» » » «Парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер

«Парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер

«Парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер казакша «Парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер на казахском языке
Біз түрлі одақтар мен басқосуларда, спартакиада мен азиадаларда, саммиттер мен эксполарда 30 жыл бойы шырылдағанымыз аздай, карантинде де түрлі челлендж жасауда алдымызға жан салмай, онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой.

Сөз өнерін қадірлейтін халықтың жүрегіне айтыскер ретінде жол таба білген Балғынбек Имаш "онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой" деп отыр. Ол бұл сөзі арқылы әншілерді шегірткеге теңеген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың пікірімен келісетінін жеткізді. Ақынның ойынша, ел тәуелсіздік алғалы реформадан көз ашпаған білім министрлігінің кесірінен жастарда білім жоқ екен. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ақынның желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ахметбек Нұрсиланың қазақты білім-ғылымға шақырғанына риза болған ақынның пайымдауынша, "шегіртке" деген сөз орынсыз емес көрінеді.

"Ахметбек Нұрсила деген азаматты аса жақсы танымаймын. Соңғы жылдары әлеуметтік желіде әртүрлі тақырыптағы әңгімелерін көзім шалып қалады. Тренингтегі кейбір іс-әрекеттері, эмоция шығарып билеп жатқаны, ислам туралы кейбір пікірлері мүлде жақпайтын. Бірақ қазақты білімге, ғылым үйренуге, кәсіп үйренуге шақырып, сол жолда жанкештілікпен еңбек етіп жүргеніне жүрегім жылып қалады. Әсіресе, отаншылдықты насихаттауына, Алаш идеясын жаңғыртуға, рухани тәрбиеге қатысты жанайқайына толық қосыламын. Бүгін лотореяға қатысты "Астарлы ақиқатқа" қатысқан хабарын көріп, әртүрлі ойға баттым. Әрине, мені өнердегі әріптестерім қолдай қоймас, тіпті, жау деп қабылдар. Бірақ, Ахметбек ағаның "Шегіртке" деген сөзі орынсыз емес. "Ыршып жүріп ән салған" өнерпаздар түгілі, бұл теңеу жалпы қазақтың бүгінгі сиқына дәл келетіні - ащы болса да шындық!", - деді айтыскер.

Мұнан бөлек, Балғынбек Имаш парламентте отырғандарды кесірткелерге ұқсатты.

"Бізде барлық саланы шегірткелер басып кеткелі қашан!Тәуелсіздік таңы атқалы реформадан көз ашпаған білім министрлігі, мәдениет пен спорт министрлігі, денсаулық министрлігі секілді мекемелерде (бас әріппен жазуға қимадым) сайран салған шегірткелердің кесірінен жастарда - білім жоқ, қауымда - мәдениет жоқ, бүкіл халықта денсаулық жоқ!

Ауыл шаруашылығы, аргоөнеркәсіп, мал және егін, орман, су, балық шаруашылығын үкіметтен бастап, әр облыс, аудандардағы шегірткелер тып-типыл еткелі қашан? Бізде парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты, әй, бірақ, кесірткеден де үн шығады ғой бұлар сөйлемейтін "балық" боп қалған-ау!?

Кесірткелер, бәлкім, қаржы полициясына құйрығын тастап шетел асып кеткен Виктор жездеміз секілді қашқындарымыз болар?
Өнердегі аға-апа, құрбы-құрдас, іні-қарындастар! Ахметбек "шегіртке" десе Абайға сүйеніп теңеумен айтты, оған шамданбаңыздар!

Біз түрлі одақтар мен басқосуларда, спартакиада мен азиадаларда, саммиттер мен эксполарда 30 жыл бойы шырылдағанымыз аздай, карантинде де түрлі челлендж жасауда алдымызға жан салмай, онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой.

Ән салу - шегірткеге тән қасиеттің бір қыры. Жолындағыны жапырған, егінді тып-типыл қылған, көп қаржыны қымқырған, бар байлықты жымқырған шегірткелердің "жемқорлық" қырын қайтеміз? Қашан біз шегірткеден құмырсқаға айналамыз?", - деп көпшілікке ойланарлық сұрақ қойды әрі қоғам туралы ішкі қынжылысын баяндады.


nurgul95 | 2 788 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
Айгүл Иманбаева Ахметбек Нұрсиланы сотқа бермекші
Айгүл Иманбаева Ахметбек Нұрсиланы сотқа бермекші
42500 мың теңгені екінші рет алу үшін бірыңғай жиынтық төлемін қайта төлеу қажет пе
42500 мың теңгені екінші рет алу үшін бірыңғай жиынтық төлемін қайта төлеу қажет пе
Ертегі: Ахметбек пен Хасен
Ертегі: Ахметбек пен Хасен
Балғынбек Имашев: Қыздардың Баянға еліктегенін көргенде жүрегім ауырып, қиналамын
Балғынбек Имашев: Қыздардың Баянға еліктегенін көргенде жүрегім ауырып, қиналамын
Желіде базадағы ҰБТ сұрақтарын сататын алаяқтар пайда болды (фото)
Желіде базадағы ҰБТ сұрақтарын сататын алаяқтар пайда болды (фото)
Балғынбек Имашев әйелдерді қалай жазалау керектігін айтып берді
Балғынбек Имашев әйелдерді қалай жазалау керектігін айтып берді
Баян Есентаева неке жүзігін көрсетті (фото)
Баян Есентаева неке жүзігін көрсетті (фото)
Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Тәуелсіздік)
Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Тәуелсіздік)
Қазақша Бағдарлама: Қыздар арасында (27 шығарылым)
Қазақша Бағдарлама: Қыздар арасында (26 шығарылым)
Қазақша Бағдарлама: Қыздар арасында (25 шығарылым)
Қазақша Бағдарлама: Қыздар арасында (24 шығарылым)
Қазақша Бағдарлама: Қыздар арасында (20 шығарылым)
Қазақша Бағдарлама: Қыздар арасында (16 шығарылым)
Қазақша Бағдарлама: Қыздар арасында (30 шығарылым)
Желіде Ләйлә Сұлтанқызының атын жамылған алаяқтар пайда болды (фото)
Желіде Ләйлә Сұлтанқызының атын жамылған алаяқтар пайда болды (фото)

KZ / Qazaqstan жаңалықтары, айтыскер туралы қазақстан жаңалықтары «Парламентте ғана шегірткелер жоқ онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер Казахстанские новости про айтыскер, новости «Парламентте гана шегирткелер жок онда отыргандар унсиз кесирткелер сиякты» - айтыскер на казахском языке ережелер скачать бесплатно, жаңалықтар түрі на казахском языке, айтыскер туралы пікірлер шындық, айтыскер туралы пикирлер шындык, «Парламентте ғана шегірткелер жоқ онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер, айтыскер туралы қазақстан жаңалықтары «Парламентте ғана шегірткелер жоқ онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер Казахстанские новости про айтыскер новости «Парламентте ғана шегірткелер жоқ онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айт, «Парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты» - айтыскер