Ішкі танау тесік (хоаны) — жұтқыншақпен жалғасатын мұрын қуысының шығаберіс тесігі. Хоана тесігі таңдай сүйегінің тік және горизонтальды тақташаларынан түзілген
Ішкі танау тесік (хоаны) — жұтқыншақпен жалғасатын мұрын қуысының шығаберіс тесігі. Хоана тесігі таңдай сүйегінің тік және горизонтальды тақташаларынан түзілгенфІшкі құлақ (внутреннее ухо); (auris interna, лат. auris — құлақ, interna — ішкі) — есту және тепе-тендік сақтау рецепторлары орналасқан құлақ бөлігі. Ол самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде орналасады, сыртқы сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандардан құралған. Осы екі шытырман аралығындағы лимфа сұйығын перилимфа деп атайды. Ал жарғақтық шытырман қуысындағы сұйықты эндолимфа дейді. Сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырандар үш бөліктен құралған. Олар: кіреберіс (саға), үш жартыдөңгелекше өзек және ұлу (иірілімді өзек). Кіреберістің жарғақтық шытырманын бір-бірімен жіңішке эндолим .....
Ішперде (брюшина); (лат. peritoneum ішперде) — құрсақ және жамбас қуыстарының ішкі бетін астарлап жаткан сірлі қабық. Ол қабырғалық (париетальды) және висцеральды жапырақтарға бөлінеді. Қабырғалық ішперде құрсақ пен жамбас қуыстарының қабырғаларын және көкетті (диафрагма) астарлайды. Ал осы қуыстарда орналасқан ішкі мүшелер сыртынан висцеральды ішпердемен қапталған. Жалаңқабат сірлі қабықтан құралған париетальды ішперденің омыртқа бағанасы астында дене қуыстарының оң және сол жақтарынан келіп, өзара түйісіп қосқабаттанып, висцеральды ішпердеге өтетін жерін шажырқай деп атайды. Шажырқай негізінен ішек ілмектерінің аралығында жаксы жетілген. Қарындағы қосқабаттанған сірлі қабықтар аралығындағы дәнекер ұлпасында іш майы жиналатын шажырқайды шарбылар .....
Іштік парасимпатикалық орталық (внутренностный парасимпатисеский центр); (лат. nucleus parasympathicus splanchnus) сопақша мида орналасады. Сұрзаттық орталық нейроциттерінің аксондарынан түзілген түйіналды (преганглионды) миелинді жүйке талшықтары сомалық жүйке талшықтарымен бірігіп, кезеген жүйкені (nervus vagus) құрайды. Кезеген жүйке сопақша мидан бөлінгеннен соң, мойын аумағында симпатикалық бағанның мойын бөлігімен бірігіп, кезеген-симпатикалық бағанын (truncus vago-sympaticus) түзеді. Көкірек қуысына кіреберісте кезеген жүйке, симпатикалық бағаннан ажырайды да, көмекей мен жұтқыншақты жүйкелендіретін сомалық қайтарма жүйкені бөліп,.....
Іштөлдік кезең (плодный период) — эмбриогенездің соңғы кезеңі. Іштөлдік кезеңде жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына және жеке организмдерге тән белгілер дамиды. іштөлдік кезең, мысалы, сиырда 61-270 тәуліктердің аралығында болады. Оның ішінде бастапқы іштөлдік кезең 61-120 тәулік аралығында жүріп, тұқымға байланысты белгілер дамиды, ал 121-270 тәулік аралығындағы соңғы іштөлік кезеңінде жануарлар организміңде барлық мүшелер жүйелері қалыптасады, өсіп жетіліп, жеке организмге тән құрылыс белгілері мен ерекшеліктері дамып жетіледі .....
Іштөліалды кезең (предплодный период) — эмбриондық дамудың гастогенез және органогенез сатыларындағы эмбриогенез кезеңі. іштөоліалды кезенде жануарлардың түрлеріне, кластарына, туыстарына, тұқымдастарына, отрядтарына тән белгілер дамиды. Ұрықта желбезек аппараты, мезодерманың сегменттерге бөлінуі жойыла бастайды. іштөлі аяқтарының бастамалары, кейбір тұқымдарга тән қасиеттер (мүшелердің пішіні, ұзындығы) жетіледі. ішкі мүшелердің (жүрек, бауыр, қарын, ішек, аралық және тұрақты бүйректер, жыныс бездері) мөлшері, пішіні, даму қарқыны жануарлар түрлеріне сәйкес қалыптасып, пішін түзілу процестері (морфогенез) басталады. .....
Абдомен (лат. abdomen — құрсақ) - құрсақ, дененің құрсақ бөлігі. Құрсақ — құрсақ қабырғасынан және ішкі ағзалар орналасқан құрсақ қуысынан түрады. Құрсақ қабырғасы — сырттан ішке қарай: тері, теріасты бұлшықетін қаптап жатқан екі қабат беткей шандыр (фасция), құрсақтың сыртқы қиғаш бүлшықеті, құрсақтың тік бұлшықеті (бұл бұлшықет адамда — құрсақтың алдыңғы жағында, жануарларда — құрсақтың төменгі жағыңда орналасады), құрсақтың ішкі қиғаш бүлшықеті, құрсақтың көлденең бүлшықеті, көлденең құрсақ шандыры және ішперде (сірлі қабық) қабаттарынан түрады. Құрсақ қуысы (лат. cavum abdominis) — диафрагма (көкірек қуысы мен құрсақ қуысы шекарасындағы көкет) мен жамбас қуысы кіреберісіне дейінгі аралықтағы қуыс .....
Абдуктор (лат. abductor; ab — сыртқа қарай; duko — серпу, яғни денеден алыстатқыш) - адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына әсер ету арқылы аталған мүшелерді денеден алыстататын бұлшық ет. Абдукторларға иық буынын денеден алыстататын "қырарты бұлшық еті" және жамбас-ортан жілік буынын сыртқа қарай тартып қозғалтатын "бөксенің терендегі бұлшық еті" жатады .....