Экономика | Кәсіпорында кадрлармен жұмыс және оның негізгі түрлері

Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорынның жұмыс істеуі мен дамуы және бәсекелестік нарықта өз орнын табуы тікелей жұмыс күшіне байланысты. Ал жұмыс күші экономикалық теорияда былай түсіндіріледі, яғни адамның дене және ой қабілеттілігінің жиынтығын, оның жұмысқа деген алғырлығын айтамыз.
Кәсіпорында жұмыс істейтін және оның тізімдік құрамына кіретін әр түрлі кәсіби мамандығы бар жұмысшыларын – кадрлар дейміз. Осы кәсіпорын жұмысшылары туралы сөз болғанда “кадр, персонал, еңбек ресурстары” терминдерінің ұғымын бір-бірінен ажырата білуіміз қажет.
Сонымен, еңбек ресурстары дегеніміз – кәсіпорынның потенциалды жұмыс күшін айтамыз. Персонал - бұл уақытша және тұрақты жұмыс істейтін біліктілігі бар және жұмыс күшінің толық құрамын білдіреді. Ал, кадрлар – бұл кәсіпорындағы квалификациясы бар жұмысшылардың құрамы.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорындардағы еңбек өнімділігіне әсер етуші маңызды факторлардың бірі - жұмыс күші факторының мәні мен мазмұнына, оның негізгі түрлеріне, олардың құрамы мен квалификациясына және құқықтық қатынастар жағдайларына және қазіргі таңдағы еңбек нарығының жұмыс істеуі мен ондағы болып жатқан кемшіліктер мен ерекшеліктерге тоқтала отырып, оларды жетілдіру жолдарына ұсыныстар айтылған.
Сонымен осы курстық жұмысымда талдауға алған кәсіпорынның басқару құрылымындағы персонал құрамының өзгерісі мен жұмысшылар мен қызметкерлердің квалификациясын, жұмыс күші факторының маңыздылығы мен оларды жетілдіру жолдарына ерекше мән бере отырып, талданды және жетілдіру жолдары ұсынылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық