Биология | Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті

Зерттеу мақсаты. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;
- Емделушілер арасында сауалнамалар жүргізу;

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
-Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан...
Ғылыми жобалар
Толық

Киелі сандар сыры

1. Киелі сандар сыры туралы
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі.....
Ғылыми жобалар
Толық

Химия | Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны

Тақырыбы: Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны

Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам асмәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына: «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көп теген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың .....
Ғылыми жобалар
Толық

Автоматтандыру | Конверттердің газ құбырлар желісін автоматтандыру

КІРІСПЕ
Ауа бассейінің сауығуға өскен талаптары және мыс штейіндерін конвертірлеу кезінде шикізатты комплекстті қолдану міндеттері көптеген мемлекеттердің мамандарын осы мәселелерді шешу үшін нығайтып жұмыс істетеді. Қазіргі көлденең конвертерлер осы күнгі талаптарға жауап бермейді және қалдық газдарды толық пайдалануын және комплексті қолдануын қамтамасыз етпейді.
Конвертерлі газдардың қолдануы тек 10-15% құрайды.
Конвертерлі қалдық газдарды қолданғанда құрамындағы күкірт ангидридінің төмен болуы күкірт қышқылын өндіру кезінде шығындарды көбейтеді, бұл газдарды қолдану тиімділігін төмендетеді.
Сыртқы ортаны сауығу және конвертерлі переделының газдылығын төмендетуінің бір жолы Ертіс комбинатына енгізілген газы жағынан бұрылып кететін конвертерлерді қолдану болып табылады.
Бұл жобада Ертіс полиметаллды комбинатындағы конвертердің газ құбырларына автоматтандырылған басқару жүйелерін құрылуы қарастырылады. Комбинаттың экономикалық орналасуы келесі факторлармен дәйектелген:
• Шикізаттың бар болуы
• Адам резервінің бар болуы
• Отын-энергетикалық базаның бар болуы....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Информатика | Компьютерлік желілерді оқытудың электронды зертханалық практикумын жасау

КІРІСПЕ
Заман талабына сәйкес білімді ақпараттандыру өмірдің талабы болып отыр. 70-шы жылдар басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен технологиялық жаңалық ашылды – үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80-шы жалдар ортасында жергілікті желілер дами бастады.
Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады. Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді.
Компьютерлерді желілерге біріктіру технологияларының стандарты бекітілді – Ethernet, ArcNet, Token Ring. Олардың дамуына дербес компьютер әсер етті. Бүгінде есептеуіш желілер қарқынды дамуда. Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық, кабельдік жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін жоғары жылдамдықтағы аумақтық байланыс арналарының пайда болуына байланысты барынша азаюда. Ауқымды желілер ресурс қызметтерінде жергілікті желілер қазметтері сәйкес ыңғайлы болуда. Бұған кең тараған Internet ауқымды желісі мысал бола алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Информатика | Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері

Кіріспе
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Еліміздің мектептерінде информатика пәні енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы мерзім ішінде есептеуіш техника қарыштап дамып, пән талабы заман талабына сай жетілдірілді. Білім беруді ақпараттандырудың негізі информатиканы үздіксіз оқыту жүйесі болып табылады. Бұдан информатикадан жаңа сапалы білім беру жетістігіне жету құрылып енгізілетін ақпараттық технологиялар дәстүрлі оқыту технологиясымен үндестік таба отырып, дәстүрлі білім беру жүйесімен табиғи түрде интеграцияланған жағдайда ғана жүзеге асады. Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі информатиканы оқу пәні ретінде қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Сондықтан оның компоненттерін талдау мәселелерін ашу өзекті мәселе болып есептеледі, өйткені оларды құрастырмайынша оның әрі қарай дамуы мүмкін емес.
Түлектік жұмыстың өзектілігі –информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық әдістемелік негіздерін қолданып, информатиканы орта мектепте оқытудың қазіргі жағдайын, оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары мен мазмұнын және есептер шығару арқылы информатиканы оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Информатика | Жүйелік плата

ЖҮЙЕЛІК ПЛАТАҒА ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ
1. Жүйелік плата
Дербес компьютерлердің (System board немесе Mother board ) жүйелік немесе аналық платасы компьютерлердің өндірістігін және архитектурасын анықтайтын жүйелік блоктың негізі болып табылады. Онда келесі міндетті түрдегі қараушылар орнатылады:
• Процессор және сопроцессор
• Жады : тұрақты (ROM немесе Flash BIOS ) оперативті (dram) кэш (SRAM)
• Енгізу-шығарудың міндетті түрдегі жүйелік құрылғылары
• Интерфейсті сұлбалар және құрдың ағытпа (разьем) кеңейтулері
• Қоректену блогынан Power Good немесе Reset батырмасынан сигнал бойынша түсіру жүйесінің қүрылымдық сұлбасымен бірге синхрондаудың кварцты генераторы
• VRM (Voltage Regulation Module ) төменгі вольтті процессорлар үшін кернеу көзінің қосымша стабилизаторы....
Курстық жұмыстар
Толық

Библиография | Жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор.
Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты.
Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Агрономия | Жоңышқа өсімдігінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Кіріспе
Елімізде және дүние жүзінде инновациялық жаңа әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері үлкен маңыздылыққа ие.
Осы орайда облысымызда бақша дақылдары оның ішінде қарбыз егісін арттырып, халықты қарбыз өнімдерімен қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.
Қарбыздың жаңа, бәсекеге қабілетті, селекциялық сорттарын өндіріске енгізуден алдын оның қолданылуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті топырақ-климаттық жағдайларына оның тиімділігін анықтау және ғылыми негізделген қорытынды жасау қажет.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында бірқатар іс-шаралар аткарылып, ауыспалы егіс тізбектері бойынша бақша дақылдарының егіс көлемі ұсыныстарға сай біршама артқаны байқалады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу тарихы

Кіріспе
Қоғамдағы түрлі бағытта болып жатқан өзгерістер білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, бағалауды, сонымен қатар оқушылардың танымдық әлеуетін дамытуды талап етеді.
Таным – объективтік шындықты адамның ойын бейнелейтін және қайта жаңғыртатын, қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылық ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың диалектикалық жолы: нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу болып табылады. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады. Оқушылардың танымдық әрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық дербестік және шығармашылық әрекеттен тұрады.
Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.....
Курстық жұмыстар
Толық