Еш нарсе сатып алмай-ақ, әдемі көрінудің 20 жолы

Әр қызда ең керекті деген, яғни, ас үй мен жуынатын бөлмеде безеумен, шаштың ұшталуымен күресуге, салмақ тастауға және тағы басқа да 17 түрлі кенінең таралған сұлулық мәселесін шешуге арналған барлық керекті жабдықтар болуы тиіс. Ал артық ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Осылайша әдемі көрінудің 20 жолын ұсынамыз.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Сыпыра жырау

Сыпыра жырау (туған — өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде .....
Рефераттар
Толық

Премьер-министр Аи-92 маркалы бензиннің бағасын өсірмеуді талап етті

Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов алдағы бір жарым айда Аи-92 маркалы бензиннің бағасын өсірмей ұстап тұруды тапсырды.

Ресейден қажетті көлемде ашық түсті жағармай түрлерін тасымалдау мәселесіне тоқталған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин "Аи-92 маркалы бензин тиісті көлемді өндірілмегендіктен, мұнайдың осы өнім түрі сырттан жеткізілетінін баяндады.

"Бүгінде республикадағы мұнай-газ базаларында Аи-92 маркалы бензиннің қоры 244 мың тонна, Аи-80 бензині 86 мың тонна, сондай-ақ дизель отын көлемі 300 мың тоннаға жуық. Егер біз бағаны өсірмесек, бұл жағармай көлемі 45 күнге жетіп қалады", - деді министр.

Осыған байланысты Ұзақбай Қарабалин АИ-92 бензиніне бағаны ұстап тұрғанымен, оның қоры таусылғаннан кейін осы маркалы жағармайдың тапшылығы туындайтындығын жеткізді.

Өз кезегіндеҮкімет басшысы министрлік Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе 1,5 айдың ішінде қор таусылғанша АИ-92 бензиніне бағаны өсірмеу үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Бұл тұрғыда Серік Ахметов жағармай құю стансаларында баға негізсіз көтерілген жағдайда олар тиісті жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Жаңалықтар
Толық