Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері

Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.
Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,
Әр кеудеде бір шер барын білсем мен.
Қан майданда ерлік етсе біреулер,
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.
М.Мақатаев
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі шартты бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ең ауыр соғыс басталды. И.В.Сталин 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Тарихи әдебиетте бұл соғыс "Ұлы Отан соғысы" деген атқа ие болды.
Ұлы Отан соғысы жағдайында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге, соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды. Малшылар да аянбай еңбек етті. Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайында техниканың жоқтығы миллиондаған бас малды жем - шөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. Тамақ өнеркәсібі жоғарғы қарқынмен өсті. Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізді. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілігі майданға аттанды. Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы, аянбай қиян-кескі шайқастар жүргізді.......
Шығармалар
Толық

Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар жайлы деректер

Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінің басында-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Мыңдаған жауынгеріміз жат елде жан тапсырып, ұрыс даласынан жарақатпен оралды. 23 тамыз - Ресей Федерациясы, Тверь облысы, Зубцов қаласының жау қолынан азат етілген күні. Сұрапыл соғыс айналып өтпеген бұл жер 1941 жылдың күзі мен 1942 жылдың жазында қарсылас қос елдің шабуылдары қызған жер. Елін қорғаймын деп жырақта қаншама жауынгер жер жастанса, олардың арасында белгісіздер тізімін толтырғаны қаншама. Биыл міне, 50-ге жуық боздақтың аты-жөндері анықталып отыр. Олардың арасында Қазақстаннан майдан даласына кеткен 6 азаматтың, 2-уі оңтүстікте туылғандар. Майданға аттанған күннен бері хабар-ошарсыз болған Байназаров Қайнарбұлақ ауылында туған. Арнайы топтар оның сүйегін тапты. Ал, өз кезегінде топ басшысына делегация ақсақалы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Ержанның арнайы сияпатын туыстарына табыс етті. Жарты ғасырдан кейін жақынын тапқан жанның бірі - Салқынбек Қалдаров. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туылған қария ұрыс даласында белгісіз кеткен әкесін сабыла 76 жыл іздейді Тек, Ұлы Жеңістің 68-жылдығы қарсаңында ғаламтор арқылы асқар тауы әкесі Қалдар Байбағысовтың қай жерде қаза тапқандығын естіп, ақтық демі таусылған жерге баруды ұйғарады. Жат жерде жатқан боздақтың есімі құлыптасқа қашалып жазылып, жауынгердің туған ауылынан бір уыс топырақ алынды. Соғыста қаза тапқан майдангер аталған ауылдан 5 шақырым жерде орналасқан Гнилева деревнясындағы бауырластар зиратында жерленген. Ну орманның ортасындағы елдімекен картада болғанмен, бүгінде ол жерді тірі жан мекен етпейді екен. Тек Успенское поселкалық билігінің көмегі арқасында бауырластар зиратына барып, Салқынбек Қалдаров әкесінің басына құлыптасты арулап қойды. Осылайша елін, жерін жаудан қорғап, жат жерде қаза тапқан боздаққа туған жердің бір уыс топырағы 76 жылдан кейін бұырды........
Шығармалар
Толық

Қазақстандықтардың ерлігі

Менің тамырымда қазақтың қаны, жүрегімде қазақтың сезімі, санамда қазақтың ойы сайрап жатыр.
Менің ата –бабам сахара даланың төсінде өсіп, саф ауасымен тыныстанған, қыран құстай еркін , тұлпардай жүйріктігімен танымал, ерлігі дастандарда жырланып, батырлары еліне қамқор болған . Осындай батырлық пен ержүректілікті Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған ата – бабаларымыз-дан да көреміз.
Соңғы деректерге қарасақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңестік республикалардан 27 миллионнан астам адам фашизмнің құрбаны болыпты. Бұл дегеніміз 27 миллион адамның арманы талқандалып, үмітін үсік шалды деген сөз емес пе? Осы миллиондаған халықтың ішінде 410 мыңдай қазақтың шығыны туралы ғана мәлімет берілген . Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар туралы анықтама берілмеген. Қуғын –сүргіннен аман қалған қазақ зиялыларының майданға аттанып мерт болғандары туралы да нақты деректер жоқ. Бұлардың арасында Отанына адал қызмет етіп, елін, туған жерін көркейтуге үлес қосатын нағыз ғалым, ақын-жазушы, өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері, жаңашыл жастардың мезгілсіз мерт болғанын білгенде өзегіңді өрт өртейді. Тыныш жатқан бейбіт елдің мазасын алып , шырқын бұзған, өздерін басқалардан жоғары санаған, менменшіл, қанжүрек фашизмге лағнет айтқың келеді.......
Шығармалар
Толық

Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер мен индикаторлар №2 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер мен индикаторлар №2
Оқу мақсаты: 10.4.1.10 Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер мен индикаторлар №1 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкономика негіздері
Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер мен индикаторлар №1
Сабақ мақсаттары: 10.4.1.13 Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау
Оқу мақсаты: Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылық құрылымын және экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанның аумағын экологиялық аймақтарға бөлу (10 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның аумағын экологиялық аймақтарға бөлу
Сабақ мақсаттары: • Қазақстанның экологиялық мәселелер / апатты аймақтарды анықтай алу.
• Зерттеулерді жүргізу барысында Қазақстандағы экологиялық мәселелерді анықтап, пайда болу себептері мен шешу жолдарын қарастыру
• Географиялық деректерді зерттеу, талдау және таныстыру үшін АКТ пайдалану.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанның экологиялық мәселелері (10 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экологиялық мәселелері
Осы сабақта қол еткізілетін оқу мақсаттары:(оқубағдарламасынасілтеме) Қазақстан аумағын экологиялық аймақтарға бөлу негізінде экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсыну.
Сабақ мақсаттары:  Қазақстан аумағын экологиялық аймақтарға бөлу негізінде экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсыну.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Дүниежүзі елдері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары
Оқу мақсаттары: 9.6.1.5 Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты түрлі мақсатты аудиториялар үшін дайындайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар кешенді географиялық ақпараттарды жіктеп,
Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты дайындайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі
Оқыту мақсаты: 9.5.2.6 Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады;
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымының жіктелуін талдайды, аймақтардағы проблемаларды анықтайды, шешу жолдарын көрсетеді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттары орны (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттары орны
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 9.5.4.8- Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын, орнын анықтайды
Сабақ мақсаттары: Қазақстан мүшелікке енген ұйымдарды анықтау және Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын анықтап, бағасын беру......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық