Мұқағали Мақатаев (Қымбаттым)

 Мұқағали Мақатаев (Қымбаттым)

Жаның ашып,
Жарылқама,
Жарылқама, қымбаттым.
Жан ауырып баратқасын
Жасыра алмай тiл қаттым.
Барса келмес сапарында түсiм қашып, түн қаттым
Бiр нәрсемдi жоғалттым да,
Бiр нәрсемдi ұрлаттым.
Сан соқпақты сапарымда
Мықтымын ғой деушi едiм.
Биiктiктiң барлығын да бойымменен өлшедiм.
Жарылқама!
Берме маған жауыздықтың семсерiн,
Мейiрiм бер, мұңайғанда жасың сүртем мен сенiң.
Мейiрiм бер,
Мейiрiм бер, жүрегiмдi тас қылма,
Үйдегi Ана мейiрiн бер түзде жортқан қасқырға.
..Сенесiң бе, сезесiң бе?..
Сенiң үшiн бас құрбан,
Естiлмеген әнiңмiн мен алты қырдың астынан.
Бiр нәрсемдi жоғалттым мен,
Бiр нәрсемдi ұрлаттым...
Соны iздедiм,
Айдын көлдiң аққуларын шулаттым,
Барса келмес сапарында түсiм қашып, түн қаттым.
Мейiрiм бер, Мейiрiм бер...
Саған келдiм, қымбаттым...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді