Биология | Үй өсімдіктері адам өмірінде

Ғылыми жобаның мақсаты
Үй өсімдіктер түрлерімен танысу, теориялық білім алып қана қоймай олардың адам ағзасына тигізер әсерін зерттеу.

• Ғылыми жобаның міндеттері: Үй өсімдіктер туралы ақпарат жинау;
• Интернеттерден дерек көздерін қарастыру;
• Жинаған ақпаратты сараптау, нақтылау;
• Үй өсімдіктермен эксперименттік тәжірибе жұмыстарын жүргізу;
• Зерттеу жұмыстары арқылы жоспарланған нәтижеге жету;

Ғылыми жобаның өзектілігі
Қазіргі арпалыс уақытта адамдардың жүйке - жүйесі жұқарып, денсаулығы нашарлауына байланысты, олардың көңіл – күйін жақсарту факторларын зерттеп анықтау.

Ғылыми жобаның болжамы:
Егер “Үй өсімдіктер - адам өмірінде” туралы толық мағлұмат алып, эксперимент түрінде дәлел тапсам, онда алған білімді күнделікте қолданып, өз отбасына қажетті үй өсімдіктерді өсіре аламын
Күтілетін нәтиже:
• үй өсімдіктер түрлері туралы деректі көздер жинақталады
• интернеттен қажетті сайттарды анықтау, ақпаратты алу машығым артады.
• эксперименттік жұмыстар жүргізу қабілетім қалыптасады.
• сараптамалық, зерттеушілік мәдениетім дамиды.....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері

Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен, орыстың қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам - талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік - танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы - ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш - қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауыл шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан......
Ғылыми жобалар
Толық

Философия | Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері

Кіріспе
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухини байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі – қазақ топырағынан шыққан данышпан Абу Насыр Әл –Фараби. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамутудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайда білім паздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Әл-Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Бейімділіктің адам өміріндегі алатын орны

Кіріспе
Адам таным обьектісі ретінде қазіргі ғылыми пәндерде әртүрлі көзқарастармен қарастырылады. Алайда қазіргі таңда адамды танудағы фрагментарлықты жоюға негізделген ғылым салалары пайда болды. Осы ретте басқа да ғылымдармен қатар қазіргі адам экологиясы мен әлеуметтік экология шығады. Бұл екі саланың зертттеу пәні орталық обьект ретінде адам болып табылады.
Қазіргі ғылым адамнан өзінің пайда болу жолынан ұзақ жолдан өткен биоәлеуметтік жаратылысты көреді. Адам осы жолда күрделі әлеуметтік ұйымды жасап шығарған.
Адам жануарлар патшалығынан шыға отырып, осы кезге дейін сол жануарлардың мүшелерінің бірі болып отыр. Жануарлар патшалығы, Хордалық типтер, омырқалылар, сүтқоректілер, Адам руы, ақылды. Адам түрі – адамның органикалық жүйедегі алар орны осы.
Ғылымдағы қалыптасқан түсініктерге сәйкес қазіргі адам маймылға ұқсас тектендриопитекадан пайда болған. Адам одан шамамен 20 – 25 мың жыл бұрын бөлініп шыққан.
Адамның арғы тегінің эволюцияның басты сызығынан аластауының оның физикалық дене – бітімінің жетілуі мен қызмет ету мүмкіндігінің кеңеюінің себебі табиғи процесінің дамуының салдарынан өмір сүру жағдайының өзгеруі болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңі

1.1 Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері.
Қазіргі заманғы советтік тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің I—III кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу үзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепке мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Мамандық бұл сіздің өміріңіз


«Өскенде кім болғың келеді?» –бұл ересектердің кішілерге қоятын сауалдарының бірі. Міне, сіздің де мамандықты таңдау барысында дұрыс таңдау жасау және қателеспеудің маңызын білуіңіз қажет. Адамның ғұмырлық мақсатының өлшемінің бір сатысы ретінде мамандықты қарастырайық.

Өз мамандығыңызды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және олардың сіз үшін және қоғам үшін қандай пайдасы мен маңызы бар екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсілдерінің бірі- демалыс уақыттарында кәсіптік тәжірбиеден өту. .....
Әңгімелер
Толық

Мамандық бұл сіздің өміріңіз

«Өскенде кім болғың келеді?» –бұл ересектердің кішілерге қоятын сауалдарының бірі. Міне, сіздің де мамандықты таңдау барысында дұрыс таңдау жасау және қателеспеудің маңызын білуіңіз қажет. Адамның ғұмырлық мақсатының өлшемінің бір сатысы ретінде мамандықты қарастырайық.

Өз мамандығыңызды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және олардың сіз үшін және қоғам үшін қандай пайдасы мен маңызы бар екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсілдерінің бірі- демалыс уақыттарында кәсіптік тәжірбиеден өту.

Назарға алатын мәселелердің бірі жас маман болашақ жұмыс орнын таңдаудағы басты аспект деп жоғарғы жалақыны біледі. Бірақ, кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды, өйткені адамға даму, жаңашылдыққа ұмтылу тән. Өзгеріске деген ұмтылыс қаншалықты күшті болса, соншалықты тұлғалық даму да жоғарылайды. .....
Әңгімелер
Толық

Назерке Ибадуллаева Менің мамандығым менің өмірім

Əрбір мектеп бітіруші түлектің ойында жауабы бұлыңғыр мыңдаған сұрақ тұрады. "ҰБТ-ға қаншалықты дайынмын?", "Ата-анамның маған артқан үміті ақталар ма екен?", "Болашақта қандай мамандық иесі боламын?", "Оның еліме, өзіме тигізер пайдасы қандай болмақ?" деген сансыз сауалдың менің де ой-санамды шырмағанына аз болған жоқ. Осылай ой жетегінде жүргенде, уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаласың." Нар тəуекел!" деп, бір мамандықты таңдайсың. Ол ата-анаңның не достарыңның айтқаны емес, өз жүрек қалауың болмақ! Барлық жас түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайды десек, артық айтқан болармыз. Алайда менің жүрегімнің қалауы болашағымның адастырмас қазығына айналарына сенемін.

Бүлдіршін шақта көпшілігіміз ұстаз болуды армандаймыз. Бірінші сыныпқа келген балақандарға əліпби үйретіп, қолына қалам ұстатып, жазуға баулуды бақыт санайсың. Алайда жоғары сыныпқа келген шақта, неге екені белгісіз, ол ойыңнан қайтасың да, мүлдем басқа салада қызмет атқаруды жөн көре бастайсың. Ойланып жүргенде, бұл мəселеге ата-анаң да кірісіп, қолдау көрсетіп, қажет болса, нұсқау да беруге дайын екенін білдіреді. Алайда менің ата-анам мамандық таңдау мүмкіндігін өз еркіме қалдырды. Оған өзім іштей мəз боламын. Еркін болғанға не жетсін!

.....
Әңгімелер
Толық

Адам өмірі

Дүние түгел жаралып болғаннан кейін, жер бетін алғаш мекендеушілерге өмір сүру мерзімі үлестіріле бастапты. Бұл хабарды естіген адам өмір сүру мерзімі үлестірілетін жерге басқалардан бұрынырақ барған екен, өмір сүру үлесін үлестірушілер:
– Адам, – депті, мән-жайды түсіндіріп, – жер бетін мекендеушілердің ішінде сенің сипатың бөлекше, бәрінен артықсың. Сен сөйлей аласың, төрт мүшең түгел өз қажетіңе жұмыс істейді, ойлай да аласың, ақылың да мол. Басқа жануарлардың бәрі сенен көш төмен, олардың бәрі сенің мұқтажыңды өтейді. Кейбіреуі ашсаң, алақаныңда, жұмсаң, жұдырығыңда болады. Бәріне сенің үкімің жүреді. Сай-сала мен қыр-қыраттағы жеміс-жидек, ағаштың мәуесі, телегей теңіз, арынды өзен, шалқар көл, асқар таулар – бәрін сен өзіңнің қажетіңе жаратасың. Сөйтіп, қам-қайғысыз өмір кешесің. Сондықтан жер......
Ертегілер
Толық

Биология | БІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

БІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. б. су жәндіктеріне қорек болады. .....
Рефераттар
Толық