Туған жер: баланың тілегі


Сенде есейіп, сенде артады ұғымым,
Сенде өткізген балалығым – ұлы күн.
Отан деген не десе егер, сен дер ем,
Кие қонған туған жерім, тұнығым!

Сенде өткізер балалығым – пәк күнім,
Сен сіңірдің бақ күндердің ақ нұрын.
Бақыт деген не десе егер, сен дер ем,
Тұнық мекен, туған елім, шаттығым!

Балалықтың бал дәурені тұнған жер,
Пәк жүректен шаттық болып жырланды ел.
Қуаныштың, құдіреттің барлығы
Сенде жатыр, саған сыяды, туған жер.

Сенен іздеп табам бақтың барлығын,
Сенен жинап алам бақыт таң гүлін.
Сені ұлық тұтам әр кез, қастерлім,
Сенде алаңсыз өтсін дер ем бал күнім.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу