» KZ » Білім » Өлеңдер жинағы » Өлең: Ілияс Жансүгіров (Түс)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Түс)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Түс) казакша Өлең: Ілияс Жансүгіров (Түс) на казахском языке
Білмеймін әлде дала, әлде сарай,
Күз десем, тас көрмедім қарай, қарай.
Жақпара, жарма жапқан зер шымылдық,
Әсем саз, алтын нақыш айнала орай.
Көк шулар, таста толқын ырғып ойнар,
Фонтандар мөлдір тұнық ырғып қайнар.
Балықша құлаш ұрып жүрген кеп жан
Шомылып, малтып, қарғып, сүңгіп бойлар
.
Ішінде сол думанның мен де бірге,
Шат - шадыман кірген екем өзге түрге.
Қасымда қара маубас жолдасым бар,
Білмеймін әлде күндіз, әлде түн бе?
Қара көз жауқазын ет, сауысқандай,
Секіріп судан шықты бір ақ маңдай.
Жоқ болды шымылдықтың қалқасына,
Бір сурет болды, қалды айналғандай.
Қалғанын білем және көзім шалып,
«Тұра тұр...» - дегенімді білем анық.
Білемін оттай жанып, оқтай ағып,
Шап етіп қалғанымды құшаққа алып.
Сақ етіп машинаның тетігіндей,
Жауында жасынның жарқ етуіндей.
Құшақта ырғатылып тұрды толқып,
Ерінге ерні ілініп, беті ілінбей.
Жаттығын жатсам да ұйықтап сездім толық,
Жүрегім қалған екен ойнап соғып.
Нөмірдің төсегі екен, жалғыз екем,
Жоғалтып... оймен іздеп жаттым жорып.
Жол бар ма? Кімге өмірде ұшар екен?
Бұл кімнің осынша отты құшағы екен?
Алған кім күндізгі есті, түнгі түсті,
Бұл сезім мұнша неге қысады екен?
Бұл анық П- ға ұқсар ма екен?
Тұзағым түсер ме екен, тұсар ма екен?
Алынып сол сүйгеннен жылы жауап,
Қытықсыз түстегідей құшар ма екем?

*∙*∙*
Сұм жалғаннан,
Жаннан,жардан
Таңдаған ем,
Тапқан ем
Жанға жанған,
Жана талған
Бол деп қорған,
Айтқан ем.
Соңғы, бұрын,
Іште сырым,
Еш жасырын
Қалмаған.
Көңілімді,
Өмірімді,
Бар шынымды
Арнағам.
Өртеп арды,
Асау қанды,
Албырт жанды,
Ноқталап,
Бекер сөзбен,
Мекер көзбен,
Мен бе іздеген
Ақ тамақ?
Отты қанды,
Бар иманды,
Жайдым жанды
Алдыңа.
Сенсін дегем,
Мен білмегем,
Неге іздегем,
Қаңғу ма?
Ұшан - теңіз,
Кез болып күз,
Жамылып мұз
Суыған.
Үміт еткен,
Күндей күткен.
Мен дәметкен
Жылы жан.
Сағындым деп,
Жалындым көп,
Неғылдың? - деп
Үздігіп.
Жан суыған,
Жауабыңнан,
Азынаған,
Ызғырық.
Сендіре алмай,
Жылай - жылай,
Неше жылдай
Жаздым хат.
Шашылмай нұр,
Ашылмай сыр,
Көргенім бір
Дипломат.
Отты сезім,
Өтті сөзім...
Жан қайығын
Жарға ұрдым.

*∙*∙*
Жүр ме екен сәуле көлеңдеп,
Жайдары көңіл, жаны жай.
Не болды деп, байғұс - ай,
Ойлай ма екен көрем деп.
Онда да осы суық жел,
Семейше соғып тұр ма екен?
Онда да өмір сұр ма екен,
Жан таппай дос кенелер.
Жаңбыр жауып, жалынды өрт
Әлде мәңгі өшті ме?
«Барға қанағат» десті де,
Бітті ме екен айтқан серт.
Әлде жүр ме ол құры,
Таппай ма екен ләззат.
Махаббат ісі - мұнажат,
Жей ме екен жан сорлыны.
Әлде өзімен - өзі боп,
Қайғысыз, менсіз, алаңсыз,
Тиюсыз, жансыз, имансыз,
Барға сабыр, мейлі тоқ?..

* * *
Жаным, жылама, Жасыңды бұлама,
Ажалды, ажалсыз жерде,
Қазасыз пенде
Бола ма?
Білем, білем...
Жүрегіңнен,
Мейірімді сен
Бір ана.
Бақытың бітпейді,
Қызығың бітпейді.
Жылама!
Қош айт!
Сен алманың ағашысың,
Көгересің әлі,
Қалсын қара жер, қалсын!
Бер қолыңды, кәне

nurgul95 | 293 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Елеске)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Елеске)
Өлең: Әйтеуір, сол қыз — бір сұлу (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әйтеуір, сол қыз — бір сұлу (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған)
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қыз махаббаты)
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қыз махаббаты)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қара теңіз)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қара теңіз)
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қиялшаң түннің бұлттары)
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қиялшаң түннің бұлттары)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жан жарымды бір сүйейін түсімде)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жан жарымды бір сүйейін түсімде)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Күн шыққанда)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Күн шыққанда)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Күн батар)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Күн батар)
Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Тамсандым, сүйдім, өлдім мен...)
Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Тамсандым, сүйдім, өлдім мен...)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Кім екен?)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Кім екен?)
Әңгіме:  Ілияс Жансүгіров | Дәметкеннің зары
Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Дәметкеннің зары
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ертістен хат)
Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ӨЛЕҢ ШАБЫТПЫСЫҢ)
Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ӨЛЕҢ ШАБЫТПЫСЫҢ)
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Таудағы нөсер)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Таудағы нөсер)

KZ / Білім / Өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіров Түс өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Түс, ілияс жансүгіров Түс өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша ілияс жансүгіров өлеңдері илияс жансугиров олендери илияс жансугиров стихи на казахском Түс, Өлең: Ілияс Жансүгіров (Түс) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

Прокомментировать
100-99