Өндіріс | Қоғамдық тамақтандыру

Кіріспе
Қоғамдық тамақтандыру әрбір еджің экономикасында жұмыс көлемінен де, қызмет көрсетушілер саны бойынша да елеулі орын алады. Қоғамдық тамақтандыру біздің елімізде жақсы дамып, ол тамақ өнімдерін өндірү, сату сияқты қызметтерді атқарадыҚоғамдық тамақтану материалдық және қоғамдық ресурстары, халықаралық тұрмысты қайта құруға икемдеу, әйелдерді үй жұмысынан босатуға және қоғамдық еңбекте белсенді қатысуға мүмкіндік туғызады. Қоғамдық тамақтандыру жұмыс істеу саласы бойынша әрбір тұтынушының қалауын орындаумен байланысты болғандықтан көптеген факторлардың, технологиялық ұйымдастыру сұрақтарының, күнделікті уақытқа сай дұрыс шешім қабылдаудың ықпалына тиеді. Сондықтан да кәсіпорынды дұрыс ұйымдастыру, оныңпайдалылығын, рентабельділігін есептеу, осы кәсіпорынның алдағы уақытта көздеген мақсаттарына жетуіне тікелей байланысты.
Қазіргі кезде елімізде ай сайын онға жуық мейрамханалар ашылуда. Мейрамхана бизнесі күннен күнге өркендеп, дамып келуде, алайда оны дурыс, сауатты және дұрыс ұйымдастыру - өте қиынға әкеліп соқтырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Қазақстан Республикасының металлургия кешенінің дамуы

Кіріспе
Қоғам игілігіне пйдаланатын барлық байлықты негізгі 2 топқа бөледі. Бұлар рухани және материалдық байлық. Материалдық байлық қорына жататын, өмір маұтаждығына өте қажетті материалдар тас көмір, мұнай, газ, минералды және минералсыз сулар, органикалық заттар.
Сондай – ақ жер қойнауынан өндірілетін металдар орны ерекше. Әлемдегі элементтер түгелдей Д. И. Менделеев қестесінде түзілген. Онда жалпы саны 107 эелементтің аты аталған. Бұлардың 83 – і яғни бестен төрт бөлігі металдар. Көне дәуірде пайдаланылатын металдар санаулы ғана болғаны мәлім. Олар мыс, алтын, күміс ,темір, қорғасын, сынап. Адамзат баласының өткен дәуірі сол кезде еңбек құралы ретінде қолданылған металдардың негізі ретінде (мыс, қола, темір) металдар қалыптасқан.
ХХ – ХХІ ғасырлар - ғылыми техникалық ревалюция ғасыры .Қазір халық шаруашылығының қай саласына көз саламыз да үздіксіз жаңарып жатқан еңбек технологиясын, түрлі машиналар мен құрал саймандарды көресіз жаңа машина, жаңа техника, технология, аспаптар көбейе түсуде. Техниканы ашып,жер астын бақылап оны игеруге, ай бетінде із қалдырып , атомды бейбіт түрде қолданып, бүгінгі таңда химиялық элементердің барлығы дерлік сырына үңілді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Кұс шаруашылығы кұстардың шығу тегі және үйге үйрету

Кіріспе
Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Жылумен ондеген кезде

Жылумен өңдеген кезде
Жылқы еті қалай өзгереді?
Асқан кезде жылқы еті едәуір ылғалғалынан айырылады. Айталық, оның кейбір бөліктеріндегі шығынын мөлшері 44 проценттен 59 проценнттке (9 - таблица) дейін жетеді. Жылқы етінің белоктары мен майының және басқа заттарының сақталуы жылуымен өңделетін кесек еттің көлеміне байланысты – кесек еттің көлемі үлкен болған сайын оның шығыны да аз болады.
Жылқы етінің бір ерекшелігі - термикалық жылумен өңдеуден өткеннің өзінде еттің бойындағы блоктар 82 – 97 процентке дейін сақталады. Асып пісірілген сиыр еті мен қой етінің бұл реттегі шығыны жылқы етінен едәуір асып түседі - 25-30 процентке дейін барады. Термикалық жылумен өңдеуден өткен жылқы етіндегі май көп сақталмайды, ол небәрі - 56 -75 процент болады.
Кулинарлық жылумен өңдеу кезінде жылқы еті өнімінің шикі күйіндегі көлемінен 36-40 процент шамасында кеміп, шөгеді. Піскен кезде еттің шөгіп кетуіне байланысты дайын болған өнімнің 100 граммына шаққанда келетін белоктардың; майлардың, углевоттардың, виаминдердің жалпы көлемі 100 грамм шиікі өніммен салыстырғанда, әрине, олардан артық болады. Мұны салыстырмалы мәліметтер келтірілген таблицадан айқынырақ көруге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Жұмыртқа өнімі

Кіріспе
ХХ ғасырдың 2-жартысынан бастап көптеген елдерде құс жұмыртқасының өндірісті қолдану кең етек алуда. Жұмыртқа шаруаларының негізгі құраушылары үлкен құс фабрикасымен құс фирмалары, комбикорм заводтары және жұмысқа өңдеу заводтары. Қазіргі кезде көптеген елдер жұмыртқа шаруашылығымен айналысып жатыр. Интернет арқылы басқа елдердегі жетістіктерді қолдануға болады.
Тауық жұмыртқасы – табиғи құнды азық. Соңғы 20-25 жылдарда жұмыртқа шаруашылығы кең алып келеді. Мысалы: 2003 жылы 55,8 млн тонн (ол деген сөз 930 млрд түйір жұмыртқа) оның 6 % инкубаторлық ыжұмыртқалар. Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыртқаның көптеген өнімдері сауда орталықтарында көбейіп келеді. Жұмыртқаның ұтымды жері оның басқа өнімдерге қарағанда арзандығы және оны қарапайым халықтың тұтынуы. Қазіргі кезде мекендер 12 айда 300-330 жұмыртқа басып шығарады. Ол өте жақсы көрсеткіш.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Жүзімнің шараптық сорттары

Кіріспе
Еліміздің халық шаруашылығында жеміс-жидек және жүзім өсімдіктерінің маңызы зор.
Жеміс пен жидек және жүзімде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта қант 13—14% дейін, жүзімде 20% дейін болады. Жемісте белок, май өте көп және ол өзінің калориясы жағынан еттен кем түспейді. Витамикдер әсіресе қарақатта, бүлдіргенде, алмада мол болады. Сондықтан да олардың халық шаруашылықтық маңызы да өте үлкен.
Жүзім, бүлдірген, алма, қарақат бағалы және пайдалы азық қана емес, сонымен қатар бұлардың емдік қасиеттері де зор.
Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат. Тосаптың, джемнің, мармеладтың, пастиланың, конфеттің, компоттың, шырынның және басқа тағамдардың түрлі сорттары жидектен, жемістен және жүзімнен алынады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Бидай және оның жалпы сипаттамасы

Кіріспе.
Бидай — бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады.
Бидайдың жиырмадан астам түрі бар. Солардың ішінде ең көп тарағамы—жұмсақ бидай. Бұл дақылдын, алуан түрлі сорттары бар және олар жер шарының барлық аймақтарында егіледі. Біздің елімізде бидай ауа райы өте қатал Якут АССР-і жерінде, мүлде қар жатпайтын Закавказ айма- ғында, Қазақстан мен Орта Азияның аса құрғақ алқаптарында және Приморьенің ылғалды аудандарында өсіріледі.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні — аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады.
Европадағы елдерде адамға қажетті барлық калорияның 35% бидайдан алынады. Адам организмі үшін қажетті белоктар мен углеводтардың жарымына жуығын, Ві витаминінін 70—80%, РР және Е витамииінің не дәуір белігін, минералдық тұздарды және басқа қажетті заттарды бидай өнімі береді. Бидай наны азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар ерекше катализатор болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Бидай дәні биологиялық жүйе

Кіріспе
Бидай дәні биологиялық жүйе болып табылады. Ол анатомиялық бөлшектерінің күрделі құрылысымен және микроқұрылымымен, ал сыртқы түрі бойынша – дақылдардың әрбір тобы үшін ерекше болып келетін пішінімен ерекшеленеді. Химиялық заттар дәннің анатомиялық бөліктері мен қимасы бойынша өте-мөте бірқалыпсыз бөлінген. Биологиялық маңызды қосылыстар (витаминдер, ақуыздар, ферменттер) ең алдымен ұрықта және қалыпты дәнде клеткалары өмірге қабілеттілігін сақтап қалатын алейрон қабатында шоғырланған; эндоспермнің түпкіріне тереңдеген сайын осы қосылыстардың үлесі біртіндеп төмендей береді.
Тотықтары дәнді жаққан кезде күл түзетін органикалық емес заттардың, сонымен бірге жоғары нәрлілікке ие, әрі сондықтан дәннің өсіп-өнуінің ерте кезеңдерінде-ақ ұрықтың қалыпты дамуы үшін өте-мөте қажет липидтердің бөлінуі де осындай заңдылыққа бағынған.
Тірі организмдер үшін олардың жағдайының, күйінің факторлардың көптеген санына және көптеген ішкі өзара байланыстарға тәуелділігі тән болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық