Нұртас Адамбай: Орыс тілін білу - біздің әлсіздігіміз емес, күштілігіміз
Танымал қазақстандық режиссер, продюсер және актер Нұртас Адамбай өзін «шала қазақ» деп сынайтын азаматтарға жауап берді. Ол бұл туралы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды baq.kz.
«Уақыт өткен сайын мен өз постымда «Қазақша неге жазбайсың?», «Қазақша сөйле!» деген пікірлерді кездестіремін. Жақында жасы үлкен азаматтан: «Бұл қазақтың жері! Қазақша сөйлеу керек!» деген пікірді естідім. Оның көзқарасында жазғыру емес, бір агрессия болған сияқты. Мен өзімнің осы жазбамда "өзінің туған тілін білуі керек" деген пікірлерді жақтаушыларға жауап бергім келеді», - деген актер орыстілді қазақтардың көктен түспегендігін алға тартады.
«Сіздер өз тілін жетік білмейтін қазақтарды көктен түсті деп ойлайсыздар ма? Әлде біз аяқастынан осы дүниеге келдік пе? Кезінде қазақ тіліне қарағанда орыс тілінде сапалы білім берілгеніне біз кінәліміз бе? Біз осы мектептерді салдық па?
Бізді сынап-мінеп жүрген жасы үлкен жастағы азаматтар сол кезде сіздер қайда болдыңыздар? Неге сіздер сол уақытта қазақ тілді мектептердің көп болғандығы үшін күреспедіңіздер? Сіздер қазақша кітаптар мен оқулықтардың сапалы болуы үшін не істедіңіздер? Әлі күнге дейін тіл мәселесін бір жүйеге келтіре алмадыңыздар», - дейді автор.
Сонымен қатар танымал актер «әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуі керек» деген қағиданы қолдайды. Оның пікірінше, бұл мәселені қоғамдық талқыға салудың қажеті жоқ.
«Кейбір «мемлекеттік тілдің қамқоршылары» қазақ болып, орысша сөйлесең, саған сатқындай қарайды. Сіздер алдымен олардың не айтып тұрғандарын ескерсеңіздерші. Кейін қандай тілде сөйлегендігіне назар аударыңыздар! Менің пешенеме басқа тілге қарағанда орыс тілін жақсы білу жазылыпты. Менің осы тілге алғысым шексіз. «Құдіретті тілді» білу біздің күшіміз, оны әлсіздікке жатқызуға болмайды», - деп толықтырды сөзін продюсер.
Сондай-ақ, Нұртас Адамбай өзін «шала қазақ» деп сынайтындарға «иммунитет» қалыптасқанын атап өтті.
«Туған елім мен халықты қалай сүю қажеттігін, не істеу керектігін өзім білемін. Әрбір азамат отанының тыныштығын тілейді. Бүгінде мемлекетімізге бірлік қажет. Әлемде не болып жатқандығына назар аударыңыздаршы. Тіпті алысқа қараудың да қажеті жоқ. Неге сіздер бізді «таза қазақ» және «шала қазақ» деп бөлгілеріңіз келеді? Бұл бөліну мемлекетіміздің дұшпандарына ыңғайлы», - деді режиссер.
Сөз соңында қазақстандық танымал актер соңғы жылдары елімізде жақсы тенденция қалыптасып келе жатқандығын алға тартты. Оның пікірінше, бүгінде көптеген жастар қазақ тілінде сөйлей бастаған.
«Алматы қаласының ескі алаңында өткен Гәкку концертінде 40 мыңннан астам жас көрермен қазақтілді әншілерге қосылып, ән айтты. Бұл керемет. Бізде мемлекеттік тілді меңгерген жас ұрпақ өсіп келеді. Бұл белгілі бір себептерге байланысты өзінің туған тілін меңгере алмағандарға «тас атумен» шұғылданудың қажеті жоқ екендігін көрсетеді.
Мен өз отанымды шынайы жақсы көремін. Оның болашағына бейжай қарай алмаймын. Сондықтан мен халықты қандай да бір критерийлерге бөлуге қарсымын. Бізде барлығы жақсы болады», - деп түйінде ойын Нұртас Адамбай әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?