Аға, көке, тәтеге туған күнге тілектер


Құрметті оқырмандар! Егер ағаңызды, көкеңізді немесе тәтеңізді құттықтағыңыз келсе, осы тілектерді ұсынамыз! Аға деп Қазақстанның оңтүстік аймақтарда тәте деп айтады, ал көке деп ағаны солтүстік аймақтарда айтады.


аға, тәте, көке, туған күнге тілек


Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетiңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биiгің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсiн! Бақытты өмiр сүруiңе шын жүректен тiлектеспiн!




Ағатайым, арқа сүйер ақылшым,
… астан асып бара жатырсың.
Ортаймасын күлкі күнің ешқашан,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.

Аға десе, асқар тау елестейді,
Сен дегенде көңілім егеспейді.
Денің сау боп отбасыңа бас болшы,
Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу


Келесі мақала жүктелуде...