Мұхтар Шаханов (Тарихи жады тұжырымы)

Айналайын, келіндерім,
Гүл қанатты өрімдерім,
Кешіріңдер, аруларым ай қабақ,
Ай қабақтан бақыттарың бара жатыр тайғанап.
Мен сендерге еліміздің зұлымдықтан сорлаған,
Арғы-бергі тарихында бұрын-соңды болмаған
Бір өтініш айтам деймін.......
Өлеңдер
Толық

Махамбет Өтемісұлы (Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі)


Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Құбыланы төрткүл оңға алмай,
Тебінгіні терге шірітпей,
Терлікті сүттей ірітпей,
Өлеңді төсеп ет жемей,
Ұлы түске ұрынбай,....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне)

Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне,
Жарындай арыңменен бірге түне.
Шыдаудың өзі де ерлік, айналайын,
Халықтың сыйы менен құрметіне!
Жастың да келіп қалды ақырабы,
Жанымның дірілдейді жапырағы.
Уақытың жетпей жатса,
Кездесуге
Бір күнде екі жерге шақырады......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Бәйге жыр)

Қуаныш боп әлдилесе ғажап түн,
Кейде дәмін татып көрдім азаптың.
Биік те емес,
Төмен де емес ешкімнен
Мен кәдімгі қатардағы қазақпын!
Жоқ демеймін менде кемдік,
Менде мін.
Мініммен де,
Мұңыммен де елдемін......
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Жыр ауылы)

Жыр ауылы төре би ғып Абайды,
Махамбетпен ата жауын сабайды.
Сәкенменен толтырады қуысын,
Ілияспен бір жыртығын жамайды.
Дүрілдеген той боп жатыр жерімде,
Әбділдә отыр бір дастарқан төрінде.
Осы арада гәуһарың да, інжу де,.....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Бригадир туралы жыр)

Жапан түзге жасап жатыр қыс бүлік,
Қар жасағы ойнақтайды ысқырып.
Қиян қырдың аспанында жүр жосып
Ақ шудалы аппақ бура түсті бұлт.
Қар тынымсыз белестерге борайды,
Ақша таулар басты жазық маңайды.
Белуардан қарға батқан жас жігіт
Бұрқасынға күлімсіреп қарайды.
Қамаласа қалың құйын жасағы,
Ұмтылып жас, құшағын кең ашады. .....
Өлеңдер
Толық