Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин



Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан.....
Шығармалар
Толық

Ел азаматы болу - парыз

Ежелден ел жайлаған-Атамекен,
Жаз жайлау, қыста қыстақ мекен еткен,
Барымталы, жортуыл замандарда,
Қан төгіп, қорғап қалған жұмақ екен...
Еркебуланов. Қ .Қ.
Менің елім – менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиеттіқазақ топырағында өсіп -өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз.......
Шығармалар
Толық

Патриот болу әрбір қазақтың парызы

Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе.
Бауыржан Момышұлы
«Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деп Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында басты мақсат – Қазақстандық патриотизмге нақты тоқталған. Қазіргі таңдағы еліміздің өркендеуіне тек патриоттық тәрбие, патриоттық рух, патриоттық білім менпатриоттық сана арқылы ғана қол жеткізуге болады. Расында да қоғамның қай саласында табысқа жеткізсеңіз де тек патроитизм арқылы ғана жеткізесіз. Алдымен патриотизм дегеніміз не?......
Шығармалар
Толық

Патриот болу-әрбір қазақтың парызы

Ұлтарақтай емес,ұшан теңіз, ұлан-ғайыр асты-үсті қазба байлыққа толы жері бар, көз алартқанға қаймықпай қарсы тұрып, Алашын қорғайтын намысты, жүректі ері бар, күн санап көркейіп жатқан дәулетті де сәулетті елі бар, тілім-тілім болса да, табанға түсіп тапталмаған тілі бар,талай азап көрсе де, теңселмеген діңгегі берік діні бар, арқа сүйеп мақтанатын текті халқы бар, сананы сілкіндірер салты бар ақ көніл Қазақболып келгенім үшін, ниеті таза, пәк Қазақтың баласы болғаным үшін өзімді бақытты санаймын.Көргендер қызыға да, қызғана да қарайтын кең байтақ өрісті өлкемді әулие бабаларым білікпен, білекпен бізге мирас етіп қалдырды-ау!Неткен ғанибет! Ұлт екенімізді көрсететін тілімізді, дінімізді, салтымызды бізге үкілеп, аялап, мәпелеп жеткізді–ау! Шіркін, алғысымыз шексіз оларға! Кең далаға біз бас иеміз енді! ......
Шығармалар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Перзент парызы

Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар
Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар.
Олар еңбек ортасында шынығып,
Сын сағаттың жауынгері болғандар.

(«Әкелерге арнау» өлеңінен)

1998 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетіне осы өлеңді анам Күлжәмиланың рухына арнаймын деген арнаумен «Ана туралы баллада» деген өлеңім жарық көрсе, 2001 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетінде осы өлеңді әкем Қолғанаттың рухына арнаймын деген арнаумен ел аузында айтылып жүрген әңгімені негіз етіп алынған осы «Перзент парызы» өлеңі де жарық көрген еді. Тағы да сол арнаумен ұсынылады.

.....
Әңгімелер
Толық

Әдепті болу - парызым

Біз тәрбиені әкеміз бен анамыздан аламыз. Олар бізге үлкен адамдарды сыйлауды үйретеді. Маған анам үнемі әдепті болуға, ешкіммен ұрыспауға үйретеді. Мен анамның үйреткенін есіме алып жүремін. Ол әдепті болу үшін үлкен адаммен амандасу керек және бір–бірімізге кешіріммен қарау керек деп айтады. Мен......
Шығармалар
Толық

Оразаның және Рамазан айының құндылығы

Сұрақ: Рамазан айының құндылығы қандай?
Жауап: Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды.
Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың.....

Кеңестер
Толық

Рамазан айы (Ораза парыздары. Оразаға ниет. Ауызашар)

Рамазан айын құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде.....

Кеңестер
Толық

Рамазан айына дейін оразаның қарыз күндерін қашан өтеу керек?

Көптен күткен айлардың сұлтаны, уақыттың төресі Рамазан жақындап та қалды. Бір ай бойы Алла разылығы үшін иман еткен мүміндер астан тиылып, құлшылыққа ден қойып, нәпсісімен күреседі.  «Әй, мүміндер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей, ораза парыз етілді» , - деп Алла Тағала ақыл-есі дұрыс, балиғат.....

Кеңестер
Толық