Экономикадағы экологиялық проблема Қоршаған ортаны қорғау

Экономикадағы экологиялық проблема Қоршаған ортаны қорғау

Нарық жағдайында экологияның
экономикалық құқықтық мазмұны
әр түрлі нысандары.

Қозғалыс табиғатты қорғау жөжінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететеін мәселе болып табылады. Адам мен табиғаттың қарым – қатынасы экологиялық – экономикалық қатынас ретінде қарала бастады.
Біздің республикамыздың териториясы көлемі жағынан әлемде алтыншы орындға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99 – ы табылды, 70 – інің қоры зерттелді, өндірісте 60 – тан пайдаланылуда.
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі – түсті металургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан – магни өндірісі, қара металургия : сапалы қара металургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүнйесіне әсерін тигізеді.
Климатологтардың пікірі бойынша, республика териториясында климаттық антропогендік өзгерістері бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде ең арттағылардың қатарында.
Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі өнер кәсіп орындары мен ведоиставаларға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.
Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі ғылыми техникалық прогрес.
Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет ? Экологиялық тұрғыдан қарағанда, табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет технологиясына көшу бағыты дұрыс деп есептеледі.
Әлемнің ірі – ірі қалаларында ауаны ластаудың 2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі он бүлдірушінің ішіндн, БҰҰ – ның таблицасы бойынша, автомобильден бөлінетін көміртегі екінші орында жүр.
Егеменді ел болдық деп бөркімізді аспанға атып жүрміз. Бірақ табиғатымыз күн санап азып барады. Бұрын бұған орталықты кінәләдік, ал бүгінгі таңдағы туған жерге табиғатқа деген немқұрайлыққа ертең кімді кінәлар екенбіз? Қазір өзіміз би, өзіміз қожа емеспіз бе? Ел аман жұрт тынышта « жау шапты, от қашты » деуімнің ең басты себебі экономика көлеңкесінде қалып отырған экология мәселесі. Бұл сөзімнің айғағына күнделікті баспасөз беттерінде кездестіріп жүргеннен байлықтары, мұнай өндірісі сияқты табиғатқа пайдасы мен зияны бірдей кен ошақтары туралы мәліметтердің бір жақтылығын айтар едім. Мысалы соңғы кездері өндіріс ошақтарын жекешелендіру жөніндегі табыстан бас айналып, көз қарауытардай тапқанымызбен тарих алдындағы жуап кершілігіміздіде ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда табиғатты пайдалану экономиканы пайдалану экономиканың жүйесі анықталып келеді, нарықтың өзара қатынастық құқықтық базасы жасалды. Қазақстан Республикасының « Қоршаған ортаны қорғау туралы » заңы қоршаған ортаны қорғаудың экономикалыұ механизімін экономикалық мәселелерге жеке бөліммен бөліп береді.
Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері белгіленген: жоспарлау мен қаржыландыру ; табиғи қалаларды пайдаланған үшін төлем ақы; қорды қоршаған ортаны ластандырудың төлемақысы; қоршаған ортаны қорғау қорын жасау. 1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін салықтан түсті -16 млрд. астам теңге. Бұл бюджеттің табысты бөлігінің 8,2% көлемінде. Негізінен бұл қазба байлықтың төлем ақысы.
Жергілікті бюджет табысына орман ; су, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы түседі.
Төлемақы көлемі олардың экономикалық бағалануына көбнесе сәйкес келе бермейді. Олар негізінен шартты түрде төленеді, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге кететін шығыннан төмен.
Табиғатты пайдаланудан түсетін төлемақы оны қорғауға кететін шығынды өтеуі тиіс.
Қазіргі негізгі принцип мынандай-ластандырушы төлейді. Ластандыру үшін төленетін төлемақының көлемін ұлғайту үшін құқықтық негіз жасап, төлемақы мөлшері деңгейін соған сәйкес анықтаудың әдістемелігін өзгерту қажет. Сонымен қатар экологиялық заңды өтеудің міндетті сақтандыру шараларын енгізу қажет.
Қоршаған ортаның ұлттық стратегиясын енгізу үшін инвестиция қажет. Алайда өтпелі экономиканың жағдайында инвестицияға кезігетін елеулі кедергілер бар.
Біріншіден, капитал рыногының шектелген дамуының. Мемлекеттік бюджет пен экономиканы басқарудың орталықтанған жүйесі барлық инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде капитал рыногымен әлі толық алмасқан жоқ. Оның зайымдар, бонустар беретін басқа да финанстық құралдары жеткіліксіз. Соған қарамастан жергілікті банк жүйесі баршылық, олар өте жоғары проценттік мөлшерде зайымдар береді.Көпшілігінде мұндай экологиялық инвестициялардың ғұмыры қысқа. Ластандыру төлемақысының жүйесі өте төмен белгіленген, әрі өте нашар орындалады. Оларды ынталандыратын күш әлсіз бюджеттік мәжбүрлікпен төмендейді, сөйтіп кәсіпорындарға бағалауды бюджетке өткізуді мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорындардың экологиялық инвестицияға қызығушылығын төмендетуі. Экологиялық қорларды құрудың басты себебі олар кездескен қиыншылықтарға қарамастан инвестицияларды қолайлы деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қорлар экологиялық стандарттар мен нормаларды енгізуді жеңілдетуі, таза әрі қорларды үнемдейтін технологияның да шығуына ықпал етеді.
-Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл жилекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радияция бұдан былай біздің үйлерімізбен бақтарымызға енбейтін болады деп жазылған.Бұл елбасы жолдауы – болашақ бағдарламасы даген сөз. Экология ел амандығы десек ең алдымен табиғатты сауықтыруымыз керек.
Қазақстандағы табиғат қорғау инвестициясының негізгі бөлігі ішкі ресурстардан түседі, алайда қаржыландыру деңгейі төмен.
Үкімет табиғат қорғау қорының қызмет аясын, құқығын кеңейтіп, сол арқылы экологиялық төлемақыны өндіру мен жұмсауды бақылау құқығы бар дербес статус беріп отыр. Дербес заңды тұлға ретінде Республикалық экологиялық қор құрылды. Оның қаржысы экология және табиғи қорлар стратегиясын туындайтын экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Қорларды құру республикада табиғатта қорғаудың экологиялық механизмін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.
Табиғат қорғаудың басымдық шараларын іске асыру үшін халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанға сыртқы қажет.
Қазақстан конституциясында және « Қазақстан – 2030 » стратегиясында біздің азаматтарымыздың қолайлы қоршаған ортада салауатты өмір сүруіне, дер кезінде нарықты экологиялық ақпарат алвп отыруына құқық берілген.



2. Қоршаған ортаны қорғаудың
экономикалық аспектісі.
Адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында жүретін « зат алмасусыз » мүмкін емес. Алайда бұл алмасу қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Өкінішке орай, адамда
« бәрін бағындырам » деген қиял пайда болады. Ғасырлар бойы адамдар жасаған өндіріс құралдары қазір дамудың жоғары деңгейіне жетті. Енді сол жетістік адам денсаулығына жер бетіндегі тіршілік дүниесіне зиян келтіруде. Оның бір себебі әлі күнге дейін материалдық өндірісте объективті баға үшін жеткіліксіз екі өлшемді әлеуметтік, экономикалық әдіс қолданылды. Мұның орнына көрсеткіштер мен факторлардың үш өлшемді әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жүйесіне көшу қажеттігі әлдеқашан дәлелденген. Бірақ экономистер мен экологтар арасында экологиялық проблемаға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарама – қайшы, бірін – бірі жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбнесе техникалық – экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған. Ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағына көңіл бөлінбей қалады. Бүгінде біздіңде еліміздей экологиялық жағдай осындай іс - әрекеттерге байланысты нашарлап кетті. Экологиялық сауатсыздық, табиғатта жүріп жатқан заңдықтарды білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі себептері. Біздің елімізде қоршаған ортаны сақтау мен оны пайдаланудың экономикалық әсері осы уақытқа дейін болмады. Экономикалық механизмнің жаңа структурасы өзіне табиғат ресурстарын қарастырып, материялдық техникалық жабдықтауды және сонымен бірге, жаңа экономикалық стимулярды, яғни, экологиялық фондтар экологиялық сақтандырулар кіргізеді.
Ғалымдардың айтуы бойынша жаңа экономикалық механйзмнің негізгі еркшелігі – қоршаған ортаны қорғауды өндірістік комерциялық дамудың негізгі бөлігі ретінде санау, өйткені жұмысшы немесе өндіруші өзінің өндіретін өнімімен бірге қоршаған ортаны қорғауға да үлкен көңіл аудуруы керек.
Қоршаған ортаны қорғаудың
экономикалық механизмі.
Табиғат ресурстарының кадастры Материялды техникалық жабдықтар

Табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер
Ресурстар үшін төлемдер
Ластану үшін төлемдер
Құралдар көздері
Экологиялық
льготтар
Материялдық жеңілдіктер
Келтірілген зиянды қалпына келтіру
Табиғатты қорғау фондтарының амартизация нормасын жасау
Экологиялық таза өнімге қосылымдар және жеңілдік бағалар
Мідетті
Экологиялық
сақтандыру
Ерікті
« Экология » автор: В. И. Коробкин
Л. В. Передельский 527 стр.

3. Қазақстан Республикасында проблеммалардың
даму жағдайы және одан сақтану шаралары.

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі Қазақстан териториясы кең – байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай 2,925 км. Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларда қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқты.
Топырақтың құнарлығының бұзылуы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және жүйкежүйелеріне әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, био – көптүрліліктің жойылуына әкелді. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облспен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2 – 4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 – баланы құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Семей ядролық полигонда 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып, 300 мың га територияда радиоактивті жауын – шашын түскен.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен териториясы елдің ормандардың 10 % - дан астамы өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуан түрліліктің кемуіне әкеліп соқты.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.
Аймақтың экологиялық мәселері нгізінен су ресурстарын тиісіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1990 – 1996 жылдар аралығында 10 млн. га – дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн. га егістік жерлер өндірістен шығарылуы.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметі бойынша 50-70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз суының сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты, Балхаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтрондайтын биологиялық ыдырату әдістері де басқа да механизмдер де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып өсімдіктерден жануарларға радиоактивті заттар азық – түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Қазақстан териториясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары, уланған жауындар, халық шаруашылық мәселерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтік, радиоактивті қалдықтар.
1992 жылы қабвлданған климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық Рамалық конвенсиясы дүние жүзі мемлекеттерінің алдына климаттың өзгеруі туралы конвенсия адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударып отыр. Олар ең алдымен планетаның атмосферасымен өзара әрекеттесетін және атмосферадан тарайтын күн энергиясының жолын өзгертеді. Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгеру қуіпі туып отыр. Бұдан туындайтын негізгі салдар – жер бетінің орташа температурасының көтерілуі және ауа – райының кең ауқымды аймақтарда өзгеруі, тағы басқа эффектілер болуы мүмкін. Үкімет – аралық климаттың өзгеруі мәселесімен айналысатын топтың сарапшыларының мәліметтері бойынша өнеркәсіптік даму бастағанға дейін 1850 жылмен салыстырғанда, қазіргі уақытқа дейін ғаламдық температура 0,5 С – ға көтерілген.
Болашақта температураның көтерілуінің адамзатқа және қоршаған ортаға әсері туралы болжамдар жасау қиын, себебі ғаламдық климат жүйесі өте күрделі. Оның құбылыстары атмосфера өзгерісімен байланысты ғана емес, мұхиттағы процестермен, биосферамен, гидросферамен қатынаста болады. Жер бетінде климаттың әр түрлі бөліктері өз – ара күрделі қарым – қатынасындағы өзгерістер нәтижесінде климат табиғи өзгерістерге ұшырайды. Бұл мәселе қазіргі уақытқа дейін жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі