Бүгінге дін мәселесі өршіп, қоғамда түрлі түсініспеушіліктер орын алып жатқан тұста әнші Бекболат Тілеуханға қатысты да біршама сындар айтылғаны белгілі. Осыған орай "Қазақ" газетінде жарияланған сұхбатта ол ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге тырысқан. Бұл сұхбаттың үзіндісін NUR.KZ порталы ұсынады.
Ұлт мәдениетінің қалыптасып, жетілу барысындағы зияткерлік ойындардың орны айрықша. Олар - ғасырлар бойы үздіктерді анықтайтын спорттық бәсеке, жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде маңызды феномен. Тарихы сан мың жылдық тоғызқұмалақ ойыны – қазақ ұлтының әлемдік өркениетке қосқан жарқын үлесінің бірі. Қазақтың ұлттық зияткерлік спортының қазіргі жарық жұлдызы – тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы 27 жасар Әсел Далиева.
Ол – тоғызқұмалақтан Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері атанған жалғыз әрі ұлттық спорт түрлері арасында осы атақты иеленген тұңғыш спортшы. Тоғызқұмалақты тоғыз жасында ойнай бастаған Әсел Далиева он екі жасында - еліміздің ең жас спорт шебері, ал он алты жасында - халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ең жас спортшы атанады. Жиырма жасына дейін жастар арасында республикалық тоғызқұмалақ жарыстарының 6 дүркін жеңімпазы болды. Ал ересектер арасындағы республикалық додаларда 11 мәрте чемпион атанып, көптеген халықарлық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. 2013 жылы Әселге Азияда ойындарының алауын жағу мәртебесі берілді.....
Әсел Баймұқанова Каспийдегі итбалықтарды зерттеп, таспаға түсіреді.
«Мен итбалықтарды зерттейтінімді білген кезде, көп адам біздің елде олардың әлі күнге дейін мекен ететініне таңғалады. Тіпті, ақтаулықтар да».
Әсел Баймұқанова Марқакөл өзенінің бойында дүниеге келген. Бала кезден жоғалып бара жатқан жануарларды қорғау саласында жұмыс жасауды армандаған көрінеді.
«Менің әкем – ихтиолог, ол белгілі жерде ғана мекен етететін балықтарды зерттейді. Алтыншы сыныпта оқып жүрген кезімде, әкем менің өтінішім бойынша Марқакөлді аралатты. Қайыққа отырып, әдемі табиғатты тамашалаймын деп ойлаған едім. Бірақ күн қатты суық болып, масаға әбден таландым. Содан бері ешқашан мұндай сапарға шықпаймын деп шешім қабылдаған едім».
Алтыншы сыныпты аяқтаған жылы Әселдің отбасы Алматыға көшіп келеді. «Өскен сайын табиғатты қорғау мселелері бұрынғыдай уайымдатпайтын болды» дейді ол. Осылайша Әсел басқа сала бойынша оқуға түседі. Бірақ уақыт өте келе бала арманын жүзеге асыруды қайта қолға алады.....
Сүйінші! Миллиондаған жанкүйерлердің таңданысын тудырып, өзінің ерекше даусымен қалың көпшілікті аузына қаратқан талантты әнші Димаш Құдайбергенов туралы кітап жарыққа шықты. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті, белгілі ақын Оңайгүл Тұржан мәлім етті.
Әлемге танымал кәсіпкер, инвестор әрі миллиардер Илон Маск өзінің жоспарлары туралы толығырақ айтып берді. Кәсіпкер әлем елдерінің үкіметтеріне қай мәселелерге назар аудару керектігін және басқа да мәселелер жайлы айтты. SpaceX пен Tesla-ның негізін қалаған Илон Масктың сұхбаты жақында орыс .....
Бүгінде ел алдында жүрген қыз-келіншектер әр көйлегінің, тіпті әр сәнді бұйымының ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын, ерекше болғанын қалайды. Дегенмен, кей жағдайда олардың бірдей көйлек киіп қалатын кездері де болады. Мәселен, отандық дизайнерден эксклюзивті көйлекке тапсырыс берген Аиша дәл сондай көйлекті Гүлнұр Оразымбетованың үстінен көріп, таң-тамаша болған еді.
Атышулы журналист Бигелді Ғабдуллин әкімдер мен орынбасарларын, тіпті министрден мемлекеттік тапсырысты қалай бопсалағанын айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.
Әсел Сәдуақасова - актриса, әнші, продюсер. 1985 жылы 31 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Музыка мектебін фортепиано сыныбы бойынша бітірген, ұлттық және бал билерімен айналысқан. Екі жоғары мамандықтың иегері - журналистика мен психология. 2002 жылы «Дауыс International» тобына кастинг арқылы қабылданған. Топ құрамында 11 жыл бойы өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Аяри» лақап атымен жеке шығып жүрді. Кейіннен құрбысы екеуі жаңа құрамның продюсері атанды. Екі бейнебаян түсірді. Әсел Сәдуақасованың өзі продюсер болған «Жұлдыз болғым келеді» жобасында жаңа жұлдыздарды тапты – «Altyn Girls» мен «Кофеин» топтары. 2015 жылы бірнеше жобалар мен бағдарламалардың жүргізушісі болды. Әселдің айтуынша, ол қазір ән айтуды тоқтатқан. Қазіргі таңда, жүргізушілік, актерлік және продюсерлік салаларға көбірек көңіл бөліп жүр. «Sunny Production» продюсерлік орталығының негізін қалаған.....
Әселхан Қалыбекова (22 сәуір, 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған) — от ауызды орақ тілді, қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы. Қазақ КСРнің Халық ақыны (1990). Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының Құрметті азаматы. Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Әселхан Қалыбекова белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы. 1966 жылы Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген. 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті. 1971-91 жылдары аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған. *1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады. ....
Сағатова Әсел (5 мамыр 1985 жылда) – қазақстандық актриса.
Өмірбаян Семей қаласында туған. Алматыдағы орыс хореографиалық мектепті бітірген. Ол 14 жастан модель болып істеген. 9 сыныпта Әсел жарнамаларға түскен. Гонконгта және Таиландта жұмыс істеді. Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетін бітірген. Халықаралық қатынастың факультетін қызыл дипломмен бітірді. Оқудың барысында магистратурада музыкалық бағдарламаның қазақ телеарнада жұмыс істеген, және концерттердің ұйымының продюсерлік орталығында жұмыс жасаған. Қазір кинода түсіріледі және "халық лотерея" деген бағдарламаны жүргізеду. "РТРК АО "Қазақстан" фирмасында менеджер болып жұмыс істейді. Өз жолын қырғыз жазушының Шыңғыс Айтматов кітабының жазылғанына кинода түсірілген "Ананың маккуратыра тұралы жылағаны" деген фильмде түскен. Әсел бір неше қазақстандық және ресейлік-қазақстандық фильмдерде түсірілді. Басты рөлдерді "Кекесін көңіл" деген фильмдердеойнады, Рэкетир. 2012 жылдың соңында Әсел Сағатова атындағы модельдік мектеп ашылған.....