"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы

Қазақстанның алтын дауысы атанған әртіс қазір әншілер халыққа көмек көрсететін жағдайда емес екенін, өзі қаңтар айынан бері жұмыссыз отырғанын айтты

29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған әнші Роза Рымбаева сахнада жүргеніне 45 жыл толуына орай күзде жеке концерт береді. Өнер иесі елдегі жағдайға байланысты бірнеше айдан бері жұмыссыз, балаларын зейнетақымен асырап отыр. Дегенмен карантин кезінде шығармашылығын тоқтатып қоймаған. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
Жаңалықтар
Толық

"Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі

Карантин режимі көпбалалы отбасыға қалай әсер еткені, оннан астам мектеп оқушысы бар үлкен жанұяда онлайн-сабақ қалай өтіп жатқаны туралы отағасы Мұрат Қабылбаев айтып берді

Ақмола облысы Кенесары ауылындағы он үш баласы бар Қабылбаевтар отбасының карантинде қалай өмір сүріп жатқанын Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді. ......
Жаңалықтар
Толық

«Парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер

Біз түрлі одақтар мен басқосуларда, спартакиада мен азиадаларда, саммиттер мен эксполарда 30 жыл бойы шырылдағанымыз аздай, карантинде де түрлі челлендж жасауда алдымызға жан салмай, онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой.

Сөз өнерін қадірлейтін халықтың жүрегіне айтыскер ретінде жол таба білген Балғынбек Имаш "онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой" деп отыр. Ол бұл сөзі арқылы әншілерді шегірткеге теңеген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың пікірімен келісетінін жеткізді. Ақынның ойынша, ел тәуелсіздік алғалы реформадан көз ашпаған білім министрлігінің кесірінен жастарда білім жоқ екен.....
Жаңалықтар
Толық

Павлодарда оқушы қызды соққыға жыққан бір топ бойжеткенге сот үкімі шықты

Павлодар қаласының жеті тұрғыны кәмелетке толмаған қызды соққыға жыққаны үшін сотталды. Полияция өкілдері бір топ бойжеткенге қандай жаза тағайындалғаны мен оларға қандай айып тағылғанын түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ .

Бұған дейін Павлодарда бір топ бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызға шабуылдағаны туралы ақпарат тараған еді. Оқиға оқушы інісі мен көршілерінің көзінше орын алған......
Жаңалықтар
Толық

Назарбаеваның сенаттан кетуінің себебі неде – саясаттанушылар пікір білдірді

Президент жарлығымен сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігінің тоқтатылуы қазақстандықтар үшін күтпеген жаңалық болды

"Қазақстан парламенті сенатының бұрынғы спикері Дариға Назарбаеваның төңірегіндегі жағдай ерекше сипатқа ие. Оны мәслихат сайлаған жоқ, ол сенат депутаттығына тағайындалған еді, бұл аяқталмаған билік транзиті жағдайында белгілі бір деңгейде оның осалдығы болды. 2016 жылы әкесі президенттігі кезінде тағайындаған Дариға Назарбаева заң бойынша 6 жыл сенатта отыра алады (2021 жылға дейін)", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында "Альтернатива" зерттеу орталығының директоры Андрей Чеботарев......
Жаңалықтар
Толық

Айгүл Иманбаева Ахметбек Нұрсиланы сотқа бермекші

Карантин талабын бұзғаны үшін ұсталған әнші Ернар Айдардың лотереяға тіккен көліктері уақытша жалға алынғаны белгілі болып, басы дауға қалған болатын. Сонымен өнер иесі халықты алдады ма әледе өзі алданды ма? Бұл мәселе «Астарлы ақиқат» бағдарламасында талқыланды.
......
Жаңалықтар
Толық

«Ата-бабаның қарғысын кармамен тазалаймыз»: Айгүл Елшібаева Құралай ханымның «ит терісін басына қаптады»

Бердияр Қари "Әбжат" ілімімен есептеп жасап берген дұға-сүрелер дәптерін "таза жолмен жолың ашылсын" деп Құралайға бергенде, оқырмандарына сатып бизнес жасайтынын білмеген шығар?

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева психолог ретінде көпшілікке танылған Құралай Ошақбаеваны өзіне берілген емді елге таратып, ақша жасап отырғаны үшін кінәлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.....
Жаңалықтар
Толық

"Сені жақсы әнші деп ойлаушы едім": Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты. Біраз уақыт өкпелесіп жүрген екі әншінің үлкені алғашқы болып сөз бастады. Меруерт ханым Мәдинамен арада даудың қалай тұтанғанын түсіндіріп берді.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.....
Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

Көктемнің соңғы айының басты жаңалығы он бірінші мамырда төтенше жағдай режимінің аяқталуы болмақ, осы айда қазақстандықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралады деген үміт бар

Бірінші мамырдан қалалар арасында әуе рейстері ашылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен валюта айырбастау пунктерінің жұмысы жанданады. Банктер жекелеген салаларда қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін алынатын комиссияны төмендетеді. Осы және өзге де өзгерістер туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз....
Жаңалықтар
Толық

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған Автор: Малика Хадид Қазақстандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова карантин режимі өзіне қалай әсер еткенін айтты. Төрт қабырғаға қамалған әнші шектеу шаралары салдарынан күйзеліске түскенін мойындады. Әрдайым гастрольдік сапарларда жарқырап жүретін өнер иесі үй шаруасының күйбең тіршілігіне үйренісе алмай жатқан көрінеді деп жазады nur.kz "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Мадина Сәдуақасова шығармашылығы тоқтап, күнделікті үй шаруасымен айналысамын деп күйзеліске ұшыраған. Ол карантин уақытында түңіліп жүргенін жасырмай айтты. ...
Жаңалықтар
Толық