Мақсаты: 1. Балалар 5 санына дейін тура, кері санауға көрші сандарды таба білуге, геометриялық. пішіндермен таныстыру. 2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге үйрету. Көрнектілігі: Сандар, аңдар суреті Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі Балалар біз бүгін орманға саяхат жасаймыз. Саяхатқа барамыз Дорбамызды аламыз Ей бұл кім?.....
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы» (1972), Қазақстан Республикасы «Тәлім- тәрбие тұжырымдамасы» (1993), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептері» тұжырымдамасы (1992), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері де басшылыққа алынып тәрбиенің дамуына игі әсерін тигізді. Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі күнде орын алатын жалпы тәрбиенің оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін ашып көрсету әлі де шешімін тапқан жоқ. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысында болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауға міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылар мен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде оқу- тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бірақ, «адамгершілік элементтерін қолданамын» немесе «адамгершілік барлық тәрбие сағаттарының тақырыбына сай келе бермейді» деген жаңсақ пікір де орын алып келеді. Адамгершілік тәрбиесі жөнінде демократ педагог Н.А.Добролюбов жастарды гуманизмге тәрбиелеудің маңыздылығын көрсете келе гуманизмнің мазмұнын терең және әр салалы түсіндірді. Бұл тәрбиенің міндеті адам баласын қадірлеп сыйлауға үйрену ортақ тағдыр жолында істес адамдарға көмектесу, қиын-қыстау кезеңдерде жолдастар мен достарға жәрдемдесуге дағдылану керек деп талап етеді. Н.А.Добролюбовтың көзқарасында адамгершілік тәрбиесінің жолдары мен әдістері жөнінде былай деді: «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер мен саналар қалың халықтардың ішінде, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік, сол халықтың ерекшеліктерін, тілектер мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді»,- деді. Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге арнады. Ы.Алтынсариннің балаларға арнап жазған шағын әңгімелері, өлеңдері бастауыш сынып оқушыларын еңбек етуге, адал, шыныл болуѓа мейірімді, қайырымды болуға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арнаған. Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаев жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім- тәрбие алуға шақырды. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ», «пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.....
Мақсаты: Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері:, сұрақ - жауап, жұмбақтар жасыру, ой қозғау, ойын, қорытындылау. Көрнекілігі: әліппе дәптер, жануарлар суреттері, слайд
Ынталандыру Шаттық шеңберін ұйымдастыру Шаттық шеңбері» - Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты Жарқырайды күніміз Жадырайды жанымыз .....
Мақсаты: Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, үнтаспа. Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын түрлері. Мотивациялық қозғаушы кезең. Тәрбиешінің іс - әрекеті: Шаттық шеңбері. Балалар мен бірге қайталайды. - Бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келді. Барлығымыз амандасайық. Балалардың іс - әрекеті: Арайлап атқан таңға сәлем! Жылуын шашқан күнге сәлем! Жайнап өскен бізге сәлем! Білім беріп тәрбиелеген, Апайларым сіздерге сәлем! - Сәлеметсіздер ме, апайлар! Іздену ұйымдастырушылық кезеңі. Өткен оқу іс – әрекетіне ой қозғау. - Біз қай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - Қазақстанның елордасы қай қала? - Астана. Бас қаламыздағы қандай көрікті жерлерді білесіңдер? - Бәйтерек, Нұрастана мешіті, т. б. - Астана сөзі неше буыннан тұрады? .....
Біздің халық- жатты жатырқамайтын, жатсынбайтын бауырмал халық. «Таспен ұрғанды аспен ұр», «кекшіл болма, көпшіл бол»дейтін кешірімшіл де, кеңпейіл біздің қазекем. Алла қаласа, өзге елмен де тереземізді теңестіреміз-ау, тек қазақты кеңдігінен айырмасын. «Кең болсаң, кем болмайсың!» Жаратқан да бізге тыныштықты осы кеңдігімізге қарай беріп тұрған шығар, кім біледі... «Қайғысызға қара су да ас»дейтін қазақ үшін байлық та, бақ та-ынтымақта. Жүз отыздан астам ұлттың басын біріктірген киелі Отанымның менің отбасыма тікелей қатысы бар.........
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Ертегілер еліндегі шалқан Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдер: Сөздік әдіс, көрнекілік көрсету. Көрнекіліктер: Ертегі суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, сиқырлы қорапша, табиғи гүлдер, ағаштар, шалқан суреті. Бингвилизм: қыс - зима, шалқан - репка
Жылулық шеңбері: «Қайырлы таң» ҰОІӘ барысы: Музыка ырғағымен балалар кіріп орындықтарының жанына келіп тұрады. - Балалар, қараңдаршы, біз ғажайып ертегілер еліне келіп қалдық, бізден бұрын апайлар келген екен, кәне қонақтармен амандасайық. Қайырлы таң, көк аспан, Қайырлы таң, жер ана. Қайырлы таң, алтын күн. Сәлеметсізбе! Здравствуйте! - Балалар, ертегілер елінде қандай әдемі, мұнда бәрі бар. Мен ертегілер елінен келген ертегішімін. Қазір біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Менің соңымнан жүріңдер. - Балалар қараңдаршы бұл не? (Бірінші ертегі ол Шұбар ала тауық.) - Ол ертегі не туралы? Жарайсыңдар? Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. - Мұнда не отыр? Бауырсақ кімнен қашып кетті? Оны не жеп қойды? - Жарайсыңдар! Мына жерде не тұр? (үйшік). Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар? (аңдарды атайды) - Дұрыс айтасыңдар. Балалар қараңдаршы, мында сиқырлы сандық жатыр. Оны ашып көрейік. Бұл не? (Шалқан). Енді осы ертегімен танысайық. .....
Тақырыбы: Шалқан ертегісі. Мақсаты: Балаларға ертегіні оқып беріп, әңгімелеу. Әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс – тұрыстарын, қызығушылықтарын қалыптастыру. Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, тақпақтар айту, дидактикалық ойын, үстел – үсті театыры арқылы әңгімелеу. Слайд бойынша көрсетіп түсіндіру. Көрнекілігі: Слайд, үстел – үсті театры.
Мотивациялық - қозғаушы Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық. Күннің нұрын шашайық. Жүрек жылуын салайық Осы жақсы тілектерді. Қонақтарға сыйлайық. .....
Қазақ елі - Еуразияның жүрегінде орналасқан, тарихы бай үлкен мемлекет. Қазақ халқы жүзі жайдарлы, пейілі кең, қонақжай халық екені бүкіл әлем жұртшылығы үшін аян шығар.Барша халыққа тарихымен де, ерлігімен де, мәдениетімен де, салт-дәстүрімен де үлгі болатын тұғыры биік алып мемлекет. Қазақ жерінде туып -өскен әрбір қазақ баласы- біреуде болса біреуде болмайтын үлкен бақыт иесі. Құс ұясыз болмайтын сияқты, адам отанынсыз болмайды. Каспий теңізінен Алтай өңіріне дейін созылып жатқан қасиетті өлке – қазақ жері.......
Отан. Атамекен. Атажұрт. Тарих. Бұл қай құлаққа да жағымды естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды. Қазақ елі тарғалаң тарихты бастан кешкен батыр халық. Оның батырлығы да, елдігі де бір күндік жеміс емес. Тәуелсіздік жолында сан қилы заманды өткерген Қазақстан-бүгінде үлкен жеңіске жетіп отыр.......