Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Біздің Қазақстан-тәуелсіз,егемен ел. Біз бәріміз осы елде туып өсіп,келеміз. Мен өз елімді мақтан тұтып,құрметтеймін.Біздің еліміз жер көлемі жағынан дүние жүзі елдердің ішінен тоғызыншы орын алады. Біздің жеріміз кең-байтақ,еліміз мал шаруашылығымен,құс шаруашылығымен және егін шаруашылығымен және т.б шаруашылықтармен  айналысады.Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі.Ал елімізді басқарып отырған-ол біздің....

Эсселер
Толық

Жақсы тілектер

 Сезіміңе берік болған барлық армандарың орындалсын.

 Келген күн жақсылығымен келіп, шуағына шомылдырсын.


Келіннің қолынан шай ішкізіп, немере қолынан су ішіп, шөбере қолынан май жалататын күнге жеткізсін.

Құттықтау, тілектер
Толық

Балаға туған күнге тілектер, құттықтаулар

Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!



Қылығымен күлдіретін апасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азамат боп келешек,
Қуантарлық мамасы мен папасын.
Ақылды боп немересі атаңның,
Бақыты бол шөбересі әжеңнің,
Тілің менен қылығыңды қызықтап
Еркелетсін деп өзіңді  «Тентегім».

Құттықтау, тілектер
Толық

Әке-шешеге тілек, құттықтау

Сүрінгенде асқар таудай сүйеніш болып, құлағанда қолдап, демеп жүрер әке-шеше әрдайым сіздердің тіректеріңіз, паналарыңыз болып, аман-есен жүре берсін. Сыйластықтарыңыз арта берсін.

Құттықтау, тілектер
Толық

Парадокс - Дүйсенәлі Әлімақын

Шаттығыңды күліп тұрған Күн деймін,
Жоқ күніңді жұлдызы өлген Түн деймін.
Сені аяйтын Мен бар екем жалғанда,
Мені аяйтын кім бар еді, білмеймін...

Енді ешқашан жығылмас ем, сүйесең.
Жанарыма жалғыз.....

Өлеңдер
Толық

Театр - Дүйсенәлі Әлімақын

‎Өкпелі шығар көбелек күзге,

‎Мезгілден бұрын қар түсті алаңға.

‎Театр көріп не керек бізге?

‎Адамның бәрі әртіс заманда.

 

‎Сахнам-өмір ән салып өтем,

‎Көңілге қашан ғажап тұнады?

‎Жыр жазып неге....

Өлеңдер
Толық

Біз - Дүйсенәлі Әлімақын

Жүрегім менің ып-ыстық,

Жарылып кетер қуансам.

Түнімнің аты – тыныштық,

Гүлімнің аты – Раушан.

 

Тоғысты маған жолың дәл,

Ұялап қапты көзіңде ар.

Өзің бар жерде....

Өлеңдер
Толық

Бір ғасырлық күрес

 Бәрі де «Зұлмат» фильмін көргеннен кейін басталды. Бұл қысқаметражды фильм бір үйдің алты баласын анасының көз алдында атып тастауы арқылы 1930 жылы болған «Созақ көтерілісінің» себебін түсіндіріп берді. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің геноцидтік саясатына қарсы әртүрлі аймақтарда 300-дей көтерілістер болғанын, оның «Кіші қазан» науқанын жүргізуінің нәтижесінде алапат аштық апатынан 6 миллион қазақтың 3 миллиондайы қырғынға ұшырағанын білгенде денем мұздап кетті.

Бұл фильм мені ХХ ғасырдың 20-30- жылдарының тарихын оқып- білуге құштарлығымды оятты. Сонымен, Бибі әжемнің үйіндегі кітапханадан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көрген үш кітаптан тұратын бірінші том- «Тама» атты кітабын тауып алдым. Онда біздің еліміздің бастауларын, ұлттың қалыптасу тамырларын ғылыми-зерттеу арқылы көрсетіп, ерте ортағасырлардан ХХ-ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Тама тайпасының тарихы баяндалған екен. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Тамалардың Түрік қағанаты тұсында, Алтын Орда құрамында, Қазақ хандығы тұсындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Тамалар бастаған 1930 жылғы «Созақ көтерілісі» туралы көптеген тың, соны мәселелерге қанықтым .

Сөйтіп, менің тарихқа деген қызығушылығым күн санап артты. «Зұлмат» фильмі мені қазақ халқының ұлт болып қалыптасуын білуге жетеледі, қызығушылығымды шыңдады ....... 

Шығармалар
Толық