Жұмағали Саин (Лагерь жыры)

(Орыстың «Нас побить хотели» деген - әнімен)

Жаз жайнатып, күн күлдіріп,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Орман таудың арасында,
Көрінді әне, ақ шатыр,
(Онда қызыл ту ұстаған,
Біз пионер — жас батыр.
Жалындасын жас жігерлер,
Бойда қайнап — күш-қуат,
Біздің заман сонша қызық,
Біздің тұрмыс рахат.......
Өлеңдер
Толық

Ай... Нұр...

Боздап алам,
Әппақ ары өмірден озған адам.
Өмірі ойран болып, тозған адам.
Көктем күні қар жауып үсіп қалды-ау,
Аулада өсіп тұрған бозқараған.

Күндіз бақты,
Қалың оймен күзеткен бұл біз нақты.
Бақ аязға гүлдерін ...
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаевқа арнау

Дара тұлға, ақиық ақын, бір өрен,
Жүрегінен ағылып жатыр жыр-өлең.
Өткені оның толы болды азапқа,
Азапқа толы, өмірі оның күйбелең.

"Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"
Деп жырлады, жас ...
Өлеңдер
Толық

Біржан сал Қожағұлұлы - әлеуметтік өмір жыршысы

Біржан - қазақтың сал - сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ.
Есмағамбет Ысмайлов

Біржан сал үш бірдей өнер иесі - асқақ үнді ақын, сазгер, әнші. Ол – қазақтың әншілік – орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген, аса дарынды халық композиторы, қазақтың қайталанбас бір туар тұлғасы. Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген Біржан сал бозбала кезінен әнші - ақындардың қасына еріп той - думанның сәніне айналған. Бозбаланың ақындыққа бейімдегені елінің, жерінің, табиғатының, өскен ортасының ықпалының көп пайдасы тиген. Өзінен үлкен Ержан, Нұржан деген ағалары болған сол заманның шаруашылық жұмыстарын өздері атқарғандықтанда болар, ол алаңсыз ән мен өлеңге үйір болғаны. Оның сыртында сол кездің сал - серілері, әнші-ақындары: Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары болған. Жастайынан ақын әнші, өлеңші, домбырашы атанады. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсері тиеді. Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, - деген мәңгілік жетерлік сөз қалдырған........
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік-бұл жырдың алдаспаны

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәйелі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың –
Осы- менің арманым!
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ елі, қазақ жері қашанда өз тарихын – өзі жазған көреген халықтардың бірі де, бірегейі. Тасқа қашап жазарлықтай тарих қазақ жерін ешқашан айналып өткен емес. Қазақтың басына бақ біткені, осыдан аттай 25 жыл бұрын еліміз өз алдына дербес ел атанып, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең болған күн еді. Осындай бақ исі қазақтың маңдайына біткен күні еңкейген қарт пен еңбектеген баланың да қуанышында шек болмаған. Бұл күні кеудеде «қазақ» деп соққан жүректердің бұлқынған күн, тамырдағы қан бойға сыймай тулаған күн. Елімізде бұл қуаныштың болғанын шет елдерде қуана құптаған. Еліміз егемендік алғаннан кейін өзінің тұңғыш Елбасын ақ киізге отырғызып хан сайлады. Сөйтіп, қазақ перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің президенті болып сайланды. Қазақ елінің болашағын өз қолына алып, барша қазақ жерінің ертеңі үшін жанын құрбан ететін Нұрсұлтандай асыл тұлға бізге керек еді.Үш жүздің басын біріктірген Абылайдай болған Нұр аға күні бүгін ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналды.Ол өзінің барлық өмірін осы елмен байланыстырды.Өзінің барлық күш-жігерін осы елді дамытуға сарп етті. Еліміз дербестік алғаннан кейін өзінің рәміздерін дүниеге әкелді. Төл теңгесі де дүниеге келіп, қолданысқа енді. Сол күндерден бастап Тәуелсіз еліміз қарыштап дамып, кеңге құлаш жайды......
Шығармалар
Толық

Қазақ халқының жоқтау жыры (Қазақ ауыз әдебиеті)

Пісімілдә сөздің өрнегі
Пәнденің рас өлмегі.
Бұл дүниеде тұру жоқ
Ажалға адам көнбегі.
Құдайдың салған ақ ісін
Дін мұсылман көрмегі.
Мекендеген өзенді
Қоңыр қазсың көлдегі.
Қолыңнан ұшқан ақ сұңқар
Енді бір болмас келмегі.
Көп әнбия көңілді
Дүнияға бөлмегі.
Құдай досты Мұхамбет
Басқаменен тең бе еді.
Ақ ісіне Алланың
Қарсылық ету жөн бе еді..
Піссімілла сөздің пірі екен,
Ең асылы нұр екен.....
Өлеңдер
Толық

Неге Ақтамберді жырау «жылқыдан асқан мал бар ма?...» деп жырлады? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақтың тақырыбы: Неге Ақтамберді жырау «жылқыдан асқан мал бар ма?...» деп жырлады?
Сабақтың мақсаты: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау;
Клил әдісі арқылы оқушылардың академиялық тілде еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Берілген бөлімде мал шаруашылығы төрт түліктің бірі жылқы туралы, оның жалпы адамзатқа пайдасы қажеттілігі қарастырылады.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Оғызнама» жыры қандай мәлімет береді? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: «Оғызнама» жыры қандай мәлімет береді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оғыз мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын түсінеді.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық