Әлеуметтану | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

 Әлеуметтану | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

Мазмұны
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі
2.2. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі деңгейлері, нысандары принциптері
2.3. Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы
2.4. Жұмыссыздарды қорғау, медициналық сақтандыру, жәрдемақылар нысанындағы әлеуметтік көмек және зейнетақы реформасы
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. табалдырығында «адам капиталының» рөлі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16% –ы, табиғи қорларға -20% – ы, «адам капиталына» 64% -ы тигенін есептеп шығарды.
Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқамындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады.
Роулз критирийіне сәйкес қоғамның жалпы әл-ауқаты оның ең кедей тұрмысты жіктерінің әл-ауқат деңгейімен анықталады. Алайда, үнемелі теңдікке бағытталған саясат, өте қымбат қоғам игілігі ретінде (немесе тиімділіктен айырылу ретінде) қаралуы мүмкін, оңай игілікті тек дәулетті қоғам ғана пайдалана алады. Бұл арада орынды жеткіліктілік қағидасын сақтау ерекше маңызды.
Көптеген дамыған елдерде «әлеуметтік қорғау» термині эмпирикалық деңгейде үкімет ұйымдастыратын әлеуметтік бағдарламарға және мұқтаж адамдарға ақшалай және заттай нысанда бөлінетін қаражаттарға қатысты қолданылады.
Кеңестен кейінгі елдердің қоғамтану әдебиетінде «әлеуметтік қорғау» термині біршама бертінде пайда болды-90-шы жылдарда тұрмыс деңгейінің күрт төмендеуі мен халықтың қайыршылық халге түсуі салдарынан ол қоғамға қажетті және әлеуметтік маңызды үдерістің символына айналды. Осы терминді саясаткерлер, құқықтанушылар, әлеуметтанушылар және экономистер көбіне сөздің жай мағынасында пайдаланады. Қарапайым көрінетініне қарамастан, «әлеуметтік қорғау» ұғымы өте көп мәнді және қарама-қайшы.
Сөздің кең аумағындағы құқықтық мағынасында әңгіме әлеуметтік қатынастар жүйесі туралы қозғалысы кепілдіктерінің тарамдалған жүйесімен тура келеді. Адамзат өркениетінде әлеуметтік қорғау механизмі тектік құрам мен отбасылық байланыстардан қазіргі заманғы демократияның заңдастырылған үлгілеріне дейін ұдайы дамып отырды, мұнда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы экономикалық және құқықтық институттардың күрделі кешенімен қамтамасыз етіледі.
Сонымен, санаттарды (категорияларды) құқықтық тұрғыдан қарағанда халықтың әлеуметтік қорғалуының жалпы межелері азаматтарға конституциялар мен өзге де заңнамалық актілерде көзделген әлеуметтік кепілдіктерді береді. Бұл – проблеманың құқықтық аспекті.
Сонымен бірге мемлекеттің барлық азаматтарға тегіс қамтитын әлеуметтік кепілдіктер (тегін тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі бүкіл жүйенің қамқорлығы, еңбекке берілетін құқық, кепілденген зейнетақылық қамсыздандыру және т.б.) беруге ұмтылуы қоғам мен жеке адам арасындағы қалыпты объективтік-субъективтік байланыстардың бұзылуына ұшыратады.
Жеке адам өздігінен өз қамын ойлауға және өзінің жеке тіршілік әрекеті мен өз балаларының тіршілік әрекеті үшін жағдайлар жасауға ұмтылуды доғарады. Әлеуметтік асырауда болудың феномені туындайды, ол адамның өз күшіне емес, ал қоғамның қолдау көрсетуіне ойсыз бағдар жасауын білдіреді. Ол еркін және саналы субъект ретінде әрекет жүргізуді тоқтатады, яғни даралықтан айырылады да, енжар объектіге айналады.бұл-шамадан тыс кепілдік берудің негізгі келеңсіз әлеуметтік салдары.
Бұдан қоғам да ұнатпайды. Социалистік мемлекет өзі жариялаған әлеуметтік қорғау құқықтарын қамтамасыз етуге дәрменсіз болды, ол туралы дамыған капиталистік елдер мен КСРО елдеріндегі халықтың тұрмыс деңгейлерінің бірнеше есеге алшақтанатын көрсеткіштері дәлел болады. Осы жағдай бұрынғы социалистік мемлекеттердің көпшілігінде, соның ішінде Қазақстанда да сақталып отыр, - заңнамалық әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру мүмкін емес, өйткені ол үшін қажетті қаржылай қаражаттар жоқ.
Бюджеттің әлеуметтік мүмкіндіктері шектеусіз емес және олар салықтық алымдар алу шарасымен белгіленеді, салықтардың шамадан тыс мөлшері өндіріске қысым көрсетеді. Қазіргі кезде мәселені әлеуметтік шығындарды ұлғайту туралы емес, ал алынатын әлеуметтік нәтижені барынша көбейту мақсаттарында жиналатын салықтарды анағұрлым ұтымды пайдалану және қолайлы әлеуметтік стандарттарға қол жеткізу жайында қойған орынды. Сонымен, әлеуметтік қорғау проблемасы экономикалық дауыс, экономикалық аспект бола алады.
2.1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі
« Әлеуметтік қорғау» ұғымының материалдық (экономикалық) шаралар қабылдаумен шектелмейтінін атап көрсету керек, ол өзге де « адам аспекттерін» қамтиды. Мәселен, ата-аналар балалардың тәрбиесіне жауапкершілік алғысы келмейтін немесе ала алмайтын отбасыларда бала әлеуметке жат қылықтың сорақы түрлерімен күн сайын кездеседі, олар: маскүнемдік, жезөкшелік, арамтамақтық, ұрлық, ондай балалар шын мәнінде қараусыз болып табылады. Мұндай балалар ең алдымен осы жағдайда әлеуметтік қорғаудың түрі болып табылатын қалыпты тәрбиеге мұқтаж болады.
Әйелдердің әлеуметтік қорғалуы туралы мәселе қозғалғанда, бірінші кезекте оларды ауыр және зиянды еңбек жағдайларынан, еңбек төлеміндегі кемсітуден, жыныстық сұраншылықтан, жәбірлеуден, ұрып-соғудан және адамның қадір-қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттерден қорғау ұйғарылады. Халықтың өзге санаттары-жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер, науқастар да сондай араласуға, рақымдылыққа және әлеуметтік көрсетудің өзге де экономикалық емес шараларына мұқтаж.
Алайда көпшілік жағдайларда өздігінен алынған құқықтық және әлеуметтік аспекттер сөздің тар мағынасында халықты әлеуметтік қорғаудың мазмұнын әсте тәмамдамайды. Ондағы басты, негізгісі-экономикалық құрамдас бөлік. Сонымен, кең мағынада халықты әлеуметтік қорғау ұғымы халықтың, оның жеке топтарының, жіктері мен таптарының тіршілік әрекетін жақсарту, адам дамуының деңгейін арттыру жөніндегі құқықтық, саяси, әлеуметтік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесін көрсетеді.
Әлеуметтік қорғауда «таза күйде», «саяси», «құқықтық», «әлеуметтік» немесе «экономикалық» шараны бөліп қарау әрдайым мүмкін бола бермейді, өйткені бір шараның өзінде (мәселен, ғалымдарға, медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге жалақыны заң жүзінде көбейту) үлкен саяси, әлеуметтік және экономикалық мән болуы мүмкін. Теория мен практида әлеуметтік қорғау көбіне тар мағынада ең алдымен ерекше күрделі жағдайлардың және сыртқы қолдау көрсетусіз өздерінің тіршілік әрекетін жақсартуға дәрменсіз (қарттар, жетімдер, жұмыссыздар мен өзгелері) халықтың шектеулі (маргиналды) аталатын жіктеріне жарамды (қанағат етерлік) күнкөрісті қамтамасыз етуге ұмтылатын мемлекеттің әлеуметтік саясаты ретінде қаралады.
Біздің ұғымымызда ( түсінігімізде) халықтың маргиналды (шектеулі) (әлеуметтік осал) жіктерін әлеуметтік қорғау механизмі небәрі соның бір бөлігі болып табылады да, тұтас нәрсені, яғни әлеуметтік қорғаудың бүкіл жүйесін қамтымайды. Оны (маргиналды топтарды әлеуметтік қорғау механизмі) әлеуметтік қайыр көрсету немесе әлеуметтік көмек ретінде (соңғы термин айтуға анағұрлым қолайлы, бірақ дәл емес) сипаттауға болады. Одан басқа, әлеуметтік көмек табыстар мен жалақыны қорғауды, бөлу қатынастарын жетілдіруді және өзгелерді қамтиды. Бизнесмендердің де әлеуметтік қорғауы болуы мүмкін, бірақ олар халықтың маргиналды жіктеріне жатпайды.
Нарықтық экономика дамуының маңызды жағдайларының бірі. Оған халықтың жұмыс істейтін және істемейтіндердің әлеуметтік қорғалуы, зейнетақымен қамсыздандыру, халықтық аз қамтылған бөлігін және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау кіреді. Әлеуметтік қорғау түсінігі мемлекеттің барлық әлеуметтік саясатын қамтиды.
Халықты әлеуметтік қорғау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
● Халықтың аз қамтылған категориясын қорғау
● Халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылатуға бағытталған, мемлекеттік экономикалық саясат жүргізу.
2.2. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі деңгейлері, нысандары принциптері
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мына деңгейлері бөлу қабылданған:
● мемлекеттің және муниципалды басқару органдарының тарапынан;
● жұмыс берушілердің, фирмалар әкімшіліктерінің, кәсіпорындардың тарапынан;
● кәсіподақтар, әр түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен еңбек ұжымдарының тарапынан;
● отбасылық қорғау және өзін-өзі қорғау.
Объект бойынша әлеуметтік қорғаудың мынадай нысандарын бөлуге болады:
● балалар;
● аз қамсыздандырылған (табысы аз) отбасылар мен азаматтар;
● әйелдер мен көп балалы аналар,
● жұмыссыздар;
● зейнеткерлік жастағы адамдар;
● науқастар мен мүгедектер;
● денсаулық сақтау және білім сияқты әлеуметтік салаларға қолдау көрсету.
Аталған деңгейлер мен нысандар өзара байланысты және өзара сабақтас. Дүниеге келген сәбилер алғашқы кезде біржола отбасының әлеуметтік қорғауында болады (егер бала тууға байланысты бір жолғы жәрдемақыны есептемесе). Қазіргі кезде көптеген отбасылар өз балаларына тіршілік әрекетінің толыққанды жағдайларын, әсіресе балалардың саны көп болғанда, қамтамасыз ете алмайды. Осыдан балалар мен көп балалы аналарды мемлекет пен муниципалды басқару органдарының тарапынан әлеуметтік қорғау қажеттілігі туындайды.
Былайғы тең жағдайларда әркелкі отбасының (жеке адамның) тіршілік етуге неғұрлым қаражаттары көп болса, соғұрлым ол әлеуметтік қорғауға аз мұқтаж болады. Сондықтан тұрақты, біршама жоғары ағымдағы табыстар, сондай-ақ қор жинаулар (меншік, құнды қағаздар, банктегі жинақ ақшалар түріндегі және өзге де құндылықтар) халықтың өзін-өзі қорғаудағы ең тиімді құралдар болып табылады.
Дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қорғау мен қамқоршылық өзара іс-қимыл жасаған кезде әлеуметтік қорғау жүйесінің өз міндеттерін нәтижелі орындауға жалпы қабілетті екендігін көрсетеді. Әлеуметтік сақтандыру қағидаты жарналардың және жарналар мен көсетілетін қызметтердің арасындағы өзара тығыз байланыстың есебінен көрсетілетін әлеуметтік көмекті алдын ала қаржыландыруға бағдарланады.
Көмек көрсету кезінде жеке жарналар да, сондай-ақ жарым-жартылай ортақ қайта бөлу жүйесі де роль атқарады. Қамқоршылық жасау кезінде стандарттық көмек алушының бұрын жасаған жарналарына, көлденең табыстарына немесе мүліктік жағдайына тәуелсіз көрсетіле береді. Мұндай көмек жалақыдан немесе отбасылық табыстан айрылған жағдайда, өзге салық төлеушілердің қаражаттарының есебінен білдіреді.
