XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек?

Сыныбы 6 «Ә»
Пән мұғалімі : У. Сатжанова

Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек.
Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж
Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.

2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат....
Тәрбие сағаттар
Толық

Экономика | Экономиканы мемлекеттік ретету қағидалары мен үлгілері

КІРІСПЕ
Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады. Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет етеді. Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан анрықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын. Ал бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен оның негізгі көрсеткіштері

I. Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен оның негізгі көрсеткіштері» деп аталады. Бұл жұмысымда мен жалпы экономикалық өсу дегеніміз не, оның түрлері, факторлары мен факторларына және де осы тұрақты экономикалық өсудің өз елімізде қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталып өтпекшімін.
Экономикалық даму не үшін қажет? Ел нақты экономикалық даму кезеңінде өмір кешсе, онда бірқатар жаңа мүмкіндіктер ашылады. Тауарлар және қызмат көрсетуларге әркімнің қолы жетіп, оларды таңдауға мүмкіндік туып, халықтың өмір деңгей көтеріледі. Елдің ішіндегі өмір деңгейін төмендетпей, басқа елдерге көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Экономикалық даму дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық қызымет түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол қызыметтен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді. Алайда, бұл тұста ол бәліш үлкен болған сайын, әркімнің үлесі де молырақ болатыны тағы да даусыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бизнес | Шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту

Кіріспе
Экономикалық өзгерістер процесі бүкіл басқару қызметін реформалаудан басталады. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде бәсекелік басымдыққа қол жеткізу үшін ақпараттық технологияларды, соның ішінде компьютерлік ақпараттық жүйелерді пайдаланудың қажеттілігі туындап отыр.
“Қоғамды ақпараттандыру ” дәуіріне қадам басқан кезде ақпараттық методологиялар мен құралдарды қолдана отырып, ақпараттарды ұйымдастыру және оларды тиімді басқару жөнінде негізгі түсініктерді қарастыру міндетін атқаратын ақпараттық менеджментті айналып өтуге болмайды.
Қазіргі жетекші ұйымның бөлімдерімен (оның ішкі өзгерістері) ұйыммен және оның сыртқы ортасы ( сыртқы өзгерістері) аралығындағы өзара байланысты үнемі талдай білуі тиіс. Ол өзі қабылдаған кез келген шешімнің қандай да бір себеппен ұйымның барлық аспектілеріне әсер ететінін ұмытпауы тиіс. Сөйтіп фирманың алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін өзара байланыстары мен өзара тәуелділіктерді ескере отырып бірегей жүйе ретінде айқындауы қажет.Курстық жұмыстың мазмұны шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ақпараттық қамтамасыз етуін қарастыру болып табылады......
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Халықтың анағұрлым «осал» топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету

Кіріспе
Елімізде экономикалық реформаларды іске асыру кезінде экономика мен әлеуметтік саясаттың өзара байланысты күшейту қажеттігін туындап отыр.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған әлеуметтік жүйеге бағытталып, әлеуметтік дамыту бірінші кезекте адам факторын есепке алу, адамның хал-ахуалын, денсеулық жақсарту жанұяға қамқорлық көрсету.
Осының бәрі мемлекеттің конституциясында бекітілген. «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, құқықтық, мемлекет деп жариялайды. Оның жоғарғы құндылыққа жататын адам, оның өмірі, құқығы және еркіндіктері.
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету экономикалық категорияның дәрежесіне көтерді. Бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының, нығайтудың негізгі мақсаттары мен міндеттерді бейнелейді.Қазіргі кезде елімізде жеке адам әлеуметтік қорғаудың жүйесін құруға толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар адамның құқықтың сақталуы халықтың аз табыс табылатын бөлігі-нақты қолдау көрсету денсаулық қорғау, білім беру,қылмыспен және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мәселелері іске асырылып отыр.
Нарыққа өту әлеуметтік құқықтық және әлеуметтік кепілдіктің айырықша жаңа жүйесін қалыптастыруды талап етеді. Ол әрбір адамға өмір сүру деңгейді төмендеу мүмкіндіктерін әлеуметтік қорғаудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ету тиіс.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан

КІРІСПЕ
Адамзат тарихтың шешуші кезеңінде. Қалыптасқан дамудың сипаты мен табиғат арасындағы қайшылықтар шегіне жетті. Осы бағытта одан ары қарай жүру ғаламдық опатқа әкеледі, сонда табиғат адамзатқа өзін қорлағаны үшін жауабын ғаламдық өзгерістермен – климаттың өзгеруімен, шөлдермен, жердің тақырлануымен, атмосферадан қауіпті ультракүлгін сәулелердің өтуімен, індеттермен және аштықпен береді.
Табиғат пен оның объектілері (ауа, теңіздер, ормандар, жануарлар, космос, және т.б.) адамзаттың ортақ жетістігі болып табылады. Оның қорғалуы мен тиімді пайдалануында бүкіл әлемдік қауымдастық мүдделі.
Табиғатты қорғау жене оның ресурстарын тиімді пайдалану – заманның жаһандық проблемасы. Бұл проблеманың шешілуінің негізгі шарттары: бүкіл әлемде бейбітшіліктің сақталуы және қарусыздандыру, мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсінушілік; табиғатқа қатысты барлық мемлекеттердің бірдей саясат жүргізуі және өз территориясында табиғатты қорғаудың барлық шараларын қолға алуы, әсіресе табиғатты қорғау заңнамасының дамытылуы; БҰҰ шеңберінде және жергілікті негізде жүзеге асырылатын қоршаған ортаның халықаралық қорғауға арналған барлық акцияларға барлық мемлекеттердің белсенді қатысуы, табиғаттың жекелеген, нақты компонеттерін қорғауға арналған халықаралық келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы және қоршаған ортаны қорғаудың бірдей келісімшарттардың құрылуы мен қабылдануы – халықаралық экологиялық қауіпсіздіктің негізгі қайнар көзі ретінде.
Қазіргі таңдағы орасан зор маңызды проблема – ол мемлекеттерді көп жақты әріптестікке қайта оралу қажеттілігіне сендіру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Математика | Теріс емес бүтін сандарды үйрету

1 Анализ үшін қажетті көмекші ақпарат
1.1 Теріс емес бүтін сандарға түсінік
Tepic емес бүтін сандар жиынын құрудың теориялық – жиындық тәсілі тұрғысынан, натурал сан деп бос емес шектеулі бір - бірімен эквивалентті жиындар класының ортақ қасиетін айтады. Ондай тәсіл мейлінше көрнекі және шын мәнісінде мектепте өтілетіндерге дәл келеді. Алайда оның елеулі бір кемшілігі бар: негізгі ұғым шектеулі жиын бұл жағдайда белгісіз болып қалады (анықталмайды). Шектеулі жиындардың айырмашылықтарын түсіндірген кезде, әдетте, шектеулі жиын¬дар барлық элементтерін «толық атап шығуға» оларды бірінен соң бірін «көрсетіп беруге» болатын жиындар дейді, немесе бұлар элементтерін «санап шығуға» бола¬тын жиындар деп аталынады. Элементтерінің саны шектеулі болатын А жиынын алып, оған тең қуатты бо¬латын барлық жиындарды бір класқа топтастырайық.
Егер А жиыны үшбұрыш төбелерінің жиыны болса, онда үшбұрыш қабырғаларының жиыны, үш әр түрлі әріптен тұратын сөздердегі әріптер жиыны, т.б. осындай жиындар А жиынымен бір класқа топтасады.
Егер осы процесті әрі қарай жалғастырсақ, он да тең қуаттылық қатысы эквивалент қатысы болатындығына байланысты барлық шектеулі жиындар кластар бойынша бөлінеді бір класқа тиісті екі жиын өзара тең қуатты, ал әр түрлі класқа тиісті екі жиын тең қуатты болмайтындығын көреміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Салт-дәстүр: Есік көрсету

Есік көрсету, есік ашар — жаңа түскен келінді күйеу жігіттің туған-туысқандары мен дос-жарандарының өз үйлерімен таныстыру мақсатымен қонаққа шақыру рәсімі.

Келін келген жеріндегі үлкен-кіші, ағайын жұртымен осылайша жақындасып, араласа бастайды. Осы рәсім арқылы келіннің үлкен кісілерді, кімнің кім екенін танып-біліп, оларға құрмет көрсетуіне жол ашылады. Есік көрсету рәсімі арқылы келіннің елмен таныс-білістігі артады, туыстарының жай-жапсарын толық ұғады. Кіммен қалай қарым-қатынас жасау керектігінің жөн-жосығын аңғарады .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Тарих | Тарих сабағында көркем әдебиетті және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету

Кіріспе
Тарих сабағында көркем әдебиеттер және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету. Көрем әдебиетті оқи отырып өмірді бақылау, тану, үйрену. Пайдаланылатын көркем әдебиет қоғамның даму заңдылықтарын, тарихи тұрғыдан нақты түсінуге терең ұғынуға мүмкіндік береді. Тарих пәні бойынша оқушыларға беретін білім мен тәрбие ісін жетілдіре түсуге игі ықпал жасап, оның сапаларын арттыруға көмектеседі. Тарихи құжаттарға сүйене отырып тарихты оқытуда пайдаланалған көркем әдебиет оқушылардың эстетикалық таным түсінігін жетілдіру мен қатар тарихи мәсәлені образды түрде түсіндіру. Көркем әдебиет қоғамның өмірдегі құбылыстарға ғылыми талдау жасау үшін материал есебінде пайдаланылса қорытындылар мен тұжырымдарды қиыстыру мақсатында түсінікті болу үшін алынған. Әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерді дәл жеткізіп, оны дәлелдеп, дәйектеу үшін алынған. Тарихи көркем әдебиеттің атқаратын маңызын ерекше бағалап оның тарихпен ұштасып жататын бірлігі ретінде қарастырған.
1. Жұмыстың өзектілігі:
Тарих сабағын жандандыру мақсатында көркем әдебиетті пайдаланудың маңызы мен мақсаты айқындау. Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалануда оқушылардың ой танымы мен білімін пайдалану.
2. Жұмыстың мақсаты: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Менеджменттің ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету

КІРІСПЕ
Менің жұмыс тақырыбым «Менеджменттің ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету» болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді.
XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпартты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – комьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудыға жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды.....
Курстық жұмыстар
Толық