Қандай бақыттысыз!

Ол — өте әдемі, әрі пысық келіншек еді. Алайда, осыдан бірнеше ай бұрын — жол апаты салдарынан, өмір бойы көзі көрмейтін зағипқа айналды. Операциядан соң, әйелінің соқыр болып қалғанын естіген күйеуі «— Оны ешқашан тастамаймын. Аяғына дейін қолдау көрсетемін» деп, өзіне сөз берді. «— Күйеуіме жүк болдым. Ауыртпалық салдым» деп, ойлай ойлай, әйелінің денсаулығы нашарлай түсті. Ал күйеуі болса, әйелін тез арада депрессиядан шығару керектігін ойлап, психолог мамандардың көмегіне жүгінді. Өйткені, жас әйел күннен күнге өзімен-өзі болып, ешкіммен сөйлескісі келмейтін. Ешқайда шыққысы келмейтін тұйық мінезді болып кетті. «— Әйеліме қалай көмектессем екен?» деп, жолдасы көп ойланды. Ақыры ескі жұмысы есіне түсіп, әйелінің тез арада жұмысқа кіруіне көмектеспек болады. Бірақ, сәл нәрсеге ренжіп қалатын, тез жылап қалатын, үйде көңілсіз отырғысы келетін әйеліне — оны қалай айтсын?!

Бір күні бар батылдығын жиып, енді әйелінің де жұмыс істеу керектігін айтады. Әйелінің үрейі ұшады.

— Мен соқырмын, білмеп пе едің!? Қалай жұмыс істей алады дейсің? — деп қатты ашуланады. Жолдасы оған қолғабыс болатынын, таңертең жұмысқа апарып, кешкісін жұмыстан өзі алып кететінін айтады. Әйел үмітсіздікпен келіседі. Өйткені, күйеуін жақсы көретін және оны ренжіткісі келмейтін. Осылай жұмысқа бірге барып, жұмыстан бірге қайтып жүрді. Көңіл күйі жақсара бастаса да, бұрыңғыдай әлі ашық, жарқын емес-ті. Күйеуі де осыны жақсы білетін. Бір күні:.....
Махаббат хикаялары
Толық

Аналарымыз аман болсын!!!

Он екі жыл отбасылық өмірден соң, менің жан жарым ресторанда тамақ ішуге және киноға баруға өзге әйелді шақыруымды қалады. Ол :
- Мен сені сүйемін, бірақ сені менен де артық сүйетін бір әйел бар... Мен уақытыңды сол әйелмен өткізгеніңді қалаймын - деді.

Уақыт бөлу керек болған өзге әйел - менің Анам болып шықты. Ол 19 жылдан бері бөлек тұратын. Менің үш балам мен жұмысым анама көңіл бөлуіме кедергі болатын, сол үшін анда-санда барып тұрдым.
Сол түні оны кешкі тамақ пен киноға баруға шақыруға қоңырау сақтым.
- Не болды? Жағдайың қалай? - деп бірден сұрады.
Менің анам - егер телефон кеш шырылдайтын болса, жаман хабар ма деп ойлайтындардың қатарына жатады.
- Менімен бірге уақыт өткізуге қалай қарайсыз - деп сұрадым. Ол бір - екі секунд ойланып:
- Мен оны қатты қалаймын - деп келісімін берді......
Махаббат хикаялары
Толық

Қайталанбас махаббат хикаясы

Осыдан жеті жыл бұрын. Маусым айының он жетісі. Жайма шуақ күннің елесі де көрінбейді. Аспан қара-сұр түске боялып, жаңбыр тоқтамастан нөсерлетіп, құйып жатыр. Мен бар жоғы тоғыз жаста едім. Біздің үйіміздің дәл жанында орналасқан 304-пәтердің арғы жағындағы ащы зар қатты әсер еткен болуы керек, әлі күнге дейін есімнен кетер емес. Бұл үйде ұзын бойлы, қолы ашық, жүрегі таза еркек, иманды, өзгелерге тек жақсылық ойлайтын, күннің сәулесіндей шуағын шашып жүретін қамқор әрі мейірімді әйел, тәрбиелі, үріп ауызға салғандай сұлу, ақылы көркіне сай қыздары - Айманмен үшеуі тұрушы еді. Міне, бүгін ошақтың ұйытқысы болып отырған – аяулы жар, қамқор ана о дүниеге аттанды.
Содан бері үш жыл өтті. Айман екеуміздің арамыз жеті жас болса да құрбы едік. Қазір оның көзінен бұрынғыдай ұшқынды, бойынан бұрынғыдай сенімділікті байқай алмайсың. Анасының қазасынан кейін ашылып та сөйлемейді, үйінен де көп шықпайды. Жер басып жүруінің бір-ақ себебі бар. Ол - әкесі. Айманның орнына өзімді қойып көргем, сондықтан оның не ойлап, не сезетіндігін жақсы білем. Десе де, жас қыздың күннен күнге шынайы өмірден алшақтап бара жатқандығын көру, жаныма ауыр тиуші еді......
Махаббат хикаялары
Толық

Эххх..... өкiнiштi....

Бір күні кешкілік уақытта бір жас жігіт өзінің көлігімен жұмысынан келе жатыр екен. Оның сол кездегі көңіл-күйі тамаша еді! Оған да себеп бар, өйткені оны 2 демалыс күн күтіп тұрған. Көктем еді. Көшеде қаптаған қыдырып жүрген адамдар. Бір мезетте, оның машинасы бірдеңеге тірелгендей болды…

Ол лезде тормоз беріп, мән жайды білуге машинасынан шықты. Оның машинасының қасында қағылған 11-12 жасар бала жатыр екен… Ол бала еш қимылсыз жатты. Құжынаған адам қағылған баланың қасына тез жинала кетті. Араларынан біреу пульсын қарап: «Бұл бала тірі! Тезірек ауруханаға жеткізу керек!» деген аз да болса жұбатарлық хабар айтты. Әлгі жігіт баланы өзі апармақшы болып, салонына баланы жақсылап орналастырды да, дәл оқиғаның болған жерінен алыс емес бұрыштағы ауруханаға апарды. Ауруханада ол бір дәрігерді ұстап алды да мән-жайды түсіндірді. Баланы дәрігерлер «приемный покойға» апарды......
Махаббат хикаялары
Толық

Досым деп жүріп, сүйіп қалдым

6 сынып оқып жатқанбыз. Біздің сыныбымызға жаңадан бір бала келді. Өзі кішкентай сары бала болатын. Басында мен оған онша мән бермедім, жай ғана ол өзін жалғыз сезінбесін деген оймен сабақтардан көмектесіп жүрдім.

Жай досым, сыныптасым ретінде қарадым. Біраз уақыт өтті біз жақсы дос....
Махаббат хикаялары
Толық

Әйел төсекте «ОЙНАҚТАП» тұруы үшін БІР-АҚ НӘРСЕ керек

Мұны білмеген еркек те көп нәрседен құры қалады.


«Қойшы, екінші әйел ме, көңілдес пе тауып ала салсыншы. Қызғанбай-ақ та қойдым, маған тек тыныштық керек. Басқа ештеңе сұрамаймын. Балаларымды өзім асырай аламын. Онсыз да оның қатырып жатқаны шамалы.....
Махаббат хикаялары
Толық

Әкеме айтып қоймаңыз...

Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп...
Махаббат хикаялары
Толық

Әдемі Махаббат хикаясы

Айналама қарасам, әр түрлі тағдырлар, әр түрлі сезімдер мен құштарлықтар. Барлығы әйтеуір бір жандардың басынан өтуде. Біреуі қуаныштан басы айналып жүрсе, біреуі сол сезімінен қиналып жүр, ал енді...
Айналама қарасам, әр түрлі тағдырлар, әр түрлі сезімдер мен құштарлықтар. Барлығы әйтеуір бір жандардың басынан өтуде. Біреуі қуаныштан басы айналып жүрсе, біреуі сол сезімінен қиналып жүр, ал енді.....
Махаббат хикаялары
Толық

Әкеме айтып қоймаңыз

Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп құшақтап ұйықтататын.

Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы, әкесі мейірбан, ақкөңіл бір әйелмен танысады. Бір күні әкесі қызына: “Қызым, мамаң қайтып келетін болды. Сен мамаңның түрін ұмытып қалған жоқсың ба?” деп сұрады. Кішкене сәби ары ойланып, бері ойланып, басын шайқайды. Әке қызын аяп кетті әрі бір жағынан сәл де болса жеңілдеп қалғандай сезінді. Ол әлі де бала ғой.

Дәл сол сәтте есік ашылып, әлгі әйел кірді де құшағын кең жайып, қыздың есімін шақырады. Сәл таңырқап, жатырқап тұрған қызына әкесі: „Қызым, мамаңды танымадың ба? Тез “мама” деп шақыра ғой” депті. Сәби ақырын адымдай басып барып, „мама” деп құшақтай алады .....
Махаббат хикаялары
Толық

Күйеуім қызғаншақ!

Жасым 30-да. Күйеуіммен осыдан 4 жыл бұрын достарымыздың тойында таныстық. Таныстығымызға 5 ай толғанда ол маған тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірді. Күйеуіме ыстық махаббатпен қосылдым деп айта алмаймын. Іштей тек ұнаттым. Ол бір рет ажырасқан, екі ұлы бар. Балаларының алиментін төлеп, ай сайын олармен уақыт өткізіп....
Махаббат хикаялары
Толық