Бірде-бір тіпті сақтандырудың ең жетілген жүйесі де, әлеуметтік қауіптің барлық жағдайларын алдын ала ескере алмайды, солардың салдарынан адам (немесе отбасы) қиын жағдайда ұшырауы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік қорғаудың құрамдас бөлігі ретіндегі әлеуметтік көмек адамдардың жеке мұқтаждықтарына бағдарланады және ол мүмкін жағдайдан өз қаражаттарымен шығуға шамалары келмейтіндерге көрсетіледі. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі бюджет болып табылатындықтан, оны масштабтары (көлемдері) әр мемлекеттің қаржы жағдайына қарай белгіленеді.
Әлеуметтік қорғаудың ең ортақ (жалпы) қағидаларына жататындар:
● халықтың барлық жіктерінің тіршілік әрекетінің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі;
● қажетті жағдайларда медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды жүзеге асыру;
● жұмыс істейтін халықты әлеуметтік және кәсіптік қауіптерден қорғаудың жалпыға бірдей және міндетті сипаты;
● халықтың неғұрлым көп бөлігіне әлеуметтік қорғау жүйесін қолдану саласын ұлғайту үрдісі.
Ақшалай жәрдемақылар беру үшін себеп- қартаюдың, еңбек қабілетінен тұрақты айырылудың, қысқа уақыт науқастанудың немесе өндірістік жарақаттың, сондай-ақ асыраушысынан айырылудың, бала табудың, жұмыссыздықтың нәтижесінде табыстың азаюы. Әлеуметтік қорғаудың заттай нысандарына госпитальға жатқызу, медициналық қызметкөрсету, сауықтыру күтімі, тамақ өнімдерімен, отынмен көмек көрсету жатады.
Әлеуметтік жәрдемақылардың үлкен бөлігі әлеуметтік сақтандыру жолымен беріледі, ол зейнетақылар мен еңбекке жарамсыздық, науқастық және жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақылар төлеміне қатысты. Жәрдемақының мөлшері көбіне бұрынғы табыспен (кіріспен) байланысты. Егер жеке адамның әлеуметтік сақтандыру қызметтерін пайдалануға құқықтары болмаса, ал оның нақты табысы (әлеуметтік тексеру жолымен белгіленген) елдегі кепілденген ең аз табыстан аз болса, онда аз қамсыздандырылу (табысы аз) бойынша жәрдемақылар төлемі нысанындағы әлеуметтік көмек бағдарламасы күшіне енеді. Бұған үйленуге, бала тууға, қазаға (өлімге) байланысты арнайы шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік жәрдемақыларды жатқызу қажет.
Көптеген елдерде әлеуметтік сақтандыру ен аз қамсыздандырулу бойынша жәрдемақылардан басқа үй шаруашылықтарының табысына қатыссыз барлық балалы отбасыларға балалар үшін жәрдемақы төленеді (кейде осы жәрдемақылардың орнына ата-аналарға салық төлеу мерзімін ұзару құқы беріледі). Балаларға арналған жәрдемақылар-демографиялық саясаттың бір бөлігі, сондықтан, қағида ретінде, олар бала туу көрсеткіштерін ынталандыру мақсатын көздейді. Сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесінің элементтері ең аз жалақы мәселелері жөніндегі заңнама болып табылады.
Индустриялы елдердегі әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйелерінің құқықтық базасы адам құқығы саласындағы жалпыға танылған халықаралық нормалар мен стандарттарға ( Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт, Әйелдерге байланысты кемсітушіліктің барлық түрерін (нысандарын) жою туралы Конвенция, Балалар құқықтары туралы Конвенция, Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктер қамтамасыз етудің стандартты ережелері және т.б.) сүйенеді.
Шетелдік теория мен практика әлеуметтік игіліктер беруді оңтайландырудың мынадай негізгі бағыттарын жасады:
................
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?