Мұқағали Мақатаев (Дос болам десең)

 Мұқағали Мақатаев (Дос болам десең)

Дос болам десең,
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің...
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып...
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық.
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген - адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен.
Қыран күлкі-тамаша - бәрі осында,
Отырмын думан-тойдың арасында.
Береке бойдан асып жатқанымен,
Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?
Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл,
Heгe сен келе алмадың жиынға бұл?!
Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!
Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,
Өзімсіп: - Ей! - деседі,- өй! - деседі.
Шіркіндер-ай, даурығып тыңдар емес!
Есіме ап, тост көтертсем, кейде сені.
Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?
Сенсіз думан - қызықсыз бос қырманда.
Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,
Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Достым
    Достым 07.02.2024 21:39
    6 + 5 -
    Сен болмасан досым мен не істере едім
    Сенсіз өмірім өтпейді күнім сенсіз
    Досым бар болса мен бар боламын
    Тай жарысқа бірге барған боламыз
  2. 8 705 229 4971
    8 705 229 4971 06.11.2023 21:12
    9 + 9 -
    Керемет
  3. Марат 6-сынып
    Марат 6-сынып 04.02.2023 13:15
    7 + 4 -
    Оте керемет
  4. Алмади
    Алмади 31.12.2020 00:21
    6 + 6 -
    Дос туралы олен керемет