» » » Өлең: Мағжан Жұмабаев (М.Д. абақтыдан шыққанда)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (М.Д. абақтыдан шыққанда)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (М.Д. абақтыдан шыққанда) казакша Өлең: Мағжан Жұмабаев (М.Д. абақтыдан шыққанда) на казахском языке
Зор қуаныш — қара түн өткенiне,
Алтын таңды ашық күн жеткенiне,
Қан аралас төгiлген көп көз жасты
Тәңiрi қабыл, мейiрiм ғып, еткенiне.

Ерiк құсы қайта ұшып келгенiне,
Душар болмай дұшпанның мергенiне.
Қайта шықты батқан Күн, нұр шашылды,
Мың шүкiрлiк Тәңiрiнiң бергенiне.

Күннiң бетiн ежелден бұлт жаппақ,
Жапса да, ұзақ тұрмай, жөнiн таппақ.
Қайғы көрсе, ер жiгiт қайраты аспақ,
Қамшы тисе, шын жүйрiк үдей шаппақ.

Оңнан естi жел бiраз қырын ескен,
Соң туса да, оң туса, қалмас көштен.
Өткен iске – салауат, күтiп қалдық
Өткiр қимыл, ескi үмiт, жаңа күшпен

Автор: nurgul95 | 141 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мағжан жұмабаев М.Д. абақтыдан шыққанда өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери, магжан жумабаев стихи на казахском, М.Д. абақтыдан шыққанда, мағжан жұмабаев М.Д. абақтыдан шыққанда өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша мағжан жұмабаев өлеңдері магжан жумабаев олендери магжан жумабаев стихи на казахском М.Д. абақтыдан шыққанда, Өлең: Мағжан Жұмабаев (М.Д. абақтыдан шыққанда) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке