Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (15 желтоқсан 1923, Алматы — 12 мамыр 2013, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002). Өмірбаяны Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды. 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.....
Есть ли такое государство, которое за 25 лет, а по историческим меркам это буквально миг, достигло такого уровня развития, как Казахстан? ! Мы знаем, что нет. 16 декабря 1991 года Президент Назарбаев, действуя по зову разума, руководствуясь стремлением обратить общественную свободу во благо казахстанцев, подписал Конституционный закон "О государственной независимости Республики Казахстан". Этот день вполне достоин рассматриваться, как великий день.......
Айбек Қалиев (19.4.1978 жылы туған, бұрынғы Торғай облысы Жангелді ауданында Тәуіш ауылында) - айтыскер ақын. Астанадағы Еуразия ұлттық университетін бітірген (1998). 1998 - 2001 жылдары Қазақ аграрлық университетінде оқытушы, 2001 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болып қызмет етеді. Бірнеше айтыстардың жүлдегері.[1] Қалиев Айбек Киікбайұлы 1978 жылы, 19 ақпанда Торғай облысы, Жанкелдин ауданының Тәуіш ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қаратүбек орта мектебін, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін үздік бітірген. 1998-2001жылдары Қазақ Аграрлық университетінің қазақ тілі кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы. 2001-2009 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметін атқарған.....
Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов (1975 жылы, Қарақұдық ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) - айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент[1]. Атбай Ботпайұлы 1992 жылы Қарақұдық ауылы Амангелді орта мектебін бітірген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі (1995-1999). Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастайды(1999-2000), Кейін Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы университетінде оқытушы болып қызмет атқарған (2000-2001). 2001 жылдан бері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызымет етіп келеді. 2012 оқу жылынан бастап университет доценті. Аталмыш университеттің аспирантурасында күндізгі бөлімінде білім алған (2002-2005). 2007 жылы академик Рымғали Нұрғалидың жетекшілігімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертация қорғаған. 2005 жылдан бері Қарағанды облысы Мәдениет басқармасы Халық шығармашылығы орталығында «Арқа» айтыс ақындар мектебінде жетекшілік етіп қызмет атқарады.....
Еркебұлан Әбілханұлы Қайназар (18 қазан, 1984 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, А.Үсен ауылы - айтыскер ақын, жыршы, термеші. Өмірбаяны А.Үсен атындағы орта мектепте оқып (1991-2001) бітіреді. ақын Әбдіхалық Әбдірайымұлы ашқан Шымкент қаласындағы «Жас ақындар мен импровизаторлар, жыршы-термешілер» мектебін үздік бітірген (2001-2002). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика факультеті, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасында білім алып, үздік бітірген (2002-2006).....
Әселхан Қалыбекова (22 сәуір, 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған) — от ауызды орақ тілді, қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы. Қазақ КСРнің Халық ақыны (1990). Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының Құрметті азаматы. Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Әселхан Қалыбекова белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. 1966 жылы Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген. 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті. 1971-91 жылдары аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған. *1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады. ....
Елдос Бахтыбайұлы Сметов (9 қыркүйек 1992 жыл, Тараз Жамбыл облысы) – Қазақстандық дзюдошы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл),Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл) Халықаралық Дзюдо федерациясы 2017 жылдың қаңтар айында бекіткен тізім бойынша 60 кг салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 1-орында тұр. Жеке өмірі Елдос Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биология және биотехнология факультетінде оқиды. Әкесі-жеке кәсіпкер, анасы-үй шаруасымен айналысады. Елдос Сметов өзінің дзюдомен кәсіпқой дзюдошы ағасы Жандос Сметовтан үлгі алып, 5 жасынан спортқа белсене араласып келеді. 1998 жылы 6 жасында Алматыда өткізілген республикалық турнирдан өзінің алғашқы жеңісіне ие болды. Кейін Елдос Сметов Астанадағы және Алматыдағы спорт интернаттарында оқыған....
«Қазақтың ән базарында сыры мен мұңын қатар өріп «өзіне шақ аспанымен» ешкімді кимелемей, ешкімді кейітпей қазақы иба мен инабатын гитара шанағынан шымырлата бейнелей білген замандасымыз жүр. Ибасы қайдан десеңіз, ән-әліппесін дәстүрлі әнмен ашқан еді. Инабаты қайдан десеңіз, Көкшедегі қазақы ауылда туып еді. Осы ән өнерінің қыр-сырын жүрдім-бардым емес, арнайы оқыды. Өзіне кәсіп етті. Шеберлігін шыңдады, өнерпаздық нәсіп болды. Табиғатына сай әндерді дөп басып таңдай білді, тыңдаушысы тамсанды. Енді жан тебіренісін өзінше бейнелеп, әндер шығара бастады, онысы жүректерге жол тапты»,- деп жазыпты біздің бүгінгі кейіпкеріміз туралы әнші Бекболат Тілеухан. ҮШ ЖАСЫМДА ДОМБЫРАМЕН, БЕС ЖАСЫМДА ГИТАРАМЕН ӘН САЛДЫМ Парламент Мәжілісі депутатының бұл лебізі оның бір кездегі шәкірті, бүгінде қалың қазақты әнімен қоса гитара сазына бөлеген әнші-сазгер Баян Нұрмышева туралы. Ол 1982 жылы дүниеге келген. Баян қазір ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблінің әншісі, осы ансамбльде 9 жылдан бері жұмыс істейтін әнші ақын Күләш Ахметованың сөзіне жазылған өзінің «Жақсылықтың бағасы» атты әніне Жанатбек Бәйтековтің фото-видеостудиясында бейнеклип түсіру жұмыстарымен айналысып жүргенін айтты. ....
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева – өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай жүрген қос әнші. 2000 жылдардың басында танысқан жұлдызды жұп жеті жылдан кейін шаңырақ көтеріп, қазір көпке үлгілі отбасы, алтын асықтай төрт ұл тәрбиелеп отырған жайы бар. Тоқтар Серіков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1999 жылы қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Әнші, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, сазгер. Әкесі осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған, ал анасы Маруся Назарбекқызы Алматыға немерелерін көруге жиі келіп тұрады. Тоқтардың анасы он бір құрсақ көтерген, бірақ бүгінде тек тоғыз баласы ғана қасында. Әншінің әке-шешесі өнерден құр алақан емес, марқұм әкесі жас кезінде тойларда асаба болып, домбыра тартқан өнерлі жан болған екен. Тоқтар Серіковтің аяулы жары Бейбіт Сейдуалиева 1979 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. Тараз қаласындағы М.Дулати атындағы мемлекеттік университетті тәмамдаған. Бейбіт те Тоқтар сияқты көп балалы отбасынан шыққан. Анасы біраз жыл бұрын дүниеден озған, ал әкесі екінші рет шаңырақ көтеріпті.......