Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақтілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық.....
«Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі. Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. ....
XXI ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің коғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бipi – меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу бүгінгі таңда негізгі мәселе . Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп қырлы. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды. Бүгінгі танда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бipi және пікір-талас туындайтын тақырыпқа айналып отыр. Нарықтық экономикаға көшу – меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезеңінде оның көптеген объективті мәселелері өз шешімін күтуде. Қазіргі таңда айқындалып отырғандай, бұрынғы көзқараспен социализм орнату жолында деп есептелінген елдердегі элеуметтік-экономикалық жүйенің күйреуiнің басты себептерінің бipi – мемлекеттік меншік қатынастарының үстемдікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру туралы қортынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік көзқарас білдipy мәселесі алға тартылып отыр. Бүгінгі таңдағы меншік ұғымының төңірегіндегі пікір-таластарды талдау мен меншіктің нақты әр түрлі формаларын өндірудің мәнін түсіну үшін аталған күрделі проблеманың теориялық негізін анықтау қажет. Қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінде меншік мәселесі, даму перспективасы ең алдымен көтеріліп, жалпы қозғалыстың, дамудың өзіндік өзегін құрайды. Қоғамның, мемлекеттің, жеке адамдардың болмысының даму заңдылықтары, өндірістің материалдық және рухани негіздері барлығы да меншік жүйесіндегі маңызды өзгерістерге тәуелді. ....
Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті. 1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды. Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті. Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7 Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді. ....
Топырақ- табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Бұл құбылысқа табиғат күштерінің әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше. Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілу деп – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі әсерінен тау жынысынын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір Біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады. Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың клмат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.....
Топырақ негізінен бір-бірімен өзара тығыз байланысты төрт бөліктен (фазадан) тұрады: газ немесе топырақ ауасы, сұйық немесе топырақ ерітіндісі, қатты бөлігі және тірі бөлігі (топырақтағы тірі организмдер). Топырақтың осы төрт бөлігі оның механикалық, химиялық құрамдары мен агрохимиялық қаситтеріне жан –жақты әсер етеді. Топырақтың газды фазасы – топырақтағы судан бос кеуектерді толтырып тұрған ауа. Оның құрамы атмосферадағы ауадан өзгеше болады. Топырақ ауасы өсімдік тіршілігіне, және оның тамырлары мен аэробты микроорганизмдердің тыныс алуы үшін маңызды роль атқарады. Топырақ ауасының құрамында көмірқышқыл газы көп (проценттің оннан бір бөлігінен 2-3% дейін ), оттегі азырақ болады. Топырақ ауасында көмірқышқыл газының көлемінің жоғары болуына, оны мекендейтін әр-түрлі аэробты организмдердің оттегіні пайдаланып, бұл газды бөліп шығару мен органикалық заттардың ыдырауы, атмосфера мен топырақ арасындағы газ алмасу құбылысы, топырақ ылғалдылығының шамадан тыс жоғары болуы ықпал етеді. Мұның өзі өсімдіктің дұрыс өніп -өсуі үшін су мен ауа белгілі бір қатынаста болуы керек екенін көрсетеді. Топырақтың тірі фазасы –бұл топырақты мекендейтін және топырақ түзу процесіне қатысатын барлық тірі организмдер. Табиғатта топырақтар барлық фазаларының бірлігі арқылы бір физикалық дене сияқты тіршілік етеді.
Топырақтың сұйық фазасы Топырақ ерітіндісі топырақтың жалпы массасының 20%-ін құрайтын оның ең жылжымалы, өзгермелі және белсенді бөлігі. Топырақ ерітіндісінің құрамына минералдық, органикалық, заттармен еріген газдар (оттек, аммиак, көмірқышқыл газы) енеді. Бұл фазаны топырақ денесінің «қаны» деуге болады, себебі ылғалдың топырақта тік және көлденең жылжуы нәтижесінде топырақ пішінінде қабаттар бөлінеді. Топырақ ерітіндісінің құрамы мен концентрациясы тұрақты емес, ол түрлі биологиялық, химиялық, физика- химиялық құбылыстардың әсерінен өзгеріп тұрады. Мәселен, тыңайтқыш қолдану, топырақтағы ылғалдың азаюы, органикалық заттардың минерализациялануының қарқынды өтуі, оның құрамындағы тұздардың мөлшерінің көбеюіне, ал өсімдіктің топырақтағы қоректік заттарды пайдалануы, қоректік заттардың топырақтың төменгі қабатына-шайылуы немесе суда еритін қосылыстардың ерімейтін күйге ауысуы, топырақ ерітіндісіндегі тұздардың концентрациясының төмендеуіне ықпал етеді. Топырақтың сұйық бөлігінің құрамы ерітінді мен топырақ коллоидтарының арасындағы алмасу реакциясының әсерінен де өзгереді Топырақтың қатты фазасы Топырақтың қатты фазасы механикалық элементтер деп аталатын әртүрлі мөлшердегі бөлшектерден тұрады. Олар тау жыныстарының үгінді сынықтары, жеке минералдар, қарашірінді заттар, органикалық және минералдық заттардың өзара әрекеттестіктерінен пайда болатын минералды, органикалық және органо- минералды болып келеді. Механикалық элементтердің (фракциялардың) салыстырмалы мөлшерін топырақтың грануметриялық құрамы деп атайды. Диаметрі 1 мм- ден ірі топырақтың механикалық бөлшектері оның қаңқасын ал 1 мм- ден уақ бөлшектері ұсақ ұнтақ бөлімін құрайды. Өз кезегінде ұнтақты бөлшектер физикалық құмда (0,01 мм ірі бөлшектер) және физикалық сазға (0,01 мм уақ) бөлінеді. Топырақтың гранулометриялық құрамы. Грануметриялық құрамы жеңіл топырақтар жақсы су сіңімділігімен, оңтайлы ауа жүргісімен тез қызу қабілеттілігімен сипатталады. Сонымен бірге олардың теріс қасиеттері бар, мысалы ылғал сыйымдылығының төмендігі, қарашіріндісінің, қоректік элементтердің аз болуы, сіңіргіштік қабілетінің шамалылығы, жел эрозиясына бейімділігі. ....
Валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат. Шарушылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін күшейту халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркенделген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды. Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан ....
Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту. Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі екендігін айқындау.
Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу....
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс –– адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым –– осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жлқ. Ол тек адамға тән. Сондықтан, қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны алғашқыға теліген. Бұл идеализмге әкелген. Сонда сана дегеніміз? Ол қайдан, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болды? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми –– оның мекені. Сана –– адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жан-жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем талай дәуірді бастан өткізді. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р.Авенариусты В.И. Ленин өзінің «Материализм және эмприокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын ....
Жаңа адамды,болашақ қоғам адамын рухани, интелектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе.Н. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми- теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөліп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген. ХХІ ғасыр есігін ашты. Жас ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңа қадамдар басталды. Ұрпақ тәрбиесінде жіберілген кемшіліктер сараланды. Білім жөнінде жаңа заң қабылданды. Оқу жүйесі өзгерді. Жалпы білім беретін мектептердің басым көпшілігі тереңдетіп оқытылатын немесе орталау арнайы білім алуға даярлайтын гимназияларға, арнаулы және жеке мектептерге айналуда. ХХІ ғасыр маманының салыстырмалы моделі мынадай болып шыққан: - қоршаған ортаны, өмірді сақтау мақсатында оны өзгерту; - бірнеше мүмкін шешімі болады; - шығармашылық жаңарудың әдіснамасы мен қаруландыру; - қызметтік іс- әрекет барысында қажетті және мүмкін ; - ғылым мен техниканың кәсіптік қызметінің заңдылықтарын білу, олардың моральдік адамилық аспектлерін ескере отырып, тәжрибеде қолдана білу; - ұжым мүшелерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, «адам- адам» қатнастарын тудыра білу. Білім беруді екі жақты құбылыс: нақты іс- әрекет және нәтиже ретінде қарастырған дұрыс, яғни мәдениеттің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу үрдісі мен жеке тұлғаның мәдениеті меңгеру нәтижесі ретінде. Дамыта оқытуда оқушы оқыту объектісінен субъектіге айналуы тиіс бұл үрдістің нәтижелілігі оқытушының кәсіби және мәдени құзырлылығына, ұйымдастыра білу шеберлігіне, біліктілігіне, берілетін білім мазмұнының өзектілігіне, оқыту мақсатының оқытушы ғана емес, оқушы үшін де анық, айқын, дәл болуына байланысты. ....