Философия тарихындағы адам проблемасы
Адам объективтік идеяның даму процесінің жеке көрінісі ғана болып табылады.
Объективтік идеализмнің бұл идеяларын сынай отырып, Фейербах философияда антропологиялық принципті ұсынып, адамды оның ең басты орталық кейіпкері деп қарастырды. Ол адамды тәні мен сезімі бар жан ретінде, “Менің” және “Сенің” нақты кездесуің деп түсінді.
Адам жайындағы ғылыми-философиялық ілімнің қалыптасуы тарихтың материалистік ұғымының қалыптасуына байланысты. Адам туралы идеалистік және натуралистік теорияларын сынай келе, Маркс пен Энгельс адам проблемасын диалектикалық-материалистік монизм принципі негізінде шешті. Адамның марксистік ұғымының негізі ретінде оның қоғамдық еңбек қызметінің субъектісі және нәтижесі екендігі алынды, өйткені адамның қалыптасуында, адам тектес жануарлардың адамға айналуында шешуші рөл атқарған еңбек процесі болды.
Еңбек процесінде адам өзінің тұрмыс жағдайын ұдайы жақсартав отырып, материалдық және рухани мәдениеттер дүниесін жасайды, оларды жасау барысында өзін де ұдайы өзгертіп, жетілдіріп отырады. Еңбекті адам жеке-дара іске асырмайды. Еңбек әуел бастан-ақ бірлесе орындалатын әлеуметтік іс-әрекет болды. Әлеуметтік іс-әрекет ретінде еңбек адамның жаңа әлеуметтік сапаларын: сөйлеу тілін, ойын, өзара қатынасын, сенімін, дүниегекөзқарасын т.б. тудырып қалыптастырды. Психиологиялық жағынан алғанда еңбек жануар ата-бабасынан қалған инстиктті өзгертті.
Жеке адамдарға тән дара ерекшеліктерді қоя тұрып, барлық адамдарға тән ең жалпы қасиеттерді, мәнді белгілерді топтастырып, адам ұғымына жалпылама анықтама берсек, адам––ақыл-ойы бар жан, еңбектің, әлеуметтік қатынастардың субъектісі екендігін атап көрсетеміз. Әлеуметтік қатынастар сөйлеу тілі арқылы іске асатынын ескерсек, адам дегеніміз еңбекке, ойлауға және сөйлеуге қабілетті әлеуметтік жан деп жалпылама анықтауға болады.
2. Адам –– биопсихоәлеуметтік жан
Адамның биологиялық қасиеттері оның организмінің морфологиялық, генетикалық құбылыстарынан және сондай-ақ ми-жүйкелік, электрохимиялық, т.б. кейбір процестерден көрінеді. Психикалық жағына адамның ішкі рухани дүниесі –– саналы және санасыз іс-әрекеттері, еркі, көңіл күйі, есі, мінез-құлқы, темпетаменті т.б. жатады. Адам ақыл-ойы бар жан дейміз.
Адам бойында айырғысыз бірлікте болатын әлеуметтік және биологиялық жақтары адамның алуан түрлі қасиеттері мен іс-әрекеттерінің тек екі ғана абстрактілі ұғым ретінде бейнелендіреді. Адам материя қозғалысының тек биологиялық формасының ғана иесі болып көрінеді. Адам тек ірі организм ғана, биологиялық түр ғана емес, ол ең алдымен қоғамдық қатынастардың субъектісі. Егер адам морфологиялық және физиологиялық деңгейінен бастап талдап, оның психофизиологиялық және рухани құрылымын талдауға көшсек, онда оның әлеуметтік психиологиялық жан, яғни адамдық тұлға екнін ұғынамыз. Организм мен тұлға –– адамның айырғысыз екі жағы. Тірі организм ретінде ол табиғи құбылыстар жүйесіне жатады да табиғат заңдылықтарына бағынады, ал тұлға ретінде әлеуметтік болмысқа, қоғамға, адамзат тарихи мен мәдениет саласына жатады.
Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оны тұлға ретінде түсіндірудің философиялық ұғымына жатады. Адамның биологиялық жағы негізінен тұқым қуалаушылық (генетикалық) механизміне байланысты болады. Ал адам тұлғасының әлеуметтік жағы қоғамның мәдени-тарихи мазмұнымен анықталады. Адамнығ биологиялық жағы да, әлеуметтік жағы да жеке алғанда оның ішкі мәнін анықтап бере алмайды. Адамның мәнін анықтайтын –– биологиялық жағы мен әлеуметтік жағының табиғи бірлігі.
Адамды таза әлеуметтік тұрғыда немесе таза биологиялық тұрғыда, атап айтқанда генетикалық (немесе физиология, медецина, психиология т.б.) тұрғыда сыңаржақ қарастыру көп жағдайда адамның әлеуметтік және биологиялық жақтарының табиғи арақатынасын бұрмалауға әкеп соғады. Адамның мәнін түсіндіруде бірінші орынға “генді” қояды да, адамның генетикалық табиғаты шешуші рөл атқарады деп санайды.
Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлық морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі, сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды; бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы –– мұның бәрі мидың дамуына алып келді. Адамның морфологиясының өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдық бірлігі, негізі болды десе болады. Еңбек қызметінің, тілдік қатынастың және рухани болмыстың бірлесе өзгеруінің нәтижесінде антропогенез белгілі бір деңгейде биологиялық даму жолынан әлеуметтік системалардың тарихи қалыптасу жолына көшті, сөйтіп, нәтижесінде биоәлеуметтік бірлік түрінде адам қалыптасты.
Адам биоәлеуметтің бірлігі ретінде туады. Демек, ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық система түрінде келмейді; ол социум жағдайларында қалыптасады. Адамның биологиялық жағын анықтайтын тұқым қуалаушылықтың механизмі оның әлеуметтік мәнін де қамтиды. Дүниеге жаңа келген нәресте “табула раса” емес, яғни сыртқы орта өз бейнесін сызатын таза тақта емес. Тұқым қуалаушылық нәрестені таза биологиялық қасиеттермен және инстиктермен ғана қамтамасыз етпейді. Ол әуел бастан-ақ ересек адамдарға еліктеу –– олардың іс-әрекетін, дыбысты т.б. қайталау қабілетімен бірге туады.
Оған қызығушылық қасиет тән, ал бұл –– әлеуметтік сапа. Нәресте қуануға, ренжуге, қорқыныш сезіміне т.б. қабілетті; оның күлімсіреуі туасы қасиет, ал күлімсіреу тек адамға тән белгі. Олай болса, нәресте дүниеге келгенде адам ретінде келеді. Дегенмен, дүниеге келген кезде ол әлі адамдыққа кандидпт қана. Қоғамнан тыс қалса, онда ол адам бола алмайды –– адам боуға ол қоғамда ғана үйтенеді. Оны адамдық дүниеге қоғам енгізеді: оның мінез-құлқына әлеуметтік мазмұн беріп, реттеп отыратын қоғамдағы әлеуметтік өмір. Баланы туғаннан бастап тәрбиелеп, оқытып, түрлі іс-әрекеттер мен қызметке үйрететін қоғамдық өміоді адамды әлеуметтендіру, яғни әлеуметтік қатынастарға қосу деп санайды.
Адамның санасы да дәл сол сияқты, адамға әуелбастан тән қасиет емес. Саналы психикалық құбылыстар өмірдің барысында, тәрбиелеудің, оқытудың, тілді, мәдениет дүниесінің белсене меңгерудің нәтижесінде қалыптасады. Сөйтіп, әлеуметтік бастама жеке адам биологиясына психикалық құбылыстар арқылы енеді, сөйтіп ол осылайша өзгертілген түрде адамның саналы, психикалық тіршілік қызметінің негізіне айналады.
Сонымен, адам дегеніміз биологиялық (тірі организмдік), психикалық және әлеуметтік сапалардың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әдеуметтік, тұқым қуалаушылық қасиеттерден және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жай арфметикалық қосындысы емес, олардың табиғи бірлігі екенін білу қажет.
3. Адам –– жеке тұлға ретінде
Адам жалпы тектік ұғым ретінде нақты индивидтерден (жеке адамдардан) тұрады. Адам жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы түрі, еңбек процесінің субъекті, ой-санасы және сөйлеу тілі бар биопсихоәлеуметтік жан ретінде жалпылама анықталса, индивид (латынша –– “жеке адам”) қоғамның мүшесі –– жеке адамды, жеке “атомын” білдіреді.
Адамның әлеуметтік мәнін білдіру тұрғысында оны әлеуметтік қатынастардың жиынтығы ретінде түсінуді тұлға деп атайды. Олай болса, әрбір қоғамдық формацияның қоғамдық қатынастарына сәйкес (солардың бейнелену формасы ретінде) өзіндік адамдық тұлғасы (тарихи типтері) болады. Қорыта айтқанда, “адам” деген жалпы тектік ұғым тарихи типтерге (тұлғаларға) бөлінеді, ал бұл соңғы жеке адамдардан (индивидтерден) тұрады. Диалектиканың жалпылық, ерекшелік және жекеше категорияларын адам ұғымына қолдансақ, “индивид” –– жекеше, “тұлға” –– ерекше, ал “адам” –– жалпылықты білдіретін ұғымдар деп қарастыруға болады.
Тұлға нақты-тарихи ұғым. Тарихтың барысында адам мен қоғамның арақатынасы елеулі өзгерістерге ұшырап отырады.
Рулық қоғамда жеке адамның мүддесі бүкіл рудың аман қалуының ортақ мүддесіне бағынды, әрбір ересек адам оған дәстүр бойынша ру міндеттеген істі орындауы тиіс болды. қысқасы оның адамдық мәні рулық қауымдық қатынастардың бейнесі болып табылды. Бұл адамның тұлғалық дамуының бірінші тарихи сатысы еді.
Құлиеленуші және феодалдық қоғамдық қатынастардың тууына байланысты антикалық және ортағасырлық мәдениет қалыптасты, таптар мен таптық қатынастар туды, мемлекет пен құқықтық мекемелер шықты; осыған байланысты құқықтық қатынастар мен міндеттердің иесі, субъектісі құлдық қоғамдағы ерікті азаматтар мен феодалдық қоғам азаматтары ғана болды. бұл екі формацияның жалпы қанаушылық мәніне қарамастан, антик дәуірінің тұлғасы мен феодалдық қоғамдағы адам тұлғасының бір-бірінен елеулі айырмашылығы болды, өйткені олар түрліше мәдениет типтері мен әлеуметтік қатынастар тұсында өмір сүрді. Ал феодализмнен шаруашылықтың капиталистік формасына өтуге байланысты тұлғаның мүлдем жаңа типі пайда болды.
Тұлға –– белгілі бір қоғамдық қатынастар тұсында өмір сүтетін адамның негізгі үш жағының: биогенетикалық нышандарының, әлеуметтік қатынастар әсетінің және психоәлеуметтік қасиеттерінің тұтаса бірігуінің нәтижесі.
Қазіргі кезде тұлғанығ мәні жайында екі негізгі концепциялық көзқарас бар: 1) тұлғаның адамның функциялық (атқаратын рөліне қарай) сипаттамасы және 2) тұлғаның әлеуметтік мәніне қарай сипаттамасы.
Бірінші көзқарас адамның әлеуметтік функциясы (атқаратын қызметі) жайындағы ұғымға негізделеді. Тұлға жайындағы ұғымның бұл түсіндірмесінің маңыздылығын (мұның осы күнгі қолданбалы социологияда маңызы ерекше) мойындай отырып, сонымен бірге оның кемшілігін де атап көрсеткен жөн: функциялық сипатама адамның ішкі рухани дүниесіне терең үңілуге мүмкіндік бермейді, тек оның сырт мінез-құлқын ғана көрсетеді, ал көп жағдайда сырт мінез адамның ішкі мәнімен сәйкес келек бермейді.
Тұлғаны атқаратын рөліне қарай сипаттамай, мәніне қарай сипмттау бұл ұғымның мазмұнын тереңірек ашып көрсетіп, адамның өзіндік санасын, мінез-құлқы мен ерік күшінің қайнар көзін, белсенді іс-әрекеттің субъектісі екенін анықтап береді. Тұлға –– адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің жеке адам бойында шоғырлануының көрінісі, дүниені танып білудің және өзгертудің, құқығы мен міндеттерінің, эстетикалық, этикалық және басқа әлеуметтік нормалардың шоғырланған бірлігі. Тұлға –– әрдайым әлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады.
Тұлға –– іс-әрекетің, қарым-қатынастың, сана мен өзіндік сананың, дүниеге көзқарастың субъекті. Адам өзін-өзі басқара білу, өзінің әуесқойлығы мен құмарлықтарын жеңе білу қабілеттеріне ие болғанда ғана тұлға дәрежесіне көтеріле алады. Тұлға өзіндік ерік күші жоқ, бет-бейнесіз адам деңгейіне дейін құлдырап кетуі де мүмкін. Адамды тұлға жасайтын ең алдымен оның әлеуметтік-психиологиялық ерекшеліктері: ақылы, ерік күші, байқағыштық, өз пікірін дәлелдей білу, әлеуметтік жағдайы сонымен байланысты әлеуметтік қызметі мен мақсаты, дүниегекөзқарасының сипаты. Қысқарта айтқанда, тұлға ұғымы адамның әлеуметтік-психиологиялық мәнін білдіреді.
Тұлғаның іс-әрекеті мен мінез-құлқының басты анықтаушысы –– оның дүниегекөзқарасы. Өмірдегі өз орнын түсінген адам ғана мақсатқа сай саналы түрде әрекет етіп, өзінің тұлғалық мәнін көрсете алады. Жеке тұлғаны бүкіл айналадағы дүниемен байланыстыра алатын өткелі –– дүниеге дұрыс көзқарас, ғылыми көзқарас.
Тұлғаның дүниегекөзқарасының қалыптасуымен бірге бір мезгілде оның мінез-құлқы да қалыптасады. Мінез-құлық адамның әлеуметтік белсенділігінің формаларын тұрақтандырып, орнықтандыратын психиологиялық серіппе десе де болады. “Тек мінез-құлқы арқылы ғана индивидум өзінің тұрақты айқындылығына ие болады”.
Тұлғаның айрықша бір белгісі –– оның адамгершілігі. Тұлғаның адамгершіліктік мәні көп жағдайда іс жүзінде “тексеріледі”. Әлеуметтік жағдайлар адам алдына былай жүрсе өгіз өледі, былай жүрсе арба сынады.
Тұлға дегеніміз адамның ішкі адамдық қасиеттерінің тұтстығының көрсеткіші –– ішкі тұтастықсыз тұлға жоқ.
Тұлға –– колектив –– қоғам
Адам бірлескен еңбектің, іс-әрекеттің ықпалымен қалыптасып, дамиды. Осы тұрғыдан алғанда, ол бір мезгілде әлеуметтік күштер мен қоғамдық қатынастар әсерінің объектісі және оларды іске асырушы субъекті болып табылады: “...қоғам адамды адам етіп қалай қалыптастырса, адам да қоғамды солай қалыптастырады”, –– деп жазды К. Маркс. Адам тұлғасы мен қоғамның өзара байланысы жайындағы мәселені философиялық тұрғыдан дұрыс анықтап алмайынша, тұлға проблемасын дұрыс шешу мүмкіне емес.
Қоғам мен адам тұлғасының арақатынасын түсіндіруде марксизм іс-әрекет принципінің зор методологиялық маңызын атап көрсетеді. Қоғамдық заңдар адамның қоғамдық мәнін қалыптастаратын іс-әрекетінде жүзеге аса отырып, табиғат пен қлғамның ішкі байланысын бе»нелендіреді деген ғылыми қағида өзінің дәлелдемесін тұңғыш рет марксизмнене тапты. “Менің өзімдік болмысым қоғамдық іс-әрекет болып табылады... Адамның мәнінің анықтамасы және адамның іс-әрекеті қандай алуан түрлі болса, адамдық шындық та сондай алуан түрлі”, –– деп жазды К. Маркс.
Маркс пен Энгельс “іс-әрекет” ұғымын кең мағынада қолданады. Іс-әрекет –– қоғам мен адамның өмір сүруі мен дамуының тәсілі, айналадағы табиғи және әлеуметтік шындықты (адамның өзін қоса) оның қажеттеріне, мақсат-мүдделеріне сәйкес өзгертуге бағытталған алуан түрлі процестер.
Адамдардың іс-әрекетінің формалары мен түрлері көп. Адамның іс-әрекеттері ең алдымен практикалық және рухани болып жалпы екі формада жүзеге асады. Практикалық іс-әрекеттің нәтижесі материалдық игіліктер өндіруден, әлеуметтік жағдайларды, қоғамдық жан ретінде адамның өзін “өндіру” мен дамытудан көрінеді. Материалдық өндіріс практикасы іс-әрекеттің негізі бола отырып, қоғамдық іс-әрекеттің басқа барлық түрлерін айқындаушы болып табылады. Сондықтан бұл жерде “іс-әрекет” ұғымын өндірістік іс-әрекет мағынасында алып отырмыз.
Жеке тұлға мен қоғамның байланысы ең алдымен отбасы, оқу, еңбек коллективтер арқылы жүзеге асады. Адамзат тарихының бастамасы коллективтік іс-әрекет, бірлескен еңбек болғаны белгілі. Содан бері коллективтік іс-әрекет жеке адамдардың әлеуметтік қатынастарының қайнар көзі болып келеді.
Адам –– белсенді, іс-әрекетшіл жан. Оның өзіне тән аса маңызды бір қасиеті –– жасампаздық іс-әрекет, творчество.
Бірақ мұның бәрі коллективтік өмірде іске асады, өйткені әрбір адам қоғам өміріне тек коллектив арқылы ғана енеді. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында шешуші рөл атқаратын да коллектив екенін түсіну қиын емес: ол адам тұлғасы дене жағынан да, рухани жағынан да толысатын, біртұтас әлеуметтік организмнің аса маңызды бір бөлігі болып табылады; онда тілді меңгеру және іс-әрекеттің қоғамда қалыптасқан формаларын игеру арқылы бұрынғы ұрпақтардың еңбегімен жасалған мәдени жетістіктерді өз бойына сіңіреді. Коллективте қалыптасқан тікелей қарым-қатынас жасау формалары әрбір адамның кейпін қалыптастыратын әлеуметтік байланысты құрады. Жеке тұлғаның қоғамға келтіретін пайдасы және қоғамның жеке адамға беретін игілігі бастапқы коллектив арқылы іске асады. Жеке тұлғаны қалыптастыратын коллектив болса, оның өзін қалыптастыратын жеке тұлға болып табылады. Коллектив барлық мүшелері бірдей, ұсқынсыз бірдеңе емес. Осы тұрғыдан алғанда, ол бір-біріне ұқсамайтын алуан түрлі жеке тұлғалардың жиыны болып табылады. Жеке тұлға онда іс-түссіз сіңіп кетпей, өзін-өзі көрсете, таныта біледі. Белгілі бір қоғамдық қызметті орындай отырып, әрбір адам қайталанбас алуан түрлі іс-әрекеттердің ішінде өзорны бар өзіндік міндетін орындайды. Дамыған коллективте адам өз тұлғасының маңызын саналы түрде ұғыну деңгейіне дейін көтеріледі.
Коллектив өз тұлғаларын қамти отытып, өз мүшелерінің көмегімен өзін қалыптавстырғанда, ол қалыптаудың маұсаттарын оған тұтас қоғам анықтап береді. Бұл жерде формальды (ресми) коллективтерді формальды емес (ресми емес) коллективтерден айыра білу керек. Ресми емес коллективтер әдетте адамдардың ынтасына қарай құрылады. Олар –– клубтар, секциялар, қауымдастықтар. Бұл коллективтердің мүшелерінің арасында байланыс достық, ұнату қатынастары және басқа еркін қатынастарға негізделеді. Бұл коллективтерде әдетте жасампаздық бастама жоғары болады.
әрбір формальді (ресми) коллективте де адамның қызметі қоғам белгілеген міндетті орындаумен ғана шектелмейді; адамдар тек өндірістік қатынастар төңірегінде ғана топтаспайды, сондай-ақ басқа мақсат мүдделер, мәселен, ортақ саяси, эстетикалық, ғылыми көзқарас және ой-пікірлер төңірегінде де, көбінесе бәріне ортақ тұрмыстық проблемалар төңірегінде топтасады.
Коллективтің әрбір мүшесі, жоғарыда айтқандай, өзіндік айрықша түсінігі, тәжірибесі, ақыл-ойы және мінез-құлқық ерекшеліктері бар дара тұлға болғандықтан, тіпті аса ынтымақты деген коллективте де түсінісбестік, ал кейде қайшылықтар тууы мүмкін. Дәл осындай жағдайлар туған кезде бүкіл коллективтің және әрбір жеке тұлғаның ынтымақтылығы қаншалықты берік екендігі сыннан өтеді –– қайшылық дау-жанжалға (конфликтке) айнала ма, әлде көпшілік игілігі үшін бейбіт жолмен шешіле ме, белгілі болады.
Адамзат қоғамы –– тірі жан дүниесінің ұйымдасуының ең жоғарғы деңгейі. Ол коллективтердің коллективі бола отырып, ең жоғарғы әлеуметтік бедел иесі болып табылады. Бастапқы коллектив –– өте кішкентай қоғам десе де болады: адам мен қоғамның тікелей өзара әрекеттесуі дәл осында болып жатады. Қоғам жеке тұлға үшін бір мезгілде әрі оның бүкіл өмірінің әлеуметтік жағдайларының жиынтығы және барлық бастапқы коллективтердің, олай болса, жеке тұлғаның өзінің де дамуының нәтижесі болып табылады.
Адамзат тарихы –– адамның еркіндігі мен бостандығының қалыптасу және өсу процесі, яғни оның адамдық күш-қуатын барған сайын жетілдіру процесі. Адам шындық дүниенің, оның ішінде тарихтың да даму заңдарын терең білсе ғана кім көрінгеннің ой-пікірінің жетегінде кетпей, біреудің күштеуіне көнбей, өз ой-пікірінің ақмқаттығына берік сенімді болады, өз өмір жолын өзі таңдай біледі. Сонда ғана ол шын еркіндік пен бостандыққа жетеді. Бірақ адамның еркіндігі мен бостандығы ол өмір сүріп отырған қоғамдық болмыс мүмкіндіктерінен аса алмайды, жалпы алғанда, соған сәйкес болады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?