Аяз атаға хат...

Жаңа жыл жақындаған кез. ҚазПоштаға бір оқушы бала келіп, Аяз Атаға хат жіберегісі келетінін айтады. Қызметші открытка, қалам береді, әлгі бала жарты сағат отырып жазған хатын қызметшіге береді. Қызметші қасындағыларын шақырып, бәрі бірге оқиды. «Құрметті Аяз Ата! Жаңа жыл келе жатыр. Ал менде не бас киім, не свитер, не шарф, не қолғап жоқ. Өтінемін, маған силық ретінде беріп жіберші!». Мұны оқыған қызметкерлер әлгі балаға.....

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

"Алматы аруы" Фарида Мәлік "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды

"Алматы аруы-2012" Фарида Мәлік өткен аптада Ыстықкөл жағалауында өткен халықаралық сұлулар байқауында "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды, деп хабарайды Tengrinews.kz.

Фарида демеушілердің қолынан тәж бен сыйлықтар алып қана қоймай, 2013 жылы Грецияда өтетін Miss Fashion TV World халықаралық байқауына да қатысуға мүмкіндік алды.

"Өте бақыттымын, Грециядағы байқауға жолдаманы жеңіп алғаныма сене алар емеспін. Байқау соңында үш қатысушы қалды, Қырғызстаннан келген қыз бас жүлдені жеңіп алады деп ойладым. Кейіннен қазылар алқасы менің атымды атағанда, қуаныштан жылап жібердім", - дейді Фарида Мәлік.

Бірінші вице-мисс атағын Қырғызстандық Дарья Лебедева жеңіп алды, ал екінші вице-мисс атағы оның отандасы Таттыбюбю Самидинқызына бұйырды. Дарья Миронова "Ыстықкөлдің Інжу сұлуы" және Алматылық Сабина Әділқұлова "Азия сұлуы-2013" атағын жеңіп алды.

Ал Ресейлік Ксения Ясакова "Көрермендер көзайымына" бөленді. Ақтық сын төрт кезең бойынша өтті. Байқауға қатысушылар ұлттық киімде, той-жиында киетін киімде және күнделікті өмірде киетін киімде шығып, сән көрсетті. Байқауға ТМД мемлекеттерінен жалпы саны 14 қыз қатысты.

Жаңалықтар
Толық

Боташым...

Менің хикаям терең түсіністікке негізделген достықтан басталды. Қандай қызық... Адамның тіпті ойына да келмеген нәрселердің болуы мүмкін екен ғой. Алғашында қарым-қатынасымыз жай ғана бір-бірімізге кеңес беріп, көмектесуден басталған болатын. Ең қызығы ол адаммен мені бұрынғы сүйген адамым ....

Махаббат хикаялары
Толық

1 Маусым - Халықаралық Балалар күні (Бар жақсылық – балаларға!)

«Бар жақсылық – балаларға!» Бұл ұран сонау Кеңес кезеңінің ұраны болса да, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес.
Бұл ұранның әлі кунге дейін мәнін жоймағандығын,келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде біздің ең басты ұранымыз болып қала беретіндігін, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан.....
Шығармалар
Толық