлi атрибуттары боп көрiнедi, кеңiстiк детальдарын түзедi. Қазақ елiнiң тұрмыс жағдайы мен әлемдiк өркениет арасындағы қайшылық лирикалық кейiпкер дүнетанымындағы қозғалыс заматымен iшкi драматизм тудырады. Ментальдық iлгерiлеудiң жекелiк қасиетi мен ұлттық тұйықтыққа тән жалпылық нышан тағы да қарама-қарсылық күйден айнымауы рефлексологиялық мезет кернеуiн арттырады. Ақын үшiн алдыңғы буынның олқылығын толтыруға тиiс ұрпақ болашағы да қауiпсiз емес. Ол кертартпа орта мен iзгiлiктi мұрат арасындағы кереғарлықты сезiнiп, қам жейдi. Лирикалық қаһарман негiзгi тұтқа идеясын меже қылып ұсынғанмен, өзiнiң жекелiк қасиеттерi, қоғамдық орта мiнезiмен келiспеушiлiк тәрiздi сарындарға көшуiмен тақырып әртараптылығы жағынан бұл жолы да, басқа туындыларында да толғау жанрына хас ерекшелiктi аңғартады. Бұл тәсiл баяндау уақытының еркiндiгiн оятады. Абай дидактикалық үлгiдегi жыраулар поэзиясының мекеншақ жағынан тым тәуелсiз болмысын бойына сiңiре отырып, әлеуметтiк және психологиялық мекеншақ аясында бұрынғы дәрiптеу мен таңырқау әсерiне қатысты қабылдау аясымен тұтастық шегiн бұзады да, осы төңiректегi драматизм, лиризм элементтерiн ұштай түсу арқылы эмоционалдық полифония қалыптастыру нәтижесiнде жаңа поэзия, модернистiк дүниесезiну дәстүрiн дүниеге әкеледi. Оны реалистiк поэзия деу аз. Өйткенi реализмнен жыраулық, ақын, сал, серi поэзиясы да құралақан емес-тiн. Сыншылдық пафос тарихи-әлеуметтiк себептерден гөрi жеке адамның өзiне байланысты әшкерелеу интенциясына құрылуымен де өзгеше. Аса биiк ерлiк, даналық сапалар емес, азаматтық құқық жағынан таршылық жағдайдағы мүлде басқа рухани құндылықтар эмблематикасын алға тартады. ....
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс –– адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым –– осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жлқ. Ол тек адамға тән. Сондықтан, қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны алғашқыға теліген. Бұл идеализмге әкелген. Сонда сана дегеніміз? Ол қайдан, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болды? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми –– оның мекені. Сана –– адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жан-жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем талай дәуірді бастан өткізді. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р.Авенариусты В.И. Ленин өзінің «Материализм және эмприокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын ....
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Кіріспе. Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бәрақ тек ХХ ғасырда ғана жүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді. Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрлымына тәуелді. Егер ХІХ ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгң уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-пен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3 өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды;....
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары Сабақ тақырыбы: Ақпаратты өлшеу тәсілдері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.1.1 ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану Сабақ мақсаты: Ақпараттың көлемін анықтау үшін алфавит тәсілін қолдану.......
Осы заң Қазақстан Ресубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды. Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:арнаулы жүріп – тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп – тұруына арналған техникалық көмек түрі. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары – мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай – ақ қарттарға медициналық - әлеуметтік мекемелерде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшілерінде және әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтарында берілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін және оларды ұсынудың тәртібін белгілейтін ережелер. Кәсіптік бағдарлау – мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі;қайта жасау хирургиясы – организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдісі. Медициналық - әлеуметтік сараптама – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік – тынысын бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шарларына деген қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен анықтау. Медициналық оңалту – аурулар мен мүгедектер организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларын және денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған емдік ықпал ету шараларының кешені. Мүгедек – тіршілік – тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан , олардың салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып , денсаулығы бұзылған адамң. Мүгедек бала –тіршілік – тынысының шектелүіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан , жарақаттардан , олардын салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, он сегіз жасқа толмаған адам; мүгедектерді әлеуметтік оңалту – мүгедектердің тіршілік – тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға , олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге , әлеуметтік- тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені. Мүгедектеді әлеуметтік корғау – мүгедектеге әлеуметтік көмек көрсету , оңалту , сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені; Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндітері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары; Мүгедектерді кәсіптік оңалту – мүгедектердің бұзылған не жоғалтқан кәсіптік дағдыларын, білімі мен машықтарын алуын немесе қалпына келтіруіне және оларды бейімдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешені; Мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасы – мүгедектерді медициналық, әлеуметтік , кәсіптік оңалту жөніндегі іс – шаралардың кепілдік берілген тізбесі; мүгедектердің әлеуметтік – тұрмыстық және ортаға бейімделуі – мүгедектердің өзін - өзі қарап – күту, өз бетімен өміп сүру мүмкіндігіне қол жеткізу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралу процесі; мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тіршілік – тынысының шектелу дәрежесі; мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат; міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялықмұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелері белгіленсе, онда ол халықаралық шарттың ережелері қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнын шығару талап етілетін жағдайлар қосылмайды. Осы заңнын күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ мемлекеттік органдар мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.....
Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіп (1972 жылы 9 тамызда Алматыда туған) — актриса, театр педагогы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және ҚР тұңғыш президент қоры сыйлығының иегері. Дәрия Әбдімәлікқызы Алматыда дүниеге келген. Орта мектепті Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында бітірген. 1993 жылдан бастап Осы жылдан бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет етеді. Ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Дәрия сан қырлы талант иесі: дауысы әсем кәсіби әнші, мың бұралған биші екенін де атап айту орынды. Мәселен, оның кәсіби әншілігі «Аршын мал алан» мюзиклы мен «Абай» трагедиясында, «Жаужүрек» драмасында көрінсе, актриса 2005 жылы режиссер Б. Атабаевтың «Ақсарай» театрында қойылған «Қыз Жібек» заманауи операсында басты роль Жібектің партиясын орындады. Актриса қазақ кино өнеріне де атсалысып келеді. Ол «Заманай мен Аманай», «Күлпаш», т.б. көркемфильмдеріне түсті. 2008ж. бастап Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында «актерлік шеберліктен» сабақ береді. 2012ж. студенттерімен Мәскеуде «Гамлет» спектаклін табысты көрсетті.....
Әлішер Кәрімов - (1985 жылдың қазан айының 28- жұлдызы күні Жамбылда, қазіргі Тараз қаласында туылған) қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Қазақстанды «Славян базар», «Новая волна», «Ереван шақырады» сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда танытты. «SuperStar KZ» жобасының екінші бөлімдік бағдарламасының финалисті.
Биографиясы Әлішер Кәрімов 1985 жылдың қазан айының 28-жұлдызы күні Жамбылда (қазіргі Тараз қаласы) туылған. Алғаш рет сахнаға 5 жасында шығып, Республикалық жас таланттарға арналған «Әнші балапан» атты конкурстың көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды. Әлішер 2015 жылдың 8 қарашасында осы конкурстың 25 жылдық мерейтойлы концертінде ендігінде танымал әнші ретінде өнер көрсетті.
Білім жолы Әлішер мектепті аяқтағаннан кейін бірден Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Люция Толешеваның курсы болып табылатын «вокал» класына оқуға түседі.....
Қазақта боза деген ұлттық сусын бар. Бірақ қазір оны көбісі біле бермейді. Дәмін татып көрмек түгілі атын естімегендер де жетерлік. Көп насихатталмағандықтан оның аты белгісіз. Дегенмен артында іздеушісі болғаны жақсы ғой. Сондықтан мен осы сусынның пайдалы-зияндылығын ашып көрмекпін. Ал онда кеттік! Боза – дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі сусын. Бір тәулік бойы суға бөктіріліп қойылған дән жармасының сарысуын төгіп тастағаннан кейін, қалған тұнбаға белгілі мөлшерде май, су құйып, оттың табына жайлап қайнатып, ботқа жасайды. Оны суытып қойып, дәнді дақылдың бір түрінен (тары, арпа, т.б.) ашытқы дайындайды. Ол үшін дақылды қажетінше алып, үстіне ыстық су құйып, 3 — 4 сағат бөктіреді де, сүзіп алады. Содан кейін оны жылы жерге жайып қойса, 3 — 4 күнде дәндері өнеді. Және дақыл бірден кеуіп кетпес үшін үстін жауып тастайды. Өндіріп алған соң келіге салып жаншиды. Осылайша дайындалған уытты тұнбаға мөлшерлеп салып, үстіне суытылған қайнаған су құйып, жарты тәуліктей ашытып қояды. Содан соң, дайын қоспадан ыдысқа керегінше салып, қайнаған салқын суға араластырып, сүзгіден өткізеді.......
Арал теңізі – Қазақстанның інжу – маржаны, шөл белдеміндегі бірден – бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км 2, тереңдігі – 30 – 60 метр, тұздылығы – 10 – 12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50 – 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік – экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алында. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрыңғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5 , Түрікменстанда 2,4 , Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960 – 1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970 – 1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары боыйнша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Аралға 1960 – 1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974 – 1978 жылдары 13 мың м3 , ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның суайдыны 30 – 2000 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын – соңды болмаған көрсткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 -15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 миллион тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады ....
Қонысбай Әбіл (21 мамыр 1954 жыл, Қостанай облысы, Жангелді ауданы) — ақын, Қазақстан халық ақыны. Өмірбаяны 1977 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген біраз уақыт Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы 1980—1985 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Торғай, Целиноград облыстары бойынша меншікті тілшісі 1985 жылы облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары 1990 жылы қалалық «Арқалық таңы» газетінің редакторы 1991 — 1995 жылдары Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. 1999 жылы «Қазақстан айтыс ақындары мен жыршылар одағының» төрағасы болып сайланды. Астана қаласы әкімі аппараты тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған....
Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жарық құбылыстары. Сабақтың тақырыбы: Жарықтың түзу сызықты таралу заңы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.1 – Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу; Сабақтың мақсаты: Оқушылар білуі тиіс: - жарық көздерініӊ түрлерін; - жарықтыӊ біртекті ортада түзу сызықты таралу заӊын; - жарық шоқтарыныӊ тәуелсіздік заӊын; - көлеӊке және жарты көлеӊкеніӊ пайда болуын; - Күн және Айдыӊ тұтылуын......
Маркетингілік зерттеу-фирма алдындағы маркетингілік жағдайға байланысты қажетті деректер тобын жүйелі түрде анықтап, оларды жинау, талдау және алынған нәтижелер туралы есеп беру. Фирма маркетингілік зерттеу туралы тапсырысты бірнеше түрде беруіне болады. Майда фирма осындай зерттеуді жоспарлумен жүргізуді жергілікті коледждің мұғалімдері студенттеріне тапсыруы мүмкін немесе арнайы мекемені жалдауы мүмкін. Көптеген ірі компаниялардың 73% астам маркетингілік зерттеу бөлімдері бар. Мұндай бөлімде бірден бастап бірнеше ондаған қызметкерлержұмыс істеуі мүмкін. Маркетингілік зерттеу қызметін басқарушысы, әдетте, маркетингілік вице президентке бағынып, зерттеуді басқарып, әкімдік консультант және фирманың мүддесін көздейтін қорғаушы функцияларын атқарады. Бөлім қызметкерлері зерттеу жоспарын дайындаушылардан, статистиктерден, социологтардан, психологтардан, модалирлеу мамандарына құралады. Маркетингілік зерттеушілер өз әрекеттерінің өрісін үздіксіз кеңейтуде (№1- кесте ). Олардың зерттеу жүргізген он түрлі мәселелеріне мыналар жатады нарық сипаттамаларын зерттеу, нарықтық потенсиялдық мүмкіншіліктрін өлшеу, фирмалардың нарықтағы үлестері, өткізуді талдау,кәсіпкерліктің активті тенденциясын зерттеу, қысқаша уақытқа болжам жасау, баға саясатын зерттеу.....
1936 жылы Гитлер германдық бас штабына Австрияны оккупациялау жоспарын тағайындауға бұйрық берді. Бұл операция «Отто» деген атқа ие болды. 1937 жылы 5-қарашада Гитлер қарулы күштер басшыларына өзінің алдағы жоспарларын мәлімдеді. Германия алдында өзінің «өмірлік кеңістігін » кеңейту мәселесі тұрды. Ол оны Шығыс Еуропа – Польша, Белоруссия, Украинада таба алды. Осы мақсатқа жету үшін үлкен соғыс ашу қажеттілігі туды, ал ол сол аудандарда тұратын халықтың қырылуына алып келетін еді. «Майн Камфта» айтылғандай, Тафтон нәсіліне жататын елдерді рейхқа біріктіруден басқа Гитлерде Австрия республикасын қосып алудың екі себебі болды. Австрия Германияға Чехословакия мен оңтүстік-шығыс Еуропаға жол ашты. Вена басшылары кабинетіне австриялық ұлтшылдық партиясын кіргізу арқылы Австрия саясатын өз бақылауына алу сәті келді деп есептелінді. 11-наурызда Гитлер мен Галифакстың кездесуі өтеді. Англия Германияның Гданьск, Чехословакия және Авсрияны жаулап алуына рұқсат берді. Ағылшын үкіметі ағылшын-герман қарама-қайшылықтарын қандай-да болмасын амал-тәсілдер арқылы шешуді қалады. Гитлер Шушнигтен қамаудағы ұлтшылдарға амнистия беру және Австрия үкіметі басына ұлтшыл Зейнс-Инквартты қоюды талап етті. 12-наурызда Германия қоршауға алды. 13-наурызда Австрияның Германияға қосылуы жариаланды. Муссолини Австрияның аншлюсін мойындауына тура келды. 1938 жылдың сәуірінде Англия, Франция, АҚШ Австриямен барлық дипломатиялық қарым-қатынастарды үзіп, оның аншлюсін қабылдады. ....
Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Ол үлкені-кішілі организмдердің Жер планетасындағы аналық жыныстармен өзара әрекеттесуінің арқасында түзіледі. Сондықтан топырақ тірі және өлі заттардың физико-химиялық күрделі бірігуінен пайда болған биосфераның литосфера деп аталатын биокосты бөлігіне кіреді. Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай: -Соболев С – «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік - топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция) келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды». - Карманов И – «Бонитировка деген – ықтималды егіншіліктің қарқынды деңгейіндегі топырақтарды өнімділігі тұрғысынан салыстырмалы бағалау». - Гаврилюк Ф – «Бонитировка деген өнімділік қабілетіне қарай топырақтардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау; ...ол деген топырақтарды тектік - өндірістік жіктеу; олардың құнарлығы балл арқылы есептеледі; топырақтар сапасының өнімділігі мен оңтайлылық көрсеткіші». Мемлекеттік жер кадастры жерлік учаскелер туралы барлық мәліметтерді (информация) қамтиды. Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі. Топырақтарды бағалау жалпы мемлекеттік проблемаға айналып, жер кадастрдың (құжаттар жиынтығы) құрамдық бөлігі болып саналады. Ал топырақтарды бағалау болса аталған жер кадастр мәселелерін шешуге керек құжат. Солардың бастығы- ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы – жер туралы деректермен жоспарлау мекемелерін қамтамасыздау, жерлік деректер болса ауыл шаруашылық өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік әрекетінің нәтижелерін бағалауға, шаруашылық есептік қатынастар жүйесін, ауыл шаруашылық өнімдеріне мемлекеттік бағаларды, материалдық- техникалық қамтамасыздандыруды, салық салуды, кредиттеуді, т.б.реттеуге керек. Бонитеттеудің мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау, оның материалдары аймақтық ғылыми негізделген, өндірістің топырақ – климаттық жағдайларын сәйкес қолданылатын, егіншілік жүйесін енгізуге, тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді пайдалануға және –де басқа мелиоративтік – топырақ құнарлығын қайтаруға, тұрақтылауға және көтеруге бағытталған шараларды енгізуге керек. Жерді (топырақты) бағалау жұмыстарының топырақ жамылғысын бұзылудан, батпақтану, қайта сортандану мен ластанудан, т.б. құбылыстардан қорғауда маңызы зор., себебі жердің (топырақтың) пайдалануы мен күйін анықтау, оның саны мен сапасын қатал есептеу, яғни топырақтарды бағалау материалдары негізінде жүргізіледі.Сонымен қатар, топырақ бонитеті- топыраққа өндірістік тұрғыдан салыстырмалы баға беру. Мен осы дипломдық жұмысымның материалдарын 2006 жылдың ақпан айының 6-17 аралығындағы дипломдық практика кезінде ГОСПЦЗем орталығында және «Республикалық ауылшаруашылығы кітапханасында» жыйнадым. ....
Тоқ ішектің анық кеңуімен көрінетін, оның эвакуаторлы жүйесінің бұзылуымен жүретін ауру. Іштің қатуымен және іштің ісуімен көрінеді. Гиршпрунг ауруы туа пайда болған патология болып табылады. Көбінесе желі жас балалармен және жас өспірімдерде кездеседі, үлкендерде сирек. Этиология және патогенез.Ауру тоқ ішектің вегативті нерв жүйесінің бұзылуының дамуымен кілегей астындағы жүйке өрімдерінің және бұлшықет аралық ганглионарлы клеткалардың жетілмеуінен немесе толық болмаунан байланысты. Патотологоанатомиялық көрінісі. Гистологиялық зертеулер кезінде тоқ ішектің кең бөліктерінде бір уақытта склерозбен бірге бұлшықет талшықтарының гипертрофиясы анықталады және олардың байланысу ткандерінің орын ауысуы. Бұл ішек қабырғасының бірден қалыңдауына алып келеді. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Гиршпрунг ауруының негізгі симптомдары болып: іш қату, іштің желденуі және аурусынуы болып табылады. Іш қату табанды сипатта болады және бала туылған уақыттан бастап немесе ерте жас уақытта пайда болады. Іш қату ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін. Іш қатумен бірге көбінесе Гиршпрунг ауруының симптомы іштің желденуі болып табылады, кейде ол науқастың тыныс алуын қиындатады. Іштің желденуі клизма көмегімен ішекті тазаласа да қалып қояды. Іш қату салдарынан және іштің желдеуінен іштің барлық аймағының ауырсынуы пайда болады, ішекті тазалағаннан кейін жоғалуда. Науқаста әлсіздік, жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі болады.Кейде іш қату іш өткумен ауысады, бірнеше күнге дейін созылады және қалжырауға алып келеді. Қарағанда үздіксіз метеоризм болуынан іштің үлкеюі айқындалады. Ішектің тұзағында желденген газбен пальпаторлы тығыз нәжіс массасын анықтайды. Тік ішке саусақпен тексергенде артқы өтудің тонус сфинктерінің күшеюі, артқы өтуде бос ампула анықталады. Ректороманоскопия кезінде тік ішете спазм көрінеді, ректоскоп өтуі қиын болады, содан ол кеңейген бөлігі бүлінеді. Тік ішектің бұл бөлігінде әрқашан нәжіс массасымен толған . Ирригоскопия диаметрі айрықша 10-15 см құрайтын, тоқ ішектің кеңейген аймағының созылуына және орналасуы, аймақтың тарылуын көрсетуге мүмкіндік береді.....
Кіріспе Бұл зерттеу жұмыстағы зерттеу нысаны араб әдеби тіліндегі болымсыз сөйлемдер болып табылады. Болымсыз сөйлем бұл жерде болымсыз пайымдаудың семантикалық– синтаксистік категориясысының бөлшегі ретінде қарастырылады. «Пайымдау – бір нәрсе жайында, біреу туралы пікір. Болымсыздық ұғымы бір нәрседен бір нәрсені жоққа шығару туралы пікір». Бір нәрсеге тән құбылыс жоққа шығарылып айтылуы мүмкін, ал бір нәрсеге тән емес құбылыс соған қатысты болады және мұны осы шақпен байланыстырамыз, не біреу айтқан пікірдің бәрін де жоққа шығаруға болады немесе біреу жоққа шығарып тұрған нәрсенің бар екенін дәлелдеуге болады. Бұл жерден шығатыны, «барлық пікірлерге қарсы қарама – қайшылықты пікірлер жатады және барлық жоққа шығаруларға қарсы – пайымдаулар жатады», /1, 96/ - деп Аристотельдің дәлелдегені. Болымсыздық мәселесін синтаксистік тұрғыдан қарастыру оны қазіргі тіл білімі, әсіресе шет тілі білімі аясында зерттеуде жетекші роль атқарады. «Болымсыздық әрекетінің шеңбері сөйлем болып табылады», - деп Б. Рассельдің ізінше Е. В. Падучева дәлелдеп кеткен /2, 143/. «Болымсыздық және соған сәйкес, оның анықталған тұлғалары әрқашан сөйлем деңгейіне қатысты болады», - деп көрсеткен Н. Ю. Шведова. Тақырыпқа мұндай қадам жасау зерттеу мәселелерінің ортасын айқындайды, оның өзі жалпы тіл білімі аясында және болымсыздық категориясын зерттеумен байланысында жекелеген тіл білімдерінде қарастырылады. Зерттеу пәні болымсыздық категорияларының және предикаттық құрылым деңгейінде қызмет ететін басқа категориялардың өзара қарым – қатынасы болып табылады. «Синтаксистік категория болып табыла отырып, болымсыздық сөйлемге қатысты басқа да категориялармен анықталған өзара қарым – қатынасқа түседі», - деп толықтырған Е. И. Шендельс /3, 65/. Оның ішіндегі маңыздысы предикаттылық категориясы болып есептеледі. Жекелеген түрде, пайымдау болымсыздық категориясының қосмүшелі сипаттамасы оның предикативтілік категорияларымен өзара қарым – қатынасын алдын – ала айқындайды, сонымен қатар «бұл категорияның бір мүшесінің еріктілігі осы позицияда екіншісінің де еріктілігіне жатқызылады, ал оның біреуінің міндеттілігі екіншісінің мүмкіншілігі болмайтындығын білдіреді». Демек, бұдан ұғынғанымыз, сөйлем құрамындағы предикативті қос мүшенің бірі болдыруды білдірсе, екіншісі болымысздықты білдіреді. Яғни әрекеттің жүзеге асу– аспауы екеуінде керісінше жүзеге асырылады. Кез-келген айқын сөйлемдерді ұйымдастыруда болымсыздықтың сипаттамасы мен ролі әр түрлі болып келеді. Мұның өзі зерттеушілердің алдына түрлі шешімін таппаған мәселелерді қояды. Бір жағынан, болымсыздық предикаттық қатынастардың туу механизмдеріне тиіспейтін сөйлемдердің шартты болымсыз тұлғалары зерттеледі. Бұл байланыста, жекелеген түрде болымсыздықтың «сөйлемдердің дербес типтерінің жүзеге асырылуын» шектейтін әсері қарастырылады, немесе – морфологиялық категориялар шеңберінде – сөйлем мүшелерінің қатысуына шектеулі түрде әсер ету, яғни әр түрлі жүйелі шектеулердің алынып тасталуы, мәселен, морфологиялық сипаттамасында байқалады. Екінші жағынан, зерттеудің арнайы нысаны ретінде болымсыздық «сөйлем құрылымын құрастыруда және мүшеленудің логикалық – грамматикалық, синтаксистік деңгейлерінде маңызды роль атқаратын» предикативтік конструкцияларға бөлінеді, мұнда болымсыздық предикаттарды тудыруда үздіксіз қатысады.....
Әсел Сәдуақасова - актриса, әнші, продюсер. 1985 жылы 31 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Музыка мектебін фортепиано сыныбы бойынша бітірген, ұлттық және бал билерімен айналысқан. Екі жоғары мамандықтың иегері - журналистика мен психология. 2002 жылы «Дауыс International» тобына кастинг арқылы қабылданған. Топ құрамында 11 жыл бойы өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Аяри» лақап атымен жеке шығып жүрді. Кейіннен құрбысы екеуі жаңа құрамның продюсері атанды. Екі бейнебаян түсірді. Әсел Сәдуақасованың өзі продюсер болған «Жұлдыз болғым келеді» жобасында жаңа жұлдыздарды тапты – «Altyn Girls» мен «Кофеин» топтары. 2015 жылы бірнеше жобалар мен бағдарламалардың жүргізушісі болды. Әселдің айтуынша, ол қазір ән айтуды тоқтатқан. Қазіргі таңда, жүргізушілік, актерлік және продюсерлік салаларға көбірек көңіл бөліп жүр. «Sunny Production» продюсерлік орталығының негізін қалаған.....
Ойлау ой операцинларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Үғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т. б. ор текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. "Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады, бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады". Ұғымдар дара және жалпы больш бөлінеді. Мәселен, "Шымкент қаласы", "Ғ. Мұратбаев" дара ұғым болса, "кітап", "адам", "жұлдыз" т. б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, "жиналыс" (студенттер жиналысы), "кітапхана" (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Мәселен, "Ана тілі" сабағында мұғалім үй жануарлары мен жабайы ацдар түралы түсіндіргенде, олардың бір-бірінің негізгі өзгешеліктерін көрсетумен қатар, ұқсастықтарына баса назар аудартады. Осының нәтижесінде балада "жабайы аңдар", "үй жануарлары" дейтін бөлек ұғым пайда болады. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру — науқандық жұмыс емес. Ол орбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі. Мәселен, екінші сынып оқушыларына сөз таптарын түсіндіргенде, мұғалім зат есімдердің септелуін, олардың классификациясын, математика сабағында "бөлінгіш", "бөлгіш" сияқты үғьшдарды бірінен-бірі олардың өзіндік белгілеріне қарай ажыратқызса, бала үғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген үғым — жалпылай алудың нотижесі. Бастауыш сынып оқушылары қүбылыстардың сырттай үқсастыкдарына көфірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы белгілеріне жасалады. Мәселен, оқушыларға "күн", "өсімдік", "жануар" үғымдарынтүсіндіргенде, "күн жарқырайды" немесе "жылытады", "өсімдік өседі", "шөпті мал жейді", "сиыр — үй жануары", "ол сүт береді", "қүс үшады, сайрайды" т. б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. ....
Мемлекеттік білім беру мекемелерің немесе олардың жекелеген сатыларын бітірген адамдарға білім беру министірлігі белгілеген үлгіден олардың білім алғандығын күәландыратын құжат беріліді. Мемлекеттік емес білім беру мекемелерің бітірген адамдарға мұндай құжат осы мекемелер берген білім мемлекеттік стандартқа сай болған жағдайда беріліді. Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды (атестаттар, дипломдар және басқалар) нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі. Білім жүйсінде қалаған деңгейдегі басқару қатнастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиленушілерді басқарушы болып есеп беретін педагог – тәрбиелешілер оларға жетекшілік етеді, ал, тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатнастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан, да басшының, тәрбиешінің мұғалімнің моралдық, әдептілік кейпіне жоғарғы талаптар қойылады. Кәсіби іс - әрекетті әр қилы деңгейде тең басқару – бұлда педагогикалық жүйелердің өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасың қалыптастыру барысындағы оқушы іс -әрекеттің тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері,сынып жетекшісі, басқада ықпал жасайтын қызметткерлері араласады. Сондай – ақ, пән мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орын басарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады ол - сынып басшысы, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата – аналар мен қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік мекемелер мен қатынастар негізінде атқарылып барады. ....
Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ал бүгінде облыста 60 мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт - троллейбустарды шығару көзделуде. Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ал бүгінде облыста 60 мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт - троллейбустарды шығару көзделуде. Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт - троллейбустарды шығару көзделуде. Өндіріс орындары көбейген сайын экологияға солғұрлым зиян келетіні мәлім. Қоршаған ортаның ластануына автокөлік құралдарының қосар залалы да айтарлықтай. Мәселен, тек Орал қаласының өзінде ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Қазіргі күні облысымызда алпыс мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Қала көшелерінде жүйткіген темір тұлпарлар күн санап көбеймесе азаяр емес. Шетелден шекара асып, елімізге жететін шетелдік көліктерді былай қойғанда тозығы жеткен отандық, отандық емес-ау ресейлік автокөліктердің қатары да көбеюде. ....
Бейшеналиев Әзиз Болотұлы - актер. 1971 жылы 15-наурызда Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек, Қырғыстан) дүниеге келген. 1989-1992 ж.ж. Ташкент мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетінде, қытай филологиясы кафедрасында оқыған. 1996 жылы М. Горький атындағы Ташкент мемлекеттік академиялық орыс драма театры жанынан құрылған Островский атындағы Ташкент көркем-театр институтының Мектеп-студиясын тәмамдаған (В. Вержбицкий мен В. Шапиро дәрісі бойынша). В 1994–1997 ж.ж. «Лик» Ташкент заманауи хореографиясы театрында (Лилия Севастьянова жетекшілігімен) қызмет атқарған. Шетелдік кинодағы рөлдері: 2015 Ищейка (Ресей,аяқталмаған) - Ким 2014 Ерлер демалысы / Мужские каникулы (кіші хикая, Ресей) - Рашид 2014 Бывших не бывает (кіші хикая, Ресей) - Улутбек Гафуров (Бек)....
Менің ойымша «Жалпы жертану – біртұтас жүйе болып табылатын географиялық қабықша туралы теория , материяның дамуы туралы географиялық және басқа ақпараттардың негізі . Сондықтан « Жалпы жертанудың»теориялық тұжырымдары салалық географиялық талдаудың методологиялық негізі болып табылады . Болашақ мамандардың географиялық дүние- танымына негіз қалайды . «Жалпы жертану» пәніндегі географиялық дүние таным біртұтастығымен сиппатталады: табиғи құбылыстар мен процестер бір –бірімен ғана емес қоршаған ортамен де тығыз жүйелік байланыста қарастырылады . «Жалпы жертану» глобальды экологияның теориялық базасы болып табылады , өйткені тірі организімдер мен адам баласы өмір сүріп отырған ортаның экология- лық қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында географиялық қабықшаның қазіргі күйін , оның болашақта өзгеру бағытын анықтауға ат салысады . Глобальды өзгерістерлі зерттеудегі негізгі мақсат : Жер системасының дамуына әсер ететін физикалық , химиялық және биологиялық процестердің қарым- қатынасын анықтау , оған ғылыми тұрғыдан баға беру . Біртұтас жүйе – географиялық қабықша ( комплекстік геосфера , эпигиосфера ) ілімі соңғы уақытта космостық ізденістердің , эволюциялық географияның , Палеогеографияның мәліметтерімен толығуда . Сондықтан (Жалпы жертанудың» ғылыми бағыты фундаментальды физгеографиялық заңдылықтарды зерттеуден планетарлық масштабта табиғи – антропогендік ортаны тиімді пайдалану , апатты табиғи құбылыстар мен процестерді болжау және онымен күресе білуге бағытталған . Біртұтас географиялық қабықша біртекті емес , оның құрлысы да күрделі . Әсіресе , барлық қабықшалардың түйісу орталығы күрделігімен ерекшелінеді . Мұнда географиялық қабықшаның жекеленген компоненттердің -топырақ және тірі организімдердің кеңістікте әртүрлі таралуы мен дамуы нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі табиғи – территориялық комплекстер дамиды . Сонымен , «Жалпы жертану» географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын дамуын , оның жекелеген компонеттері мен комплекстерінің кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруін , қазіргі табиғи – антропогендік комплекстердің болашақта дамуын зерттейтін ғылыми сала . Сондықтан қарапайым деңгейдегі де табиғи комплекстердің дамуын , динамикалық ерекшелігін және кіші табиғи-антропогендік комплекстерге баға беріп , болжау үшін планетарлық географиялық заңдылықтар-ды білу міндетті . Адамдар Жердің шар тәрізді екендігін дәлелдеу үшін мыңдаған жыл уақытын сарп етті . Тек ХV ғасырда ғана бұлжытпас деректердің алдында ақыры Жердің жұмыр екендігі мойындалды . Сөйтіп барлық елдердің оқушылары өз планетасын жұмыр глобус арқылы оқып , зерттей бастады . Шын мәнінде Жер дұп- дұрыс шар емес . Оның нақты формасын айқындау үшін ғалымдар көп күш –жігер жұмсады . Қандай тәсілдер қолданылмады десеңші ! Сонда да біздің планетамыздың формасын дәлме- дәл белгілеу әлі қолдан келген емес . Ал мұның өзі білімнің көптеген салалары жөніндегі мамандар үшін өте маңызды . Сөйтіп , біздің Жеріміз – полюстар тұсында ішке қарай басыңқы үлкен шар – ғалымдар осындай пікірге келіп отыр . Бірақ Жердің үсті теп- тегіс емес . Бір жерлерде таулар аспанмен таласса , басқа бір жерде жазықтар көсіліп жатады , енді бір жерді ойпаңдар алып жатады . Егер жер бетінің бүкіл ойлы- қырлы бедерін ескеретін болсақ , Жердің формасы аса күрделі болып шығар еді . Сондықтан оны тіпті ең күрделі математикалық теңдеулермен бейнелеп беру мүмкін емес . Сондықтан Жердің беті деп материк астымен ойша жүргізілген су айдынын алуға ұйғарылған . Мұндай фигура «геоид» деп атайды . «Геоид» сөзін ғалымдар Жердің пішінін белгілеу үшін әдейі ойлап тапқан . Оны белгілі ғалым Листинг ұсынған . Бұл сөздің ешқандай геометриялық мағынасы жоқ. Оны тура аударсақ «Жер бейнесіндегі дене» дегенді білдіреді . Жердің радиусы шамамен 6 мың километрге тең . Глобустың радиусы одан миллион есе кіші . Сөйтіп Жердің полярлық және экваторлық радиустарының арасындағы 21 км айырма глобуста милиметрдің бөлігіне айналады . Бұл айырмашылықты глобуста бейнелеп көрсетудің ешқандай мүмкіндігі жоқ екені түсінікті де . Сондықтан глобусты жер шарының моделі деп атайды . Оның бетінде материк- тер , мухиттар , аралдар , түбектер біздің планетамыздың үстіңгі беті кішірейтілген түрінде бейнеленген . ....
1815-1848 жылдары герман мемлекеттерінде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда помещиктік шаруашылық буржуазиялық –юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды. Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болды. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең орын алып, темір-жолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды. Германияның бірігуі. Пруссия Сардиния корольдігіне қарағанда, ХІХ ғасырдың ортасына қараай ұлы дәрежесі бойынша соңында болды. ХІХ ғасырдың басындағы әскери реформаның нәтижесінде күшті әскер құрылып, Пруссия ұлы державалар қатарына қосыла алды және басқа герман мемлекеттерінің есебінен өз аумағын ұлғайтты. Пруссияның құрамына табиғи ресурстары бай Германияның дамыған аумақтары кірді. Пруссия аумағына өзге герман мемлекеттері сыналай кіріп жатқандықтан, Пруссия жалпыгермандық істерге араласуға мәжбүр болды. Пруссия неміс тұрғындары мекен еткен протестанттық мемлекет болды. Неміс ұлттық қозғалысын жақтаушылар Пруссияның Германияны біріктіру әрекеттеріне үлкен үміт артты. Король ІV Фридрих Вильгельм науқастанып, өз өкілеттігін ағасы І Вильгельмге бергеннен кейін Пруссия ішкі германдық істермен айналыса бастады. Оны толғандырған басты мәселе Австрияны әлсірету және барлық герман мемлекеттерін Пруссия маңына біріктіру болды. 1862 жылы жаңа король өзінің бірінші министрі етіп 47 жастағы Отто фон Бисмаркті тағайындады. ХІХ ғасыр басындағы реформалар пруссия әскерін жалпыхалықтық әскерге айналдырды. Бисмарк әскерге баса көңіл бөлді. Бисмарктің және оның көмекшілері - әскери министр Альбрехт фон Роонның және Бас штаб басшысы гельмут фон Мольткенің арқасында пруссиялық әскер Еуропадағы ең күшті әскердің біріне айналды. 1864 жылғы Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы соғысы Австрияның талқандалуына бастама болды. Дания мемлекетінің құрамында немістер тұратын екі провинция –Шлезвиг және Гольштейн болатын. Дания бұл соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Пруссия Шлезвигті, ал Австрия Гольштейнді басқару билігін иемденді. ....
Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылы - 2006 жылы 26 қыркүйекте Алматыда) — кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСРнің Халық артисі (1965), Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1967). Қазақ кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды артист.
1938 жылы Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейін Ленинград театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірген. 1938 – 1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының актрисасы 1940 – 1942 жылдары қазіргі Қазақ мемлекеттік академия драма театрының труппасында 1942 – 1949 жылдары “Қазақфильм” студиясында қызмет атқарды. 1949 жылдан Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының (қазіргі Қазақ мемлекетік академия жастар мен балалар театры) актрисасы болды.
Шығырмашылығы Оның театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі – М.Әуезовтің “Түнгі сарын” спектакліндегі Мөржан. Бұдан басқа ойнаған басты рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Луиза (Ф.Шиллер “Зұлымдық пен махаббат”), Смеральдина (К.Гольдони “Екі мырзаға бір қызметкер”), Шәуәли (М.Ақынжанов “Ыбырай Алтынсарин”; Бүкілодақтық балалар және жасөспірімдер театрлары фестивалінің дипломымен марапатталды, 1958), Рәбиға (Ш.Хұсайыновтың осы аттас драмасында), Кенжегүл (І.Мұхамеджанов “Өзіме де сол керек”), Алтынай (Ш.Айтматов “Алғашқы мұғалім”), Гүлжамал (Т.Ахтанов “Күшік күйеу”), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов “Тағдыр”), Глумова (А.Н. Островский “Адам аласы ішінде”), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түскен: Ажар (“Абай әні”, 1945), Мұғалима (“Қанатты сыйлық”, 1956), Айша (“Бір ауданда”, 1960), Ана (“Ана туралы аңыз”, 1963, Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен байқаудың 1-сыйлығы, 1964; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1966), Тана (“Тақиялы періште”, 1968; Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-кино өнері байқауының сыйлығы, 1969), т.б. Отан, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.....
Бұдан 40 жыл бұрын қазақтың Бақыты болған Байқоңыр, қазір – Соры. Бұдан 5 жыл бұрын Байқоңыр Ресейге 99 жылға берілетін бопты деген сыбыс шығысымен Байқоңырдың Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті екенін жақсы білетін. Бүкіл үндеуді жазып отырған Байқоңыр аймағында тұратын, Байқоңырдың қасіретінен көз ашпай келе жатқан, соры бес елі, бақытсыз қазақтар. Біз Байқоңырдан бір емес, екі бірдей қасірет шегіп келеміз. Бірі - жан қасіреті, бірі - тән қасіреті. Жан қасіреті сол - ата-бабаларымыз қасық қанды да, шыбын жанын да аямай қорғап, бізге мұра етіп қалдырған жерімізге қазір кім ие? Орыстар ие. О жер қазір қазақтың жері емес, орыстың жері. О жерге бірде бір қазақ аттап кіре алмайды. О жерде Қазақтсанның бір де бір заңы, тіпті Ата заңы да жүрмейді. Ал енді, айналайын ағайындар-оу, өз жеріңе өзің ие болмаудан асқан не қасірет бар? Біздің қазір шегіп отырған жан қасіретіміз - міне, осы. Ал, тән қасіретіне келер болсақ, біздің қазір суымыз да у, тамағымыз да у, ауамыз да у. Бүкіл аймақта дені сау адам жоқ. Бәрі ауру, бәрі мүгедек. Еңкейген шалдан, еңбектеген балаға дейін ауру. Тіпті құрсақтағы баланың өзі туғанда ауру боп туады. Ал жеріміз ше? Жеріміздің халі бұдан да жаман. Жеріміз күннен күнге қу медиен далаға, Сахараға айналып барады. Бұ қалпымен бүгінгі Байқоңырдың айналасы қу медиен далаға айналса, ертең Қазақстанның бүкіл оңтүстігі қу медиен далаға айналатын болады. Одан бүкіл Қазақстан қу медиен далаға айналатын болады. Содан не істеуіміз керек? Байқоңырды жабуымыз керек. Бұған Президентіміз келісе ме? Келіседі. Келісетіні, оның ойы да біздің ойымыз сияқты. «Байқоңыр Ресейге берілетін болыпты» деген қауесет тарасымен, Президенттің бұған не дегенін бүкіл қазақ біледі. «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенді Президент нық айтқан. Және бір айтпай, бірнеше рет айтқан. «Олай болса, Президент Байқоңырды Ресейге неге беріп қойды?» деген сұрақ туады. Беріп қойғаны оны со кезде ешкім қолданған жоқ. Президент: «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенде, «Иә, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» деген бір қазақ болды ма? Болған жоқ. Бізді қойшы, біз малдың ізіне қараған қазақпыз. Ал, астанадағы халықтың қамын ойлайтын, көзі ашық, көкірегі ояу қазақтар қайда қарады? Олар да жұмған ауыздарын ашқан жоқ. Ал енді халқы қолдамаған Президент не істесін? Ешнәрсе істей алмайды. Ал осындай, іштен тынып, көніп жүрген кезінде бүкіл халық болып: «Байқоңырды өзімізге қаратып алайық!» десек ше? Ол бұған қуана-қуана келіседі. Келісетіні, оның күні-түні ойлайтыны – халықтың қамы. Бізге не керек? Не қымбат? Ғарышты зерттеу қымбат па? Жоқ, қазақтың жері қымбат па? Жалпы, біз не үшін өмір сүреміз? ....