» » » Өлең: Мағжан Жұмабаев (Тұтқын (М.Д.-ға хат))

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Тұтқын (М.Д.-ға хат))

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Тұтқын (М.Д.-ға хат)) казакша Өлең: Мағжан Жұмабаев (Тұтқын (М.Д.-ға хат)) на казахском языке
Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,
Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Күн түсiрмес мейiрiмi жоқ қара
Ағармай ма мұндай үйде қара шаш?
Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз,
Тасбауырлар ыңғайына қарамас.

Жарық сәуле – не Ай, не Күн көрсетпес,
Жақынының “Ой, бауырымын!” естiрмес.
Iс санаулы, сөз аңдулы, ерiк жоқ,
Өз қолымен ұнамды тон пiштiрмес.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш нетпес,
Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.
Ер жүректi азаматтың басына
Бұл жалғанда нелер келiп, не кетпес?!

Автор: nurgul95 | 206 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мағжан жұмабаев Тұтқын (М.Д.-ға хат) өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери, магжан жумабаев стихи на казахском, Тұтқын (М.Д.-ға хат), мағжан жұмабаев Тұтқын (М.Д.-ға хат) өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша мағжан жұмабаев өлеңдері магжан жумабаев олендери магжан жумабаев стихи на казахском Тұтқын (М.Д.-ға хат), Өлең: Мағжан Жұмабаев (Тұтқын (М.Д.-ға хат)) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке