Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3-сынып Күні: Тақырыбы: Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру; 3.2.1.3 өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттау; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау. | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Қоршаған орта жағдайларына байланысты өсімдіктердің бейімделу жолдарын біледі. | |||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||
Құндылықтар | Құндылықтарды ашу, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған міндеттер: Өсімдіктерді күту, баптау ережелерін атау. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, қазақ тілі. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Фотосинтез үдерісі | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | «Шаттық шеңберін» құруға шақыру. Доп лақтыра отырып, тілек айту арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Лездеме сұрақтар. Шеңбер жасай отырып, жұптасып, сұрақтарға жауап беру. Жауапты тыңдау.
| Көңілді әуен қосып, доп арқылы тілектер білдіру Слайд № 1,2 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 3 минут 2 минут 7 минут 5 минут 2 минут 2 минут 6 минут | Мұғалім-оқушы диалогі. Орман өсімдіктері. Берілген сұрақтарға жауап беру.
Қорытынды жасайды. Өсімдіктер Күн сәулесін жеткілікті мөлшерде алуға ұмтылатынын, өсімдіктердің өсуі үшін әртүрлі жағдайда түрлі мөлшердегі жарық керек екендігін түсінеді. Бейімделу. Жұптық жұмыс негізінде Күн сәулесінің жеткілікті және шамадан тыс кезінде өсімдікке қалай әсер ететінін анықтау. Топтық жұмыс. Оқушыларды шағын топтарға «Жапырақтардың түрлеріне» байланысты біріктіру. Зертте. Орман өсімдіктерінің барлығының биіктігінің алуан түрлілігіне байланысты ашық кеңістікте және қалың орманда өсіп тұрған ағаштардың суреті бар А4 пішіміндегі парақшалар тарату. Ватманды екіге бөліп, оған суретті жабыстырып, өз ойларын жазу ұсынылады. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық. • Орманда және ашық кеңістікте өсетін өсімдіктерді қандай белгілері бойынша ажыратуға болатынын топта талқылау (бұтақтарының саны, діңінің ұзындығы). • Ватманды екіге бөліп, әрқайсысына суретті жабыстыру. • Әр суреттің өзіне тән өзгеше белгілерін анықтап, жазып қою. • Нәтижелерін өзге топтармен салыстыру. Зерттеу нәтижесінде оқушылар қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына өсімдіктердің бейімделу тәсілдерін түсіндіреді. «Мұғалім-оқушы» диалогі. Оқулықпен жұмыс.Оқулықта берілген ақпаратты топ бойынша талдап, өз ойларын айту. Ойлан. «Қайыңның ұшар басы не себепті дөңгелек?» деген сұрақты топпен ойланып жауап беруін сұраңыз. Өсімдікке тәулік ішіндегі (таңертең, түсте, түс ауа, кешке) жарық түсу үдерісін доп пен шамды пайдаланып түсіндіруін немесе кесте түрінде көрсетуін сұраңыз. (Бір күн ішінде қайыңның ұшар басы бірте-бірте барлық жағынан күн сәулесімен жарықтандырылады. Бұл ағаштар қоршаған ортаға бейімделген әрі көп мөлшердегі жарықты қабылдай береді.) Сен білесің бе? Оқушыларға кейбір өсімдіктердің гүлдеуі мен жеміс салуы үшін қысқа күн жеткілікті екенін айтып өтіңіз (ұзақтығы 12 сағатқа жуық). Өсімдік қабылдайтын жарық мөлшерін өзгерту арқылы үлкен көлемдегі тамыржемісін алуға, не болмаса гүлдену үдерісі мен дәннің пісіп-жетілуін жылдамдатуға болады. Сергіту сәті. Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады. 7-жұмыс парағы. «Өсімдіктерге жарықтың әсері», 9-б. Бақбақ. Бұл тапсырма балалардың алған білімдерін бекітуге арналған. Қорытынды жасауға анықтама сөздері көмектеседі (Жауаптары: 1. Көлеңкеде өскен, тез бейімделген. 2. Ашық жерде өскен, тез бейімделген). 8-жұмыс парағы. «Гүл өсірушіге кеңес», 10-б. Монстера гүлі. Оқушылар сыртқы жағдайлардың белгілерін танып білу үшін өсімдіктердің бейімделу ерекшеліктерін талдайды (Жауаптары: Өсімдік жапырақтарына жарық әртүрлі түседі. Төменгі, қабырға жаққа қарап өскен жапырақтарға жарық аз түседі, көлеңкеде өседі. Жоғарғы жапырақтарға жарық мол түседі, үлкен боп өседі). Бағалау.
| Өсімдіктердің биіктіктеріне байланысты бірнеше суреттер. Слайд №3 Слайд №4 Ашық кеңістікте және қалың орманда өсіп тұрған ағаштардың суреті бар А4 пішіміндегі парақшалар, ватман Слайд №5,6 Слайд №7 https://www.youtube.com/watch?v=Xn6Q73aB5XM Дәптермен жұмыс | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс орнату. Барлық оқушылардың алдында жасыл, сары және қызыл т.сті қима қағаздар болады.
| Қима қағаздар Слайд №8 | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру