Үй жөндеу жөнінде кеңестер

Үй жөндеу жөнінде кеңестер

Үй жөндеу кезінде, қалай айнаны жөндеу, кафель жапсыру, жиһаз қозғалту тағы басқа сияқты әрекет кезінде уақытыңызды үнемдеп, жұмысыңызды жеңілдететін бірнеше нұсқаулар мен кеңестер келтірейік.

Кілем ілу
Бетон қабырғаны тескілеп әлектенетініміз бар. Сонда да ұстамай, кілемнің түсе беретінін қайтесіз. Қабырғаны да жырым-жырым қыласыз. Кілем ілудің тиімді әдісі – қармақшаларды текстил матаға тігіп, матаны бетонға ПВА желімімен желімдейді. Бұл істі атқарарда тұсқағаздың жоғарғы жағын сәл қопсытып көтеріп алады да, кілем ілінген соң, қайтадан желімдеп тастайды. Ал тұсқағазсыз, майланған қабырғаға кілем ілу тіпті оңай – қармақшаларды кілемнің тасасына кететіндей қылып желімдесеңіз болып жатыр.

Кафель жапсыру
Кафельдің бірді-екісі түссе, оны орнына мына тәсілмен жапсырған дұрыс: кафельдің төрт бұрышына 20 мм шамасы пенопласт қоясыз да, оның әрқайсысына 20-25 тамшы ацетон тамызасыз. Көзді ашып-жұмғанша пенопласт еріп, желімге айналады. Кафельді қабырғаға жапсырып, жарты минут ұстасаңыз – тұтып қалады. Осы тәсілмен аяқ киімнің қайыс табанын, линолеум, паркетті де желімдейді.

Саңылауды бітеу
Екі бетон плитаның арасындағы саңылауды бітеу екінің бірінің қолынан келмейді. Сылақ жарылып түсе береді. Саңылауды былай бітеген жөн: сөгілген жерге ақ сыр жағып, соған дәкені жапсырады. Дәке бірден ұстаса кетеді. Кейін дәкені қабырға не төбемен бірдей қылып майлап тастайсыз.

Линолеумнің ашығын бітеу
Қатып қусырылған линолеум апшып, түйісер жерінде ашық пайда болады. Осыны тегістеу үшін, сол линолеумнің қалдығынан ұзынша таспа тіліп алып, таспаны 100 Вт паялникпен ерітеді де, ашықты бітеп, тегістеп тастайды.

Айнаны сақтау
Монша бөлмесінің айнасы суланып, бүлінуі жиі ұшырасады. Оны ұзақ сақтау үшін, астыңғы жағына полиэтилен пленкасын желімдеп жапсырады. Сыртқы жиектерін пластелинмен бітейді.

Айнаны жөндеу
Айнаның сыртындағы амальгам сырының кетуі – айнаның сынын кетіреді. Әлбетте оны бәз қалпына келтіру қиын. Дегенмен сыр ұшқан жерге фольга жапсырса, ақау тегістеліп, көзге ұрғандай болмайды.

Ауыр жиһазды жылжыту
Сервант, диван, шкаф сияқты ауыр жиһаздарды қозғау күшке түседі. Еденді де сызып, жыртып бүлдіреді. Мұның ең тиімді амалы – жиһаздың аяғына банкілерді жабатын полиэтилен қақпағын қою. Жиһаз еденді бүлдірмей, қалай жылжытам десең де, лыпып тұрады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады