Жұмыстан келгенімде, жұбайым Жанар кешкі ас дайындап жатыр еді. Қасына жақындап «Маңызды нәрсе айтуым керек…» дедім. Қасыма отырды. Айтар сөзім оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым. Бірақ, қанша қиын болса да айтуым керек. «Ажырасайық…» дедім. Ашуланбады, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа әйелді жақсы көретінімді айта алмадым…
Ол түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 20 жылдан кейін — ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған — Көлік, Үй және компаниямның 30% үлесін беретін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ, ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Екеуміз мүлдем бейтаныс адамға айналдық. Оның маған жұмсаған уақыты мен күш жігеріне жаным....
Microsoftкорпорациясы сурет арқылы адамның жасы мен жынысын анықтайтын арнайы қызмет түрін жасады. Аталған қызмет how-old.net домені арқылы, Face detection API жүйесін қолданады. Сондай-ақ, How old қызметі Bing API іздеу құралдары мен PowerBI шынайы уақыт тәртібіндегі сарапшылардың көмегіне жүгінеді.
Көптің назарын бірден аударған қосымша электронды бетке жүктелген суретке....
Ерлердің тырнақ күтімі дегенде, әрине, біз тырнақ өсіру немесе оны бояп жүруді айтпаймыз. Саусақтың шымырлығын арттыра отырып, оның терісінің саулығын бақылаудың өзі бізге жетіп артылады. Егер қарапайым (саусақпен асылып, турникке тартылу, «груша» ұру сияқты) жатығулар саусақтарымызды шынықтырса, саусақтың саулығын күнделікті күтім ғана қамтамасыз етеді. Барыңызды базар етіп, «нан табатын» саусақтарыңызды күте білу заманауи жігітке қажетті қабілет. Сонымен, бастайық:
1) Егер осы мақаланы оқып отырған болсаңыз, қолмен қоқыс тазалап, кетпенмен арық қазуды кәсіп қылмағаныңызға шүкірлік етіңіз. Шүкір етіп ғана қоймай, табиғат ананың бізді жануарлардан ерекшелеп, епті қылған сыйлығына, яғни айналдырған он саусағыңызға мұқият көңіл бөлмеген болсаңыз, бүгіннен бастауға еш кедергі жоқ. Өйткені заман талабына сәйкес.....
Үй жөндеу кезінде, қалай айнаны жөндеу, кафель жапсыру, жиһаз қозғалту тағы басқа сияқты әрекет кезінде уақытыңызды үнемдеп, жұмысыңызды жеңілдететін бірнеше нұсқаулар мен кеңестер келтірейік.
Кілем ілу Бетон қабырғаны тескілеп әлектенетініміз бар. Сонда да ұстамай, кілемнің түсе беретінін қайтесіз. Қабырғаны да жырым-жырым қыласыз. Кілем ілудің тиімді әдісі – қармақшаларды текстил матаға тігіп, матаны бетонға ПВА желімімен желімдейді. Бұл істі атқарарда тұсқағаздың жоғарғы жағын сәл қопсытып көтеріп алады да, кілем ілінген соң, қайтада.....
Шаштаразға 9-10 жас шамасындағы баласын ертiп бiреу келедi. Әуелi асықпай өзiнiң шашын қидырып алады. Сосын орнына баланы отырғызады да: — Сiз мынаның шашын ала тұрыңыз, мен қазiр киоскiден газет алып келейін, — деп шығып кетедi. Шаштаразшы баланың шашын алып болып, әрi кутедi, берi кутедi — алгi кiсi жоқ. Шыдамы таусылған соң: — Әкең неге кешiктi екен? — деп.....
WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабындағы 33-ші кездесуін жеңіспен аяқтады. Қазақстандық боксшы АҚШ-тың Калифорния штатында кіші Вилли Монроны алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп шықты.
Бірінші раундтан бастап-ақ қарсыласын ауыр соққылардың астына алған GGG америкалық боксшының адымын аштырмады. Ал екінші раундта екі рет қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ Вилли Монро кездесуді....