Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылған. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман -мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз Қазақстан

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді.
Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді.
Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін»
Назарбаев Н.А
Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Атамекен! Тарих!......
Шығармалар
Толық

Білім еліне саяхат

Тақырыбы: Білім еліне саяхат
Мақсаты: Сандар қатарын, санның құрамын табу. Қосу азайту амалдарын қолданып есеп шығару тәсілдерін тұрақтандыру.
Дамытушылығы: Ойлап, көріп тану, зейінін, тесте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, дербес іс әрекетке тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Өзін жеке тұлға ретінде сезініп берілген тапсырманы орындап, өз ойын, еркін айтуға жетелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: сандар, карточка, фигуралар, эйлер шеңбері, графикалық диктант, кубик, пифокарта, фломастер.

Шаттық шеңберін құру
Біз талантты баламыз,
Оқып білім аламыз.
Апайларды көргенде
Иіліп сәлем береміз.
- Балалар, бүгін біз математика патшалығына саяхатқа барамыз. Бүгінгі біздің саяхатымыз ерекше болайын деп тұр. Қолымдағы сиқырлы таяқшаның көмегімен барамыз. Ал, енді көздеріңді жұмыңдар
Математика патшалығы.
Сәлеметсіңдер ме! Балалар. Міне, біз сендермен математика патшалығына тап болдық.
Математика Патшайымы: Кімде кім бұл жолдан өтіп әрі қарай математика патшалығының сарайын аралағысы келсе ең алдымен менің тапсырмамды орындауларың керек.
1 - тапсырма:
1 - ден 10 - ға дейін тура санау, 10 - нан 1 - ге дейін кері санау.
Карточкамен жұмыс .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің отбасым

Менің отбасым"
Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ - жауап, сергіту, шаттық шеңбері.
Көрнекіліктер: отбасы суреттері, қуыршақтың киімдері, макеті.

Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.

- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Cпорт — бейбітшілік елшісі, мемлекетіміздің мәртебесі

Күнделікті өмірде дене шынықтыруды сүйетін жандар өте көп. Әлемде және елімізде болып жатқан спорт жаңалықтарын асыға күтіп, қазақстан спортшыларының тілеуін тілеп, спортқа байланысты кез келген ақпаратқа елеңдей жүретін жанкүйер оқушылар қауымы мектебімізде жылдан — жылға артып келеді. Осыншама халықты ұлты....
Шығармалар
Толық

Этнография | Шетелдік Азияның халқы

Кіріспе
Шетелдік Азия әлемде халқының саны жағынан алдыңғы орында. 1990 жылдардың ортасында халық саны 3, 06 млрд. ал жер шарында таралған халық саны 58,2 % . Аумағы бойынша (27,2 млн. кв. км. Антарктиданы есептемегенде 20% жерді құрғақ жерлер алып жатыр). Шетелдік Азия, Америка мен Африкадан кейінгі үшінші орынды алып жатыр.
Өзінің географиялық, этникалық және мәдени жағынан бұл елді –мекенді төрт бөлікке бөлуге болады. Олар: Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс және Шығыс Азия.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін шетелдік Азия империалистік державаның жартылай отарға тәуелді болды. Олар: Англия, Франция, Нидерланды, Португалия, АҚШ. Нәтижесінде, соғыстан кейін бұл елдер өз егемендігі (Қытай, Вьетнам, ҚХДР) алды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отар елдер болған Үндістан, Пәкістан, Цейлон, Бирма, Камбоджа, Индонезия өздерінің тәуелсіздігін алды.
ХХ ғасырдың басындағы шетелдік Азия халықтарының (млн. адам) өсу деңгейі
Азия- ның аума-ғы 1900 1950 1960 1970 1980 1990 2000 2010 2025
Оңтүс-тік Батыс Азия 48 42 56 74 98 130 167 209 271
Оңтүстік Азия 302 480 595 754 930 1164 1387 1592 1855
Оңтүс-тік Шы-ғыс Азия 104 182 226 287 356 438 519 593 688
Шы-ғыс Азия 401 671 791 986 1183 1324 1475 1588 1721
Барлығы 915 1375 1668 2102 2567 3057 3548 3982 4535
Азия халықтарының орналасуына байланысты өзгерістер болды. ХІХ ғасырдың басында Азия халқы біршама өсті, басқа елдерге қарағанда оның мөлшері 1650 жылы 60%, ал 1800 жылы 60%-ке өсті. Құндылыққа байланысты халқының саны мен өнімнің азаюы көп.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Фискалды және монетарлы саясат

Кіріспе
Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз ететін бірден- бір құрал.
Салық төлемі ( Т ), мемлекеттік шығындар (G) және жоспарланған инвестиция I-дің белгілі бір деңгейінде тепе-теңдік өнім көлемі Ү қалыптасқанын кейнс кресі көрсетеді.
Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайында да тепе-теңдік жағдай қалыптаса береді. ( Мұндай жағдай жиынтық сұраныстың тиімсіз болуының салдарынан қалыптасуы мүмкін.) Сондықтан да пайда болған үзілісті жою үшін , экономиканы мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетін салық төлемі ( Т )мен мемлекеттік шығындар көлемінің өзгеруі ( G ) арқылы жүзеге асырылады.
Бюджет – салық саясаты ( қазыналық ( фискальный ) саясат )
-мемлекеттік бюджет жағдайын , салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе- теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ынталандырушы бюджет-салық ( қазыналық экспансия ) –бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық