Биология | Іштік парасимпатикалық орталық

 Биология | Іштік парасимпатикалық орталық

Іштік парасимпатикалық орталық (внутренностный парасимпатисеский центр); (лат. nucleus parasympathicus splanchnus) сопақша мида орналасады. Сұрзаттық орталық нейроциттерінің аксондарынан түзілген түйіналды (преганглионды) миелинді жүйке талшықтары сомалық жүйке талшықтарымен бірігіп, кезеген жүйкені (nervus vagus) құрайды. Кезеген жүйке сопақша мидан бөлінгеннен соң, мойын аумағында симпатикалық бағанның мойын бөлігімен бірігіп, кезеген-симпатикалық бағанын (truncus vago-sympaticus) түзеді. Көкірек қуысына кіреберісте кезеген жүйке, симпатикалық бағаннан ажырайды да, көмекей мен жұтқыншақты жүйкелендіретін сомалық қайтарма жүйкені бөліп, құрсақ қуысына енеді. Көкірек қуысындағы мүшелерді (жүрек, өкпе т.б.) жүйкелендіретін тармақтарды беріп, ол құрсақ қуысына еніп, жартыайшықты ганглийге (ganglion semilunare) барады да, одан симпатикалық жүйке талшықтарымен бірге құрсақ қуысындағы барлық ішкі мүшелерге күн сәулелері іспеттес жан-жаққа таралып, "күндік өрімді" құрайды. Кезеген жүйкенің түйіналды миелинді жүйке талшықтары ішкі мүшелер қабырғаларындағы микроскоппен ғана көрінетін тым майда жүйке тораптары нейроциттерінде синапспен аяқталады. Жүйке тораптары нейроциттерінің қысқа аксондарынан түзілген түйінсоңы (постганлионды) миелинсіз жүйке талшықтары — өздері қабырғаларында орналасқан көкірек және құрсақ қуысындағы ішкі ағзалардың етті қабықтары мен қабаттарын және бездерін жүйкелендіреді


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі