Жақсы тілектер


 Сезіміңе берік болған барлық армандарың орындалсын.

 Келген күн жақсылығымен келіп, шуағына шомылдырсын.


Келіннің қолынан шай ішкізіп, немере қолынан су ішіп, шөбере қолынан май жалататын күнге жеткізсін.


 "Ағаш - тамырымен, адам - достарымен қымбат" деген, ендеше, достарың көп болсын.


Көргенің рахат болсын,
Жүрген жерің рабат болсын.
Екі тойың қабат болсын,
Достарың берекелі болсын,
Әр күнің мерекелі болсын.
Шәйің қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпандарың қаша берсін



Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші-тіл мен көзден аман бол,
Үшінші-берекелі, беделді бол,
Төртінші-арыстандай айбатты бол,
Бесінші-ақылды, қайратты бол.
Алтыншы - өнерлі бол.




Аққудың - ақтығын
Өмірдің - пәктігін
Арманның - ажарын
Бақыттың - базарын
Денсаулықтың - зорын
Махаббаттың - молын тілеймін



Жылдарыңыз жемісті
Айларыңыз арайлы
Күндеріңіз көңілді
Сағаттарыңыз сәтті
Минуттарыңыз мәнді болсын



Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір.


Қажетті сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Камалова Гулчехра Кеулимжаевна
    8 + 8 -
    Медсестралар куни 12май тилек жок?