Әлеуметтану | Халықтың анағұрлым «осал» топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету

 Әлеуметтану | Халықтың анағұрлым «осал» топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету

Мазмұны
I.Кіріспе....................................................................3-4
II.Негізгі бөлім
2.1.Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері..........5-7
2.2. Халықтың анағұрлым «осал» топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету...........................................8-18
2.3. Жәрдемақылар нысанындағы әлеуметтік көмек...19-22
III.Қорытынды...............................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................24

Кіріспе
Елімізде экономикалық реформаларды іске асыру кезінде экономика мен әлеуметтік саясаттың өзара байланысты күшейту қажеттігін туындап отыр.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған әлеуметтік жүйеге бағытталып, әлеуметтік дамыту бірінші кезекте адам факторын есепке алу, адамның хал-ахуалын, денсеулық жақсарту жанұяға қамқорлық көрсету.
Осының бәрі мемлекеттің конституциясында бекітілген. «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, құқықтық, мемлекет деп жариялайды. Оның жоғарғы құндылыққа жататын адам, оның өмірі, құқығы және еркіндіктері.
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету экономикалық категорияның дәрежесіне көтерді. Бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының, нығайтудың негізгі мақсаттары мен міндеттерді бейнелейді.Қазіргі кезде елімізде жеке адам әлеуметтік қорғаудың жүйесін құруға толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар адамның құқықтың сақталуы халықтың аз табыс табылатын бөлігі-нақты қолдау көрсету денсаулық қорғау, білім беру,қылмыспен және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мәселелері іске асырылып отыр.
Нарыққа өту әлеуметтік құқықтық және әлеуметтік кепілдіктің айырықша жаңа жүйесін қалыптастыруды талап етеді. Ол әрбір адамға өмір сүру деңгейді төмендеу мүмкіндіктерін әлеуметтік қорғаудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ету тиіс.
Сондықтан әлеуметтік саясат дегеніміз- бұл мемлекет және халықтың әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға байланысты болып келетін қызмет бөлісі.
Әлеуметтік қамтамасыз ету әр түрлі ұйымдастыру- құқықтық түрлерде жүзеге асырылады. Бұлардың негізгі мемлекет әлеуметтік қамсыздандыру болып табылады. Сондай-ақ Республикалық бюджет есебінен тікелей қаржыланып отырады.
Әлеуметтік көмек көрсету ең тиімді механизмі және нарықтық экономиканың көптеген әлеуметтік өзекті мәселелері шешуге мүмкіншілік жасайды. Сонымен қатар ол әлеуметтік еңбектік қатынастарын көптеген негізгі субъект ең жетілдірілген түрі болып есептелінеді.
2.1.Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
Кедейлерге, аз табысыбар отбасыларына көмек ең кем дегенде оларға өмір сүру денгейінің төменгі дәрежесін қамтамасыз ету. Көмек- халықтың өте аз табысы бар белгілі топтарына арнаулы түрде көрсетілуі тиіс.
Халықтың мұдай топтарына аз табысы балалары бар отбасылар жатады:
- Жалғыз басты тұратын зейнеткерлер;
- Мүгедектер;
Аз қамтылғандардың, табысы аздарының критерийі болып жылдық жиынтық табыстардың мөлшері есептелінеді. Оның мөлшері өткен кварталдағы орташа айлықпен анықталатын есептік көрсеткіш 2 есе мәніне тең. Қазақстан Республикасының президенттің жолдауында көрсетілгендей біз стратегиямыздың маңызды мәселесін – қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелері
-балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету.
Биылғыжылдан бастап іс-жүзінде әр отбасының үлесіне игі қпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды тереңдету бағдарламасы іске асырыла бастады.2006 жылдан бастап диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық деңгейде жеңілдік шарттар қолданылатын балалар мен жасөспірімдер дәрі-дәрмек тегін қамтамасыз етуге көшетін боламыз.
2006 жылдан бастап аз қамтылған отбасыларына (табысы аз отбасыларға, 18 жасқа дейінгі балаларға,ай сайынғы жәрдемақылар төленді 4 және одан көп бірге туратын кәмелетке толмаған балалары бар, көп балалы аналарға «алтын алқа», «Күміс алқа», немесе I,II -дәрежелі «ана даңқы» белгілерімен марапатталатын аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 4000 тг. дейін көбейтуге тиіс.
2006 ж. 1 шілдеден бастап 1 жасқа дейінгі сәби күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақы төлеу енгізілді.
Қазақстанда отбасылардың орташа мөлшері 4 адамды құрайды. Соңғы жылдарда көп балалы отбасылар саны азайып бара жатыр.
Балалары бар отбасыларға арналған қолданылып жүрген мемлекеттік жәрдемақылар жүйесін жетілдіру өзекті мәселеге айналып отыр.
Бұл проблемалардың әлеуметтік мәні ол халықтың ең бір әлсіз қорғалатын топтардың мүдделерін есепке алу. Бұларға жататындар:
1. Еңбекке жарамсыз адамдар, бірінші кезекте-балалар.
2. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.Олар белгілі бір әлеуметтік фактордың болуынан байланысты жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік қалыптастыруға мұқтаж болып отыр.
3. Көпбалалы отбасылар;
4. 2-ші асыраушысының жоқтығы;
5. Балалы аз қамқорлығына алу;
6. мүгедек баланы тәрбиеленушілер.
Өзгеше сипаттағы шаралардың қатарына баланың тууы мен тәрбиеленуіне берілген әлеуметтік төлемдер жатады.Жәрдемақылардың әрбір түрі бөтен бір жәрдемақыларды алуына тағайындалады және беріледі. Отбасы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібінің ережелер арқылы белгіленеді.
Әлеуметтік төлемдердің ішінде жәрдемақылардың үлес салмағы басымды болып келеді. Бала туған кезде бір жолғы жәрдем алу үшін жұмыс істеп жүрген анасы жұмыс орны бойынша комиссияға жәрдемақы жөнінде өтініш жасайды және туу куәлігән тапсырады.
Егер ата-ананы жұмыс істемейтін болса,онда тұратын мекен жайы бойынша әлеуметтік қорғау жөніндегі жәрдемақы алу жөнінде өтініш білдіреді.
Жәрдемақы мөлшері-есептік көрсеткіштің 4 еселенген көлемі бойынша мемлекеттік әлеуметтік қасыздандырудың қорларының есебінен бөлінеді.
Балалары бар отбасыларына төленетін біртұтас жәрдемақылар әкесінің не анаының жұмыс істейтін орны бойынша тағайындалған төленеді және істемейтін ата-анасы тұратын мекен-жайы бойынша халықтың әлеуметтік қорғау бөлімінде төленеді.
Балалары бар отбасыларына бір жолғы берілетін жәрдемақылар, егер отбасыларда еңбекке жарамды әкесі жұмыс істемеген жағдайда тағайындалады және төленбейді.
Табыстар жөніндегі анықтама комиссияға әр квартал сайын тапсырып отырады. Бір жолғы төленетін жәрдемақыларың мөлшері 3 жасқа дейінгі балаларға есептік көрсеткіштің 125% құрайды.
Жәрдемақы бала 18-ге толғанша төленіп отырады.
Мерзімді қызмет әскери балаларына жәрдемақы мекен-жайы бойынша әлеуметтік қорғау бөлімі тағайындайды және төлейді.Жәрдемақы мөлшері есептік көрсеткіштің 130% есебінен төленеді.
Қазақстан Республикасындағы балаларға төленетін жәрдемақы мөлшері
№ Балаларға төленетін және жәрдемақының түрлері Есептік көрсеткіш
1 Бала туылғ. д/н төленетін1 жолғы берілетін жәрдемақы
400
2 Кәмілетке жетпеген балалар бар отбасыларына ай сайын берілетін 1 жолғы
-3жасқа дейінгі
-3-18 жасқа дейінгі
125
130
3 Жалғыз басты аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы
3 жасқа дейінгі
З-18 жасқа дейінгі 100
130
4 Мерзімді әскери қызметтың балаларына төленетін ай сайынғы жәрдемақы 130
5 Вич және СПИД ауыратындардың балаларына төленетін ай сайынғы жәрдемақы 130
6 Кәмелетке толмаған ата-анасы жағынан алимент төленетін балаларға уақытша ай сайынғы жәрдемақы
3 жасқа дейінгі
18 жасқа дейін төленбейді
100
200
7 Жұмыс жасамайтын 5 және одан да көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы 100
2.2. Халықтың анағұрлым «осал» топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету
Халықтың анағұрлым «осал» топтарына таулы әлеуметтік көмек дамыту үшін Үкімет мыналарды жоспарлап отыр.
Атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында қорғау мен даму үйлесімділігіне бағытталған атаулы әлеуметтік көмекі көрсету және аз қамтылағ отбасыларға балалрға арналған жәрдемақы төлеу шарттары нақтыланатын болады.
Мемлекеттік атаулы көмек тетегіндегі негізгі күш-жіге қоғамдық жұмыстарға тарту, оқыту және қайта оқыту, жұмысқа орналастыру, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты әлеуметтік қорғаудың белсенді әдістерін қолдану есебінен кедейлікті азайтуға бағытталатын болады.
Ана мен баланы қолдау әлеуметтік қорғау жүйесінде ерекше орын алады. Балалы отбасыларды қорғау жүйесін одан әрі дамыту, бала тууды ынталандыру, республикадағы демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында 2006 жылдан бастап жаңа екі жәрдемақы түрі қосымша енгізілген: 3-тен 4,5-ке дейінгі АЕК мөлшерінде бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі әмбебап жәрдемақы және аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы (1 АЕК мөлшерінде).
Сонымен бір уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарының білім берудің, денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қызмет көрсетудің кепілді әлеуметтік қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету алда тұр.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласын, әлеуметтік қызметтер құрамын кеңейту және олардың бекіту және оларды ұсыну тәртібіне өзгерістер енгізу қажет.
Әлеуметтік көмек жүйесін нарықтың шарттарына сәйкес келтіруді ескере отырып, мемлекет кепілдік берген қызметтер мемлекеттік емес бірлестіктер тегін ұсынатын болады. Қосымша қызметтер жеке сектор субъектілерін белсенді тарту есебінен ақылы негізде ұсынылатын болады. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу, әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдардың қызметін міндетті лицензиялауды және олардың қызметкерлерін аккредиттеуді енгізу алда тұр.
Мүгедектерге оңалту қызметтерін көрсетуге өзгерістер енгізілетін болады. Осы қызметтердің нысандары мен көлемі мүгедектіктің туындауы салдарынан адамның жағдайы сипатталатын әлеуметтік қолайыздыққа барабар болуға тиіс.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және өмірде қиын жағдайы душар болған кәмелетке толмағандардың белгілі бір бөлігін әлеуметтік оңалту мәселелері тұрақты көңіл аударуды талап етеді.
Жұмыспен жәрдемдесуді қамтуға әлеуметтік кепілдіктің, еңбек қатынастарының тұрақтылығы мен икемділігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай шаралар қолданылатын болады:
- жұмыспен қамтуға бағдарланған, лайықты еңбекке қол жеткізуді кеңейтетін тұрақты экономикалық жылжыту;
- бәсекеге қабілеттілікті арттыру және әрбір өңірде кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
- кәсіптік даярлықты, үздіксіз оқытуды, білім беруді және еңбек ресурстарын, бірінші кезекте жастардың сапасын арттырудың басқа құралдарын дамыту;
- үкіметтің, бизнестің, кәсіптікдақтардың және де басқа да азаматтық қоғам өкілдерінің кедейлікті азайту мен жаңа жұмыс орындарын құрудағы күш-жігерін біріктіретін әлеуметтік серіктестіктің тиімділігін арттыру.
Үкімет жұмыстың ақырғы нәтижелеріне бағдарлануын күшейту мақсатында бюджет қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне белгілі бір өзгерістер енгізеді. Бұл ретте творчестволық және инновациялық көқарас, ұйым жұмысының тиімділігіне әрбір қызметкердің үлесінің деңгейі көтермеленетін болады.
Атаулы әлеуметік көмекті(АӘК) көрсету жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру мақсатында аз қамтылған азаматтар санатының мәліметтер қоры құрылды, сондай-ақ өңірлердегі халықты әлеуметтік қорғау органдарына АӘК тағайындауға және төлеуге және оны алушыларға мониторинг жүргізуге мүмкіндік...........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!