Дәулет Мұқаевтың (Dauletten) үшінші перзенті дүниеге келді


Қазақстандық танымал блогер Дәулет Мұқаевтың үшінші перзенті дүниеге келді. Ол қызды болды, деп хабарлайды nur.kz тілшісі.


Қуанышты жаңалықты блогердің өзі жеткізді. Ол Instagram парақшасында оқырмандарына сүйінші хабарды жария етті.


"Сүйінші. Қазақ еліне +1 ару. Алланың қалауымен үшінші мәрте ата-ана атандық. Менің 30 жасыма Алланың берген сыйлығы. Лаура, жарайсың. Құшағың гүлге тола берсін, жаным. Жастарға жұғысты болсын", – деп жазды ол.


Желі қолданушылары бірден Дәулет Мұқаевты жарыса құттықтап, оған өз ақ тілектерін білдірді.


"Бауы берік болсын", "Құттықтаймыз. Әкесі секілді елге сыйлы азаматша болсын", "Балапандарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Көбейе беріңіздер", - деп жазуда желідегілер.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу