» » » Головкин Монроны алтыншы раундта нокаутпен жеңді (видео)

Головкин Монроны алтыншы раундта нокаутпен жеңді (видео)

Головкин Монроны алтыншы раундта нокаутпен жеңді (видео) казакша Головкин Монроны алтыншы раундта нокаутпен жеңді (видео) на казахском языке
WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабындағы 33-ші кездесуін жеңіспен аяқтады. Қазақстандық боксшы АҚШ-тың Калифорния штатында кіші Вилли Монроны алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп шықты.

Бірінші раундтан бастап-ақ қарсыласын ауыр соққылардың астына алған GGG америкалық боксшының адымын аштырмады. Ал екінші раундта екі рет қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ Вилли Монро кездесуді жалғастыруға қауқары жететініне бас шұлғып, кездесуді жалғастырды. Төртінші, бесінші раундтарда америкалық боксшы бар өнерін салуға мүмкіндік алды. Генаны сұлатып салмаққа да бекінген болатын. Бірақ бұл беталысынан нәтиже шықпады. Кездесу соңынан GGG бұл раундтарда қарсыласына мүмкіндік беріп, көрермендерге тартысты жекпе-жек көрсетуді ойлағанын жеткізді.

Геннадий Головкин алтыншы раундта Вилли Монроны нағыз қыспаққа алды. Оның үсті-үстіне бағыттаған соққыларына америкалық боксшы төтеп бере алмады. Нәтижесінде Вилли Монро бас қазы Джек Рейске жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын мәлімдеді.

Кәсіпқой бокста еліміздің абыройын асқақтатын жүрген Геннадий Головкин осыған дейінгі өткізген кездесулерінен жоғары сыйақы алады. Отандасымызға - 1 500 000, ал Вилли Монроға 100 000 АҚШ доллары табысталатын болады.



Жеңіс соңында HBO тілшісіне берген сұхбатында GGG: «Келесі қарсыласым Сауль Альварес пен Мигель Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болады», — деді. Осыған дейін белгілі болғандай, қазақстандық боксшы келесі кездесуін қыркүйек айында өткізуді жоспарлап отыр.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=2SPB_YsVScw]



Автор: ZHARAR | 1 097 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады (фото)
Qazaqstan жаңалықтары
Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады (фото)
Головкиннің Астанадағы жекпе-жегінің уақыты ресми түрде белгілі болды
Qazaqstan жаңалықтары
Головкиннің Астанадағы жекпе-жегінің уақыты ресми түрде белгілі болды
Головкиннің Альварестен қашып жүргені рас па?
Qazaqstan жаңалықтары
Головкиннің Альварестен қашып жүргені рас па?
Геннадий Головкин: Қазір қиын жағдайда жүрмін
Qazaqstan жаңалықтары
Геннадий Головкин: Қазір қиын жағдайда жүрмін
Головкинге арналған “Феномен GGG” фильмі жарыққа шықты (видео)
Qazaqstan жаңалықтары
Головкинге арналған “Феномен GGG” фильмі жарыққа шықты (видео)
Геннадий Головкин: Қазақстанда естен кетпестей үлкен шоу өткіземіз (фото)
Qazaqstan жаңалықтары
Геннадий Головкин: Қазақстанда естен кетпестей үлкен шоу өткіземіз (фото)
Геннадий Головкин мен Келл Брук айқасының нақты уақыты белгілі болды
Qazaqstan жаңалықтары
Геннадий Головкин мен Келл Брук айқасының нақты уақыты белгілі болды
Ең табысты қазақстандық кәсіби боксшылардың рейтингі шықты
Qazaqstan жаңалықтары
Ең табысты қазақстандық кәсіби боксшылардың рейтингі шықты
Головкин «суперчемпион» атағын иеленді
Qazaqstan жаңалықтары
Головкин «суперчемпион» атағын иеленді
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов Еуропа чемпионы атанды
Qazaqstan жаңалықтары
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов Еуропа чемпионы атанды
Мейвезер: Сауль Альварес Геннадий Головкинді нокаутпен жеңеді
Qazaqstan жаңалықтары
Мейвезер: Сауль Альварес Геннадий Головкинді нокаутпен жеңеді
Геннадий Головкиннің 10 үздік нокауты анықталды (видео)
Qazaqstan жаңалықтары
Геннадий Головкиннің 10 үздік нокауты анықталды (видео)
Күрзі соққы. Геннадий Головкин кезекті қарсыласын оңай ұтты (Видео)
Qazaqstan жаңалықтары
Күрзі соққы. Геннадий Головкин кезекті қарсыласын оңай ұтты (Видео)
Әнуар Нұрпейісов Головкинге арнап ән жазды (видео)
Qazaqstan жаңалықтары
Әнуар Нұрпейісов Головкинге арнап ән жазды (видео)
Головкин бокстан әлем чемпионы атағын Кертис Стивенстен қорғап қалды
Qazaqstan жаңалықтары
Головкин бокстан әлем чемпионы атағын Кертис Стивенстен қорғап қалды
Геннадий Головкин әлемдегі үздік 10 боксшының қатарына енді
Qazaqstan жаңалықтары
Геннадий Головкин әлемдегі үздік 10 боксшының қатарына енді

KZ / Qazaqstan жаңалықтары, Вилли, раундта, боксшы, Головкин, америкалық, Геннадий, қарсыласын, алтыншы, Монроны, жекпе, кездесуін, Монро, Бірақ, кездесуді, бастап, соққылардың, астына, екінші, раундтарда, мүмкіндік, Вилли раундта боксшы Головкин америкалық Геннадий қарсыласын алтыншы Монроны жекпе кездесуін Монро Бірақ кездесуді бастап соққылардың астына екінші раундтарда мүмкіндік, Головкин Монроны алтыншы раундта нокаутпен жеңді (видео)